Заманауи сабақ жүйесі элементтерін тәжірибеде қолдану

0

ҚАЗІРГІ САБАҚ ЖҮЙЕСІ

Мазмұны

КІРІСПЕ 3

І. Қазіргі сабақ жүйесінің теориялық негіздері
1.1. Қазіргі сабаққа қойылатын негізгі талаптар 5
1.2. Заманауи сабақты жобалаудың құрылымы 16

ІІ. Заманауи сабақ жүйесі элементтерін тәжірибеде қолдану
1.1. Сабақты ұйымдастырудың жаңа технологиялары 24
1.2. Қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру бойынша әдістемелік
ұсынымдар … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … 36

ҚОРЫТЫНДЫ 48

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 49

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Адам баласы өз еңбегінің нәтижесінде
өзінің ақыл ойын жетілдірді. Ақыл ойы дамығаннан кейін өз өмірін жақсарту,
қолайлырақ ету мақсатында әр түрлі салаларда жаңашылдыққа негізделген
өзгерістерді жүзеге асырды, ол процесс осы уақытқа дейін жүріп келеді,
тоқтаған емес. Сөзімізге дәлел ретінде ХІХ-ХХ ғасырлардағы қоғам мен
қазіргі замандағы қоғамды салыстырайық. Осыдан 50 жыл алдын таңғажайып
болып көрінген дүниелер бүгінгі күнге келіп күнделікті өмірдегі игіліктерге
айналып отыр. Енді қоғам алдындағы міндет – игі бастауды жалғастыратын,
болашақтың тұтқасын ұстайтын ұрпақ тәрбиелеу. Ал тәрбие мен білім берудің
ең негізгі, бірегей формасы – сабақ жүйесі. Соған байланысты уақыт өткен
сайын білім беру жүйесінде өзгерістер, әртүрлі жаңалықтар, атап айтқанда,
жаңа технологиялар, әдіс-тәсілдердің заманауи формалары, мектептер ғылыми
техника жетістіктеріне негізделген материалдық-техникалық базаларды енгізіп
жатыр. Бүгінгі таңда дәстүрлі сабақ жүйесі және қазіргі заманғы сабақ
жүйесі деген ұғымдар қалыптасқан. Бәсекеге толы қоғамда мақсатқа жете
алатын, алған білімін тәжірибеде тиімді қолдана алатын, қабілетті адам,
маман дайындауді негізгі мақсат етіп қоятын қазіргі заманғы сабақ жүйесі
өзінің нәтижелілігін күн сайын дәлелдеп келеді. Жай ғана кітаптан оқытып,
алдын ала дайындалған үйреншікті тапсырмаларды орындата беру, біріншіден,
оқушыны жалықтырады, екіншіден, мұғалімнің кәсіби жетілуіне жеткілкіті
деңгейде жол ашпайды. Заманауи оқыту жүйесі оқушының жан-жақты дамуына жол
ашады, шығармашылығын дамытады, ұжымдық еңбекке тәрбиелейді, білім беруші
мұғалім үнемі ізденісте болады, өзін-өзі дамытады, ал бұл өз кезегінде
жалпы педагогиканың дамуына сеп болады. Педагогикалық процесстегі осы екі
субъект жетілген сайын қоғам да жақсарады, болашақ та жарқын болады.
Тәуелсіз қазақ елінің мемлекеттік тілін өскелең ұрпақтың бойына сіңіруде
қазіргі заманғы оқыту жүйесінің мүмкіндіктері орасан.
Қазіргі заманғы сабақ – ол, ең алдымен мұғалім оқушының тұлғалық
дамуына , оның ойлау қабілетінің жылдам өсуіне, білімді терең игеруіне,
оның бойында адамгершілік негіздерін қалыптастыруды шебер қолданылатын оқу
үрдісінің бір түрі. Бүгінгі сабақ мектеп оқушыларының белгілі бір
мөлшердегі білімді меңгеруімен шектелмей, тұлғаның жалпы дамуымен, оның
танымдық және жасампаздық қабілеттерінің қалыптасуымен байланысты болуы
тиіс. Қазіргі сабақ баланың ересектік өмірге белсенді кіруіне жағдай
жасайтын, қоғамның заманауи талаптарына сәйкес қасиеттердің дамуын
қамтамасыз ететіндей болуы қажет.
Сонымен, қазіргі сабақ – бұл тану, ашу, іс-әрекет, қарама-қайшылықтар,
даму, өсу, білімге апаратын саты , өзін-өзі тану, жетілдіру, қызығушылық,
таңдау, кәсіпкершілік, алға бастау, сенімділік, қажеттілік сабағы және
қазіргі сабаққа тән ерекшелік – оқушылардың белсенді (өздігінен) оқу
қызметі. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендендірудің тәсілдерінің
бірі – оларды ойлаудың түрлерін (саралау, жинақтау, салыстыру, маңыздысын
белгілеу, қорытынды жасау) үйрету.
Кез келген сабақтың дүниеге келуі оның соңғы мақсаттарын дұрыс
анықтаудан, оларға қол жеткізуге көмектесетін құралдардан, сабақты жүргізу
тәсілін анықтаудан басталады. Оқыту үдерісін басқару педагогикалық
үдерістің және педагогикалық қызметтің берілген құрылымына сәйкес белгілі
бір кезеңдерді: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау, нәтижені
бағалау және талдауды өтуді қажет етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Курстық жұмыста мемлекеттік тілді үйретуде
оқытудың жаңа технологияларын біріктіріп отырған қазіргі заманғы оқыту
жүйесінің қаншалықты тиімділігін қарастыруды мақсат етіп қойдым.
Курстық жұмыстың міндеттері: Қазіргі заманғы сабақ жүйесінің теориялық
негіздерін көрсету, заманауи сабаққа қойылатын негізгі талаптар мен
сабақтың құрылымын анықтау, дәстүрлі сабақпен салыстыра отырып,
артықшылықтарын тәжірибе арқылы табу.
Курстық жұмыстың нысаны: қазақ тілі сабағы, жаңа технологиялар,
заманауи сабақ жүйесі.
Курстық жұмыстың құрылымы мақсатқа сай кiрiспеден, екі тараудан және
қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бiрiншi тарау Қазіргі сабақ жүйесінің теориялық негіздері деп
қарастырылған. Мұнда қазіргі сабаққа қойылатын негізгі талаптар жайында
және заманауи сабақты жобалаудың құрылымы туралы қарастырылды.
 Екiншi тарау Заманауи сабақ жүйесі элементтерін тәжірибеде қолдану
деп аталған. Осы тарауда Сабақты ұйымдастырудың жаңа технологиялары мен
қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар
жөнінде анықталады.

І. ҚАЗІРГІ САБАҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Қазіргі сабаққа қойылатын негізгі талаптар

Оқыту – ғылыми білім, білік және дағдыларды игеруі бойынша,
шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдықты, өнегелі-әдепті көзқарастарды
дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен
ынталандырудың педагогикалық үрдісі [1].
Оқыту – бұл басқарылған таным үрдісінде өтетін қарым-қатынас, қоғамдық-
тарихи тәжірибені меңгеру, жаңғырту, жеке тұлғаны қалыптастыру негізінде
нақты іс-әрекетті игеру [2].
Оқытудың қоғамдағы міндеттерінің мәні ұрпақтардың сабақтастығы,
қоғамның толық құндылықты қызмет атқаруы, тұлғаның соған сәйкес дамуына
мүмкіндік жасауында және балалар мен ересектердің өзара бірлескен іс-
әрекеттерін мақсатқа бағыттап ұйымдастыруында. Аталған әрекеттерді іске
асыра отырып, оқыту үрдісін дамытудың ең негізгі көрсеткіштерін үш мақсатқа
негіздеп топтастыруға болады:
білімділік – оқушылар ғылым негіздерін, білім, білік және дағдыны меңгеру,
өздерінің рухани және еңбек қабілеттерін дамыту, еңбек және кәсіби
дағдыларының бастамасын игеруді көздейді;
тәрбиелік – әр оқушыны адамгершілік қасиетіне, ғылыми-танымдық ұстанымы
бар, шығармашылық жағынан белсенді және әлеуметтік жетілген, үйлесімді
дамыған тұлға етіп тәрбиелеу. Демек, білім берудің басты мақсаты – адал,
адамгершілігі жоғары, білікті, өз бетінше жұмыс істей алатын, өзінің адами
мүмкіндіктерін іске асыра алатын адам тәрбиелеу;
дамытушылық – жеке тұлға тілінің, ойлауының сенсорикалық және қимылдық
саласының, сезімдік-еріктік және қажетті-мотивациялық саласының дамуы [3].
Білім берудің мақсаты – оқыту процесін ұйымдастыру мен бағыттау, оның
мазмұны, әдістері мен формаларын анықтау. Ол өзінің құрамына білім берудің
жалпы адамгершіліктік, әлеуметтік-топтық, жеке тұлғалық мақсаттарды да
қамтиды. Қоғамның өзгеру және даму деңгейіне сәйкес білім берудің
мақсаттары да өзгеріп отырады.
Білім беру процесінің негізі – оқыту. Білім беру құрылымындағы оқыту
дегеніміз мұғалімнің оқушымен тікелей немесе жанама байланыстағы іс-
әрекеті. Бірақ бұл байланыс қай түрде болғанына қарамастан, оқыту процесі
білім алудың белсенді болуын көздейді. Оқушылардың іс-әрекеті мұғалім
тарапынан қамтамасыз етілген, ұйымдастырылған және бақылауға алынған
жағдайда, сонымен қатар оқушылардың бойында өз бетінше білім алу дағдысы
қалыптасқанда ғана білім алу процесі белсенді бола алады. Жалпы білім беру
процесі барысында:
мұғалімнің ақпаратты іріктеуі, жүйелеуі, құрылымдауы және оны оқушыларға
жеткізе алуы;
бұл ақпаратты және онымен жұмыс істеу жолдарын оқушылардың қабылдауы,
түсінуі, меңгеруі сабақ және сабақтан тыс өз бетінше білім алуы барысында
жүзеге асырылады.
Іс жүзінде оқыту процесі жалпы және нақты заңдылықтарға сәйкес іске
асырылады. Оқыту процесінің нақты заңдылықтары деп дидактикалық,
психологиялық, әлеуметтік және ұйымдастыру заңдылықтарын айтуға болады.
Оқытудың жалпы заңдылықтарын келесі топтарға бөлуге болады.
Оқыту мақсаттарының заңдылығы:
– қоғамның даму деңгейі мен қарқынына;
– қоғамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне;
педагогика ғылымы мен тәжірибесінің даму деңгейі мен мүмкіндіктеріне
тәуелді.
Оқыту мазмұнының заңдылығы:
– қоғамның қажеттіліктері мен білім берудің мақсаттарына;
– әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогрестің қарқынына;
білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық және экономикалық
мүмкіндіктеріне;
– оқытудың теория мен тәжірибесінің даму деңгейіне;
– жас ерекшеліктеріне тәуелді.
Оқыту сапасының заңдылығы:
– алдыңғы кезеңнің жетістіктері мен нәтижелеріне;
– оқылатын материалдың сипаты мен көлеміне;
білім алушыларға ұйымдастырушылық-педагогикалық ықпал жасауына;
– оқушылардың оқуға деген ынтасына;
– оқыту уақытына және оқытудың әр жаңа кезеңіне тәуелді.
Оқыту әдістерінің заңдылығы:
– әдістерді қолдана білуі мен қолдану дағдысына;
– оқытудың мақсаттарына;
– оқытудың мазмұнына;
– оқушылардың жас ерекшеліктеріне;
– оқу процесінің ұйымдастырылуына тәуелді. Оқытуды басқарудың заңдылығы:
– оқыту жүйесіндегі кері байланыстардың қарқындылығына тәуелді.
Оқушылардың жеке және ұжымдық іс-әрекеттеріне мұғалім әсерінің
сәйкес болу зандылығы:
баланың қоршаған дүниені тануға деген ықыласын жүзеге асыруға жағдай
жасауына;
мұғалімнің балаға өмірде қажет болатын, оларды қызықтыратын білімді
берудегі белсенді ықыласын қажет етеді.
Мұғалім мен оқушының іс-әрекеттерін оқытудың техникалық құралдарының
(ОТҚ) мүмкіндіктеріне сәйкес болу заңдылығы:
мұғалім мен оқушының іс-әрекетін заманауи талаптарға сәйкес жоспарлауды,
ОТҚ нақты бір сабақтың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестікпен қолданауды
талап етеді.
Оқытудың заңдылықтары тұлғаның еркіне тәуелді емес, олар іс-әрекетті
ұйымдастыру барысында ескерілуі тиіс жағдайлар. Оқыту заңдылықтары арқылы
оқыту процесі іске асады. Оқыту заңдылықтарының ерекшелігі – мұғалімнің
(оқыту), оқушының іс-әрекеті (оқу) және білім мазмұны арасындағы тұрақты
тәуелділіктер. Оқыту оқушының белсенді іс-әрекеті және білім мазмұнының
мақсатты түрде ықпал етуі арқылы жүзеге асады. Мұғалім оқытудың
заңдылықтарынан дамитын оқытудың принциптерін басшылыққа ала отырып білім
берудің мазмұнын, әдістерін және ұйымдастыру формаларын таңдап, оқушыларды
жоғары нәтижелерге жеткізуі тиіс. Мұғалім оқытудың принциптерін дұрыс
таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса сабақ тиімді және нәтижелі болады.
Оқытудың принциптері көп жылдық тәжірибенің қортындыланған түрі және
қазіргі таңдағы мектептің жағдайларында оқыту процесінің өзіне тән
ерекшеліктерін ескеріп отырады. Оқыту принциптерін тұңғыш ұсынған Я.А.
Каменский адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен
адам тәуелді болатын заңдарға байланысты деп дәлелдейді. Сондықтан оның
пікірінше, оқытудық ең басты принципі – табиғатқа сай болу принципі. И.Г.
Песталоцци оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық
ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған. К.Д. Ушинский оқытудың
халықтық сипатына баса назар аударып, оқытудың принциптерін психологиялық
тұрғыдан қараған. Ы. Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі
білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану керектігін айтқан [4].
А.П. Пинкевич ұсынған принциптер: оқытудың өмірмен және қоғамдық
еңбекпен байланысы; жас ерекшелігі принципін сақтау; оқытудың белгілі бір
жас кезеңіндегі оқушылардың даму деңгейіне сәйкес болуы (оқушылардың күш
жігерін дамуға жұмсау, жұмыстың жүйелілігі, шығармашылық – қызығушылықтың
басты негізі); пән мазмұнының ерекшеліктерін, әдістерін анықтау [4].
Оқыту принциптері – оқыту үрдістерінің нақты заңдары мен
заңдылықтарының қозғалысын бейнелейтін және оның тұлғаны дамытуға
бағытталғанын анықтайтын негізгі дидактикалық ережелер, оқыту
принциптерінде оқу үрдісін құруға және оны басқаруға теориялық әдістер
айқын көрініс табады. Олар мұғалімдер мен оқушылар оқу үрдісін
ұйымдастыратын және оны оңтайландыру мүмкіндіктерін іздестіретін ұстаным
мен бағытты анықтайды [2].
Оқыту принциптерін білу оқу үрдісін оның заңдылықтарына сәйкес
