Таза, мінсіз асыл сөз, Шыншыл ертегілер «Аяз би» ертегісі

1
Сабақтың тақырыбы: 1 – бөлім. Таза, мінсіз асыл сөз
Шыншыл ертегілер «Аяз би» ертегісі
Қазақ әдебиеті 5 сынып
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
Жалпы мақсат: 5. 1. 3. 1 көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс – әрекеті арқылы образын ашу.
Сабақтың мақсаты: Көркем шығармадағы кейіпкерлерді біледі.
Көркем шығармадағы кейіпкерлерді біледі және кейіпкерлер портретіне талдай алады.
Көркем шығармадағы кейіпкерлерді біледі және кейіпкерлер портреті мен іс – әрекеті арқылы образын ашады.
Бағалау критерийі
1. көркем шығармадағы кейіпкерлерді біледі.
2. көркем шығармадағы кейіпкерлерді біледі және кейіпкерлер портретіне талдай алады.
3. көркем шығармадағы кейіпкерлерді біледі және кейіпкерлер портреті мен іс – әрекеті арқылы образын ашады.
Тілдік мақсат: Оқушылар:
Көркем шығарма кейіпкерлерін білу.
Көркем шығарма кейіпкерлерін білу және кейіпкерлер портретіне талдай алу.
Көркем шығармадағы кейіпкерлерін білу және кейіпкерлер портреті мен іс – әрекеті арқылы образын ашу.
Негізгі сөздер мен сөз тіркестері: Ертегілер елі, хайуанаттар елі, ғажайыптар елі, шыншылдық елі.
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін қолданылатын тілдік бірліктер: Ертегі. Шыншыл ертегі. «Аяз би» ертегісі
Талқылауға арналған тілдік тармақтар: портрет, образ, ертегілер туралы, ертегі кейіпкерлері туралы, ертегі кейіпкерлерінің портреті.
Пәнаралық байланыс: Ортақ тақырыптарға негізделген пәндер
Құндылықтарды дарыту:
Рухани жаңғыру. Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы, бәсекелестік қабілеттерді дамыту.
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған
жаттығулармен қатар, ескертпелер жазыңыз). Ресурстар
Басталуы I. Ынтымақтастық атмосферасын құру кезеңі: 2 минут.
Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылар орындарынан тұрып қолдарын көтеріп күн сәулесін жасайды және мұғалімді қайталайды. Күн көзіндей күлімде, ертегілер елінде деп айту қызу арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырамын.
Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары»
Бірнеше ертегі кейіпкерлерінің суретін топ құрамындағы оқушылар саны бойынша алтыға бөліп, оларды араластырып, оқушыларға таратып беремін. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді. Осылайша сыныптан төрт топ жасақталып шығады.
1 – топ. Тұрмыс салт елі
2 – топ. Хайуанаттар елі
3 – топ. Шыншылдық елі
4 – топ. Қиял – ғажайып еліКритериалды бағалау парақшасы
Топ басшылары оқушыларды кезең – кезеңмен дискрипторлар арқылы бағалап отырады. Әрбір кезеңнің дұрыс жауап берсе, 2 ұпай алады. Барлығы 8 ұпай. 6 – 8 ұпай өте жақсы, 3 – 5 ұпай жақсы, 0 – 2 қанағат.
Дискриптор:
1. Ертегілер туралы білді.
2. Сұрақтарға жауап берді.
3. Топтық жұмыс жасады.
4. Ертегі кейіпкерлер портретіне талдай алды.

II. Білу кезеңі: «Блум түймедағы» әдісі 6 минут.
«Галерея» әдісі арқылы зымыран сұрақ қою. «Зымыран сұрақ» әдісі
Білу деңгейінде алдын ала оқушыларға үй жұмысына ертегі туралы сұрақ дайындап келуге берілген. Бір – біріне сұрақ қойып, жауап алу арқылы үй тапсырмасын пысықтау.
1. Ертегілер қай кезде пайда болған?
2. Ертегі дегеніміз не?
3. Ертегілер мазмұнына тақырыбына қарай нешеге бөлінеді?
4. Ертегілерден нені танып білеміз?
5. Қиял – ғажайып ертегілерінде не туралы баяндалады?
6. Хайуанаттар туралы ертегілердің кейіпкерлерін білесіңдер ме?
7. Тұрмыс – салт ертегілерінде не суреттеледі?
8. Ертегілердің құрылысы туралы не білесіңдер?
9. Ертегі айтушы адамды кім деп атаған?
10. Шыншыл ертегіледің кейіпкерлері кім?
11. Шыншыл ертегіледе қандай мәселе сөз болады?
12. Шыншыл ертегілерге қандай ертегілер жатады?
Бір – біріне қошемет көрсету арқылы бағаланады. Жеке, топтық бағалау.
Топ басшысы топ мүшелерінің жұмыстарына қарай критериалды бағалауды жүзеге асырып отырады.
Сабақтың тақырыбын болжату.
Мұғалім: «Ой қозғау» әдісі Балалар ертегі туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Бір оқушы бүгінгі сабақтың тақырыбына байланысты тақпақ айтады. Оқушылар тақпақтағы негізгі сөз тіркестерін тауып, сабақтың тақырыбын ашады.
Ерте тұрып елеңдеп,
Ертегімен ер жетіп,
Ертегілер елінен асып,
Шыншылдыққа келдік – біз.
Негізгі сөз тіркестері: Ертегілер елі, хайуанаттар елі, ғажайыптар елі, шыншылдық елі.
Тақтадан семантикалық картаны тақтадан көрсетемін және таратып беремін оқушылар сәйкестендіреді. «Ойлан, тап»әдісі. Жеке жұмыс
Сәйкестендіру картасы
№ Ертегі атаулары Ертегі түрлері
1 «Бай баласы мен жарлы баласы» Шыншыл ертегі
2 «ЕрТөстік» ертегісі Қиял – ғажайып ертегі
3 «Таза бұлақ» Шыншыл ертегі
4 «Түлкі мен тырна» ертегісі Жан – жануарлар туралы ертегі
5 «Аяз би» Шыншыл ертегі
6 «Қаңбақ шал» ертегісі Қиял – ғажайып ертегі
7 «Үйшік» ертегісі Жан – жануарлар туралы ертегі
8 «Тазша бала» Қиял – ғажайып ертегі

Ортасы III. Түсіну кезеңі: 5 минут. топтарға сұрақ.
1. Шыншыл ертегі дегеніміз не?
2. Неліктен «Шыншылдық ертегі» ауыз әдебиетінің ең көне жанырына жатады?
3. Шыншылдық ертегінің қызығушылық тудыру себебі?
4. Не үшін «Аяз би» ертегісі шыншылдық ертегі деп аталады?
Топтық жұмыс

IV. Қолдану кезеңі: 17 минут.
«Қолдану»
(Оқулықта берілген жаттығу бойынша жұмыс жасау)
Топтарға тапсырма
1 – топ. Шыншыл ертегілерді топтастыру
2 – топ.«Аяз би» ертегісін мазмұнына талдау.
Ертегінің басталуы:
Байланысуы:
Дамуы:
Шиеленісуі:
Шарықтау шегі:
Шешімі:
3 – топ.«Аяз би» ертегісі кейіпкерлеріне талдау.
Оқушылар «Аяз би» ертегісінің кейіпкерлеріне кластер жасайды.
4 – топ. «Аяз би» ертегісіндегі жаман мен ханның портретіне талдау жасайды.
Кейіпкерлерін талдау
«Аяз би» ертегісі
Хан Жаман
1 – топ. Ертегілер елі
2 – топ. Хайуанаттар елі
3 – топ. Шыншылдық елі
4 – топ. Қиял – ғажайып елі

VI. Бағалау кезеңі: Саралау тапсырмалары. 5 минут. Тақтада сынып оқушыларына арналған тапсырма көрсетіледі. Оқушылар қалаған тапсырмасына жауап береді. «Жүз – ден жүйрік» әдісі
1. Салыстырыңыз.
Шығармадағы жағымды, жағымсыз кейіпкерлер туралы айтыңыз
2. Жариялаңыз.
Шығарманың идеясын ашыңыз
3. Қолданыңыз.
Шығарманың эпикалық әдеби жанр түрін табыңыз
Аяқталуы.

V. Сабақты бекіту. 3 минут.
Оқушылармен кері байланыс жасау мақсатында төмендегі сұрақтар ұсынылады:
1. Бүгінгі сабақ ұнады ма?
2. Сабақта қандай қиыншылықтар кездесті?
3. Қиыншылықты кімнің көмегімен жеңдің?
4. Қай топтың жауабы сәтті шықты?
5. Бүгінгі ең үздік топ басшысы деп кімді атар едің?

VI. Сабақты бағалау. 1минут. Сабаққа ынталы қатысып отырғандарына қарай оқыту үшін, оқуы үшін бағалаймын. Оқшылар бірін – бірі бағалайды. Өзара бағалайды. Топтарды бағалайды. Сыныпты бағалайды. Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.
Түсінбедім Сұрағым бар? Түсіндім
VII. Үйге тапсырма беру. 1минут.«Айлалы тазша» ертегісін оқу.

Мектеп: №46 мектеп – лицей
Мұғалім: Халбаева Дариха Мусалиевна