Жас мұғалімдер | Скачать Материал

0

Ж О С П А Р

Кіріспе 3

І. Қазіргі кезде жас мұғалімдерге қойылатын талаптар
1.1.Атақты ғалымдар, ағартушылар, педагогтар ой-пікірлерінің
жас мұғалімдердің тәжірибесіндегі маңыздылығы
6
1.2. Жас мұғалімдерге қойылатын талаптар 16

ІІ. Жас мұғалімдердің мектепте іскерлік пен дағдыларын
қалыптастыру жолдары
2.1. Жас мұғалімдердің өзін-өзі жетілдіруі
23
2.2. Жас мұғалімнің өз іскерлік қасиеттерін көтерудегі
инновациялық бағыт
31

ІІІ. Озық педагогикалық тәжірибе және педагогика ғылымы
жетістіктерін жас мұғалімнің өз практикасына енгізуі
3.1. Жас мұғалімнің іскерлік пен дағдысын қалыптастыру
ерекшеліктері
45
3.2. Жас мұғалімдердің озық ұстаздардың тәжірибесінен өнеге
алуы
51

ІV. Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің
нәтижелері
54

Қорытынды
66

Қолданылған әдебиет тізімі
70

Қосымшалар 72

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,
өйткені мұғалім – мектептің жүрегі

Ы.Алтынсарин

Кіріспе

Мұғалім – ұлы есім. Оны қадірлемейтін, қастерлемейтін адам өмірде жоқ
та шығар. Қандай дана адамның өзі, ең алдымен мұғалімнің ұлағатты сөздерін
естіп өскені айдан анық.
Мұғалім – елдің болашағын көркейтіп, рухын биікке көтеретін, жас
ұрпақты тәрбиелейтін жуапкершілігі мол киелі мамандық. Ондай мамандық иесі
әрқашанда өресі биік болып, сөйлеген сөзінен, ойлар ойынан ілтипаттылығы
мен парасаттылығы, біліктілікке ұштасқан ізденімпаз, елжанды, адамгершілігі
жоғары жайсаң адам болуы керек.
Оқу жұмысын ұйымдастырудың көптеген формалары бар. Сабақ – солардың
негізгісі. Сабақ – оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесінің құрамдас бөлігі.
Осы сабақтарда мұғалім өзінің жеке қасиеттерін, этикалық, іскерлік,
интеллектуалдық қасиеттерін, дағдыларын көрсетіп оқушыны жеке тұлға ретінде
қалыптастыруға өз үлесін қосады. Бұл қасиеттер мұғалімге өмірлік және еңбек
тәжірибесі арқылы келеді. Ал жас мұғалімдер бұл қасиеттер мен дағдыларға ие
болу үшін көп жұмыс істеу қажет.
Әрбір мұғалімнің мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру,
оқушылардың пәнге қызығуын арттыру, ізденуін, таным деңгейін көтеру.
Сондықтан педагогикалық ғылым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму
деңгейінде белгілі болған, әдіс-тәсілдің бәрін еркін игеріп, оны нақтылы
жағдайға байланысты тиімділігін пайдалану әрі шығармашылықпен қолдану –
әрбір мұғалім шеберлігінің айнасы. Мұғалім сабақты тартымды, қызықты етіп
өткізу үшін талантты, теориялық білімін практикамен ұштастыра алатын,
этикалық дағдылар мен іскерлік қасиеттерге ие болып оларды қолдана білуі
тиіс.
Мұғалім – ол қашан да ұлы еңбеккер. Қазір бұл мамандықты өз жан-
дүниесінің қалауымен таңдайтындар өте аз. Таңдаған күнде де, оның
қиындығына шыдамай кетіп қалатындар көптен көп.
Адамның мәні барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығында жатыр. Адам
болу дегеніміз өмірді тұтыну ған емес, оны жасау, басқалар үшін жасау деген
сөз. Оған дайындайтын мектеп. Ал мектептің жүрегі – мұ,ғалім. Жүрек арқылы
адамның қан тамырлары тіршілік бітіріп тұратын болса, ал мұғалімсіз
ешқандай оқулық, кітап, методикалық құралдаға жан бітпей, яғни олар
мұғалімсіз жансыз дүние болып қала береді. Сондықтан өмірде ұстаздың алатын
орны бөлек.
Өмір мәнді, сәнді, еліміз даңқты, халқымыз сауатты болу үшін жақсы
ұстаз керек. Бұл ұғымға келесі қасиеттерді сыйғызамыз:
Біріншіден, өз міндетін кәсібіне сай атқару;
Екіншіден, оқушыларға педагогтық ықпал жасаудың нәтижесінде қол
жеткізетін жеке адамның қалыптасуы, даму және тәрбиелік дәрежесі сапалық
көрсеткіште болу.
Ұстаз бүгіннен гөрі болашақты көбірек ойлау керек. Өмір – күрес, жеңе
білсек – ұтамыз. Біз қазір сауатты елдің қатарындамыз. Бұған оңайлықпен
жеткен жоқпыз. Біздің алдыңғы толқын, аға-апаларымыз осы күнге толарсақтан
сөз кешіп жеткізді. Оған қуана отырып, әрі жалғастыра беру біздің
міндетіміз. Бала – біздің болашағымыз. Олардың білімді, тәрбиелі, алғыр,
дарынды болып өсуі ата-анамен ұстаздарға байланысты. В.Г.Белинский бекер
айтпаған: Жас бала дегеніміз – ұрығын жарып жаңа көктеп келе жатқан жас
шыбық, ал ұстаз болса – жаңадан қылтиып өсіп келе жатқан нәзік өсімдік
күтуші бағбан. Ұстаз оқушыларды тәрбиелеу үшін оларды сүюден емес, Отанды
сүюден бастау керек.
Ұстаз – өз халқының болашағының жауапты өкілі, адал күрескері.
Отанның болашағын ойлап көркейтуге қамқорлық жасаса, сонда ғана ол ұстаз
деген атқа сай деп ойлаймын.
Зерттеудің көкейкестілігі қазіргі заманның жас мұғалімдерге қоятын
талаптарынан білінеді. Жас мұғалімдердің іскерлік пен дағдысына, шеберлігі
мен шығармашылығына, этикасына, өз мамандығы бойынша білімге жетік ие
болуына деген талап күннен күнге өсіп, көкейкесті мәселелердің бір болып
отыр. Зерттеліп жатқан мәселе осының дәлелі.
“Жас мұғалімдердің іскерлік пен дағдысын қалыптастыру жолдары” атты
тақырыпты таңдауы себебім – өзім болашақ жас маман болатындықтан осы
жұмысты зерттеу кезінде өзіме қажетті білім алу мүмкіндігінің болуы.
Жұмыстың зерттеу тақырыбы – жас мұғалімдердің өзінің іскерлігін
дамыту, кәсіби дағдыларын қалыптастыру, білімін жетілдіру.
Жұмыстың зерттеу объектісі – жас мұғалімдер, атап айтқанда Көкшетау
қаласындағы № 18 орта мектебінің жас мұғалімдері.
Зерттеу пәні ретінде жас мұғалімдердің жалпы ұжымдағы қарым-
қатынастары, өз іскерлігі мен кәсіби дағдыларын жетілдіру бойынша
жұмыстары, сол мақсаттағы жұмыстары қарастырылған.
Зерттеу проблемасына жас мұғалімдердің жаңа ұжымда бейімделу
қиындықтары, өз біліктілігін көтеру жолдарында туындайын мәселелері жатады.

Зерттеу мақсаты – жас мұғалімдердің іскерлігін және дағдыларын
қалыптастыру жолдарын жан-жақты талдау, осы қасиеттерін дамыту үшін
ұсыныстар жасау.
Жұмыстың мақсатына жету үшін келесі зерттеу міндеттері қойылған:
1) жас мұғалімдердің ерекшеліктерін бақылау;
2) жас мұғалімдердің өз іскерлігін және дағдыларын қалыптастырудағы
ынтасын, жігерін және ниетін анықтау;
3) жас мұғалімдердің өз іскерлігі мен кәсіби дағдыларын, біліктілігі
мен этикасын жетілдіру бойынша жүргізген жұмыстарының нәтижесін
зерттеу.
Зерттеу көздері – теориялық әдебиет, жас мұғалімдер ұжымының көз-
қарастары, пікірлері.
Зерттеу әдістері – тесттер, сауалнамалар, жаттығулар, бейімделу
ойындары.
Зерттеу кезеңдері – 2005 жылдың 28 қарашасынан бастап 2006 жылдың 10
мамырына дейін.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні – жас мұғалімдердің
іскерлігін дамыту және дағдыларын қалыптастыру тақырыбы осы уақытқа дейін
толық зерттелмеген, сондықтан теориялық әдебиеттерді зерттеп өз
тұжырымдарымды келтірдім.
Зерттеудің тәжірибелік мәні – жас мұғалімдердің іскерлігін және
дағдыларын қалыптастыру бойынша келтірілген ұсыныстарды тәжірибеде
қолдануға болады.
Зерттеу болжамы – жас мұғалімдердің көбінің қазіргі заман білікті
мамандарды талап ететіне көздері жетіп, өз іскерлігі, қалыптасқан дағдылары
арқылы дәрежесі көтеріліп, жұмысында сыйлы болып, оқушыларына жақсы білім
беруіне ынтасы бар деп ойлаймын.

І. Қазіргі кезде жас мұғалімдерге қойылатын талаптар

1.1. Атақты ғалымдар, ағартушылар, педагогтар ой-пікірлерінің жас
мұғалімдердің тәжірибесіндегі маңыздылығы
Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері
Әбу Насыр Мухаммед ибн Узлағ Тархан әл-Фараби (870-950жж.)
Әл-Фараби жас ұрпаққа және жеке адамдарға тәлім-тәрбие беріп, еңбекке
үйретіп, еңбек тәрбиесін беретін, ұстаздық жасайтын адамдарды өте жоғары
бағалаған. Оның ойынша тәрбиеші адам қазіргі мұғалім – «мәңгі нұрдың
қызметшісі». Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр
құятын тынымсыз лаулаған оттың көзі» – деген Фараби. Орта Азия ғұламасы
Фарабидің шәкірті, оның ілімін әрі қарай жаяғастырушы Ибн Сина: «Фарабидің
тәрбие тағылымдарының ең маңыздысы әрбір жеке адамды еңбекке тәрбиелеу
болды. Өйткені, еңбек сүйгіштік, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы
болуға тәрбиелеу. Ол кімде-кім өзінің тіршілігі үшін, өзіне пайда
келтіретін еңбекпенен айналысқанда ғана, нағыз ел адамы бола алады – деген
өмірлік өсиет қаддырып кетгі», – деп көрсетгі
Еңбек пен еңбек тәрбиесінің ғылыми негізін қолдауда XII ғасырда
жазылған «Фарабидің энциклопедиясы» атты еңбектің маңызы ерекше. Әсіресе,
мұның трактат ретінде ғылым тарихында алатын орны ерекше. Бұл трактат
«Ғылымдар Энциклопедиясы, Ғылымдар реті, Ғылымдар классификациясы т.б.
аттармен Шығыс және Батыс елдерінде өте ертеден-ақ мәлім болған. Бұдан
көп ғұламалар тәлім алған.
Еуропа ғалымдары да бұл еңбекпен өте ертеден таныс. Фарабидің
Энциклопедиясы сол кездің өзінде (ХІІ ғасырда) арабшадан латын тіліне
екі рет аударылған. Осыдан кейінгі ғасырларда бұл еңбек толық емес үзінді
бірнеше тілдерге аударылған.
Әл-Фарабидің еңбектерін, оның қоғамды дамытудағы ой-пікірлерін,
тәрбие тағылымдарын Ибн-Сина Авицена, Әл-Бируни, Омар һайям сияқты шығыс
ғұламаларымен қатар Роджер Бекон, Леонардо да Винчи тәрізді Еуропа
ғалымдары да көп пайдаланған. Фараби бәірнеше ғалымдар бойынша шығармалар
жазған. «Ал химия өмірінің қажеттігі туралы» атты трактатында өз тұсыңдағы
қабыршағынан ғылыми дәнін белін алып, оны белгілі бір зерттеу пәні бар
жаратылыс тану ғылымының бір саласы ретінде қарастырады.
Әл-Фарабидің ғылыми-философиялық еңбектері оқу-тәрбие мәселелеріне
арналған. Оның пікірінше оқу, білім алу, ғылыми адам болу адамгершілік және
еңбек тәрбиесі мәселелерімен тығыз байланысты. Ол білім алу, оқу еңбегін
пайдалы еңбекке жатқызады.
Қоғам туралы ілімді, этика мен эстетиканы, этнопедагогаканы дамытты.
Аристотельдің еңбектеріне сүйене отырып, ол антика заманының теориялық озат
ой-пікірлерін сыннан өткізіп барып, оның қажеттісін ала білді, өз заманының
ілімін белгілі бір жүйеге салды. Аристотельдің еңбектеріне сүйене отырып,
ол антика заманының теориялық озат ой-пікірлерін мсыннан өткізіп барып,
оның қажеттісін ала білді, өз заманының ілімін белгілі бір жүйеге салды.
Фараби еңбектерінің, оның өз дәуірі үшін шығармашылық мұраларын
зерттеп, кейінгі ұрпаққа қалдырған оқу-ағарту, білім беру ілімінің
тәрбиелік мазмүны мен мәнінің еңбек пен еңбек тәрбиесі туралы тағылымның
тәжірибелік маңызы мынадай болды:
Еңбек әрбір қоғамдық құбылыс ретінде өзгеріп отырады, еңбек – еңбек
тәрбиесінің мазмұны мен мәнін өзгертеді.
Әл-Фараби ілімі тәрбиенің әрбір қоғам кезіндегі феодализм, капитализм,
социализм әлеуметтік мәнін ашты. Фараби ілімі тәрбие – еңбек,
адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесінің теориялық негізін қалыптастырды.
Ғылымдар тізбегін жасау, оны әрбір топқа бөлу арқылы – болашақ
жасөспірімдерді жан-жақты жетілдірудің қажеттілігін ғылыми тұрғыдан
дәлелдеді, ғылымның еңбек пен еңбек тәрбиесіндегі негізін және оның
теориясын жасады.
Еңбектің, еңбек тәрбиесінің ғылыми негізін сала отырып, оны практикада,
өмірде қолданудың тәжірибесін көрсетті.
Әл-Фараби ілімі шығыс халықтарының педагогикалық ой-пікірінің дамуында
революцтялық-төңкеріс болып есептеледі. Демек, ол шығыс халықтарының салт-
санасының, әдет-ғұрпының ағартушылық, тәлім-тәрбиелік ой-пікірінің,
ғұламалық тағылымының дамуында жаңа кезең ашқан-халықтық педагогиканың
негізін қалады.
Махмуд Қашқари (1030-1090) арабша жоғарғы білім алған өз заманының
аса көрнекті ғалымы болған. Араб философиясын жетік білген және өз білімін
туған халқының тілі мен әдебиеті, тарихы мен этнографиясы, географиясы
жайында зертеулер жүргізуге жұмсаған.
М. Қашқари еңбегінде Қараханидтер мемлекетінің құрамына енген түрік
тайпалары атап-атап көрсетіліп отырады. Қашқари түрік нәсіліне жиырма түрлі
тайпа жатады деп көрсетеді. Осы тайпалардың әрқайсысы бірнеше рулардан
тұратыны айтылады. «Бірақ ол рулардың бастыларын атадым да, майдаларын
тізіп қатпадым» деп көрсетеді.
Махмұд Қашқари және оның еңбегі «Диуани лұғат-ат-түрк» жайыңдағы
қысқаша мәлімет осындай. Мақалада оның еңбегінің басты-басты мәселелері
ғана атап көрсетілді. «Диуани лұғат-ат-түрк» әлі жете зерттелген емес.
Соның өзінде бұл еңбектің тілін бір ғана халық тіліне телуге болмайды. Онда
осы күнгі Орта Азия мен Қазақстан, Еділ-Орал бойлары, тіпті солтүстік
Кавказ жерін мекендейтін барлық түркі халықтары тілдерінің элементтері бар.
«Диуани лұғат-ат-түрк» кітабы тілінің сөздік қорыңда болса да,
грамматикалық құрылысында болса да қазіргі қазақ тілі материалдарымен сай
түсіп, кейбір фонетикалық, грамматикалық өзгерістеріне қарамай, мәндес
болып отыратын фактілерді жиі кездестіруге болады. Мұның өзі Қашқари
еңбегін қазақ тіліне жақындығы түрғысынан зерттеу жұмыстарын жүргізудің аса
қажет Махмүд Қашқари өз заманының аса білімдар перзенті болған. Оның ғылыми
мұрасы – «Диуани лұғат-ат-түрк» – соның айқын куәсі.
Көне дәуірдегі түркі халықтары мәдениетінің тербеліп өскен бесігі Шу
мен Іле өзені аралығында ұлан байтақ өлкеден ХІ ғасырда оты әлемге әйгілі
ақын, философ, қоғам қайраткері Жүсіп Хасхаджиб Баласағұн музыкант
отбасында дүниеге келген. Ақын дастанын жасы елуге келгенде он сегіз ай
ішінде жазып бітіргенін айтады. «Құтты білік» дастаны («Бақытқа жеткізуші
білік») түркі тілді туысқан халықтардың бізге әдеби ескерткіші. XI ғасырға
дейінгі жазба әдеби тілдің даму жолдарын білдіре алатын асыл мұраларының
бірі.
Құтты білік -ХІ ғасырда дейінгі түркі тілді халықтардың қоғамдық ой
санасында орын алған рухани құбылыстарды тұтас қамтыған энциклопедиялық
қуатқа ие көркем туынды.
Баласағұнның адамның дамуы, жеке адам басының жетілуі, өсуі тікелей
тәрбиенің жетістігі, ол адам табиғатына байланысты бола отырып, оның тарихи
дамуының үстінде үнемі өзгеріске ұшырайтынын анықтады. Бұл пікір ХІХ
ғасырдың 40 жылдарынан басталған және 60 жылдар үстіңде дами түскен Еуропа
педагогтары мен сол жылдардағы прогресшіл-орыс педагогтарының пікірімен
үндес келеді.
Баласағұн рубайларының тәрбиелік тағылымы негізінен үш сатыға
бөлінеді. Бірінші – әрбір жеке адамның білімді болуы. Білімді болу үшін оқу
қажет. Екінші – барлық байлық, молшылық – ол үшін еңбек, кәсіп, адалдық,
