Жігіттерге арналған эротикалық массаж… (+18)
Эротикалық массаж— кішігірім спектакль, сен- негізгі кейіпкер. Сондықтан да мұнда сәйкесінше қолданылатынэротикалық массаж декорациясыз мүмкін емес. Басты декорация ол — эротикалық іш киім немесе пеньюар. Жалаңаш денеге массаж жасаған дұрыс емес. Егер олай жасасаңыз, бұл спектакльдің ерте бітіп қалуы да мүмкін. Сондықтан да ең тиімдісі — пеньюар немесе түнгі іш көйлек трусигі жоқ.
Массаж майы. Кәдімгі майдан маужырататын майды пайдалануға болады немесе керісінше қыздыратын майды. Көптеген еркектерге денесіне сұйық, суық затты құйғанды ұнатпайды. Майды алақаныңа құйып алып, оның денесіне қолыңмен сипалап отырып жаққан дұрыс.
Май шам. Шамға қарағанда май шамның жарығы әлде қайда қиялға тиімді әсер етеді. Ароматты иісі бар арнайы майшамды немесе балауыздарды (свеча) қолдануға болады. Иісті таңдағанда, оның өткір болмауын қадағала, әйтпесе жағымсыз әсер етіп шаршатады.
Музыкалық сүйемелдеу. Егер де сіздерге бірдей ұнайтын, жағымды ой туғызатын жақсы істтерді еске түсіретін әуен болса, соны қосыңыз. Ал егер ондай әуен жоқ болса, онда кез келген баяу әуенде келе береді. Көңілді алаңдатпау үшін сөзсіз немесе шет тілде орындалса болғаны.
Кіріспесі. Арқасынанан бастау керек. Сүйіктіңді ішпен жатқыз, қолдарын дененің бойымен түсір, өзің денесінің үстіне отыр. Ақырын, баяу арқасынан сипай баста, алдымен иығынан бастап төмен қарай сипала. Бірнеше рет саусақтың ұшымен омыртқа жоталырын уқала. Бел, мойын, қолдарының ішкі жағына көбірек көңіл бөл.
Сүйіктің ішпен жатқан кезде, толығымен өз өзін жеңіл ұстап, еркін жатуы керек. Барлық қимылдар баяу, нәзік болғаны дұрыс. Сылап — сипап, массажды мейлінше ақырын, баппен жасауға тырысыңыз. Қатты массаж оны қоздырмайды, тек шаршатып жалықтырады.
Негізгі іс әрекет: сүйіктіңді шалқасынан жатқыз. Осы қалыпта негізгі бөлім орындалады. Сенің қимылың бұрыңғыша өте нәзік, әрі баяу болуы керек. Массажды тек қолмен емес, деміңмен, шашыңның ұштарын тигізіп те жасауға болады.
Қайтадан үстіне шығып отыр. Массажды аяғынан баста. Егер аяғының басына дейін тартылып созылсаң, аяғын сипап аяқ саусақтарының арасына да көңіл бөл. (Егерде ол қытықтағаннан сескенбесе) Содан аяғына қайта орал. Аяғының іш жағын сипа, бұл тұстағы тері өте нәзік әрі сезімтал. Ептеп кеудесін, ішін сипалай баста. Ерлердің көбісінде негізге сезімтал жерлері кеуденің ұшы мен кіндік пен іштің төменгі тұсы. Бірақ қолыңмен жыныс мүшелеріне жақындама.
Осы массаж кезінде оның денесіндегі эрогенді сезімтал жерлерін табасың. Егер сипап жатқан кезінде, сенің қол қимылың денесінің қоздырған болса, онда «байқаусыз» қайта қайта сол тұстарға тоқталып өт. Оның денесінің қозғанын байқасаң, оны демалдыр да аяғын сипала, іс әрекетті өзің аяқта.
Сүйіңтіңнен массаж тәртібін сақтауды талап ет! Массаж аяқталғанша ол сені қолымен ұстамау тиіс. Басында ондай шартты орындау мұмкін емес сияқты, бірақ артынан өз бағасын береді.
Эпилог. Егер де сіз сәтімен аяғына шекті шыдап жетіңіз, сонда сүйіктіңіз қалған әрекетті өз қолына алады. Сонда спектакльдің немен аяқталатынын білу қиынға соқпас…