ұйымдастыруға, оқу материалының мақсаттарын орынды анықтауға және мазмұнын
таңдап алуға, оқытудың түрлері мен әдістерінің мақсаттарына тиісті түрін
таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге олар оқушыға және оқытушыға оқу
үрдісінің кезеңділігін сақтауға, өзара қатынас пен бірлесіп қызмет атқаруға
мүмкіндік береді [2].
Қазіргі оқытуда саналылық, белсенділік, көрнекілік, жүйелілік ,
бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық, теория мен тәжірибе бірлігі,
оқытудың топтық және жеке түрлерін тиімді пайдалану сияқты принциптер
кеңінен қолданылады. Бұл принциптерге тоқталатын болсақ:
саналылық принципінің көмегімен заңдылықтарды, анықтамаларды, фактілерді
білу, өз ойын қорытындылап дұрыс жеткізе алу, алынған білімді өмірлік
жағдайларда қолдана білуді қамтамасыз етіледі. Саналылық принципі оқушының
сөйлеу тілін ойлаумен ұштастыра алуымен, туындаған сұрақтарға өз бетімен
жауап таба білумен сипатталады;
белсенділік принципі оқушылардың өздік жұмыстарды шығармашылықпен орындауын
, оқу материалын меңгеруде белсенді болуын, ойлау әрекетін белсендендіруін
болжайды. Белсенділік өз бетімен жұмыс істеу қабілетін, шығармашылық
ынтасын және сөйлеу тілін жетілдіру жолында үздіксіз жұмыс істеуін
қарастырады;
көрнекілік принципі заттар мен құбылыстар туралы өзіндік ойын, түсінігін
қалыптастыруға көмектеседі. Көрнекіліктің көмегімен оқушыларды нақты
өмірлік жағдайларға дайындайтын және тіл байлығын дамытуға ықпал ететін оқу
жағдаяттары жасалады. Көрнекілік принципі лингвистикалық (жаңа сөздерді,
контексті талқылау, синонимдер мен антонимдерді іріктеу) және
экстралингвистикалық (қимылдар, заттарды көрсету және қоршаған ортадағы
құбылыстарды бақылау) құралдары арқылы жүзеге асырылады;
жүйелілік принципі материалды меңгеруді қарастырады. Жүйелілік материалды
ұсынуды ұйымдастыру мен бірізділігінен көрінеді және оқытудың
түсініктілігін қамтамасыз етеді;
нәтижелердің беріктілігі принципі алынған білім оқушылардың санасында
сақталып қалуын талап етеді. Жақсы меңгеру үшін оқылатын материалға
қызығушылық тудыру қажет;
ғылымилық принципі білім мазмұнының оқушыларды ғылымның заманауи жағдайын
көрсететін нақты ғылыми фактілермен, теориялармен, заңдылықтармен
таныстыруды талап етеді. Бұл принцип оқу бағдарламалары мен оқулықтарда,
оқу материалын іріктеуде көрініс табады, сонымен қатар оқушыларды ғылыми
ізденіс әдістерінің элементтерін меңгеруге үйретеді;
оқытудың топтық және жеке түрлерін тиімді пайдалану принципі мұғалім
оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдерін қолдануына болатынын және
қолдануы тиіс екенін білдіреді. Оқыту сабақта, сонымен қатар оқушылардың
сабақтан тыс (саяхаттар, экскурсиялар, үйірмелер, қызығушылығына қарай
ұйымдастырылған ұйымдар) алуан түрлі іс-әрекеттері барысында жүзеге
асырылады.
Оқытудың бұл принциптері дидактиканың заманауи біртұтас, біріккен
жүйесін құрайды. Олардың бәрі бірігіп оқыту процесінің негізі сабақта
жүзеге асырылады.
Сабақ – бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты мектептегі оқу жұмысын
ұйымдастырудың негізгі түрі. Сабақ – бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты
оқушы топтарымен оқытуды ұйымдастыру формасы, тұрақты кесте және бәріне
ортақ оқыту бағдарламасымен сабақ өткізу. Бұл формада оқу-тәрбие процесінің
барлық компоненттері – мақсат, мазмұн, құралдары, әдістері, ұйымдастыру,
басқару қызметі және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады.
Сабақ арнаулы оқу кабинеттері мен зертханаларда, оқу шеберханалары мен
тәжірибе үлескілерінде өтеді. Тұрақты оқушылар құрамы, кесімді уақыт көлемі
(45 минут) және оқу кестесі бойынша жүреді. Сабақтың басты мақсаты –
мұғалімнің басшылығымен оқушыларға ғылым негіздерінен берілетін
мағлұматтарды саналы түрде игерту, алған білімді іс жүзінде қолдана білуге
дағдыландыру, іскерлікке үйрету, адамға қажетті қасиеттерді қалыптастыру
[5].
Біртұтас дидактикалық жүйе ретіндегі оқыту үрдісіндегі сабақтың мәні
мен мақсаты мұғалім мен оқушының ұжымдық-жекелей өзара қарым-қатынасына
алып келеді, соның нәтижесінде оқушылар білім, білік және дағдыны
иемденеді, олардың қабілеттері, қызмет тәжірибесі, араласуы мен
көзқарастары дамиды, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық шеберлігі
жетіледі. Сонымен, сабақ – бір жағынан, тұтастай алғанда оқытуды қозғаушы
форма түрінде, екінші жағынан, оқытудың заңдылықтары мен принциптерінен
туындайтын, мұғалімнің сабақты өткізуді ұйымдастыруына қойылатын негізгі
талаптарымен анықталатын оқытуды ұйымдастырудың формасы.
Сабақ ұғымына берілетін анықтамалардың алуан түрлілігіне қарамастан,
бұл түсініктің келесі ортақ белгілерін атауға болады:
Сабақ – мектептегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы,
өйткені сабақ барысында тұлғаның дамуына қатысты білім берудің барлық
мақсаттары орындала алады.
Сабақ – оқыту үрдісінің мазмұнын құрудың қарапайым түрі. Сондықтан сабақта
бұл үрдістің барлық компоненттері: мақсаттары, мазмұны, әдістері,
құралдары, ұйымдастыру мен басқаруға қажетті іс-әрекет және оның
дидактикалық элементтері болады.
Сабақ – оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту қызметін атқарады. Сабақтың
басты мақсаты аталған қызметтерді жүзеге асыру.
Дәстүрлі сабақтың мақсаты нені және қалай үйрету мәселесі болса,
қазіргі сабақ қашан, қай жерде, кімді және не үшін оқыту қажет екендігін
қарастырады. Оны шартты түрде жүйеден шығуды реттеу дейді. Бұл жолдың
ерекшелігі неде? Мәселе Не үшін оқытамыз? деген сұраққа жауап алудан
басталды. Бұл сұраққа жауап ретінде алынатын соңғы нәтижелер нақтыланады.
Ол нәтижелерге жеке пәндер бойынша меңгерген білім, білік және дағды емес,
өмірлік дағдылар жатады. Осыдан кейін қарастырылатын мәселе Оқушыны оқуға
қалай үйрету? деген сұрақпен байланысты. Демек, мұғалім, негізінен,
оқушыларға жүйеленіп өңделген оқу материалды дайын күйінде ұсынбайды,
оқушыны өздігінен ізденіп, өзіне қажет білімді іздестіруге керекті
дағдылармен (білік, тәсіл, т.б.) қаруландырады. Осындай ұстанымда
ұйымдастырылған оқу үрдісінің нәтижесінде оқушылар өмірге қажетті кең
ауқымды дағдыларды, құзырлықтарды меңгеріп шығады.
Мұғалім оларды басшылыққа ала отырып, сабақ беру барысында мектептің
күнделікті оқыту жағдайында шешілуі тиісті дидактикалық міндеттердің (білім
беру, тәрбиелеу, дамыту) жүйесі ретінде ұйымдастырады және осы міндеттерді
ұтымды сабақтастыра отырып, осы қызметтерге басшылық жасайды.
Сабақтың ең кең таралған түрі – дәстүрлі сабақ. Дәстүрлі сабақты
негізгі дидактикалық талаптар тұрғысынан, сонымен қатар қазіргі сабақты
өткізумен байланысты оның мәнінің өзгеруін қарастырайық (1-кесте):
Қазіргі сабақ дегеніміз – сол кезеңнің, сол уақыттың талаптарына,
деңгейіне сай сабақ. Заман талабына сай сабақ – тұлғаны заман талабына сай
бәсекеге қабілетті азамат етіп оқытуға бағытталуы тиіс. Сабақ әр жас тұлға
өмірінің бір бөлігі, сондықтан бала өмірінің бұл бөлігі жалпы адамзат
мәдениетінің жоғары деңгейінде өтуі тиіс. Сабақ баланың үйдегі өмірімен,
үйден тыс жерлерде өзінің достарының арасындағы өмірімен сабақтасып,
күнделікті өмірінің жалғасы болуы тиіс. Сондықтан қазіргі күннің оқушылары
қазіргі сабақ дегеніміз не? деген сұраққа:

1-кесте – Дәстүрлі сабақ пен қазіргі сабақтың өзіндік ерекшеліктері

Сабаққа қойылатын Дәстүрлі сабақ Қазіргі сабақ
талаптар
Мақсаты мен міндеттерді Оқушылар нені үйрену Білетіні және
хабарлау керек екенін мұғалім білмейтінін анықтау
хабарлайды арқылы оқушылар өздері
анықтайды
Сабақтың тақырыбын Мұғалім оқушыларға Оқушылар өздері
хабарлау хабарлайды қалыптастырады
Жоспарлау Мақсатқа жету үшін Белгіленген мақсатқа
оқушылар қандай жұмыс жетудің
істейтіндерін мұғалім жолдарын оқушылар
хабарлайды жоспарлайды
Оқушылардың практикалық Оқушылар практикалық Оқушылар оқуды
әрекеттері Жұмыстарды мұғалімнің белгіленген
басқаруымен орындайды жоспар бойынша жүзеге
(көбінесе іс-әрекетті асырады (жеке, топтық
ұйымдастырудың әдістер қолданылады)
фронталдық түрі
қолданылады)
Бақылауды жүзеге асыру Мұғалім оқушылардың Бақылауды оқушылар
практикалық жұмысты өздері жүзеге асырады
орындауларына бақылау (өзін-өзі бақылау,
жасайды бірін-бірі бақылау)
Түзетулерді жүзеге асыруМұғалім жұмыстың Оқушылар қиындықтарды
орындалу барысында өздері анықтайды және
түзетулер жасап отырады өздігінен жүзеге асырады
Оқушыларды бағалау Оқушылардың орындаған Оқушылар жұмыстарын
жұмыстарын мұғалім сабақнәтижесіне қарай
барысында бағалайды бағалайды (өзін-өзі
бағалау, сыныптастарының
жұмысын бағалау)
Сабақтың қорытындысы Мұғалім оқушылардың Рефлексия жүргізіледі
естерінде нені
сақтағандарын анықтайды
Үй тапсырмасы Мұғалім түсіндіріп Жеке мүмкіншіліктеріне
айтады (көбінесе барлық қарай мұғалім ұсынған
оқушыларға бір тапсырма тапсырмалардан оқушылар
беріледі) таңдап ала алады

Қазіргі сабақ – мұғалім жаңа материалды түсінікті де қарапайым
түсіндіретін сабақ.
Қазіргі сабақ – бұл қызықты жаңа мағлұматтардан тұратын жеңіл сабақ
және бұл сабақта мұғалім мен оқушы бір-бірімен еркін сөйлесіп, өзара қарым-
қатынас жасай алады.
Қазіргі сабақ – бұл бір істелген жұмыс қайталана бермейтін,
түрлендірілген сабақ.
Қазіргі сабақ – оқушының айтқан кез келген ойы, ұсынысы тыңдалатын
және адам адам болуға үйренетін сабақ.
Қазіргі сабақ – өзіңді еркін сезінетін сабақ – деп жауап берері
сөзсіз. Білімнің сапалы, жоғары деңгейде болуы сабаққа байланысты,
сондықтан сабаққа қойылатын талаптар да заман талабына сай өзгеруде.
Сабаққа қойылатын негізгі талаптар дегеніміз оқытудың жалпы білім беру,
тәрбиелеу және дамыту қызметтерін сапалы жүзеге асыруға қажетті қағидалар
болып табылады. Бұл қызметтер әрбір сабақта белгілі бір дәрежеде жүзеге
асырылады. Мұғалімнің жұмысында ең бастысы сабақтың білім беру, тәрбиелеу
және дамыту міндеттерін шебер үйлестіре отырып осы қызметтерді басқару.
Сабақтың тиімділігін арттыруды жүзеге асыру үшін қазіргі заманғы сабаққа
қойылатын талаптарды сақтау керек. Талаптарды келесі топтарға бөлуге
болады:
Әрбір сабақ сабақтың білім беру, дамыту және тәрбиелеу мақсатының бірлігін
сақтау және оқыту процесінің маңызды заңдылықтарын жүзеге асыруға ықпал
етуі тиіс.
Сабақта белгілі бір тақырыпты баяндай отырып, оқушылардың ойлау,
қорытынды шығару қабілетінің дамуына ықпал ету, олардың қоршаған ортаға
көзқарасын, заман талабына сай қатынасын, сол қатынастар негізінде мінез-
құлық дағдысын қалыптастыру, тәрбиелеу қажет. Оқушылардың қоршаған ортадағы
(көпшілік орындардағы мәдениеттілік, жүктелген тапсырманы орындаудағы
жауапкершілік, оларды орындау барысындағы қиындықтарды жеңе білу) тұлғалық
мінез-құлқының, тұлғалық қасиеттің қалыптасуына, айқындалуына ұмтылу қажет.
Әр пәндерден өтілетін сабақ дидактиканың барлық принциптеріне сай болуы,
оқытудың ғылыммен және өмірмен байланысына жауап беруі тиіс.
Кез-келген сабақ оқу процесінің бір бөлігі болғандықтан, сабақты
өмірмен, өмірде кездесетін жағдайлармен байланыстыра білу, оқушылардың оқу
процесіде алған теориялық білімдерін өмірлік тәжірибеде қолдана білу
дағдыларын қалыптастыруы тиіс.
Әрбір сабақ, ең алдымен, сабақтың тақырыбымен жиі ауыстырылатын анық
дидактикалық мақсатпен сипатталуы керек.
Бір тақырып бірнеше сабақ өткізілуі мүмкін, осындай жағдайда бұл
тақырыптың әр сабағының нақты дидактикалық мақсаты болуы тиіс. Оқушыларды
ойлаудың түрлерімен (жіктеу, оқулықтан немесе берілген мәтіннен тапсырмаға
сәйкес мағлұматты көшіру, іріктеу, қорытындылау және т.б.) қаруландыру,
алған білімін өмірмен байланыстыра, өмірлік тәжірибеде қолдана білуге
дағдыландыру, тақырыптағы нақты деректермен таныстыру, өзбетінше қорытынды
жасау, тұжырымдама шығару дағдыларын қалыптастыру және басқа да мақсаттар
болуы тиіс.
Мұғалім күнделікті сабаққа дайындалу барысында қойылған мақсатқа
байланысты сабақтың құрылымын, оқу материалының мазмұнын, сабақта
қолданылатын әдіс-тәсілдерді, құралдарды, сабақтың әр кезеңін анықтап,
жоспарлауы керек. Әр сабаққа нақты мақсат қойылмаған жағдайда, олар бір-
біріне ұқсас, біржақты болуы мүмкін, ал бұл оқушылардың тақырыпты оқуға
қызығушылығының жойылуына әсер етеді.
Оқушылардың танымдық қызметін жандандыру мақсатында сабақтың әр кезеңінде
әдіс-тәсіл түрлерін қолдану қажет.
Сабақтың бір кезеңіне көп тоқталу, (мысалы, жаңа тақырыпты түсіндіру)
оқушылардың тыңдау ынтасының, қызығушылығының жойылуына әсер етеді. Сол
себепті әр сабақта және сабақтың әр кезеңінде оқушылардың сезім мүшелеріне
әсер ететін, танымдық қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдерді, іс-әрекет
түрлерін тиімді өзгертуге ұмтылу керек. Мұғалім сабаққа дайындалуы кезінде
сабақтың қай кезеңінде қандай әдіс-тәсіл және құрал түрлерін пайдаланатынын
ойластыруы қажет. Іс-әрекет түрлерін ауыстыруда оқушылардың жас
ерекшеліктері, сыныптың ерекшеліктері ескерілуі міндетті, сыныптағы
оқушылардың барлығы бірдей сабақтағы іс-әрекеттің бір түрінен екіншісіне
бірден ауыса алмайтынын ескеру қажет.
Қазіргі сабаққа қойылатын талаптардың келесі түрі – оның эмоционалдығы. Ол
оқушыларды сабақтағы маңызды қызмет – жаңа білімнің меңгерулеріне ықпал
етеді. Ол сырттай, яғни мұғалімнің дауыс ырғағынан, қол сілтеуінен,
қозғалысынан байқалуы мүмкін.
Оқушылар сергек болуы үшін сабақ эмоционалды болуы тиіс, бұл олардың
белсенділігін, қызығушылығын арттыруға көмектеседі. Сабақта әртүрлі
проблемалық жағдайларды пайдалану да эмоционалды жағдай жасайды,
оқушылардың танымдық қызметін арттырады.
6. Әр сабақта оқушылардың білімдерін есепке алу жүргізілуі керек.
Сабақта тұрақты кері байланыс болған жағдайда оқыту үдерісінің
тиімділігі артады. Мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру деңгейін
сабақтың әрбір кезеңінде біліп отыруы тиіс, себебі осы деңгейдің үздіксіз
өсіп отыруына жағдай туғызуға ұмтылуы керек. Сабақ барысында мұғалім барлық
оқушылардан сұрауға мүмкіндігі болмайтындықтан, алынған білімді бақылаудың
түрлерін пайдалануға болады. Бақылаудың түрлері: жазбаша тапсырмалар,
тесттер, сұрақтарға жазбаша жауап беру т.б., бұл мақсатты жүзеге асыру үшін
(егер мүмкіндік болса) әртүрлі компьютерлік бағдарламаларды пайдалануға
болады, себебі олар білімді тексерудің нәтижесін бірден алуға, көруге
мүмкіндік береді. Оқушының сабақта меңгерген білімін бағалау үшін, ең
бастысы мұғалімнің байқағыштық қасиеті керек.
Кез келген пәннің әрбір сабағы өзінің ұйымдастырушылық заңдылықтарымен,
жетістіктерімен ерекшеленуі керек.
Әрбір өткен сабақ мұғалім мен оқушыға алға басушылық сезімін туғызуы,
меңгерілген білім көлемінің өсуін және сапасын қамтамасыз етуі керек.
Білім, білік және дағдының өсуі қанағаттану сезімін туғызады, сонымен бірге
оқушының оқуға деген белсенді көзқарасына ықпал етеді. Әрбір сабақ оқыту
үдерісінің аяқталған бөлігі болуы тиіс.
8. Әр сабақта жүйелі қайталаудың элементтері болуы тиіс.
Жаңа тақырып алдында оқылған, меңгерілген материал, яғни қайталау
тұрғысынан қарастырылуы керек. Мұғалім жаңа материалды баяндағанда оны
алдыңғы өткен тақырыппен байланыстырып, оған сүйенуі керек. Бірақ өтілген
оқу материалын қайталаудың барлығы бірдей тиімді бола бермейтінін де ескеру
қажет және қайталау өткенді жаттап алып айтуға алып келмеуі тиіс.
Әрбір сабақ техникалық жағынан сәйкес, ыңғайлы жабдықтармен және
дидактикалық қамтамасыз етілуі керек.
Оқушының танымдық әрекеті эмоционалдық қабылдауынан басталады.
Сондықтан, мұғалімнің сабаққа дайындалу барысында тақырыпқа сәйкес көрнекі,
дидактикалық құралдарды ойластырып және дайындауы тиіс, ал олардың
тиімділігі оқытудың нәтижесінен көрінеді. Көрнекілікті орынды және тиімді
пайдалану қажет.
10.Кез келген пәннің әр сабағы өткен және алда өтетін оқу материалымен
байланысты болуы тиіс.
Кез келген сабақ бұрын өткен немесе болашақта өтілетін сабақтардан
ерекшелендіріліп қарастырылмауы керек, ол пән сабақтарының жалпы жүйесінің
бір буыны болуы керек. Мұғалім өз пәнінен сабаққа дайындалу барысында өткен
сабақты жақсы елестетіп, жаңа материалды мүмкіндігінше оқылған материалмен
байланыстыруы, сонымен қатар алдағы сабақтың құрылымы мен мазмұнын ескеруге
тырысуы тиіс. Бұл әсіресе еңбек жолын енді бастаған жас мамандар үшін
маңызды. Мұғалім кез келген сабақта оқушылардың білімін қалыптастыра
отырып, алдыңғы (келесі) сабаққа негіз қалауға міндетті.
11. Сабақтың барлық уақытын барынша табысты, тиімді пайдалану керек.
Мұғалім сабаққа дайындалғанда 45 минутта істелетін жұмыстарды
ұйымдастыру жолдарын жоспарлауы тиіс. Сыныптың бір де бір оқушысы мұғалім
назарынан тыс қалмай, оқу материалына сәйкес тапсырмалармен жеткілікті
мөлшерде қамтамасыз етілуін қарастыруы тиіс. Сабақта қолданылатын
техникалық және көрнекі құралдарды алдын-ала дайындап, тексеруі тиіс.
Сабақтың дәстүрлік құрылымын (сұрау, түсіндіру, бекіту) ұстанғанның
өзінде де жұмыстың бір түрінен келесісіне ауысқанда уақытты жоғалтуға алып
келеді. Сондықтан жұмыстың бір түрінен екіншісіне көшуді оқушылар байқамай,
елемей қалатындай етіп ойластыру керек.
Сабақ барысында оқушылардың тәртіп бұзушылық, сабаққа кешігу, сабақты
босату себептерін анықтауға уақыт жібермеуге тырысу қажет, бұл туралы
үзіліс кезінде немесе сабақтан кейін әңгімелесуге болады. Ауызша жауап
бергенде оқушыларды орындарынан тұрғызбауға да болады, себебі бұл сабақ
уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.
12. Оқушылардың бүкіл сабақ бойы оқуын – еңбек тәртібін қамтамасыз
ету.
Алдыңғы айтылған талаптарды орындалған жағдайда сабақтағы тәртіп те
белгілі бір деңгейде қамтамасыз етіледі. Мұғалім сабақтағы оқу еңбегі
кезіндегі тәртіпті қамтамасыз етуі керек. Сабақтағы тәртіп оқушының оқу,
білімді меңгеру ынтасына ықпал етеді, сондықтан сынып ұжымында тәртіп
бұзушылыққа жол бермеу қажет.
13. Талаптардың келесі түрі сабақ құрылымының икемді болуы.
Мұғалім сабақтың құрылымын, нақты мақсатын ойластырды делік, бірақ
сабақ жоспар бойынша өтпеген жағдай болса, оқытушы сабақтың құрылымын
өзгерте, қосымша тәсілдер пайдалана, қажетті нақтылаулар енгізе білуі
қажет. Тағы бір ескеретін жағдай сабаққа дайындалғанмен, бірақ ол ешқашан
репетицияланбауы тиіс.
Қазіргі сабақ қойылатын талаптардың бірі – сабақтың кәсіби бағыттылығы және
алған білімін өмірде қолдана білу құзыреттілігі.
Әрбір сабақтың кәсіби бағыттылығы болуы керек, бірақ ол оқу пәніне
тәуелді болмайды. Оқу материалының мазмұнын мамандықтардың бір түрімен және
болашақтағы өмірмен байланыстыра білу маңызды.
15. Үй тапсырмасының орындалуы, оны тексеру және бағалау.
Үйге берілетін тапсырманы сынып оқушыларының барлығы орындай алатынына
мұғалім сенімді болуы керек. Үйде орындауға берілген тапсырма өте қиын да
болуы мүмкін, бірақ кез-келген жағдайда мұғалім үй тапсырмасының мәні неде
екенін, мақсатын, оны орындауда қолданылатын негізгі ережелерді қайдан
оқуға болатынын, орындалу тәртібін түсіндіруге міндетті.
Оқушылар орындаған кез келген үй тапсырмасы міндетті түрде тексерілуі,
талдануы керек, бағалану жағдайы да қарастырылады. Үй тапсырмасына көңіл
аударылмаса оқушылардың өзбетінше білуге, үйренуге деген танымдық
қызығушылығы жойылады.
Сабақта қолайлы моральды-психологиялық және санитарлық-гигиеналық
жағдайлардың жасалуы.
Бұл жағдайлар жоғарыда аталған сабаққа қойылатын талаптардың
орындалуымен айқындалады. Кез келген пән сабағында мұғалім мен оқушылардың,
сыныптас оқушылардың арасында сыйластық, түсінушілік қатынас орнату керек.
Оқушылардың психофизиологиялық жас ерекшеліктерін, сонымен қатар сынып
бөлмесінің, жалпы мектептің санитарлық-гигиеналық жағдайын да ескеру
міндетті.
Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар жоғарыда аталған талаптармен
шектелмейді. Әрине, мұғалімнен әр сабақ сайын олардың барлығын орындауын
талап етуге болмайды. Бірақ мұғалім бұл талаптарды білуге міндетті, өйткені
ол сабақтың сапасына, тиімділігіне әсер етеді.
Сабақтың сапалы, тиімді, табысты өтуі және қойылған мақсаттарға жетуі
мұғалім мен оқушының бірлесіп орындаған шығармашылықтарынан көрінеді.
Мұғалімнің жұмысының мақсаты оқушылардың белсенді, саналы, танымды қызметін
басқару болып саналады. Мұғалім оқушыларға бірте-бірте күрделі талаптар қоя
отырып, оқушының танымдық ойының даму қозғалысын қамтамасыз етеді. Мұғалім
оқытудың табысты өтуіне жағдай жасайды. Яғни, қойылған талаптарға сәйкес
мазмұн таңдайды, оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі түрлерін қолданады; соның
көмегімен оқушының қызметіне айналатындай әртүлі әдістерді пайдаланады.

1.2 Заманауи сабақты жобалаудың құрылымы

Сабақ оқытудың ұйымдастырылған түрі ретінде – динамикалық құбылыс. Ол
педагогикалық үдерістің негізгі даму тенденцияларын оның біртұтастығы
бағытында бейнелей отырып, ұдайы дамиды. Бәрінен бұрын ол оқытудың үш
бірлік (білім беру, тәрбие, даму) қызметін тиімді іске асыруда көрінеді,
олай болса, оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағытталғандығымен
көрінеді.
Қазіргі педагогика ғылымында заманның талабына сай жаңартуды қажет
ететін негізгі мәселелерінің бірі – сабақтың түрлері. Сабақтарды негізгі
дидактикалық мақсаттарға (жаңа білімді беру, игерілген білім мен дағдыны
пысықтау, қайталау, білімді тексеру) немесе оқу үрдісінің негізгі
деңгейлеріне қарай топтаумен қатар сабақтар оларды өткізумен және
ұйымдастыру әдістеріне қарай топталатыны белгілі.
Сабақтардың негізгі міндетіне сәйкес сабақтардың негізгі түрлері бар.
Мысалы, жаңа материалды оқып-үйрену сабақтары, тәжірибелік шеберліктер мен
дағдыларды қалыптастыру, қайталау және қорыту сабақтары, оқушылардың
білімдерін, шеберліктері мен дағдыларын тексеру сабақтары және т.б.
2-кестеде басты дидактикалық мақсаттар мен олардың жалпы жүйесінде
сабақтың алатын орнының негізінде сабақтың бес типі көрсетілген [6].

2-кесте – Сабақтар классификациясы

Сабақтың мазмұны Сабақтың құрылымы
1 2
1. Жаңа білімді меңгеру сабағы
Оқушыларға жаңа материалды – ұйымдастыру кезеңі;
беру – білімді тиянақтау;
– жаңа білімді қалыптастыру;
– алғашқы түсінікті негіздеу;
– сабақты қорытындылау;
– үй жұмысын беру
2. Білік пен дағдыны қалыптастыру сабағы
Алынған білімді ұғыну, білік- ұйымдастыру кезеңі;
пен дағдыны негіздеу, – теориялық білімді еске түсіру;
игерілген білімді қолдану – ауызша және жазбаша тапсырмаларды,
практикалық жұмыстарды орындау;
– орындалған жұмыстарды тексеру;
– сабақты қорытындылау, үй жұмысын беру
3. Құрамдастыру сабағы
Жаңа материал, алынған – ұйымдастыру кезеңі;
білімді алғашқы ұғыну, – үй жұмысын тексеру;
білік пен дағдыны алғашқы – жаңа білімді қалыптастыру;
қалыптастыру, оларды – білімді тиянақтау және тапсырмаларды
дәлелдеп түзету орындау;
– игерілген білім, білік пен дағдыны
негіздеу;
– сабақты қорытындылау, үй жұмысын беру

2-кестенің жалғасы

1 2
4. Жалпылау және жүйелеу сабағы
Негізгі сұрақтар мен – ұйымдастыру кезеңі;
бағдарламаның тақырыптары – мұғалімнің кіріспе сөзі;
бойынша оқу материалын ірі – ауызша және жазбаша тапсырмаларды орындау;
топтама бойынша жүйелеу және- сабақты қорытындылау, үй жұмысын беру
қайталау, меңгерілген
тақырыптардың (тақырыптың)
немесе курстың маңызды
жақтарын ашу

5. Бақылау сабағы
Оқушының білім жетістігін – ұйымдастыру кезеңі;
Бағалау – тапсырмаларды орындау;
– сабақты қорытындылау, үй жұмысын беру

Сабақ құрылымы – бұл оқыту барысында пайда болатын сабақ элементтерінің
арасындағы әртүрлі байланыстар жиынтығы және осы сабақтың қызметін
қамтамасыз етеді.
Ғылыми ақпарат көлемінің зор болуы мен оқыту уақытының шектелгендігін
қазіргі кезде сабаққа деген ең басты талаптардың бірі мазмұнды беру мен
оқытудың әдістерін анықтау болып табылады. Бұл талап әрбір сабаққа қатысты.
Сабақ құрылымының тиімділігін мыналар қамтамасыз етеді:
– оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін кешенді түрде жоспарлау;
– сабақ құрылымының негізгі мен маңыздысын ажырату;
– материалдың реті мен көлемін және қайталауға, жаңа материалды игеруге,
пысықтауға, үй жұмысына жіберілетін уақытты тиімді анықтау;
– оқытудың ең тиімді әдістерін, тәсілдерін және құралдарын таңдау;
– саралау және жеке тұлғалық тәсіл;
– оқытудың қажетті оқу-материалды жағдайларын жасау.
Қазіргі кездегі оқытудың моделінде сабақ құрылымы келесі функцияларды
атқарады:
– жаңа материалды игеру сабағының құрылымы;
білім, білік және дағдыны негіздеу мен дамыту сабағының құрылымы;
– қайталау сабағының құрылымы;
– оқушының оқу жетістігін анықтау сабағының құрылымы;
білім, білік және дағдыны қолдану сабағының құрылымы;
– қайталау және жалпылау сабағының құрылымы.
Оқыту процесін жеделдету мен оңтайландыру сабақтың тиімді құрылымын
практикаға енгізуді ұйғарады. Сабақтың құрылымын талдаудан қорытынды шығара
отырып, аралас сабақты құрылымдауды келтірейік (3-кесте).

3-кесте – Аралас сабақты құрылымдау
Білімдік мақсаттар Орындау әдістері мен тәсілдері
1 2
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, сабаққа дайындықты Кезекшінің есебі, сабаққа келмеген
тексеру, зейінді сабаққа бағыттау оқушыларды белгілеу
3-кестенің жалғасы
1 2
Үй тапсырмасының орындалуын тексеру
Үй тапсырмасының дұрыс және толықТест тапсырмалары, қосымша
орындалуын, түсініктілігін анықтау; сұрақтар, әртүрлі деңгейдегі
тексеру барысында анықталған тапсырмалар
кемшіліктерді жою
Оқушыларды негізгі кезеңде жұмыс істеуге дайындау
Уәждемені қамтамасыз ету, баламен Ойлау әрекетінің технологиялық
жеке жұмыс атқару тәжірибесін картасын қолдану арқылы проблемалық
маңыздандыру тапсырма және жаңа ой тудыратын
сұрақ ретінде сабақтың тақырыбы мен
мақсатын хабарлау.
Жаңа білім мен тәсілдерді меңгеру кезеңі
– игерілетін материалды қабылдауды, -анықтамамен жұмыс;
ой желегінен өткізуді және есте – ұқсас жағдайларды қолдану;
сақтауды қамтамасыз ету; – негізгі материалды бір мезгілде сөз
– нақты таңдауға жетуге жағдай және белгілер түрінде ұсыну, игерілген
жасайтын тәсілдерді қабылдауға ықпал материалды салыстырмалы және жіктелген
ету кестелер түрінде ұсыну, оқытудың
әңгіме, баяндама, хабарлама,
модульдық оқыту, компьютерлік
оқулықты қолдану, проблемалық
оқыту, ұжымдық оқыту,
құрылымдық-логикалық сызба құрастыру
түрлерін қолдану
Жаңа материалды қабылдау бойынша алғашқы тексеру
Жаңа материалды қабылдауын анықтау, Тірек мәтін, жаңа материал бойынша
кемшіліктерді көрсету және оларды жоюоқушылардың өз сұрақтары мен
бойынша жұмысын жүргізу мысалдарын дайындауы
Жаңа білім мен қызмет тәсілдерін пысықтау кезеңі
Пысықтау барысында жаңа материалды Ұқсас тапсырмаларды қолдану,
түсіну мен ой елегінен өткізу сұрақ-жауап арқылы сөйлесу,
деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз ету Оқушылардың өз тапсырмаларын
құрастыруы
Білімді және қызмет тәсілдерін қолдану
Білімнің және іс-әрекет Әртүрлі деңгейдегі өздік жұмыстары,
тәсілдерінің меңгерілуін олардың іскерлік ойындар, оқу жағдаяттары,
әртүрлі жағдаяттарда қолдануын топтық жұмыс, пікір талас
қамтамасыз ету
Қорытындылау және жүйеге келтіру
Оқушылардың негізгі білімдерінің жаңа материалдың сызбасы,
біртұтас жүйесін қалыптастыруды тақырып, тақырыптың тапсырмаларын
қамтамасыз ету, пәнішілік және құрастыру
пәнаралық байланысты қамтамасыз ету
Білім мен қызмет тәсілдерін бақылау және өзін-өзі бақылау
Білім мен қызмет тәсілдерін меңгеру Әртүрлі деңгейдегі өздік және
деңгейі мен сапасын анықтау бақылау жұмыстары, тест
тапсырмалары, нақты ерекшеліктерді
анықтауға арналған тапсырмалар, бір
тапсырманы орындаудың бірнеше жолдары,
қарама-қайшы деректері бар тапсырмалар
(бағалау қабілеттері)
Үй тапсырмасы туралы ақпарат
Оқушылардың жаңа материалдың мақсаты Үй тапсырмасын беруде үш деңгейді
мен мазмұнын және үй тапсырмасын (стандартты минимум, жоғары,
орындау тәсілдерін түсінуін шығармашылық) ескеру
қамтамасыз ету
3-кестенің жалғасы
1 2
Сабақты қорытындылау
Сыныптың және Мұғалімнің сабақты қорытындылау
жекелеген оқушылардың бойынша хабарлауы, қорытындыны
жұмысына баға беру оқушылардың өздерінің жасауы
Рефлексия
Оқушылардың Жеделхат, аяқталмаған сөйлем,
психологиялық-эмоционалдық координаттар арқылы қорытынды шығару
жағдайларына байланысты рефлексия
жасауы, өздігінен жұмысты орындауға,
мұғаліммен және сыныптастарымен
қарым-қатынасқа ынталандыру

Сабаққа шығармашылықпен қарайтын мұғалім ең алдымен сабақтың
дидактикалық мақсаты мен оқу материалының мазмұнына сәйкес сабақтың алуан
түрлерін алма-кезек ауыстырып өткізеді.
Біртұтас дидактикалық жүйенің оқыту үдерісіндегі сабақтың мәні мен
мақсаты мұғалім мен оқушының ұжымдық-жекелей өзара қарым-қатынасына алып
келеді. Осының нәтижесінде оқушылардың білім, білік және дағдысы
қалыптасады, олардың қабілеттері мен қызмет тәжірибесі, көзқарастары
дамиды, мұғалімнің педагогикалық шеберлігі жетіледі.
Сабақ, бір жағынан, тұтастай алғанда оқытуды қозғаушы форма түрінде,
екінші жағынан, оқытудың заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын,
мұғалімнің сабақты өткізуді ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптарымен
анықталатын оқытуды ұйымдастыру формасы түрінде анықталады. Мұғалім осы
талаптарды басшылыққа ала отырып, сабақты оқыту үдерісінде оқушылардың
тұрақты құрамымен мектептің күнделікті нақты жағдайында шешілуге тиісті
дидактикалық міндеттердің (білім беру, тәрбие, даму) жүйесі ретінде
дайындайды.
Педагогикалық үдерісті ұйымдастыру формасы ретіндегі сабақтың
артықшылықтары оның фронтальды, топтық және жекелей жұмыстарды
сабақтастырудағы мүмкіндігінің молдығында; мұғалімге материалды жүйелі және
ретімен түсіндіруге, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуын басқаруға
және ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушылардың
басқа да қызмет түрлерін, соның ішінде сыныптан тыс және үй тапсырмаларын
атқаруын ынталандырады; оқушылар сабақта тек білім, білік және дағды
жүйесін ғана емес, сонымен қатар танымдық қызмет әдістерінің өзін де
иемденеді; сабақ педагогикалық қызметтің мазмұны мен әдістері арқылы
тәрбиелік міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік береді [7].
Мұғалім сабақ оқыту кезінде бірнеше міндет қояды. Атап айтқанда,
оқушыларға жаңа білім беру, олардың ойлауы мен танымдық қабілетін дамыту,
ғылыми көзқарасын қалыптастыру, қызметіндегі шеберліктер мен дағдыларды
қалыптастыру, бұрын өтілген материалды қайталау, оқушылардың үлгерімін
анықтау және тәрбиелік жұмыстардың сипатын байқау. Сабақта осылардың біреуі
міндет болуы мүмкін.
Оқушылардың сабақтағы жұмысын ұтымды үйлестіру мен ойлау қабілетін
есепке алу бірімен-бірі қатар жүргізіліп отыруы тиіс. Үйлестіру мен есепке
алудың бірізділігі сабақтың құрылымын анықтайды. Мектептерде ұзақ уақыт
бойы сабақтың төрт элементті (үй тапсырмасын сұрау, жаңа материалды үйрету
және оны бекіту, соңында үйге тапсырма беру) құрылымы қалыптасқан. Мұндай
типтегі сабақтардың өзіндік кемшіліктері анықталған. Шынында, мұндай
сабақтарда уақыттың көбі оқушылардың білімін тексеруге, бір бөлігі –
мұғалімнің жаңа материалды баяндауына кетеді де, оқушылардың өз білімдерін
іс жүзінде қолданып жаттығулар орындауына уақыт аз қалады. Оның үстіне
оқушылардың зейіні мен жұмыс істеу қабілетінің ең өнімді кезеңі сабақтың
алғашқы 20 -25 минут мөлшерінде өтеді. Ал нақ осы уақыт үй тапсырмасын
сұрауға дәл келеді де, жаңа материал оқушылардың жұмыс қабілеті төмендеген
кезде беріледі. Сондықтан сабақ құрылымының неғұрлым тиімді жолдарын
қарастыру керек.
Мұғалімнің сабаққа дайындығы өзара байланысқан екі кезеңнен
қалыптасады: тақырыптар бойынша сабақтар жүйесін жоспарлау және осы
жоспарлауды әр сабақта жүзеге асыру.
Тақырыптық жоспарлау сабақ жүйесінде оқу-тәрбие үдерісін және тақырып
бойынша сабақтан тыс немесе оқу бағдарламасының білім беру, дамыту және
тәрбиелеу қызметінің тиімді жолдарын анықтап жүзеге асыруға арналған.
Тақырыптық жоспарлаудың табысты болуы мұғалімнің оқушылар нені дұрыс
түсініп, немен танысып, нені біліп, не істеу керектігін және т.б. сезінуіне
байланысты. Сондықтан тақырыпты жоспарлау мұғалімнің пән бойынша оқу
бағдарламасын, оқу стандарттарын, оқушыларды тәрбиелеу және дамыту
мақсатында тақырып бойынша дидактикалық есептердің шешімін дұрыс тандауынан
басталады.
Тақырыптық жоспарда сабақтың жүйелілігі, негізгі тараулары және сабақта
орындалатын жұмыс түрлері, пәнаралық байланысы мен әр сабақты
көрнекіліктермен қамтамасыз ету қажеттілігі көрсетіледі және тақырыптық
жоспарлар үлгі ретінде беріледі.
Жоспарлау кезеңі мұғалімнің қызметінде қандай талаптарды шешуі
керектігіне байланысты стратегиялық, тактикалық және күнтізбелік,
тақырыптық немесе сабақ жоспарларын жасаумен анықталады. Жоспарлауды,
конспект-жоспарларды немесе конспектілерді жасау педагогтің тәжірибелігін
және шеберлік деңгейін анықтайды және ұзақ жұмысты талап етеді. Ол:
оқушының бастапқы дайындық деңгейін талдауды, оқыту мүмкіндіктерін
әдістемелік қамтамасыз ету және материалдық базасының жағдайын, өзінің жеке
кәсіби мүмкіндігін, сыныптың ұжым ретінде қалыптасуын және сабақтың
дидактикалық мақсатына сәйкес нақты білім беру, тәрбие және дамыту
талаптарын анықтауды, мазмұнды таңдау, сабақтағы нақты жұмыс түрін, өзінің
және оқушылардың қызметін жүргізу әдістері мен түрлерін ойластыру;
нәтижелерге жетудегі кездесетін қиындықтарды болжау; көрнекілік пен
техникалық оқыту жабдықтарын, тарату материалдарын пайдалану тәсілдері мен
орнын анықтауды; өздігінен жұмыстың мазмұны мен оны ұйымдастыруды
ойластыруды; оқушылардың белсенділігін арттыру тәсілдерін, үй
тапсырмаларының түрлерін жинақтайды.
Оқушылардың қызметін ұйымдастыру оқушылардың алдына оқу міндеттерін
қоюдан және оны орындауға қолайлы жағдай туғызудан тұрады. Бұл ретте
нұсқаулық қызметтерін бөлу, алгоритмдерді ұсыну және басқа да тәсілдер
қолданылады. Қазіргі дидактика танымдық міндеттердің келесі ережелерін
ұсынады:
танымдық міндет білім жүйесі мен мазмұн логикасы сақталуы үшін мәндік
мазмұннан шығуы керек;
міндеттерді орындауға нақты жағдай жасалуы үшін оқушының даярлығы мен даму
деңгейі ескерілуі қажет;
талап өзіне ойды, елестетуді, шығармашыл принциптерді дамытуға қажетті
ақпаратты жинақтауы керек;
– оқушының пәндік қызметін атқаруға оң мотивация жасауы қажет;
оқушыларды тапсырманы орындауға үйрету, оларды әуелі мұғаліммен, сонан соң
ұжымдық жұмыста, бірте-бірте өздігінен жеке қызмет жоспарына көшіре отырып,
қажетті тәсілдермен қаруландыру керек.
Сабақ беру оқыту үдерісін үздіксіз ағымдағы бақылау негізінде реттеуді
және тиянақтауды көздейді, яғни оқушының оқуы жөнінде және жеке қызметінің
әдістері мен тәсілдерінің тиімділігі жөнінде ақпарат алу. Қарапайым
бақылау, жазбаша және ауызша сұрақ, сыныппен және өздігінен үй … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз