Жаңа жылдық кешке не киеміз?

0

Жаңа жылдық кешке не киеміз?

Жаңа жылды немен қарсы аламыз? 2019 жыл – Доңыз жылы. Доңыз жылы болғандықтан, сары түске мән берген жөн. Бірақ сары түс әркез кешкі киім үлгісіне сай келе бермейтіндіктен, қыс мерзімінің сәнді түстеріне тоқталамыз.

Алтын түстің барлық реңктері

Алтын түсті киім мерекелік көңіл күй сыйлайды. Бұл түсті түрліше қолдануға болады. Мысалы, алтын түсті ықшамды көйлек кию. Сондай-ақ алтын түсті жейде немесе шалбар таңдауға болады.

Жылтыр

Жаңа жылдық кешке арналған тағы бір тиімді шешім – жылтыр киімдер. Егер киім үлгіңіз назарсыз қалмағанын қаласаңыз, биыл сәнге айналған металл жылтыр киім таңдауға болады. Жылтыры бар киімді мерекеден соң да киюге болатын етіп алуға болады.

Жасыл түс

Көк-жасыл түске жақын реңкті жаңа мерзімде «жасыл кетцаль (құс)» деп атайды. Бұл түсте аздап көк реңтің дағы бар. Киім үлгісіне салтанаттылық сыйлау үшін алтын детальдар қосуға болады.

Қызыл түс

Қызыл түс – мәңгі классика. Биыл қызылдың қанық түрі сәнге келді, оны Pantone «қызыл алмұрт» деп атады. Қызыл түсті көйлек немесе шалбарлы костюм кез келген әйелге жараса кетеді.

Жұмсақ ақ түс

Сүтті ақ түстен әдемі мерекелік киім үлгісі шығады. Тұтас ақ түсті киім таңдасаңыз, оны кристалл немесе інжу аксессуарлармен үйлестіріңіз. Ол клатч, тиара және әшекейлер болуы мүмкін.


Дереккөз: https://massaget.kz/

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз