Жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруді диагностикалау
… … … … … … … … .. … … … … … … … …
… … … … … … … … .. …
1. Құқықтық тәрбие берудің теориялық негіздері … … … …
1.1 Психологиялық-педагогикалық еңбектердегі құқықтық тәрбие 8
мәселелері … … … … … … … … … …
1.2 Жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің педагогикалық 16
шарттары … … …
2. Құқықтық тәрбие берудің тәжірибелік-эксперименттік
жұмыстары … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … .. ..
2.1 Жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруді 29
диагностикалау
… … … … … … … … .. … … … … … … ..
… … … … …
2.2 Құқықтық тәрбие берудің әдіс-тәсілдері 48
… … … … … … … … .. .
Қорытынды 61
… … … … … … … … .. … … … … … … … …
… … … … … … …
Әдебиеттер тізімі 62
… … … … … … … … .. … … … … … … … …
… … … … …
Кiрiспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан тәуелсіздікке ие болғаннан кейін егемен
мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тікелей тірек болатын барша
құқықтық негізді қайта құру қажеттігі туды. Қазақстан Республикасы
Конституциясының 1-бабында біздің Республика өзін демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады деп бекітілген [1].
Өркениет пен мәдениеттiң маңызды құбылысы ретiнде құқық мемлекеттiң
жағымсыз iс-әрекеттерiне заңды түрде тосқауыл қоя отырып, адамның табиғи
тарихи еркiндiгi мен бостандығының жанашыры.
Осы тұрғыдан алғанда, құқық – қоғамдағы ең негізгі және маңызды
қатынастарды реттейтін, қоғамға пайдалы әрі қажетті қатынастардың дамуына
жол ашып, қорғап, қоғамға зиянды қатынастарды шектеп, тыйым салатын құрал
ретінде адамдардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарының қоғамдық мүддеге,
белгіленген тәртіпке, қабылданған заңдарға сай келуін талап етеді.
Сондықтан қоғамымыздың дамуы әрбір адамның өз құқықтары мен еркіндіктерін
жүзеге асыра алатын мүмкіндіктерінің болуы арқылы көрініс табатын болса, ол
мектеп қабырғасынан бастап қалыптасқан құқықтық тәрбиеге тікелей
байланысты.
Қазіргі мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында
(0-18 жас аралығында) 5 млн.жуық бала өмір сүреді, оның 508 мыңы мектеп
жасына дейінгі, ал 3 млн. жуығы. мектеп жасындағы балалар. Соның ішінде,
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Ішкі істер бөлімінің кәмелетке
толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар туралы алынған мәліметтер
бойынша 2005-2007 оқу жылдарында жеткіншектердің аралығында құқық бұзушылық
5,9 пайызға дейін жоғарлағанын, ал 2007-2009 оқу жылында 17,8 пайызға
төмендегенін көрсетеді. Бұл Республикада балалық шақ мәселесімен
айналысатын 9 министрлік пен ведомство мен 16 балалардың құқықтарын
қорғау департаментінің жұмысына және 2007-2011 жылдарға арналған Қазақстан
балалары бағдарламасын бекітілуіне, құқық бұзушылықтың профилактикасы
мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу іс –
шараларының жиі өткізілуіне, әр мектепке мектеп инспекторларының
бөлінуіне тікелей байланысты [2]. Соған қарамастан қазіргі қоғамдағы
жеткіншектер арасында нашақорлықтың, зорлықтың, ұрлықтың, бұзақылықтың орын
алуы және заңдарды бұзушылық, адам құқықтарын қорғаудың механизмінің
болмауы, адамның өз құқықтарын қорғау тәсілдерін білмеуі құқықтық
тәрбиелеуге қатысты жаңа бағытты қалыптастыруды талап етуде.
Құқықтық тәрбиені осы бағыттарда жүргізу үшін жеткіншектердің жас
ерекшеліктеріне назар аударылды. Ол үшін шетел психологтары С.Холл,
З.Фрейд, М.Мид және т.б., Ресей ғалымдары Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин,
Д.И.Фельдштейн және т.б., Отандық психологтар Ж.Аймауытов, М.Мұқанов және
т.б. еңбектеріне талдау жасалды [3-10]. Педагогикалық тәжірибеде баланың
жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының жеткіншек шағы ең
қиын кез (психикасы мен мінез-құлқының өзгеруі негізінде жаңа қасиеттер мен
қоғамды жатсыну әдетінің пайда болуы, оларды өмір ортасының қарама-
қайшылықтары қызықтыруы және т.б.) болып есептеледі. Сондықтан дұрыс
ұйымдастырылған тәрбие мен отбасының жағдайы арқылы тұлғаны қалыптастыруға
педагогикалық басшылықтың шамасы жететінін ескеру қажет. Тәрбие — бүгінде
ұлттардың бірігіп нығаюының бөлінбейтін механизмі ретінде әлемдік өркениет
пен мәдениеттің дамуында әрбір халықтың өзінің тарихи тағдырын, өзінің орны
мен рөлін саналы түсінуіне әкелетін құбылыс.
Қарастырылып отырған оқушыларға құқықтық тәрбие беру мәселесін зерттеу
үшін теориялық базаны құрайтын маңызды материалдар әр түрлі ғылым саласынан
жинақталған. Білім берудің барлық даму кезеңдерінде құқықтық тәрбие
мәселесі ғалымдарды толғандырған.
Тарихқа көз жіберсек, құқық, қазақ халқының тұрмысындағы құқықтық
мәдениет, құқықтық қарым-қатынас нормалары туралы құнды пікірлерді Әл-
Фараби, Ж.Баласағұни, А.Яссауи, М.Қашқари, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би,
Есім хан, Қасым хан, Әбілқайыр хан, Абылай хан, Тәуке хан өнегелерінен;
одан кейінгі кездегі Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев,
Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсыновжәне т.б ағартушылар еңбектерінен көреміз [11-
27]. Бертін келе, жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруде, азаматттық
ұстанымдарды қалыптастыруда қазақ халқының ұлттық тәлім-тәрбиесінің озық
тәжірибелерін пайдалануды Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, С.А.Ұзақбаева,
Ж.Наурызбай, К.Қожахметова, Ә.Табылдиев, Қ.Бөлеев және т.б. еңбектерінде
қарастырады [28-34].
Зерттеліп отырған мәселенің теориялық негізі шетел ғалымдары
Э.Дрюкгейм, М.Вебер, Т.Парсонс және т.б.[35-37]; ТМД ғалымдары Г.П.Давыдов,
Н.М.Кейзеров, И.Ф.Рябко, П.П.Баранов және т.б. [38-41]; Қазақстан ғалымдары
М.Т.Баймаханов, Д.О.Сартаев, Г.С.Сапарғалиев, Е.К.Нұрпейісов, Л.А.Байсерке,
В.В.Трифонов, Л.К. Керімов, К.Б.Бегалиев, В.Г.Баженов, Э.И.Шыныбекова және
т.б. ғалымдар еңбектерінде қарастырылады [42-51].
Педагогикалық үдеріс ретінде құқықтық тәрбиенің негізгі факторларын,
шарттарын анықтау үшін ресейлік және қазақстандық ғалымдардың
(Ю.К.Бабанский, Е.В.Татарницева, Л.А.Байсерке, Л.Ю.Гордина, С.З.Зиманов,
А.С.Ибраева, Р.К.Русинов, А.Ж.Аюпова, Б.Т.Лихачев, А.В.Мудрик,
А.В.Мицкевич, И.В.Ковалева, Е.К.Нұрпейісов, Л.И.Новикова, Г.С.Сапарғалиев
және т.б.) ғалымдар еңбектеріндегі теориялық қағидалар мен қорытындылар,
тұжырымдар маңызды болып келеді [67-81].
Зерттеу мәселесі бағытындағы ғылыми еңбектерді талдау барысында соңғы
жылдары құқықтық тәрбие басқа да контексте қарастырылатыны айқындалды.
Әсіресе, қоғамда жиі кездесетін құқық бұзушылық, оқушылардың оған
бейімділігі, оны жеңетін фактор ретінде жаңа құқықтық ойлауды қалыптастыру
және т.б. тұрғыдан зерттелінуде: Отандық ғалымдар, атап айтқанда Н.Н.Өсеров
Қазақтардың дәстүрлі неке және отбасы құқықтары [82], С.И.Қорықбаев
Жастардың құқықтық статусы [83], Р.Ә.Орсаева Кәмелетке жасы
толмағандардың қылмыстылығымен қылмыстық күрес шараларының тиімділігі
[84], Д.Б.Бұғыбай Кәмелетке толмаған қылмыскерлерге жаза тағайындаудың
ерекшеліктері [85], Г.С.Джусупова Өтпелі кезең жағдайында жеке құқықтық
сананы қалыптастыру [86], Л.Қ.Ерінбетова Кәмелетке толмаған қылмыскер
тұлғасы [87], С.Б.Бейсебаева Жастардың құқықтық мәдениеті [88],
А.Б.Сманова Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды қалыптастырудың
құқықтық негіздері [89], А.О.Бейсембаева Мектеп оқушыларының құқықтық
мәдениетін қалыптастыру мәселелері [90];
Бүгінгі күннің әлеуметтік-мәдени жағдайына байланысты, ондағы
жеткіншектердің мінез-құлығы мен жүріс-тұрысындағы адам затына қайшы,
ұлттық менталитетімізде жоқ қылықтар мен теріс әрекеттердің тұрмыста
кездесіп қалуы, жеткіншектердің құқықтық тәрбиесін қалыптастырудың
қажеттілігін туындатып отыр.
Сонымен, зерттеу мәселесi бойынша ғылыми – теориялық әдебиеттердi жан-
жақты талдау, мектептердегі оқу-тәрбие үдерісіндегі тәжірибелерді саралау
нәтижелері құқықтық тәрбие мен осы бағыттағы мәселелерге арналған әртүрлі
зерттеулердiң болғанына қарамастан, құқықтық тәрбиеге байланысты шешімдерін
таппаған жекелеген мәселелер көрініс беруде. Осы қарама – қайшылықтарды
шешуге байланысты қоғам талаптарына сай жалпы білім беретін мектептегі
жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің тиімді жолдары мен шарттарын қайта
қарастыру мен белгілеу біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және ғылыми
зерттеу жұмысымыздың тақырыбын таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу обьектісі: жалпы білім беретін мектептегі оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: жалпы білім беретін мектептің жеткіншектеріне құқықтық
тәрбие беру.
Зерттеудің мақсаты: жалпы бiлiм беретін мектептегi жеткіншектерге
құқықтық тәрбие беруді теориялық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибеде
қолданудың тиімді жолдарын белгілеу.
Зерттеудің міндеттері:
— құқықтық сана, құқықтық тәрбие ұғымдарына берілген
анықтамаларды нақтылау;
— жеткіншектердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, құрылымдық-
мазмұндық моделін жасау, өлшемдері, көрсеткіштері мен
деңгейлерін анықтау;
— 5-9 сынып оқушыларына құқықтық тәрбие берудің педагогикалық
шарттарын айқындау;
— жалпы орта білім беретін мектептердегі 5-9 сынып оқушыларына
құқықтық тәрбие берудің тиімділігін эксперимент жүзінде
дәлелдеу.
Зерттеу базасы: №64 мектепте жүзеге асырылды. Экспериментке 23 оқушы
қатысты. Оның 12 оқушысы бақылау тобы, 11 эксперименттік топ.
1 Құқықтық тәрбие берудің теориялық негіздері
1.1 Психологиялық-педагогикалық еңбектердегі құқықтық тәрбие
мәселелері
Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізуі саяси-әлеуметтік
үлкен өзгерістер әкелді. Еліміз Кеңестік саясат шырмауынан құтылып, жаңа
саясатқа бет алып, азаматтық қоғам құру жолына түсті. Осындай өтпелі
кезеңде көптеген мәселелер алға шықты. Соның ішіндегі өзекті мәселелердің
бірі ретінде Қазақстандағы құқықтық жүйедегі өзгерістерді ерекше атауға
болады. Себебі, талқыға түскен заңдар мен азаматтардың құқықтық қорғалуы
және олардың саяси-құқықтық мәдениеті қоғамның үлкен мәселесіне айналып
отыр.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Мемлекеттік бастауларды нығайту құқықтық қоғам
орнатумен бірге жүргізілуі тиіс. Бұл – жалпы ұлттық абзал міндет. Құқықтық
мәдениет пен құқықтық реформасыз қоғам өрге баспайды, ал тәуелсіздік
толыққанды болмайды. Өркениетті қоғамда құқықтық мәдениет әр адамның жалпы
мәдениетінің қажетті бөлшегі, әрбір лауазымды адамға қойылар кәсіби талап
болып табылады. Тиісті құқық тәртібін орнықтырмайынша біздің экономиканы
реформалауымыз, қоғам өмірінде демократиялық қалыпты өлшемдерді бекітуіміз
неғайбыл, — деген пікіріне сүйенсек, жеткіншектерге құқықтық тәрбие беру
мәселесінің өзектілігі арта түседі.
Осыған орай бүгінде құқықтық тәрбиенің теориялық негіздерін қарастыру
құқықтық сана, құқықтық тәрбие, құқықтық жүйе ұғымдарының
ерекшелігімен айқындалады. Бұл ұғымдарға берілген анықтамаларды нақтылау
мақсатында әр ғылым саласына, әдебиет көздеріне, педагог-ғалымдардың
тәжірибелік-педагогикалық жұмыстарына назар аударылды. Кез келген
құбылыстың мәнді-мазмұнды көрсеткішін айқындау үшін алдымен, құбылысты
түсінуге және оның мазмұнын талдауға, ол ұғымның пайда болған уақыты мен
дамуының негізгі кезеңдерін анықтауға ерекше назар аудару қажет.
Сондықтан жұмысымызда құқықтың мәнін ашатын ғылыми қорды жүйелеу,
жинақталған тәжірибені талдап қорыту арқылы жалпы бiлiм беретін мектептегi
жеткіншектердің құқықтық тәрбиесінің педагогикалық шарттарын теориялық
тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарын белгілеу
мақсат етілді.
Осы орайда құқықтық тәрбие мәселесін түсінуде, алдымен құқық термині
қарастырылды. Құқық терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында,
күнделікті өмірде және басқа да салаларда қызмет бабында қолданылады.
Қазақша-орысша түсіндірме сөздікте құқық былай деп түсіндіріледі:
бүкіл қоғам ауқымындағы қоғамдық қатынастардың заңи тәртіптемесін
қамтамасыз ететін мемлекеттің күшімен қорғалатын жалпыға міндетті
әлеуметтік нормалардың жүйесі. Құқықтық жүйе құқық салалары бойынша
сараланған, олардың әрқайсысының ретттейтін өз тақырыбы бар және өзіндік
белгілерге ие (Мысалы, Азаматтық құқық. Коституциялық құқық. Отбасы құқығы.
Еңбек құқығы. Қылмыстық құқық).
Демек құқық дегеніміз мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық
нормалардың: құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің, мемлекеттің
құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады.
Зерттеу барысында құқық терминінің заң ғылымының өзінде бірнеше
мағынада қолданылатындығы айқындалды:
Біріншіден, құқық — ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың
заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек
ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, т.б. Осы келтірілген жағдайда
құқық түсінігі субьективтік (тұлғалық) мағынада қолданылады. Субьективтік
(тұлғалық) құқық – тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық
нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері, ол тұлғаның
мінез-құлқының шегін анықтайды.
Екіншіден, құқық дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген
жиынтығы. Бұл обьективтік мағынадағы құқық тұтас құбылыс болып саналады.
Мысалы, ҚР-да қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың,
өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, сондай-ақ Республиканың
Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының
нормалары болып табылады (4 бап).
Үшіншіден, құқық термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде
қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық,
әкімшілік құқық, еңбек құқығы, отбасы құқығы, қылмыстық құқық, қаржылық
құқық, т.б. Құқық саласы өзара туыстас қоғамдық қатынастарды реттейтін
құқықтық нормалардың жиынтығы.
Төртіншіден, құқық термині тұлғалық құқық пен обьективтік құқықтың
жиынтығы ретінде қолданылады. Осыған байланысты құқық жүйесі деген
түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қазақстанның құқықтық жүйесі
қалыптасуда. Құқық туралы ғалымдардың көзқарастары да алуан түрлі,
негізінен құқықты таптық және жалпы әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ғылымда
кең орын алған. Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық
азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айналды. Сондықтан да Қазақстан
заңдары барлық әлеуметтік топтардың еркін білдіріп, олардың заңды
мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған.
Сонымен обьективтік тұрғыдан қарағанда құқық – адам мен қоғамның
жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық
қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен
қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы екендігі айқындалды.
Құқықта адамның құқықтық дәрежесін анықтайтын заңдар, қабылданған және
қолданылып жүрген барлық құқықтық нормалар, белгілі нормативтік құқықтық
актілер ерекше орын алады.
Сондықтан зерттеуімізде құқықтың, құқықтық тәрбиенің мәнін тереңірек ашу
мақсатында құқық ұғымынан туындайтын құқық нормасы, құқықтық қарым-
қатынас, құқықтық актілер, заң және басқа да ұғымдарға назар аударуды
жөн көрдік.
Құқықтың алғашқы элементі – құқық нормасы. Құқық нормасы дегеніміз –
мінез-құлық, тәртіп ережесі, тіршілік процесіндегі тәртіп пен мінез-құлық
ережелерінің үлгісі. Құқықтық нормалардың жиынығы ретіндегі құқық қоғам
тіршілігінде маңызды рөл атқара отырып, өмірдің қай саласында болса да
адамдар арасындағы қарым-қатынастарда тәртіп болуына бағытталады.
Бұл бағыттағы алғашқы зерттеулердің бірі Л.А.Байсеркенің Жалпы білім
беретін мектепте оқушыларға адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің
педагогикалық негіздері атты еңбегі. Ғалым-педагог оқушылардың
адамгершілік-құқықтық тәрбиесінің жүйесін теориялық және әдістемелік
тұрғыдан қарастыра отырып, құқықтық тәрбиенің адамгершілік мәнін ашып,
мектептегі адамгершілік-құқықтық тәрбиенің жүйесін, оның тұжырымдамасын,
моделін және болашақ мұғалімдерді даярлаудың мазмұндық-әдістемелік негізін
жасайды [46].
Бүгінгі күнге дейін қоғам дамуының кезеңдерінде жеткіншектерге құқықтық
тәрбие беру мәселесі әр түрлі ғылымдар саласында әр қырынан зерттелгені
анықталды.
Осыған орай құқықтық тәрбие ұғымының мазмұнын нақтылау мақсатында
ғылыми әдебиеттерде, ғалымдар зерттеулерінде берілген анықтамаларға
тоқталамыз.
Білім және ғылым. Энциклопедиялық сөздікте құқықтық тәрбие құқықтық
жалпы оқуды іске асыруды мақсат ететін, құқықтық мәдениет пен құқықтық
мінез, заңға бағыну мінезін қалыптастыру үдерісі деп сипатталады
Құқықтық тәрбие адамның құқықтық мәдениетімен тығыз байланысты. Себебі,
құқықтық тәрбие әлемдік және ұлттық құқықтық мәдениет құндылықтарын
көрсететін, құқықтық идеялар, нормалар мен қағидаларды қалыптастыруға
бағытталған шаралардың жүйесі. Сондықтан бұл ұғымның мәні мен мазмұны
құқықтық мәдениет ұғымымен бірге ашып көрсетіледі.
Құқықтық мәдениет жалпыадамзатттық рухани мәдениет мазмұнына енеді.
Оның мәнін екі тұрғыдан: біріншісі, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер
әрекетінің ауқымын қамтитын кең мағынада; екіншісі, тұлғалық, педагогикалық
және психологиялық мағынада қарастыруға болады. Кең мағынада, құқықтық
мәдениет дегеніміз нақты іс-әрекет жасау үстіндегі заң ұстанымы
компоненттерінің жиынтығы, осы туралы адамдардың жалпы түсінігі мен
пайымдаулары болса; тар мағынада, құқықтық мәдениет дегеніміз тұлғаның
құқық туралы ой-пікірлері мен қажеттіліктері болып табылады.
Сонымен бірге басқа ғалымдардың да құқықтық педагогиканы жеке бағыт
ретінде бөліп көрсету керек деп санайтыны, Құқықтық педагогиканың
негіздері деген пәннің шыққанына көп уақыт болса да, әлі жоғары мектептің
оқу жоспарына енгізілмегені туралы пікірлері кездеседі. Біздің пікірімізше
бұл көзқарастар болашақта аталған пәнді оқу бағдарламасына енгізу
қажеттігін көрсетеді.
Қазіргі мектепте оқушыларға құқықтық тәрбие беру мәселесінің шешілуі
көбіне мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне
байланысты екендігін көптеген ғалымдар, педагогтар еңбегінде айтып өткен.
Жоғарыда айтылған ойларды түйіндей келе, құқықтық тәрбие -оқушыларға
құқықтық танымдық қызығушылық бағдарымен өз іс-әрекетіне мотивациялық
тұрғыда басшылық жасай отырып, рефлексиялық — бағалау әдістері негізінде
азаматтық заңдарды мүлтіксіз сақтап, өз міндеттерін саналы түрде жүзеге
асыра алу әрекеті деп тұжырымдаймыз.
Құқықтық тәрбиенің әлеуметтік, рухани, психологиялық даму, реттеу
қызметтері мен мәніне келсек, бүгінгі күнге дейін қоғам дамуының барлық
кезеңдерінде бұл мәселе әр түрлі ғылымдар саласында әр қырынан
қарастырылған. Қоғамның ауыспалы кезеңінде құқықтық сана моралмен және
адамгершілікпен өзара әрекетте болады.
Осы орайда жоғарыда айтылғанды ескере отырып, құқықтық тәрбиені біздің
қоғам дамуының екі кезеңіне қатысты қарастыруға болады:
— кеңестік кезең, ол социалистік құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті
қалыптастыруды және дамытуды негіздеумен сипатталады;
— посткеңестік кезең, ол қоғамның әлеуметтік экономикалық және саяси
қайта құрылуымен, жаңа құқықтық ойлауды қалыптастырумен тікелей байланысты
айқындалады.
Ендігі кезекте құқықтық сана ұғымының мәні мен мазмұнына, құрылымына
ерекше көңіл бөлінеді. Құқықтық сана – Қазақстан Республика азаматтарының
жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға, азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарына және қалаулы құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға
құқық сезімдерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі
болып саналады.
Құқықтық қатынастар – құқыққа байланысты қатынастар, оған адамдар
арасындағы қатынас және олардың іс-әрекетін жатқызуға болады. Сондай-ақ
жеткіншектердің құқықтық санасының өзіндік ерекшеліктерін зерттеу олардың
ағат қылықтар жасауы көбіне заңға, оның талабына деген теріс көзқарастан
емес, қайта құқық негіздерін дұрыс білмегендіктен немесе одан бейхабар
болудан туындайды деп зерделеуге болады.
Сонымен бірге ғалым құқықтық тәрбие беру мен құқықтық сананы
қалыптастыру мәселелері жайлы: Құқықтық тәрбие, құқықтық сана-сезімнің
қалыптасуы – жастардың өздерін азамат ретінде сезінуіне көмектесуі қажет.
Тек қана өз басы заңды бұзбай, оны орындаумен шектелмей, әр азамат өзін
қоғамның қайраткері, мемлекет пен қоғам ісіне белсене қатысатын азамат
екенін түсінуі қажет. Тек сонда ғана құқықтық тәрбие берудің қоғамдық мәні
барын байқаймыз. Ал құқықтық тәрбие беру жанұядан басталып, мектепте
жалғастырылса, құқықтық сананы қалыптастыруда зор табысқа жетуге болар еді.
Мектеп мемлекеттік оқу-тәрбие ұйымы болғандықтан, онда жүргізілетін тәрбие
жұмысы алдын-ала жоспарланып, белгілі бір ұйымдастыру қалпына түсіріледі
деген ой қорытуға болады.
Жоғарыдағы құқықтық сана туралы айтылған теориялық идеяларға сүйене
отырып, өз анықтамамызды береміз: құқықтық сана — адамдардың қолданылып
жүрген және тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен
сезімдердің, бағалар мен мақсаттардың жиынтығы, ол азаматтардың жаңа заңға
мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құкықтық актінің жобасы жөнінде
пайымдау және т.б. түріндегі әсері.
Қазақстанда қазiр жаңа құқықтық жүйе қалыптасып, жас ұрпаққа олардың
сан алуан құқықтарын, мемлекет заңдарын, қоғам алдындағы мiндетiн, басқа да
рәсiмдi актiлерiн меңгерту, сөйтiп оқушының құқықтық санасын қалыптастыру,
құқықтық тәрбие беру мiндетi жүктелiп отыр.
Демек құқықтық жүйе — жеткіншектерге заң бұзушылық себептерін
түсіндіретін, оған көмек көрсететін, құқықтық сана–сезімдерін
қалыптастыратын ерекше қызмет жүйесі болып табылады.
Ресей ғалымдары В.И. Каминская, А.А.Ратинов құқықтық тәрбиені құқықтық
мәдениеттің компоненттеріне байланысты: құқық; құқықтық қатынас; құқықты
ұғыну; құқыққа сай әрекеттер; құқыққа қайшы әрекеттер деп жіктеген.
Сараптау барысында, ғылыми әдебиеттер мен зерттеулерде құқықтық тәрбие
беру мәселесі мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне
тікелей байланысты қарастырылатыны айқындалды. Бұл үдеріс қазіргі
мектептегі құқықтық тәрбие беру мәселесінің тиімді шешілуінде оқушылардың
өзін-өзі тәрбиелеуі, алдына мақсат қоя білуі және оны іс жүзінде жүзеге
асыруымен сипатталады. Сонымен тәрбие — индивидтің мәдениетке белсенді әсер
ететін ұйымдастырылған іс-әрекеті, сол арқылы индивидтің өмірі мәдениет
мазмұнымен толықтырылады.
Сонымен құқықтық тәрбие құқықтық мәдениетті қалыптастырудың негізгі
жолы болғандықтан, әрі құқықтық тәрбиенің мәні, оның қоғамдағы рөлі
динамикалық құбылыс ретінде өзгеріп, толығып, дамып отыратындықтан, біздер
зерттеу барысында құқықтық тәрбиенің тарихына назар аудардық.
Ол құқықтық тәрбиенің негізін үш бірлікте қарастырған: 1) білім (біздің
ұғымымызша айтысып жүрген интеллектінің негізін Әл-Фараби салған ); 2)
мейірбандық; 3) сұлулық. Сол кезеңнің өзінде мұндай гуманистік идеяны құқық
сақтау іс-әрекетіне негіздеуі Әл-Фараби ілімінің маңызы ерекше екеніне мән
беріп, бұл ұстанымның бүгінгі күнге дейін көкейкесті болып отырғанын атап
көрсетеуімізге мүмкіндік береді. Әл-Фараби әділеттілікті халықтар достығын
нығайтуда, әр мемлекеттің ішкі құқықтық заңдарын сыйлауға, бақытқа жетудің
бір тізгіні әр мемлекеттің қоғам тудырған заңдарын бұзбаушылықта екеніне
бүгінгі педагогика ғылымында көз жеткізеді. Азаматтық ғылым және оның
тараулары туралы ілімінде заң ғылымына теориялық негіз береді. Теориялық
негізіне құқықтық тәрбиенің жеткіншектердің сана сезіміне оңтайлы ықпал
етуі деген ой пікірді келтірген. Адамгершілік және ақылдылық табиғаттан
туындап, оны жеткіншектердің өздері дамыта білуіне қолайлы жағдай туғызудың
қажеттілігін де ерекше атап өтеді. Демек Әл-Фарабидің орта деуі бүгінгі
қоғам деген ұғымды білдіретіні айқын.
Жеткіншектердің жетіліп өркендеуінде Жүсіп Баласағұнның (1011-1075)
Құтты білік еңбегінің алар орны ереше. Құқықтық тәрбие негізі ретінде
Жүсіп Баласағұн қоғамдық жағдайлардың, айнала ортаның ықпалымен, оң
әсерімен тәрбие арқылы және адам табиғатынан туысынан — дүниеге нәсілдік
ерекшелігімен келетінін ескеруді ерекше көрсеткен. Жүсіп Баласағұн Сократ,
Демокрит және т.б. грек ойшылдары сияқты әділетке ғылыми тағылым құрған,
олардың әділеттің мазмұны ретінде қарастырылған заңдылықты негізіне
алуымыз қажеттілігін атап өтеді. Мұндай қасиеттердің өркен жаюы табиғи
заңдылықтар мен қоғам мүддесі және Жүсіп Баласағұн еңбегіндегі жеткіншекке
тағдыр мен жазымыштың әсерінен пайда болған ішкі дүниетанымы ықпал етіп,
оған қозғаушы күш болатыны жайлы құнды пікірі бар екені зерделенді.
Сонымен құқықтық тәрбие беруде жеткіншектерге зорлық-зомбылық,
құқықтық–психологиялық жағдай туғызу сияқты әдістерден аулақ болып, олардың
әділетті де құқықтық тәрбие арнасынан шықпауына бірден-бір құрал
сүйіспеншілікпен келу деген тұғырлы, салиқалы ой-пікірі бүгінгі тәрбие
нысанына да негіз деп қарауымызға мүмкіндік береді.
Тарихқа Жеті жарғы деген атпен енген Тәуке ханның заңдарын
зерттеушілер қазақтардың бұған дейінгі қолданылып келген әдеттегі құқық
нормаларының бір жүйеге келтірліп, толықтырылған нұсқасы деп қабылдайды.
Жеті жарғы – 17ғ. аяғы мен 18 ғ. басында қалыптасқан қазақ құқықтарының
жиынтығы. Өмірге әкелген ― Тәуке хан мен оның билері. Мұны олар Әз
Тәукенің Жеті жарғысы деп атады.
Ол жарғыдағы негізгі баптар мыналар:
• 1-жарғы (бап). Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы
бұйырылсын.
• 2-жарғы (бап). Түркі халықтарының мүддесін сатып, елге опасыздық
еткендер өлім жазасына бұйырылсын.
• 3-жарғы (бап). Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім
жазасына бұйырылсын.
• 4-жарғы (бап). Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені
бұзғандарға өлім жазасы бұйырылсын.
• 5-жарғы (бап). Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлікті ұрлаған кісіге
өлім жазасы бұйырылсын.
• 6-жарғы (бап). Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегі мүліктей
құн төленсін:
а) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, қызы болмаса,
қыздың қалың малын беруге тиіс;
ә) төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі ат береді.
• 7-жарғы (бап). Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүліктер үшін он есе
артық айып төленсін.
Жеті жарғының әрбір бабы қазақ халқының әлеуметтік практикасының
жемісі, ұлтты қорғау үшін, көшпелі қоғамдық қатынастарды тиімді реттеуге
қабылдаған және талқылау барысында идеялық пікірталас, билердің
данагөйлігінің қорытындысы. Есімханның ескі жолы, Қасымханның қасқа
жолы сияқты қазақ халқының заңдарын бір жүйеге салу, жаңа нормалар енгізу
мақсатында Жеті жарғы 1684-1685 жылдары қабылданған құқықтық құжат.
Жарғы сөзінің мағынасы норманың жоғарғы түрін көрсетеді, жоғарғы
мемлекеттік басқару жүйесінде анықталған.
Зерттеу жұмысымыздың негізіне XIX ғасыр ағартушылары Шоқан Уәлиханов,
Ы.Алтынсарин, А. Құнанбаев еңбектеріндегі құқықтық тәрбие беру жөніндегі
берген ақыл-кеңестері де жоғары мағынасында алынады.
Қазақ ағартушыларының бірі — Шоқан Уәлиханов 1864 жылы құқық жайлы
Сот реформасы деген еңбегін жазды. Онда құқықтық тәрбиенің оңтайлы болуы
үшін мемлекет құқықтық заңдар шығарған уақытта халық мүддесімен санасудың
қажеттілігін ескеруді қарастырады.
Адамдардың қарым – қатынасын мен тәртіп тәрбиесін ақын, ойшыл, ұлы
ұстаз – Абай өзінің еңбектерінде жан-жақты қарастырады. Абай өзінің
қарасөздерінде мораль, тәрбие ақыл, ғылым, ар, мінез мәселелері туралы ой
түйіндеген. Жиырма бесінші сөзінде оқушы өзі үшін емес, халқы үшін еңбек
ететін адам болсын деп, өзінің туған елін қорғайтын, сана – сезімі мол,
белсенді қоғамға, әлеуметтік ортаға жат әдет қылыққа қарсы күресетін жеке
тұлғаның бойындағы қасиеттерді тәрбиелеуді насихаттаған. Сонымен қатар
Абайдың қолдауымен қабылданған Билер ережесі әдеттік құқықтың үлгілері
биліктің бөлінуіне сүйенген билер кеңесіне ауысуға мүмкіндік береді.
Біздер тәрбиенің осы теориялық бағытын өзіміздің еңбегімізге негіз ретінде
алуды жөн деп есептедік. Бірақ, аталған тәрбиенің негізі ретінде берілген
үш құраммен ғана шектелуге болмайды.
Қорыта келгенде, жоғарыдағы ғалымдар еңбектеріне жасалған талдау
нәтижесі құқықтық тәрбие берудің теориялық негізі сонау көне грек
ойшылдарының еңбектерінде қаланған деуге негіз бар екенін дәлелдей түседі.
Бүгінгі таңда оқушыларға құқықтық тәрбие беру мәселесін зерттеуге қатысты
философиялық, құқықтық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік
әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталғаны бұл мәселенің түп тамыры
ғасырлар тереңінде жатқанын дәлелдейді. Ал тұлғаның құқықтық мәдениеті
социумды және индивидті үйлесімді дамытуды қамтамасыз етуде нақты құқықтық
құндылықтар мен нормаларды қабылдау және жүзеге асыру жүйесін ұсынады.
Құндылық бағдар адамның танымдық іс-әрекетін құқықтық актілер жүйесіне
ынталандырады және оның талаптарын сақтау ұстанымын қалыптастырады. Осыдан
жалпы құқықтық тәрбиенің мақсаты оқушыны мемлекет заңдары мен қоғамда өмір
сүру ережелерін құрметтеуге, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімсіздікке,
қоғамдық тәртіпті сақтауға тәрбиелеу болғандықтан, тұлғаның осы сапалары
болашақ қоғам азаматының құқықтық мәдениетінің мәнін құрайтынына көз
жеткізуімізге мүмкіндік береді. Жеткіншектердің құқықтық санасын
қалыптастырудың негізгі көзі құқықтық тәрбие субьектісінің іс-әрекеті болып
табылады. Құқықтық тәрбие мұғалімнің оқушыларды тәрбиелеуге бағытталған іс-
әрекеті ғана емес, сонымен бірге алуан түрлі мемлекеттік және мемлекеттік
емес қоғамдық құрылымдардың да мақсатты іс-әрекеті деп қорытынды жасауға
болады.
Бұл жеткіншектердiң топтарын бастапқы ұстаным деңгейлерi бойынша
анықтауға мүкiндiк бередi; бастапқы ұстанымын тұлғаның қоғамға пайдалы іс-
әрекеттегі және қатынастардағы белсендiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған
әлеуметтiк-педагогикалық жағдаятты түзетуге деген бейiмдiлiгiмен
ерекшеленедi:
Жеткіншектер педагогикалық әсерге қарсы тұрады, өзiн-өзi жетiлдiру
мақсатында тiршiлiк әрекетiнiң жағдайларын пайдаланбайды. Жеткіншектер
тәуекел жағдаятты оң шешуде енжарлық танытады, бiрақ олардың алдын-алуда
ересектердiң көмегiн қабылдайды:
Зерттеу жұмысымыздың бағытына қарай ғылыми-педагогикалық,
психологиялық әдебиеттерге талдау жасау нәтижесінде оқушыға құқықтық тәрбие
беруде өзін құқықтық сауатты көрсете білу рөлі мен оның тұлға болып
қалыптасу кезіндегі тиімді әдіс-тәсілдерді қамтитын білім беру мен
тәрбиелеу факторлары арасындағы обьективті тәуелділік, өзара байланыстылық
анықталды.
Оқушыларға құқықтық тәрбие беру үдерісі мазмұнының екінші факторы
біздің ойымызша, бүгінгі таңда оқушылардың тәжірибелік іс-әрекеті мен
болашақта өз бетімен дәстүрлі – құқықтық ортаға түсуіне дайындығы. Бұл
фактор өзінің іс-әрекет ортасы бойынша және күнделікті өмірде кездесіп
отыратын қоғамдық өмірдің көп жақтылығымен маңызды болып саналады.
Құқықтық тәрбие мазмұнының когнитивті, яғни танымдық компонент
құрылымына тарихи – құқықтық, ұлттық, халқының рухани ақыл-ой дәстүрі,
тұлғаның құқығы мен міндеттері туралы түсініктері кіреді. Осы тұрғыдан
келгенде, құқықтық тәрбие беру үдерісі мазмұнының құрамында басты функцияны
когнитивті компонент атқарады. Когнитивті компоненттің критериі біздің
отанымыздың өткен және бүгінгі күні тарихи-құқықтық білімі болып табылады.
Құқықтық тәрбие мазмұнының когнитивті компонентіне келесідей ұғымдар мен
категориялар кіреді: құқық-қоғам, адам-тұлға-азамат; бостандық –
жауапкершілік; құқық- мораль, адам-мәдениет; неке-отбасы; қоғамның
әлеуметтік құрылымы — әлеуметтік қарым-қатынас; қоғамның саяси жүйесі ;
ұлттар-ұлтаралық қарым-қатынас; құқықтық мемлекет; тұлға – мемлекет
және т.б. Бұл ұғымдар кең мағыналы болғандықтан, әрбір адамның олардың мәні
туралы қандайда бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз. Ол жалпы орта білім
беретін мектептегі оқушылардың құқықтық тәрбиесіне, қабылдайтын
ақпаратарына да тікелей байланысты. Әсіресе жеткіншектерге бұқаралық
ақпарат құралдарының зор әсері бар. Олар моралдық заңдылықтарға қарама-
қайшы келетін ақпараттарды қабылдауға бейім келеді. Кез келген жастағы
индивидтің үйрену қабілеті жоғары болады, бірақ өз әрекетінің нәтижесіне
мән бере білмейді.
Сонымен педагогикалық-ұйымдастырушылық, психологиялық-педагогикалық,
әдістемелік шарттар құқықтық тәрбие беруге бағытталған іс-әрекеттерді
жүзеге асыруда олардың әрқайсысының өзіндік атқаратын қызметтері мен
ерекшеліктерінің маңыздылығын айқындай түседі.
1.2 Жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
Қазақстанда құқықтық мемлекеттiлiктiң негiзi қаланып, қалыптасу процесi
жүрiп жатқанда әдептiлiк-құқықтық мәдениетiмiзге, құқықтық тәрбиеге де
талап арта түсерi хақ. Құқықтық тәрбиенің мәні мен оның қоғамдағы рөлі
динамикалық құбылыс ретінде өзгеріп, толығып, дамып отырады. Құқықтық
тәрбие қамтамасыз етілмеген жерде шынайы бостандық пен жеке тұлғаның
қауіпсіздігі, азаматтық белсенділіктің болуы мүмкін емес.
Құқықтық тәрбиесі жоғары азамат құқықтың әлеуметтік құндылығын мойындай
отырып, өзіндік мінез-құлқын меңгереді және өзін дұрыс бағыттай алады. Бұл
қазіргі қоғамда ерекше маңызды болып табылады. Құқықтық мәдениетті әлеумет
өмірінің берік негізі – заңдылықты сақтау мен құқықты қорғау амалдарын
нақтылы түрде нығайту арқылы ғана дамытуға болады, өйткені демократия
дәуірінде мемлекет тек құқықтың билігі мен заңды орнататын қуатты құқықтық
базаға ғана сүйене алады. Бұл орайда заңдылықтың іс жүзінде сақталуы мен
құқытың қорғалуы, өз кезегінде, құқықтық мәдениет деңгейіне тікелей
байланысты екендігін де айта кету керек. Бұл бағытта, бүгінгі таңының ең
өзекті мәселесі – құқытық мәдениетті дамытумен қатар елдегі құқық қорғау
ұйымдарының қызметін жақсарту қажеттігі болып отыр.
Ата-бабаларымыздың үлгi-өнегесi, өркениеттi талғамы мол болғанын бiзге
мұраға қалдырған рухани байлықтарынан бiлемiз. Өкiнiшке орай, көп жылдар
билiк еткен тоталитарлық басқару жүйесiнiң қысымы мен қыспағы, езгiсi
тiлiмiзден, дiнiмiзден, дәстүр-салтымыздан, әдептiлiгiмiзден айыра жаздады.
Жеткіншектерге құқықтық тәрбие беру мәселесін теориялық зерттеу
нәтижесі оларды бағалау тәсілдері мен мүмкіндіктерін таңдау, бұл процестің
тиімділігін қамтамасыз ететін педагогикалық шарттарды тексеру мақсатында
тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың негізіне алынды.
Жеткіншектердің құқықтық тәрбиесінің механизмі, формасы мен құралдарын
қарастырар болсақ, құқықтық тәрбие жүйесі – белгілі бір тәртіп пен
ұйымдастыруды қамтамасыз ететін құқықтық тәрбие үдерісі элементтерінің
жиынтығы. Ол, бір жағынан, тәрбиеленушілердің әр түрлі категориясын,
екіншіден, құқықтық тәрбиелеушілік функцияны атқаратын мемлекеттік
органдардың іс-әрекетін қамтиды. Сондықтан құқықтық тәрбие жүйесіне субьект
(құқықтық тәрбиелік іс-әрекетті жүзеге асыратын органдар, ұйымдар, т.б.),
обьектілер (жеке адамдар мен халық топтары) ретінде арнайы құқықтық құрал
мен әдістерді пайдаланып жүзеге асырылатын іс-шаралардың жиынтығы жатады.
Құқықтық тәрбие механизмдері – құқықтық тәрбиелік үдерістің ішкі
қондырғысы, тәрбиеленушінің (индивид, өоғамдық топтың) құқықтық санасында
қоғамдық санадағы идеялардың алмасу механикасы. Құқықтық тәрбие
механизмінде төмендегі тізбекті бөліп көрсетуге болады:
— қоғамдық құқықтық сана;
— құқық нормаларының жүйесі;
— құқықтық тәрбиенің формалары мен құралдары;
— тәрбиеленушілердің құқықтық санасы, оны қоғамдық сананы құрайтын
идеялармен байыту.
Жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруді әр түрлі құралдар арқылы жүзеге
асыруға болады, материалдық (нормативті-құқықтық актілер және құқық
нормасын қолдану, газеттер, журналдар, телеарна, кино, т.б.) және ауызша
құралдар (дәріс, әңгіме, семинар, т.б.).
Сонымен бірге құқықтық тәрбие құқықтық мәдениетті қалыптастырудың
негізгі жолы. Бұл үрдісте, ең бастысы, құқық қорғау органдары
қызметкерлерінің кәсіби құқықтық мәдениетін арттыру керек. Ол нақтылы
әлеуметтік ортада, жалпы әлеуметтік-құқықтық мәдениетпен бірге қалыптасады.
Қоғамдық құқықтық мәдениеттің принциптері, категориялары мен идеялары құқық
қорғау органдарының қызметкерлері үшін құқықтық нормаларды танып-білуге, өз
кәсіби қызметін заң талаптарының дұрыс әрі біржақты орындалуын қадағалауға
бағыттайтын идеологиялық құрал ретінде қолданылады.
Шынайы заңгерлік тұрғысында, Қазақстан Республикасының құқықтық саясат
Концепциясына сәйкес негізгі басым бағыттар – қылмыстарды болдырмау және
олардың алдын алу, қылмыспен күрес, жедел іздестіру қызметін жетілдіру,
қалыптасқан шұғыл жағдайға байланысты әрекет ету, ақпараттық қамсыздандыру
мен сараптамалық жұмыстың деңгейін арттыру, халықаралық ынтымақтастықты
дамыту болып табылатыны белгіленген. Жеткіншектердің құқықтық
тәрбиелігінің артуы әлеуметтік қатынастарда айқындалып бітпеген
экономикалық және саяси жағдайларда жүзеге асады. Мұндай жағдай қоғамдық
санаға айырықша әсер етеді. Бұл өз кезегінде құқықтық сана-сезімі мен
құқықтық мәдениетінің қалыптасуына ықпал етеді.
Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу – олардың қылмысқа ұрынбауына,
өмірдің тиімді жолдарын өз бетімен шешуге үйренуіне, қолайсыз көріністерге
бой алдырмауға жетелейді.
Құқықтық білім берудің міндеті – барлық іске жауапкершілікпен қарайтын,
өз құқығын жете меңгерген, заңдарды ұғынып қана емес, сонымен бірге сыйлай
білетін, құқықтық мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол, білікті маман
даярлап шығару.
Еліміздің құқықтық мемлекет құру жолында бастаған игі істерінің бірі
құқық негіздері пәнінен сабақ беретін мұғалімдерді даярлап шығару. Бұл
кеңестік құқықтық жүйенің күйреуінен кейін қолға алған шаралардың бірі.
Білімді адам санатына қосылу үшін қазіргі жеткіншектерге негізгі
пәндерді игеру және талдау қабілетінің сауаттылығы аздық етеді. Ол өмірдің
әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет.
Иә, жеткіншектерді осындай жолға даярлауда мемлекеттің алатын орны,
рөлі өте зор. Әлеуметтік — экономикалық дамуды мәдениет тұрғысынан
қамтамасыз ету мәселелері қоғамда көптеген міндеттерді шешуді алға қойып
отыр. Сол мәселелердің ішіндегі өзектісі болып — құқықтық тәрбие
табылады.
Құқықтық мемлекет – ұзақ тарихи дамудың жемісі. Ол үрдіс күрделі, қиын,
әрі сан – салалы және мол қаржыны, жалпы мемлекеттік деңгейдегі ұйымдық –
құрылымдық шараларды, бүкіл педагогтар, зиялылар қауымының қажыр –
қайратын, рухани ізденістерін қажет етеді. Демек ел, ұрпақ тағдыры үшін
маңызы мен жауапкершілігі айрықша білім беру ісіне барлық деңгейдегі
мммемлекеттік органдардың бетбұрысы, қамқорлығы керек. Бұл жөнінде
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан – 2030 жолдауында негізгі
бағыттарды көрсетіп берді. Сол бағыттардың бірі – жоғарғы құқықтық сана мен
құқықтық мәдениет. Осы екі элементтің іргетасы азаматтарда алдыменен
отбасында қаланса, содан кейін мектеп қабырғасында жалғасады.
Зерттеу жұмысымыздың бағытына қарай елбасының бұл шығарған қаулысының
маңызы өте зор болды. Өйткені, аталған қаулыны басшылыққа ала отырып,
ондағы қойылған талаптарды орындау барысында тіпті құқық қорғау органдары
қызметкерлерінің де біліктілігі арта түседі. Сол кездің өзінде-ақ әділет
басқармаларында арнайы бекітілген кестелер бойынша қолданыстағы заңдарды
және нормативтік құқықтық актілерді оқып, игеру үшін семинар сабақтар
жүргізіліп, бүгінгі таңда баршаға құқықтық сауат беру жұмыстарына кеңінен
көңіл бөліп отыр.
Осы орайда 5-9 сынып оқушыларына құқықтық тәрбие берудің педагогикалық
шарттарын қарастыруда жалпы педагогика ғылымындағы қалыптасқан тәжірибеге
назар аудардық.
Біздің негізгі зерттеу обьектіміз жалпы білім беретін мектептің оқу-
тәрбие процесі болғандықтан, оның өзіне тән ерекшеліктеріне, соның ішінде
сынып және сыныптан тыс жұмыстар мен тәрбиелік іс-шараларға, оның құқықтық
тәрбие берудегі функцияларына баса назар аударылды.
Біз зерттеу жұмысымызда жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруде тұтас
педагогикалық үдерісті алып отырмыз.
Жалпы білім беретін орта мектептегі жеткіншектердің құқықтық
тәрбиелілігі негізінен оқу-тәрбие үдерісінің негізінде қалыптастырылады.
Әрине, олардың әрбір саласының өз орындары, ерекшеліктері, функциялары да
алуан түрлі.
5-9 сынып оқушыларымен жүргізілген эксперименттік-тәжірибе жұмысы
Н.Д.Хмельдің педагогикалық тұтастық тұжырымдамасының негізгі компоненттері
мұғалім мен оқушы (адам факторы блогы); мақсат, міндет, мазмұн (әлеуметтік
сұраныс блогы); құралдары, түрлері, әдістері мен тәсілдері, тапсырмалар
(тұтас педагогикалық процестің қозғалыс механизм блогы) бірлігі негізінде
жүзеге асты.
Осыдан келе біз оқушыларды құқықтық тәрбиелеу үдерісінде негізгі күш әр
түрлі іс-әрекет түрлерінің мазмұнында жатқандығын байқаймыз. Іс-әрекеттің
алуан түрінің мазмұны феномен ретінде іс-әрекетке тән бірлікке байланысты
болады.
Біз зерттеуімізде бұл теорияны арнайы зерттеу обьектісі етіп алмаймыз,
бірақ жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруде ол жалпы теорияның бөлігін
құрайды және концептуалды маңызға ие. Іс-әрекеттің негізгі сипаттамасы мен
оның құрылымдық компоненттері өзарабайланысты, олар біртұтастықта жаңа
сапалы жағдайды көрсетеді. Бұл өзарабайланыс нәтижесі тұлғаның
интеллектуалды, мотивациялық және мінез-құлық сферасын, оларды
диалектикалық бірілікте өсіру және байыту болып табылады.
Біздің пікірімізше, жеткіншектің құқықтық тәрбиелік деңгейінің мазмұны
іс-әрекеттің болжамдық, танымдық, креативтік, бірлескен және бағалаушылық
жиынтығына негізделуі тиіс. Осы ретте, оқушыларға құқықтық тәрбие берудің
екі жолын бөліп көрсетуге болады:
— бірінші жолы, құқықтық шынайылық негізінде құқықтық мәдениетті
қалыптастыру ( үлкен орта) жанұя мен құрбылардың әсерінен ( кіші орта),
жаңашыл ақпараттық комуникативті технологияның сирек қысымы әсерінен ;
— екінші жолы, оқу орындарындағы құқықтық тәрбие беру мен оқыту
тұлғаның өнімді құқықтық әлеуметтену мақсатына бағытталуы тиіс .
Қазіргі мектеп құқық кеңістігі ретінде оқушылардың құқықтық
тәрбиесінің негізі — мораль, құқық жайлы тұрақты көзқарастарын, құқықтық
мінез-құлқын, құқықтық білімі мен құқықтық тәрбиелілігін қалыптастырудың
бастауы.
Құқықтық оқыту – мұғалім мен оқушы арасындағы құқықтық білімді беруге
және қабылдауға бағытталған мақсатты үдеріс, тұлғаның құқықтық санасының
қалыптасуындағы дағды мен икемділіктің қалыптасуы, сондай-ақ мектеп
оқушыларының құқықтық тәрбиенің мазмұнын анықтайтын жаңашыл демократиялық
құқықтық құндылықтарды қабылдауды және таңдауды сезіну үшін құқықтық
ойлауының, құқықтық қызығушылығының, жалпы дүниетанымының дамуы. Сондықтан
құқықтық білім тұлға дамуы мен азаматтық қоғамның қалыптасуындағы маңызды
факторлардың бірі болып табылады. Ол сонымен бірге құқықтық әлеуметтену
үдерісіне қажетті кезеңнің бірі, өйткені субъектінің қоғамдағы заңды,
сауатты мінез-құлықты таңдауында маңызды орын алатын құқықтық ұстанымдары
қалыптасады.
Бүгінде педагогикада құқықтық білім беруге байланысты іргелі зерттеулер
көптеп кездеседі. Көптеген авторлар оқушыларға құқықтық тәрбие беруде
құқықтық білім беру мен тәрбиені біріктіре қарастырады. Құқықтық білім беру
жайындағы жалпы тәжірибе мен теорияны талдай келе, біз құқықтық білім
берудің өзіндік маңыздылығы мен құқықтық тәрбиені құруды бөліп көрсетеміз.
Оқушылардың құқықтық білімі – мемлекеттік білім беру стандартында
көрсетілген орта білім беру мен адами құндылық бағдарының қалыптасу
мақсатына бағытталған құқықтық тәрбиелеу мен оқыту, өмірлік іс-әрекет
саласындағы құқықтық негіздерін қарастыру, дағды тәжірибе, әрекет
тәсілдерін меңгерту.
Құқықтық тәрбие – оқушылардың құқықтық мақсатына бағытталған тұлғаға
әсер ету үдерісі және оқушылардың еркін дамуы мен әлеуметтенуіне қажетті
құнды бағыт пен сапа. Біз зерттеуімізде оқушылардың құқықтық білімін нақты
үдеріс және оның құрылымы тұрғысынан қарастырамыз. Бірінші жағдайда біз
оқушылардың құқықтық білімін өзіне 5 компонентті біріктіретін толыққанды
дидактикалық жүйе ретінде қарастыруды ұсынған авторлардың көзқарасына
сүйенеміз: құқық мұғалімі, оқушылар, оқу курстарының құқықтық мазмұны,
әдістер, оқу формасы, мақсаты мен нәтижесі .
Көрсетілген жүйенің бірінші құрылымды компоненті — құқық мұғалімі болып
табылады. Баланың тәрбиесі көбінесе, мұғалімнің құқықтық тәрбиелігі мен
педагогикалық шеберлігіне де тәуелді болып келеді. Оқушылардың құқықтық
тәрбиесінің маңызын құқықтық білімі терең, әрі оны жан-жақты меңгерген
педагог қана шеше алады. Мұғалім оқушылардан құқықтық шынайылықты, көмекті,
қамқорлықты, құқықтық сақтануды меңгерген тұлғаны көреді, ол әртүрлі
өмірлік жағдайларда шынайы ұстаз бола алады. Педагог пен оқушы арасындағы
әсер ету стилі маңызды орын алады. Ол оқушы мен мұғалімнің тең дәрежелі
әріптес ретінде танылатын әсерлесуінің демократиялық стилі болып табылады.
Олардың арасындағы айырмашылық оқушы құқықтық кеңістіктегі мәдениетті
үйренсе, ал педагог оны үлгілейді. Мұғалім оқушыны өз әрекеттеріне талдау
жасап, өз қателерін түсінуге, оны жөндеуге үйретеді.
Мұғалімнің құқықтық тәрбиелеуінің дұрыс іске асуы үшін мұғалім құқық
негізі бойынша жаңашыл оқыту технологиясын; оқушылардың дара психологиялық
және жас ерекшеліктеріне байланысты құқықтық түсініктерінің қалыптасуы мен
заңдылықтарын; нақты бағыт бойынша әсерлі формасын және бірігіп жұмыс істеу
әдістерін меңгеруі тиіс. Мұнда мұғалімнің сонымен қатар оқушылардың әр
түрлі іс-әрекеттерін ұйымдастырушылық әрекеті, басқа мұғалімдермен бірлесіп
әрекет етуі, жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруге байланысты өз
әрекеттерін реттей және бақылай алу қабілеттері маңызды орны алады. Бірақ
біз мектеп үшін мұны жеткіліксіз деп санаймыз. Мұндағы ең үлкен қиындық
құқықтық ақпараттың өзгермелігі және осымен байланысты мұғалімнен
ақпараттық мультимедиялық технологияларды белсенді қолдануын талап етуі.
Бұл дидактикалық жүйенің екінші компоненті — оқушылар болып табылады.
Оқушылардың құқықтық тәрбиесінің әсерлігі тұрғысынан оқу дағдылары мен
ептіліктерін, біліктілігін, материалмен жұмыс істеудегі белсенділік пен
дербестігін, ұжымдағы қызметтестік, тәрбиелік және ұйымдастырушылықты
қалыптастыруы қажет. Оқушылардың жасына байланысты психофизикалық
ерекшеліктерін, оның қызығушылығы мен қажеттілікке бағыттылығын, рухани
ақыл-ойының дамуын ескеруіміз керек.
Жеткіншектерге құқықтық тәрбие беру мәселесін зерттеуде нақты бағыт
алған қоғамда және білім беру жүйесінде болып жатқан үдерістер мен
өзгерістердің себептерін, факторын және шарттарын құра білумен байланысты
ықпал ету мүмкіндігі ашылады.
Зерттеу жұмысымыздың бағытына қарай ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге
талдау жасау нәтижесінде оқушылардың құқықтық сауаттылығын, құқықтық мінез-
құлқы мен тәртібін көрсете білуі мен оған құқықтық тәрбие беру кезіндегі
тиімді әдіс-тәсілдерді қамтитын шарттардың арасында обьективті өзара
тәуелділік анықталды.
Осыған орай зерттеу жұмысымызда жеткіншектерге (5-9 сынып) құқықтық
тәрбие берудің педагогикалық шарттары, олардың мазмұны, оның қарастырып
отырған мәселе үшін қаншалықты қажетті екендігі анықталады.
Сондықтан алдымен шарт дегеніміз не? екендігіне талдау жасасақ, ол
белгілі бір жағдайдың туындауы, тіршілік жасау, оқу, еңбек ету, өзгерістер
мен түрлендірулер үшін қажетті обьектілердің жиынтығы. Әрбір нысанның бір-
бірімен тікелей және жанама байланыстары бар, олар белгілі бір шамамен
сипатталатындықтан, жиынтық мөлшерде жеткілікті педагогикалық шарттарды
құрайды. Шарттар өз кезегінде тарихи уақыт ішінде дамытылады, жүйеленеді,
қалыптасады, педагогикада түсініктер мен бейнелер ретінде қоғамдық сана
тұрғысынан қарастырылады. Шарт — бұл белгілі бір обьектінің қызмет етуінің
негізі, оның обьективті және субьективті, қажетті және жеткілікті түрлері
болады.
Педагогикалық шарттар түсінігі оқу-тәрбие үдерісінің барлық
бағыттарының тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті обьективті және
субьективті факторлардың жиынтығы болып табылады. Олар оқыту мен тәрбиенің
мақсатын, міндеттері мен қағидаларын тануға байланысты, соған сәйкес
мазмұнын, ұйымдастыру формалары мен әдістерін анықтайды. Сонымен бірге
шарттар тарихи қалыптасып, педагогикада бейнелер мен түсініктер түрінде
қоғамдық сананың формасы ретінде қарастырылған.
Жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің педагогикалық шарттарын жасауда
төмендегілер ескерілуі қажет деп есептейміз:
1. Жеткіншектердің құқықтық нормаларды игеру үдерісінің басты мақсаты
мен міндеттерінің айқын болуы;
2. Құқықтық нормаларды оқушылардың іс-әрекеттері тәжірибелеріне
ендіріп, сана-сезіміне әсер ететін ұстанымға айналдыру;
3. Құқықтық заңдылықтарды өз өмірінде көргені, оқып білгендері, ата-
анасының өмірлерінен түсініп, нәтижесінде мінез-құлықтары мен
тіршіліктеріне тікелей ықпалдарын түсіну деңгейіне жеткізу.
Демек, жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
дегеніміз – құқық туралы білімді халық тағылымдары материалдары негізінде
дамытудың қызметтік-мазмұндық сипаттамасы, оқушының құқық, құқықтық жүйе,
оларды сақтау және сыйлау туралы білімін дамытудың және тәрбиелеудің
құрылымдық-мазмұндық моделінің және жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің
жүйесі әдістемесінің жасалуы.
Осыған орай біз зерттеу жұмысымыздың барысында үш педагогикалық
шарттарды (педагогикалық-ұйымдастырушылық, психологиялық-педагогикалық,
әдістемелік ) анықтап алдық.
Педагогикалық-ұйымдастырушылық шарт мұғалім жеткіншектерге құқықтық
тәрбие беру барысында оқу-тәрбие үдерісінде жағымды орта жасауды; құқықтық
білімдер жүйесін (құқықтық тәрбие туралы мемлекеттік нормативті құжаттар
оқып үйрену, гуманитарлық қоғамдық пәндер жүйесінде) меңгертуді; соның
негізінде жеткіншектердің құқықтық санасын қалыптастыру үдерісін
қарастырады.
Психологиялық-педагогикалық шарты меңгерген білімдер негізінде
жеткіншектердің мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстарын … жалғасы