ЖАНУАРЛАР МЕН ГҮЛДІ ӨСІМДІКТЕРДЕГІ ҰРЫҚТАНУ. ҰРЫҚТАНУДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ.
ЖАНУАРЛАР МЕН ГҮЛДІ ӨСІМДІКТЕРДЕГІ ҰРЫҚТАНУ. ҰРЫҚТАНУДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ.
Бағыты: Биология Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 9 сынып
Күні: жыл
Сыныбы: 9
Тақырыбы: ЖАНУАРЛАР МЕН ГҮЛДІ ӨСІМДІКТЕРДЕГІ ҰРЫҚТАНУ.ҰРЫҚТАНУДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ.
Сабақтың мақсаты:Оқушылар жануарлар мен гүлді өсімдіктердегі ұрықтану туралы оқушыларға түсініп, оларды ажырата білулері қажет. Ұрықтанудың биологиялық маңызын білулері керек.
Күтілетін нәтиже:Оқушылар жануарлар мен гүлді өсімдіктердегі ұрықтану туралы оқушыларға түсініп, оларды ажырата біледі. Ұрықтанудың биологиялық маңызын біледі. Алған білімдерін өмірде қолдана алады.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, кезекшіні анықтау
Үй тапсырмасын тексеру.
Мейоз. Сперматогенез және овогенез.
1.Мейоз жолымен бөліну нәтижесінде хромосомалар саны…… (екі есе азаяды)
2. Мейоз бір-біріне жалғасатын екі бөлінуден тұрады. Олар …………… деп аталады.(редукциялық, эквационды)
3.Әрқайсысында митоздық бөлінуде сияқты төрт фаза: ……….., ………………., ……………, …………………… болады.(профаза, метафаза, анафаза, телофаза)
4.І профазада екі хроматидадан тұратын гомологті хромосомалар жұптасып, өзара беттесіп ………………..(конъюгацияланады).
5. Мейоздық жолмен ……….. ………… бөлінеді.(жыныс жасушалары)
6.Гүлдердің аталықтарында аталық жасушалары — …………, аналықтарында аналық жыныс жасушалары — ……… …….. түзіледі.(спермий, жұмыртқа жасуша)
7.Жануарлардың аталық жыныс жасушалары ………….., аналық жыныс жасушаларын ……….. деп атайды.(сперматозоидтер, жұмыртқа жасушасы)
8.Біріншілерінің дамып жетілу процесі ………… , ал екіншілерінің дамып жетілу процесі …………. деп аталады.(сперматогенез, овогенез)
9.Сперматогенездің мейоздық бөлінудің соңында түзілген хромосомалар жиынтығы …….. болады, және олардың саны …… болады.(гаплоидті, төртеу)
Жаңа сабақ.
Ұрықтану. Ұрықтанудың мәні. Аталық және аналық жыныс клеткаларының ядролары қосылу (кариогамия) арқылы жұмыртқаның дамып жетілуіне жағдай тууын ұрықтану деп атайды.Ұрықтану — кері жүрмейтін бір беткей процесс: Бір рет ұрықтанған жұмыртқа клеткасы қайтадан ұрықтанбайды. Сингамия (аталық және аналық жыныс клеткаларының қосылып бірігуі) мен кариогамия ұрықтанудың негізгі мәнін білдіреді.Жануарлардағы ұрықтану. Жануарларда болатын ұрықтану процесін бірнеше фазаға бөлуге болады. Жұмыртқа клекасының кез келген бір нүктесіне сперматозоидтың бекінуі немесе микропиле арқылы оған енуі — бірінші фазаның басталуы. Сперматозоид басының жұмыртқа клеткамен түйісуі химиялық реакциялар тізбегінің бастамасы болып табылады. Бүл фазаны жұмыртқаның активтену фазасы деп атайды.Жұмыртқа клеткасына бір сперматозоид (моноспермия), ал кейбір жануарларда бірнеше сперматозоидтар (полиспермия) енгеннен кейін үрықтану процесінің екінші фазасы-басталады. Жүмыртқа клеткасының ішіне енген сперматозоид аналық ядромен қосылып бірігуге дайындалады, ол митоз бойынша жүреді: сперматозоид ядросы біртіндеп ісінеді де интерфаза кезіндегі ядроға ұқсайды. Мұндай ядро аталық про~ нуклеус деп аталады. Сперматозоид ядросымен қосылып бірігуге дайын болған (мейоздың барлық фазасынан өткен) жұмыртқа клеткасының ядросын аналық пронуклеус деп атайды.
Өсімдіктердегі ұрықтану. Өсімдіктердегі үрықтаиу процесі негізінен жануарлардағыларға ұқсас, дегенмен бірқатар ерекшеліктері де бар.Бұрын айтылғандай, ёкі спермия түзілумен микрогаметогенез аяқталады, ол екі спермия нетозаң дәнінде, немесе тозаң түтігінде тозаң дәиінің өсуі кезінде қалыптасады. Тозаң түтігі өсіп, ұрық қалтасыыың микропилесіне дейін жетеді де жұмыртқа аппаратымен — жұмыртқа клеткасымен және синергидтер-Тозаң түтігінің ұшы синергидтермен түйіскеннен кейін тозаң түтігі жарылады да синергидтер бүлініп ыдырап кетеді. Тозаң түтігімен жүріп, жылжып келе жатқан генеративті екі ядро — спермиялар — түтік өсе түсіп, жарылғаннан кейін, оның барлық заттарымен бірге ұрық қалтасының ішіне құйылады (19-сурет, 2). Ұрық қалтасына енген екі спермияның біреуі жұмыртқа клеткасының гаплоидты ядросымен қосылып бірігеді (19-сурет, 3). Спермия ядросының жұмыртқа клеткасы ядросымен қосылып бірігуі өсімдіктердегі нағыз ұрықтану болып табылады. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасында — зиготада — хромосомалардың диплоидты жиынтығы қалпыыа келеді. Зиготадан түқым ұрығы өсіп-жетіледі.Өсімдіктерде де, жануарларда да спермиялар ұрық қалтасына кірер алдында аналық ядро әр түрлі стадияда болуы мүмкін, ал кариогамия мейоз аяқталғаннан кейін ғана орындалатынын атап өту қажет.
Үйге тапсырма: Организмдердің жеке дамуының элементарлық түсінігі. Жасушалардың бөлінуі, өсуі, жіктелуі, органогенез, даму, қартаю, даралардың өлуі. Ұрықтардың ұқсастығы.
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.