тазалық, қажет. Үшінші – әлеуметтік, табиғи күштілік – ол үшін бірлік,
достық бостандық керек. «Құтты білік» дастанында үйленудің, ұл-қыз өсірудің
қиыншылығы көркем суреттелген. Автордың ойынша егер ұл-қызың жаман болса
төрдегі басыңды көрге сүйрейді. Ал, өзіне ұқсап туған жетелі бала сенің
түріңді, бет-бейнеңді жоғалтпаумен қатар, туған тіліңді де болашаққа
жоғалтпай апарады:
Егер, ұл-қыз жақсы болса, зерделі,
Айтқаныңнан айнымай дәл келгені.
Егер жаман болса, сені ұлытар,
Өзің өлсең – тәрк етер де ұмытар.
(3377, 3378 – бәйіттері) Қараханидтер дәуірінде отанды қорғау, елді
басқару, жұмыстың ең ауырын атқару, отбасын асырау, балашаға мен ата-анаға
қамқорлық жасау, т.б. негізгі жұмыстар ерлердің еншісінде болған. Сондықтан
білімді де білікті, ізетті де жүректі ұл өсіру әкенің назарынан тыс
қалмаған. Жүсіп Баласағұн дастанында әке тәрбиесіне аса көңіл бөлген. Ақын
ұл бала үшін әке тәрбиесінің орнын ешкім толтыра алмайтындығын айтады. Әке
әрқашанда балаға бағыт-бағдар, үлгі-өнеге болып, ұлға, ерлерге тән мінез-
құлық қалыптастырады. Ж.Баласағұнның ой-тұжырымдары бүгінгі педагогика
ғылымының негізгі шарттарына сәйкес келіп жатыр.
Ақынның ойынша жақсы әке болу қиынның қиыны. Әке неғұрлым күшті,
батыл, кішіпейіл, жұбайына адал, балаларына мейірімді болса, соғұрлым үй
ішінде, ауыл-аймағында беделді болады.
Егер ана табиғи ерекшеліктеріне байланысты үйдегі тәрбие жұмысында
көбінесе сезімге, эмоцияға жүгінсе, ер кісі бала тәрбиесін ақылға салып,
салқынқандылық танытып, сезімге бой алдырмай өмірімен байланыстыра
жүргізеді. Әкелік сезімнің ең негізгісі – жауапкершілік сезімі. Осы сезімді
болашақ үй иесі болатын ұл балада қалыптастырудың мәні үлкен. Сонымен қатар
ұл баланы ағайын-туыстарға, ата-анаға, іні-қарындастарға қолқабыс жасауға
үйретіп, оның бойына ерлік, батылдық, тәуекелшілдік сияқты ер адамға тән
қасиеттерді сіңіру керек.
Жүсіп Баласағұн жетесіз ұлдан жетелі құл артық, пайдасыз ұл жаудан
жаман дей келіп, ата-аналарға мынадай кеңес береді:
«Ұл-қызына үйрет білген білімді
Қолыңа ұстат кеудеңдегі күніңді.
Сонда ұл-қызың адамдықтан таймайды
Көңілі – таза, көзі шоқтай жайнайды».
Сонымен қатар тәрбиенің күшіне шүбәсіз сенген ақын:
«Балам білім жолын қусын десеңіз,
Бесігінде ақ ілім шоғын көсеңіз…
Білім үйрет сәбиіңе сарыла,
Уыздай ұйып, сүттей сіңір қанына!
Сәбиінде көкірекке түйгені
Өлгенінше санасында жүреді!».
деп педагогикалық ой түйеді. Оқу-тәрбие ісінде балғын жастық
табиғатын түсінуге жетелейді. Баланың ақыл-есінің, мінез-құлқының
ерекшеліктерін еске алмайтын, олардың бәрін бір қалыпқа сыйғызу
тәжірибесінен аулақ болуға шақырады. Ұлы ойшылдың салиқалы педагогикалық
пайымдаулары ұрпақ тәрбиелеуде әркез есте ұстайтын тағылымдар екендігі
сөзсіз.
Ибн Сина – ұлы гуманист. Ол еңбекке, сңбек етуге, еңбек тәрбиесіне
гуманистік, қоғамдық тұрғыда қарайды. Ол өзінің практикалық ісіне ақылдылык
пен ұстаздық тұрғысынан қарап, сол тұрғыда еңбек туралы былай деп тұжырым
жасайды: «Егер қоғамдағы жұмысқа жарамды барлық адам түгелімен пайдалы
еңбек етсе, онда тіпті жұмысқа жарамсыз адамдарды түгелдей асырап бағуға,
болады. Ол тек еңбектің тазалығы мен халықтығын талап етеді» – деген. Мұны
өзінің рубайларында атап көрсетіп кеткен. Ол өзі өмір сүрген кезең үшін –
қоғамдық пайдалы еңбек пен еңбек адамдарының өзара қайырымдылығы мен
мейірімділігін ұдайы ұштастырып отыратын еңбектің тәсілі мен бөлінісі
болуын уағыздады. Ол туралы еңбек заңын жасауды қажет деп санады. Осының
барлығы дұрыс ұйымдастырылған және әділетті құрылған қоғамда мемлекетте
пайдалы еңбекпен шүғылданбаған немесе өзінің орнын таппаған бірде-бір адам
болмауға тиіс. Ол қоғамның барлық мүшесінің белгілі бір кәсіппен
шұғылдануын талап еткен. Осы ретте ол қоғамдық және ортақ пайдалы қоғам
үшін де жеке адам үшін де пайдалы деген
Ибн-Синаның мемлекетке, «жалпы» адамзатқа «арналған», жеке адамдар
санасын, білімін, оқып үйрену, тәрбие алу үшін арнаулы қаржы қор бөлуге
тиіс деген тұжырым жасаған. Бұл қаржы халық арасынан жиналатын алым-
салықтан, мемлекеттік меншіктерден, орта ғасырлық дәуірге дейін үлкен ұстаз
екенін көрсете білді. «Ортада» жиналған қаржылар жұмысқа жарамайтын
мүгедектерге, қарттарға, ауруларға жәрдем ретінде берілсе, ел қорғаушы,
тәртіп сақтаушы, жауынгерлерге жастарды «тәрбиелеуші» ұстаздарға, үйретуші
адамдарға жалақы ретінде төленуі тиіс – деген Ибн Синаның бұл ойы, оның
үлкен экономист екенін дәлелдейді. Адамдардың денсаулығы – айнала ортаға,
экологияға байланысты да оның айтқандарының зор тарихи маңызы бойына
адамгершілік, еңбек, тәрбиелік қасиеттері оны ұлағатты ғалым, ұстаз-
тәрбиеші қатарына қосады. Дәлірек, айтсақ, мемлекетгік қор «Жалпы халық
игілігіне айналсын, соларға жұмсалсын – деген пікір мемлекеттік, жалпы
халыққа бірдей білім берілсін, бірдей тең оқысын деген пікірлермен
ұштасады. Бұл да оның ағартушылық көзқарасын дәлелдейді.
Ибн-Сина бір адамның бойынан осыншама қасиеттің табылуын еңбек, оқу,
тәрбиедең іздейді. Нақыл, ұстаздық, ұлғаттық өсиеттері осы жоғарыдағы
даналықтан туындатады.
Низами Гәнжауи тағылымы – тәрбие тәлімі. Азербайжан ақыны әрі ойшылы
Низами Гөнжауи 1141 жылдар шамасында туған. Еңбектерін парсы тілінде
жазған. Өз заманы үшін едәуір білім алды. Жас кезінде лирикалық өлендер
жазып көрді.
Низамидың тәрбие тағылымдарында – халықтық тәрбиенің әсерлі құралы
ретінде халықтың ауыз әдебиеті мен өз халқының тарихына, жазба әдебиеті мен
ана тілі негізгі оқу пәні болуға тиіс деді. Ол өз шығармаларында, поэма мен
дастарында – тәрбиенің негізі жалпы адамгершілік деп есептеді. Адамгершілік
– ақыл мен еңбектің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің жемісі мен нәтижесі деп
уағыздады.
Белгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен Орта Азияға тарихы
жөніндегі аса құнды түпнұсқа болып саналатын – Тарихи Рашидидің,
Джаханнама дастандарының авторы.
Мұхаммед Хайдар «Тарихи Рашидиде» еңбек пен еңбек тәрбиесін жеке
адамды қалыптастырумен ұштастыра қарастырды ол өзінің дәлелдеулерінде –
жеке адамды қалыптастыру еңбек пен еңбек тәрбиесінің нәтижесі дей келіп,
«Жеке адам болу дегеніміз – өзін азаматтың адамы ретіңде сезіну, сан
ғасырлар бойы халық тәжірибесі туғызған рухани мәдениеттің мәңгілік
игіліктерін бойына дарытып, осы игіліктерді еңбекке, әлеуметтік мәнді
қызметке, қоғамдық өмірге, адамдар қатынасына, күнделікті тұрмысқа енгізу –
дейді. Хайдар – тәрбие адамды ақылдылыққа, адамгершілікке үйретеді,
адамгершілік пен ақыл-ой тәрбиесінің алғашқы ұғымдарын енгізді.
Әлішер Науаи – өзбек халқының ұлы ақыны, ойшылы, мемлекет қайраткері.
Әлішер Науаи 15 жасыңда түркі және парсы тілдерінде бірдей жазатын белгілі
ақын болды. Ғиратта, Мешхедте, Самарқанда оқып, логика, философия,
математика пәндерінен мағлұмат алды. Өзінен бұрынғы Фирдауси, Низами,
Дехлауи, Хорезми, Саиф шығармашылықтарымен танысты. Оның ағартушылық
көзқарастарының дамуы Фирдауси мен Низами еңбектерімен танысқан соң пайда
бола бастады. І472 жылдан бастап өз қаржысына мектеп салдырып, 1476 жылдан
бастап творчестволық жұмыспен айналысқан.
Өзі жасаған тәрбиенің халықтық теориясына сүйене отырып, Науаи
тәрбиенің мақсаты мен міндетін азаматтарды саналы адамгершілік рухта
тәрбиелеу деп белгіледі. Бала тәрбиесінде, тіпті жеке адам тәрбиесінде –
жалпы адамға ден сүйіспеншілік бала тәрбиесінде ұштасып жатуы қажет деді.
Науаи – тәрбие жеке адамдардың қоғамдық орнын анықтайды деп тұжырым жасады.
Оның еңбектерінде еңбек тәрбиесі адамның еңбек үстінде қалыптасуын, айнала
қоғамдық жағдайлардың ықпалымен және адамның табиғатында туысынан дүниеге
келумен болатын қасиеттер арқылы қамтамасыз етеді.
Ян Амос Коменский – Еуропа педагогикасының негізін салушы. Ян Амос
Коменский 28-наурызда, 1592 жылы Морави қаласында дүниеге келді. Германияда
білім алған.
ХVІІ ғасырда педагогика статус алып, өзінше ғылым болып бөлініп
шыққаннан кейін Чехияның ұлы педагогі Я.А.Коменский беделі және
еңбектерімен әрі қарай бекіп, дами түседі. ХVІІ ғасырдағы мектептегі білім
беру жүйесінің кемшілігін жақсы түсінген Коменский Еуропадағы оқу-ағарту
ісін мүлде қайта құрумен айналыса бастады. Ол оқудың жаңа әдістері мен
әдістемелігінің қажеттілігін айтып, білім беру жүйесінің, оқудың
прогрессивтік жүйесін – оның барлық адамға бірдей және тиімді де түсінікті
болуын, өзіне мақсат етіп қойды. Оның дәлелдеуінше – «Балаларды оқыту
қажет, біртіндеп қарапайым, элементарлық ұғымдардан күрделіге көшіп отыру
педагогикалық талаптардың негізі деп көрсетті Коменский бастауыш оқуды ана
тілінде (тек латын тілінде емес) жүргізуді ұсынды.
Ол тек ақылды адамдар тәрбиелеу емес, жеке тұлғаны түгелдей дамыту
оқудың ең басты міндеті – деп есептеді. Тәрбиенің рөлін жоғары бағалаған
педагог «Адам тек Тәрбие арқылы ғана адам болады», «Адам болу үшін ол білім
алуы тиіс»,- деді.
Қазақстан педагогтарының ағартушылық ой-пікірлері
Абай Құнанбайұлының ағартушылық тағылымы (1845-1904)
Абай ақын – ұлы тұлға, мандай алды ақын екені, тандаулы туындылары
дүжие жүзі поэзиясының озық үлгерімен деңгейлес тұрғаны – білген адамға
айқын шындық. Сан тасырлық бай поэзиясы, ел қамын жоқтаған жүздеген өрен
жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абай орнының ерекше
болуы тегін емес.
Абай халықтың түбегейлі мүддесін, арман-тілектерін оқу-білім
қаншалықты терең ұғып-түсініп, қандай ойшылдық деңгейде, кандай көркемдік
қуатгылықпен айтып, жеткізе алғандығында. Ақын үлкен творчестволық тұлға
болып қалыптасып, етіліп кемеліне келуі үшін тиісті қоғамдық жағдай, аса
зор арын мен даналық, үздіксіз еңбек, ізденіс, білім – міне сылардың
түйісіп келуі шарт.
Абайдың педагогикалық мұраларының негізгі идеяларының бірі –
адамдардың өзара қарым-қатынасы, әсіресе, жастарды еңбекке. баулу. Ақын,
ойшыл ұлы ұстаз – Абай халықтың әл-ауқатының деңгейі, санасы, мәдениеті,
адамдардың өзара қарым-қақынасы, бір-біріне мейірбаңдығы
мен парасаттылығы, ұлттың ерекшелігі, салт-дәстүрінің дамуы – сол халықтың
еңбек сүйгіштігіне, еңбек ету дәрежесіне тікелей байланысты екенін
даналықпен болжады. Еңбекті Абай, басқада қазақ ағартушылары сияқты –
байлықтың, молшылықтың кезі – деп санады. Жастарды еңбекке шақырды.
Оған 1886 жылы жазған мына бір шумақ өлеңін келтіруге
болады.
Қартайдық, қайғы ойладың ұлғайды арман,
Шошимын кейінгі жас балалардан,
Терін сатпай, телміріп көзін сатып,
Тен-тегіс жұрттың бәрі болды аларман – деп, өз
кезіндегі еңбек етпейтін жастардың осыңдай жағымсыз
мінездерін сынады. Енді бірде Абай
«Осыңдай сидам жігіт елде мол-ақ,
Бәрі де шаруаға келеді олақ,
Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,
Бар өнері қу борбай сымпыс шолақ.
Абай даналығы еңбек ет – мал тап деген ақылға сияды. Тек еңбек, еңбек
құмарлық халықты өнерге үйретеді, білімге меңзейді, ғасырлар бойы
қайыршылық жайлаған халықты – еңбек ғана биікке шығарады, психологиясын
өзгертеді – деген Абай даналығы бұл күнде де күшін жойған жоқ.
Еңбек Абайша айтсаң-өнер. Жастардың еңбек тәрбиесі, сонда ғана жүзеге
асады, егер ол халықтың бүкіл көпшіліктің, түптеп келгенде, бүкіл қоғамңың
игілігі не айналғанда, оның молшылық қажетіне жараған жағдайда, білім алып,
бақытты болған шағында. Ол еңбек тәрбиесі – басқа барлық тәрбиенің негізі.
Басқалары ақыл-ой, адамгершілік, патриоттық, эстетикалық, эстетикалық пен
экономикалық еңбек тәрбиесінің құрамдас бөлігі екеніне дәлелдеп берді.
Еңбек тәрбиесін, оқу мен білім алудың негізі – деп түсінген Абай жас
ұрпақтың барлық тәрбиесінің көзін-бұлағын еңбектен іздеді. Ол еңбек пен
қоғамдық еңбектің тұтастығын, бірлігін – парасаттылық пен инабаттылықтың,
білімділіктің, тұлғалықтың, ісіне талғамын, үлгілері – өмірдің, тіршіліктің
жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететінін аса көрегендікпен дәлелдеді,
оған өлең жолдарын, ғақлияларын арнады. Ең бастысы: еңбек пен адамгершілік.
Сапасын қалыптастырады, тәрбиелеп, оларды әдемілікке, көрнекілікке
жеткізеді.
Абай поэзиясының ең басты ерекшелігі тәрбиелік тағылымы мол асыл
мұрасы ол өзі өмір сүргсн тұтас бір тарихи дәуірді жан-жақты барынша толық
бейнелеп берді. Бірақ, акын творчествасы жарты ғасырды қамтитын тарихи
дәуірді танытады деу аз. Сол замандағы қоғамдық өмір салтының, ой-сана,
білім-ғылым түсініктердің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанының түп-тамыры
әріде жатқанын ескерсек, Абай поэзиясы – ағартушылық көзқарасы қоғамның
дамуындағы бірелеулі кезеңді бейнелеу арқылы халықтың тағдырын, ұлттық
мінез-құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып, қоғам көшінің жеткен жерін
ғана емес, өткен жолын да танытарлықтай етіп көрсете білді.
Сонымен қатар Абайдың өлеңдерінде әртүрлі топтың өкілдері әсіресе
ұстаздар, жас адамдар үнемі бой көрсетіп отырады. Мысалы:
Жақсыға айтсаң, жаны еріп,
Ұғар көңіл шын беріп.
Жамандар адал еңбек қыла алмай жүр.
Кейде топтап айту үшін біреу («Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда»),
(«Әркім жүр алар жердің ебін қамдап»), кейбірі («Кейбірі пірге қол берген»)
деген сияқты сөздерді де қолданады. Тіпті, сөзін тыңдаушыларға қаратып
айтып, сен, сендер, өздерің деп отырып, көпшілікті мінезіңде сипаттап
кететіні де кездеседі.
Ғылым-білімді, оқу-тәрбиені уағыздаған ағартушы ақын ақылды, білімді
адамды аса жоғары бағалауы әбден орынды. Не нәрсеге болсын ақыл-таразы,
(ақыл-мизан, өлшеу қыл»), дүниенің сырын танып білуде адамгершіліктің
ақылдың мүмкіңдігі шексіз мол деп санайды.
Абай жастарды тәрбиелеудің әр түрлі жолдарын, ең алдымсн отбасында,
мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді ұсынды. Балалардың дүниеге
көзқарасын және мінезін қалыптастыруда отбасының рөлінің ерекше зор екенін
көрсетті. Абай әлемінің кең өріс алуы, оның поэзиясы мен әлеуметтік, оқу-
тәрбиелік демек, ағартушылық көзқарасының әлеуметтік сипат алуында болды.

Шәкәрім Құдайбердиевтың ағартушылық көзқарастары
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың алғашқы ширегінде
қазақтьщ қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене
араласып, Гуманистік, адамгершілік, демократтык, ағартушылық идеяларды
уағыздаған Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырып, артына мол мәдени мұра
қалдырған Шәкәрім Қүдайбердисв ақын, жазушы, аудармашы, философ, шежіреші,
өзбетімен ғылыми-білім биігіне жоғары көтерілген әмбебап ғұлама еді.
Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының ішкі заңдылықтарына қарай
әлеуметтік, экономикалық қайшылық кақтығыстар, күрес-тартыстар шиеленісте,
қазак, даласында калылтасқан коғамдық ой-сана тынымсыз ізденіске түскен,
орталықта революциялық дүмпулер туған кездері Шәкәрім әдеби өмірге құлшына
араласып, Шоқан, Абай, Ыбырай салған ағартушылық арна-дәстурін әрмен қарай
жалғастырды.
Қазақ әдебиеті мен мәдеииетінің аса көрнекті өкілі, ұлы Абайдың ізін
қуушы, оның немере інісі Шәкәрім жеті жасында жетім қалса да атасы
Құнанбайдың ерке немересі болып өмірден ешбір таршылық көрмей өсті.
Жастайынан өнер-білімге, қаршыға, бүркіт салуға, домбыра тартып, ән салуға
құмар болып, оң бестен былай қарай өз бетімен ғылым жолына ойысып, білім
өрісін кеңейтеді. Бірнеше тілдерді (араб, турік, парсы, орыс т. б.)
меңгеріп, төл шығармалар жазумен қатар, басқа халықтардың рухани
байлығына бойлайды, олардын кейбірін қазақ тіліне аударады. Ол
Географиялык орыс қоғамының Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесіне
мүше болады.
Қазақтың тәлімдік ой-пікірлері көшпелі елдің бала тәрбиелеудегі
тәжірибесін жинап-сақтап ғылыми педагогиканың бастау бұлағы болғаны дау
тудырмайтын жәйт. Халықтық тәлім-тәрбиенің ғылыми педагогикадан
айырмашылығы оның тәжірибелік бағытта екендігінде, сонда, халық тәрбиесі
дегеніміз ең алдымен жанұядағы тәрбие тәжірибесі болғанына күмән жоқ.
Ақын-ағартушы Шәкәрімнің көзқарастары қыр халқының жас ұрпақты
өсіру мен оқытып тәрбиелеудегі талаптарына сүйеніп негізделген.
«Түрік, қазақ-қырғыз һәм хаңдар шежіресінде» Шәкерім өзінің тұлға
ретінде қалыптасуына дейінгі болған үш кісінің есімін атаған. Солардың
біріншісі – үлкен атасы тобықты руының биі Құнанбай қажы Өскенбайұлы.
Ерен әділдігінен ел ортасында құрметке бөленген Құнанбай қажының
отбасы елге үлгі болып, бала тәрбиелеуде өз дәстүрлерінен ерекше көзге
түсетін. Бұл ошақта Абай, Шәкерім, Ақылбай, Мағауия сияқты ақындар дүниеге
келді.
Халықтық тәлім-тәрбиеден ғылыми педагогикаға жол алғанының бір
белгісі – 19 жасынан бастап Шәкәрім шежіре жинауға кірісуі. Бұл еңбектің
мақсаты тек қазақ рулары мен хандары, жүздері мен батырлары тарихын зерттеп
игеру еместін. Шежіреде ақын-педагог тарихи оқиғаларға орай өз
түсінктерін айқыңдап, қазақ жастарының тарихи санасын, өзіндік этникалық
санасын жетілдіру мақсатын көздегеңді.
Фольклор арқылы ақын қыз бала мен ұл бала тәрбиелеудегі ата-ана
рөлін, әке-шешеге деген балалардың сүйіспеншілігін, әйелге деген
қамқорлықты, адам өмірінің құндылығы мен маңызын тапты. Ауыз әдебиеті қазақ
халқының қоғамдық өмірін қалыптастырудағы, елді бірлікке, жұртшылықты
адалдыққа, адамгершілікке баулудағы әсері туралы ол әңгіме етіп тұратын.
Жастар өзінің туып-өскен жерлерінде осындай шытармалардың бар болғанын
біліп, адамгершілікті жоғары дәріптеген туыстарынан тәлім алсын деп
ойлаған.
Шәкерім нағыз таза ұлттық ортадан шығып, дала педагогикасы объектісі
болып, ұлттық рухтағы тәлімді өз басынан өткізген кезі келгенде ұлтық пен
жалды адамдық педагогиканың субъектісі мен зерттеушісіне айналды.
Неше тіл білсең – сонша рет адам боласың дейді халық ақылы. Таза
қазақы ортадан шыққанына қарамай ақын араб, парсы, татар, шағатай, өзбек,
орыс тіддерін еркін меңгерген. Оның лингвистикалық талаптары дүние
жүзіндегі еддердің ғүламаларымен таныстырып, солардың демократтық,
гуманистік идеяларына сәйкес өзіндік көзқарастарын түйіндеуге мүмкіндік
берді. Шәкәрім Шығыс және Батыс мәдениетін меңгеріп, жалпы адамдық
құңдылықтарды, соның ішінде эгнопедагогикалық, этнопсихологиялық, моральдық
концепцияларды философиялық лирикасында, ғылыми аңсарларында трактат
шынықтырып дамытқан.
Шәкәрім психологиялық тұжырымдамалры -оның көп жыл бойы Шығыс пен
Батыс мәдениетін танып білуінің нәтижесі. Ақынның психологиялық
көзқарастары философиялық лирикасында, Үш анық және «Мұсылмандық шарты»
аңсарларында айқындалған. Психологияға деген қызығушылық оның 1919ж. қазақ
тілінде шыққан психология оқулығына пікір жазуға себеп болды. Ол «жансыры»
деген терминді психология деп атаған. (41)
Ең алдымен ақынды психологиялық философиялық негіздер қызықтырған.
Ол өзінің жан туралы, жанның қасиеттері мен қажетгіліктері туралы
түсініктерін философияның негізгі мәселесімен ұштастырып қараған. Материя
мен сананың қарым-қатынасы туралы сұраққа идеализм тұрғысынан жауап бере
тұра, бар болмыстың себепкері жаратушы-құдай деп, Шәкерім тек өзіне тән
дәлелдерді келтірді.
Өз заманына сай ғылыми көзқарастарға ие болған ағартушы адамның
психикалық қызметінің табиғатын ашқанда, таным процестерінің механизмін
көрсеткенде діни түсініктерден аулақ болған. Осы орайда айтып кеткең жөн
болар: Шәкәрім ортағасырлардағы ұлы қазақ ғұламасы, энциклопедист әл-Фараби
және қазақ ойшылы Абай салған жолмен жүріп, солардың ой-пікірлерін дамытса,
Шәкәрімнің еңбектері Ж.Аймауытов пен М.Жұмабаевтың оқулықтарына жол
сілтейді.
Психикалық қызметің формалары туралы ойларыңда Шәкерім гилозоистармен
панпсихистарға бір табан жақын. Оның ойынша, жан адамдарда да, жануарларда
да, өсімдіктерде де бар, бірақ, өсімдік пен хайуанат әлеміңде түйсік
дәрежесі төмен болады.

1.2. Жас мұғалімдерге қойылатын талаптар

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдегі білім беру,
ғылымды дамыту, өркениет біткеннің, өзегі- білім, ғылым, тәрбие екендігіне
баршаға мәлім.
Балаға ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, сана-
сезімдік дене тәрбиесі мен ұлттық тәрбиені сіңіруші адам – мұғалім. Ал жаңа
заманның тарихын жазатын, кезінде қателескен, бұрмаланған тұстарына әділ
баға беретін, толықтыратын бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан да елімізде жүріп
жатқан өзгерістердің мәнін әділ пайымдау бәрінен бұрын жастарды тәрбиелеп
жатқан мұғалімдерге үлкен жауапкершіліктер жүктейді.
Елбасының білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезі Болашақта еңбек
етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай
тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да мұғалімге
жүктелетін міндет өте ауыр – дегені жоғарыдағы сөзді айғайтай түседі. Ұлы
ағартушы Ы.Алтынсариннің Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені
жақсы мұғалім мектептің жүрегі, – деп айтып кеткен кезінде.
Қай республика болсын әлемдік үрдістерден тыс қала алмайды, жалпы
ғаламдық даму зандылықтарына бағынуға мәжбүр болады, себебі, ешбір мемлекет
жабық күйде өмір сүруі мумкін емес. Өркениет дамуынан кенже қалмау үшін
жаңа өзерістер қажет-ақ. Осыған орай, талпыныстар біздің елімізде де жүріп
жатыр. 1—8 сыныптарға арналған жаңа оқулықтар оқушы қолына тиіп, 12 жылдық
білім беруге көшу жөнінде сынақтар жүргізілуде, жалпы білім беру
стандартына сәйкес ұлттық бірыңғай тест қабылдау өмірге енді. Қысқасы,
оқушы білімін бағалауда талаптар күшеюде. Міне, осы жерде бұрынғы жұмыс
істеу тәсіліне, бағдарламаларға жас мұғалім бұл өзгерістерге даяр ма?,
Келешекте жас мұғалім өзіне қандай талап қоюы керек?» деген сұрақтар
туындайды.
Қазіргі біздің заманымыздың ХХІ ғасыр жас мұғалімдеріне қойылатын
талаптар, біріншіден, жас мұғалімнің жеке көзқарасы бар және соны қорғай
білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болу қажет. Екіншіден, мұғалімнің
педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс. Үшіншіден,
мұғалім білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге, оқушыны баулауға
міндетті. Төртіншіден, мұғалім педагогикалық процесте баламен
ынтымақтастаса қызмет ететін тұлға болуы керек.
Жас маман әр уақытта өз білімін толықтырып шығармашылығын арттырып
отыруға міндетті. Жас мұғалімнің кәсіби және әлеуметтік психологиялық
бейімделуіне қолайлы жағдай жасайтын қажетті тұлғалық сапалар мен
іскерліктерге мынларды жатқызуға болады: ұстамдылық, сезімталдық, қаталдық
және мейірімділік, талапшылдық пен төзімділік, жинақылық, іскерлік,
белсенділік, бүкіл жұмыс уақытында көтеріңкі көңіл күй мен эмойиялық
тонысты сақтау, мәдениетті, әдебі, сөйлеу шеберлігі, дауыс дикциясы болуы
керек.
Білімі олқы оқушылармен даралай жұмыс жүргізіп, қуат беріп,
құрбыларының қатарына қосудың орнына буыны бекіп, бұғанасы қатпаған бөбекті
2-мен үркітіп, жасытып, өз күшіне сенімнен айырған мұғалімге не шара.
Демек, мектептен шашау қалып жүрген бала тағдырына алдымен мұғалім жауапты.
Мұғалім ел интеллигенциясының, алдыңғы шебіндегі баға жетпес мұраның
— қоғам болашағының бағбаны. Ол әр бұтақты бабымен күтпесе, жеміске
кенелмек емес.
Педагогиканың әрбір оқушы мінезін жете біл, мұң-мұқтажын, талғам-
тілегін ескере оқыт, гүлдей нәзік жандарға жанашыр бол дейтін талабы
осындайдан туып отыр.
Республика мұғалімдерінің басым көпшілігі осы талап дәрежесінен шығып
та келеді. Ондаған мың мұғалім ондаған жылдар бойы алдындағы шәкірттерін
толық улгіртіп, білім сапасын бірсыпыра көтерді. Олардын, алдынан тәлім-
тәрбие алып, жоғары кластарда оқыған, оқып жүрген әлгіндей шәкірттер пән
мұғалімдерінің ойынан шығып, бастауыш класс мұғалімдеріне ризалықтарын
арттыруда.
Мұғалімнің кәсіби білім мен біліктілігі жоғары деңгейде болып,
оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту мәселелерін шешуге шығармашылық
қабілеттері болуға тиіс. Мұғалімнің кәсіби білімін арттыру үшін ең алдымен
оқытудың мақсаты мен мазмұны оны ұйымдастырудағы қолданылатын тиімді әдіс-
тәсілдерді жете біліп, іске асыру керек.
Жас мұғалімдердің қызметтеріндегі дидактикалық қиындықтар негізінен
олардың мынадай іс-әрекетінен байқалады:
-ұстаздық қызметтің мазмұны мен құрылымдық жағына байланысты іс-әрекетіне
байланысты;
-дарынды балалармен, үлгермейтін оқушылармен дара жұмыс істеудегі
әрекетінде;
-оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастырудағы іс-әрекетінде.
Жас мұғалімдердің ұстаздық қызметке тән іс-әрекеттің негізге түрлерін
жете меңгере алуына мыналар жатады:
-ұстаз қызметіндегі мақсат қоя білу ісі;
білімнің мазмұнын игеру ісі;
-оқушылардың білім алуға деген мүмкіндіктері мен психологиялық
ерекшеліктерін анықтау ісі;
-сабақ өткізудің әдістемелік жағын ұйымдастыра білу ісі;
-оқушылармен жақсы қарым-қатынас жасай білу ісі (коммуникативтік);
-оқушыларды білімге деге құштарлығын арттыру, қызықтыру іс-әрекеті;
-оқушылардың білім дағдыларын бақылау және бағалау іс-әрекеті;
Өз бетімен білім алуы және өз білімін ұдайы толықтырып жетілдіру ісі.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: белгіді педагоғ К.Ушинскийдің
«Мұғалім — өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырганда ғана мұгалім, ал
оқуды, ізденуді тоқтатысымен онын мұгалімдігі де жойылады» пікіріне сай
келеді.
Мәселен, бұрынғы оқулықтар мен бағдарламаларда ұлттардың өзіне тән
ерекшелігі ескерілмей, оқыту мен тәрбие үрдісі орталықтан басқарылды. Соның
нәтижесінде ұлттық сана мен мәдени құндылықтарға нұқсан келтірілді, өз ана
тілін ұмытқан ұрпақ пайда болды. Бүгін оның орнын толтыру оңай шаруа емес.
Сондықтан да жаңа заман ұстазы Абайдың, Ыбырайдың, Шоқанның, т.б. қазақ
зиялыларының педагогикасын оқып үйреніп заманға лайық «этнопедагогика»
ғылыми негіздерін тезірек менгеруі тиіс. Екіншіден, кез келген
педагогикадағы жақсы үрдістерді ысырып тастамау абзал.
Қазір «Интернет» жүйесіне ену қажеттігі туындап отыр. Біздің елімізде
барлық мектеп компьютерленіп жатыр. Ендеше сол компьютерлерде тек балалар
ойын ойнап, жазу жазумен ғана шектелмей, арнайы бағдарламалар жасап, білім
негіздерін ғаламдық дәрежеде меңгеру ісі қолға алынса, нұр үстіне нұр болар
еді. Бұл — уақыг талабы, ғаламдану талабы.
Білімді тұлға шығару сабақ сапасынан. Сабак дегеніміз — оқытуды
ұйымдастырудың басты формасы, окушы мен мұғалім қарым-қатынасын
ұйымдастыратын форма. Әрбір сабақ алдында игерту, дамыту, тәрбиелеу
мақсаттары тұратыны белгілі. Дұрыс қойылған мақсат мұғалім еңбегінің
мәдениеттілігінің көрсеткіші. Қазіргі таңда педагогика ғылымы дәстүрлі оқу
мен дәстүрлі емес жаңаша оқытудың айырмашылығына мынандай анықтама береді.
Дәстүрлі оқытуда: жас мұғалім сынып оқушыларын толық қамти отырып, мұғалім
мен окулық маңызды қызмет атқарады, оқушыларды білімге жетелейді,
жауаптарында сол мазмұнды еске сақтап, бұрмаламай айтып беру маңызды болды.
Мұғалім білімді оқушыларға дайын күйінде меңгертеді. Ал жаңаша оқытуда:
оқушы мұғалімнің түсіндіргенін меңгеріп қана қоймай, мұғаліммен тікелей
пікірталасқа көшеді, оқушы белсенді рөл атқарушы ғана емес, жетекші бағытты
ұстайды. Белгісізді анықтауға өзі жауап іздейді, шешімдері де әр оқушыда әр
түрлі болады. Тапкан шешімді нақты ақиқат деп қабылдамай, ізденісті әрман
карай жалғастырады. Жас мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс
қалыптасады, бірлік одақта қызмет істейді.
Сабақты ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізу үшін жас мұғалім өзінің
жұмысын жоспарлауы тиіс. Оқыту жұмысы тақырыптық және сабақ жоспары
бойынша жүргізіледі. Тақырыптық жоспар оқу бағдарламасы, оқулық, оқу
құралдары негізде жарты немесе толық оқу жылдық жасалады. Сабақ жоспары –
бұл әр сабаққа жасалады, ол оқу жұмысын жоспарлаудың негізгі формасы.
Сабақты егжей-тегжейне жете қарап ойластыру, оның мақсатының табысты
болуының кепілі. Сабақты жоспарлау негізінде өткен сабақтардың нәтижелерін
есепке алып, мұғалім әрбір сабаққа дайындалады. Ең алдымен сабақ тақырыбын
және оның міндеттерін анықтайды. Сабаққа дайындалудың басты
компоненттерінің бірі – оқу материалын таңдап алу. Бұл жерде сабақтың
идеялық-теориялық бағыты анықталады сабақта негізгі идеялар, ұғымдар,
заңдылықтар, тарихи және политехникалық мәліметтер айтылады. Мұғалім
сыныпта оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруды ойластырады, оқытуды
ұйымдастырудың формалары меп функцияларын пайдаланады.
Сабақта оқыту әдістерін тақырыптың мазмұнына оқушылардың
мүмкіндіктерін сәйкес таңдап алу, сол сияқты көрнекі және техникалық
құралдарды күні бұрын дайындау сабақ мақсатының жемісті болуының негізгі
шарттарының бірі.
Келесі сабақта дайындалу үшін бүгінгі өткен сабақты талдау қажет.
Талдауда қандай мәселелерді еске алған дұрыс:
-тақырып мазмұнын оқушылар қалай игерді;
-сабақта қолданылған оқыту әдістерінің тиімділігі;
-сабақтың дидактикалық және тәрбиелік міндеттері қалай шешіледі;
-сабақтың жақсы жақтары меп кемшіліктері;
-сабақ процесінде болған кемшіліктерді келесі сабақтарда болдырмау жолдары.
Сабақты осындай тәсілдерді пайдаланып өткізу мұғалімнің ғылыми-
әдістемелік, зор педагогикалық шеберлігін сипаттайды. Ал, педагогикалық
шеберлік дегеніміз оқыту мен тәрбие жұмысын жүргізу жұсысының өнері.
Педагогтық шеберлікті қалыптастырудың бірнеше жолдарын атауға болады.
Ең алдымен жас мұғалім ғылыми-философиялық ілімді табаңдылықпен оқып
үйренуге тиіс, өйткені мектептегі оқу және тәрбие жұмысының жемісті, әрі
нәтижелі болуы жас мұғалімнің жалпы сауаттылығы мен идеялық ұстамдылығына
байланысты.
Жас мұғалім мамандығы бойынша өз пәнін қазіргі заманның ғъільім мен
техникалық өскелен талаптарына сәйкес дәрежеде білуге тиіс. Ғылым дамыған
сайын болжамдардың дәлелденіп, теорияға айналуы және жаңа фактылар мен
заңдылықтардың ашылуы кеңейген сайын жас мұғалімге қойылатын талап та
арта түседі.
Жас мұғалім институттан алған білім көлемін шектеліп қалмайды. Ол өз
пәніне байланысты әдебиеттерді үнемі зерттеп, терең білуге тырысады, оларға
библиография жасай отырады. Мұның бәрі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі
принциптері формаларын шығармашылықпен пайдалануға зор мүмкіндіктер
береді. Мұғалім пәнаралық байланыс принциптерін іскі асырудың сара
жолдарын іздестіреді. Сондықтан, ол өз пәніне тікелей қатысты бар
пәндердің оқу материалдарын бағдарламаға сәйкес жетік білуге тиіс. Мысалы,
VIII сыныпта Д.И.Менделеев жасаған периодтық заң химиялық элементтердің
периодтық жүйесі және заттардың құрылысы өтіледі. Осы материал бойынша
оқушылар алғашқы ұғымды VII сыныпта физика курсының «Электр» тарауын
оқығанда алған болатын. Сондықтан жас мұғалім химия сабағында заттардың
құрылысымен оқушыларды жан-жақты таныстыру үшін «Электр» тарауындағы
атомның ядро моделі, сутегі, гелий, литий элементтерінің атом құрылысын
атомдардағы электрондардың саны меп ядро заряды жайындағы мәселелерді
олардың естеріңе салады. Оқушылар сабақ процесінде мұндай бір-бірімен
байланысы бар пәндердің материалдарын жеңіл ұғады.
Шектес пәндер материалдарын сабақ үстінде жүйелік және логикалық
бірізділікпен байланыстырып өту үшін мұғалім арнаулы жоспар жасап онда
оқу бағдарламаларына лайық пәнаралық тақырыптарды сыныптар бойынша
іріктеп алады да олардың өту мерзімдерін накты көрсетеді.
Жас мұғалім өз пәнін терең біліп қана қоймай, оны оқытудың әдістері
мен тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Ол озат мұғалімдердің іс-
тәжірибелерімен танысады. Педагогикалық оқуларға, ғылыми-практикалық
конференцияларға қатысуы керек. Жас мұғалім, әсіресе өз мамандығына
байланысты және жаңадан шыққан әр түрлі әдістемелік … жалғасы

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз