Ыстық сумен қамту жүйелері | Скачать Курстық жұмыс
Кіріспе
Кез келген тағайындау бойынша ғимаратты және жеке объектілерді сумен қамту жүйелері тұтынушыларды белгіленген сапада,қажетті мөлшерде және қажетті қарқында сумен қамтамасыз етуі қажет. Ғимаратты және жеке объектілерді сумен қамту сыртқы су құбырларының желісі (елді мекендер,кәсіпорын)немесе жеке жергілікті (жер асты немесе жер беті) сумен қамту көздері көмегімен жүзеге асады.
Ыстық сумен қамту — бұл жыл сайынғы жылу күшінің бір түрі.
Ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесі келесілерден тұрады: ыстық су дайындаудың қайнар көзінен; құбырлардан (осы арқылы бастаудан су тұтынушылар қолданатын құралдарға барып түседі); параметрлерін реттейтін құрылғылар және жылутасуыштың шығынын бақылайтын құрылғы.
Ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесі қайнар көзінің орналасқан жеріне байланысты 2 — ге бөлінеді: орталықтанбаған және орталықтанған.
Тұтынушылардың қолдану мақсатына қарай ЫСҚЖ: тұрғын үйлік, қоғамдық ғимараттардағы және өнеркәсіптік болып бөлінеді.
Жылу пунктінен су бөлетін құралдарға дейін құбыр тару әдісі бойынша жергілікті жүйелер ыстық суды: жоғары және төмен жақпен тарату, тұйықталған және тұйықталмаған деп ажыратылады.
ЫСҚЖ — дегі ыстық судың айналуына байланысты: табиғи және күштеп айналдыру жүйелері бөлінеді.
ЫС шоғырлану орнына байланысты жүйелер: жеке шоғырлану (Жергілікті жылу пунктерде (ЖЖП)), топтық шоғырлану (Орталық жылу пунктерінде (ОЖП)) немесе жылу көзінің орталықтанған шоғырлануы.
Орталықанған ЫСҚ сыртқы жылы су желілері арқылы жүзеге асады және екі түрі болады: жылумен қамтамасыз ететін жылытқыштардың жабық жүйелерінде құбырлық судың жылуы; жылумен қамтамасыз ететудің ашық жүйелерінде тікелей су бөлулермен.
1 Ыстық сумен қамту жүйелері
1.1 Ыстық сумен қамту жүйелерінің сипаттамалары мен топтастыруы
Заманның талабы — адамның күнделікті өміріне жайлы жағдай жасау. Соның бір бағыты тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарында ыстық сумен қамту жүйелерін қарастыру, сондықтан бұл мәселе игерілуіне көп көңіл бөлінуде. Осыған байланысты қалалар мен қоныстанған елді мекендердің жылумен қамту жүйелерінің жылу жүктемелері көбейеді. Қазіргі уақытта тұрғын, мәдени және өнеркәсіптік ғимараттарды ыстық сумен қамтудың үлесіне жылу энергиясының жалпы шығынының 4060%-ы тиеді, ал жаңа құрылыс аудандарында 60%-дан жоғары.
Қазақстан Республикасының тұрғын-коммуналдық щаруашылығының даму жоспары бойынша ЖЭО мен аудандық қазандықтардағы орталықтандырылған ыстық су дайындауды оның барлық қажеттілігінің 90%-на дейін жеткізу көзделуде.
Ыстық судың температурасы санитарлы-гигиеналық талаптармен негізделеді. Төменгі шек ретінде көптеген ауру тасығыш бактериялар жоятын пастеризация температурасы деп аталатын мəн қабылданады, ол 60°С-қа тең; ал жоғарғы шек ретінде тұтынушыларды күйіп қалудан сақтау мақсатында 75°С температура алынады. Бірақ норма бойынша қыздырғыштан кейінгі температура емес, су тарату нүктелеріндегі судың температурасы қабылданады:
50°С-тан төмен емес — жабық жылумен қамту жүйелеріне қосылатын орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелері үшін;
60°С-тан төмен емес — ашық жылумен қамту жүйелеріне қосылатын орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелері мен жергілікті ыстық сумен қамту жүйелері үшін;
75°С-тан аспайтын — жоғарыда қарастырылған барлық жағдайлар үшін.
Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде ыстық судың температурасы норма бойынша 37°С-тан аспауы керек.
Тұтынушыларға жоғары температурадағы ыстық су қажет болатын қоғамдық тамақтану мекемелерінде жергілікті суқыздырғыштарды қарастырған жөн. Суқыздырғыш қондырғыларынан немесе суараластырғыштан шығатын ыстық су температурасының төменгі көрсеткіштерін бақылау керек:
— жабық орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелері үшін:
t = 50+(10¸15)C°; h
— ашық орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелері үшін:
t = 60+ (5¸10)C°.
Ыстық сумен қамту жүйелері ыстық суды дайындайтын көзінен, суды тұтынушылардың су тарату аспаптарына жеткізетін құбырөткізгіштерден жəне жылутасымалдағыш параметрлерін реттейтін жəне бақылайтын құрылғылардан тұрады.
Казіргі кезде тұрғын үйлерде, əкімшілік — қоғамдық жəне өндірістік ғимараттарда санитарлы-гигиеналық жағдайды қамтамасыз ету үшін ыстық сумен қамту жүйелерінің аспаптарын орнатуды қарастырады. Тұрғын үйлер құрылысында санитарлы- техникалық бөлмелерінің шешімі стандартты емес, сондықтан оларда қолданатын сутарату аспаптары мен орнату сұлбалары əртүрлі болады. Жуынатын ванна немесе душ бөлмелерінде болат, пластикалық немесе шойын эмальді ванналар немесе душтық тұғырықтар жəне қол жуғыштар орнатылады. Ас бөлмелері болат ыдыс жуғыштар, ал дəретханалар қол жуғыштармен жабдықталады.
Қонақ үйлерінде, емханалар жəне басқа да мекемелерде су тарату аспаптары əртүрлі қабаттарда орналастырылады, ал коммуналды, спорттық, өндірістік кəсіпорындарында ыстық су қолданыс пунктері көп жағдайда бірінші қабатта немесе жертөледе орналасады.
Ыстық сумен қамту — жыл бойылық жылу жүктемелерінің бір түрі. Тұрғын үйлердің ыстық сумен қамтуының тəуліктік біркелкісіздігі ыстық судың қоғамдық-өндірістік тұрғыда тұтынуының біркелкісіздігінен айырмашылығы зор. Бұл тұтынушылар ыстық суды тəуліктің белгілі бір уақыттарында мерзімді түрде пайдаланумен ерекшеленеді, яғни бір жағдайда, ыстық судың қорын жасауды талап етсе, екінші бір жағдайда, уақытша суқыздырғышты пайдаланады. Тұрғын жəне қоғамдық ғимараттарда жылумен қамту жүйелері автономды қазандықтардан болса, ыстық сумен қамтуға күнделікті жұмысын атқаратын арнайы қосымша қазандар орнатады.
Көптеген қоғамдық, əкімшілік жəне өндірістік ғимараттарда ыстық судың жалпы қолданыс пунктері (санитарлы түйіндер, жалпы жəне жекеленген душтар мен ванналық кабиналар, жуғыштар) бірнеше бөлмелерде жинақталған. Ыстық судың тұрақты қоры қажет болған барлық кезде, мысалы, моншада, кір жуатын орындарда, медициналық мекемелерде жəне үлкен тұрғын үйлерде шатырдың арнайы жылытылатын бөлмелерінде немесе жертөледе жоғары арынды бактарды орналастыру қарастырылады.
Ғимараттарда орнатылатын санитарлы-техникалық аспаптардың өлшемдері мен конструктивтік шешімдері əртүрлі болып келеді. Санитарлық аспаптарды еденнен орнату биіктігі: қол жуғыш үшін 0,85 м бортқа дейін; ыдыс жуғыш үшін 0,85 м борттың жоғарғы бөлігіне дейін; душтық тор үшін 2,22,3 м; ванна үшін 1 м.
Қол жуғыш пен ыдыс жуғыш сутарату аспаптарында беткі қабаты хром жалатылған түсті металдардан жасалған суараластырғыштар қолданады. Ванна үшін арналған суараластырғыштарда корпустың жоғарғы бөлігіне түтікше немесе иілгіш шланг арқылы жалғанған қосымша душтық тор жəне ваннаға су ағызу үшін қажетті бұрылатын немесе бұрылмайтын төменгі ағыстық ауыстыру қосқыш қарастырылады.
Жуынатын жəне душ бөлмелерінде орамал кептіргіштер орнатылады, ол өзінің тікелей аталған қызметімен қатар бөлмедегі ауаның жоғары температурасын қамтамасыз ететін жылыту аспабы да болып табылады. Орамал кептіргіштер айналымды немесе беретін тік құбырларға жалғанады, орнату биіктігі еденнен төменгі бетіне дейін 0,6 м-ден кем емес, ал жоғарғы бөлігіне дейін 1,7 м-ден аспауы қажет.
Аспаптарды жалғастыратын таратқыш құбырының диаметрі сутарату аспаптарының санына байланысты 1-кестеден қабылданады.
1-кесте
Таратқыш құбырдың диаметрі
Ыстық сумен қамту жүйесі жылу көзінің орналасу орнына байланысты жергілікті жəне орталықтандырылған болып бөлінеді. Жергілікті ыстық сумен қамту жүйесінде су тарату аспаптарына жақын жерде орналасқан жергілікті көзден беріледі. Өндірістік кəсіпорындарда ыстық сумен қамту əртүрлі қондырғылардан екіншілік энергоресурстарды пайдалану арқылы ұйымдастырылуы мүмкін.
Ірі жылу көздерінен орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелері қарастырылады, бұл жағдайда ыстық сумен қамтуға жылу жүктемелерін орталықтан реттелуін айтарлықтай қиындатады. Бірақ бұл кемшілік өндірілетін жылу бірлігіне, қажетті отынды үнемді жағу жəне ыстық сумен қамтудың кішігірім қондырғыларына қызмет көрсететін жұмысшылардың санын азайту арқасында көптеген артықшылықтарына жол береді.
Ыстық сумен қамту жүйесінің судың айналым тəсілі бойыншат табиғи жəне мəжбүрлі айналымды болып бөлінеді. Табиғи жəне сорғыш көмегімен тудыратын айналым орталықтандырылған сулы жылыту жүйесінің жұмысына ұқсас, ыстық су тарату жоқ болған кезеңдерде жылутасымалдағыштың қажетті айналым интенсивтілігі қысым ауытқуының есебінен бірқалыпты ұсталынады.
Жылу желісінен тікелей су таратылатын ыстық сумен қамту жүйесінде су айналымын:
— жылу желісінің қайтатын сызығында ыстық сумен қамтудың қосылатын нүктелерінің беретін жəне айналымды құбырларының арасындағы болатын қысым айырмашылығының есебінен қайтатын сызықта диафрагманың көмегімен (жылытылатын мерзім);
— жылу желісінің беретін сызығында ыстық сумен қамтудың айналымды құбырларындағы диафрагма əсерінен болатын қысым айырмашылығы есебінен (жылытылмайтын мерзім) қарастырады
Төртқабатты тұрғын үйлердің жуынатын бөлмелерінде орамал кептіргіштер болмаған жағдайда, су айналымы тек магистральды құбырларда, ал орамал кептіргіштері қарастырылған көпқабатты ғимараттарда су айналымы магистральды жəне тік құбырларында қамтамасыз етіледі
Ыстық сумен қамтудың құбырөткізгіштер желісін төменгі жəне жоғарғы тұйықталған таратумен қарастырылады, таратудың сақиналануы сирек қолданылады. Көпқабатты тұрғын жəне қонақ үйлерінде, медициналық мекемелерде ыстық сумен қамту жүйесінің құбырөткізгіштерінде тəулік бойы судың қалыпты температурасын ұстап тұру үшін айналымы бар тұйықталған төменгі тарату желісі пайдаланады. Күнделікті ұзақ мерзімде ыстық судың шығыны орын алатын ғимараттарда (монша, кір жуатын орындар, асханалар, мейрамханалар жəне т.б.) тарату құбырларын қысқа жолмен тарамдары бар тұйық желімен орналастырады.
Ғимараттың ыстық сумен қамту жүйесін жобалау үшін типтік қабат жоспары, тұрғын қабаттың жəне жертөленің биіктігі беріледі.
Жергілікті жылу пунктінің (ЖЖП-нің) орналасатын орнын анықтап алу қажет, ескере кететін жайт, тұрғын ғимараттарда ЖЖП жылыту жүйесі мен ыстық сумен қамтуға ортақ болып келеді. Жүйелерде талап етілетін қысымды төмендету жəне айналымды жақсы ұйымдастыру үшін ЖЖП-ны орналастыру орнын ғимараттың орта бөлігіне қарай, яғни ыстық сумен қамтудың оң жəне сол бөліктері симметриялы болатындай таңдаған жөн.
Ыстық сумен қамту жүйелерінде МЕСТ 3262-85* сəйкес сугазөткізгіш цинктелген болат құбырлары (2-кесте) немесе МЕСТ 10704-91* сəйкес қарапайым цинктелмеген электрдəнекерленген құбырлары (3-кесте) қолданылады. Қазіргі кезде ыстық сумен қамту жүйесінде кеңінен металопластиктан жəне пластикалық құбырлары қолданысқа ие.
2-кесте
Су газ өткізгіш болат құбырлары, МЕСТ 3262-85*
3-кесте
Электрдəнекерленген болат құбырлары, МЕСТ 10704-91*
Болат құбырларын дəнекерлеп немесе оймалы жалғайды. Оймалы жалғауды созымды шойын немесе болаттан жасалған жалғаушы фитингтер (бұрыштамалар, үштарамдар, крестовиналар, диаметр өзгертушілер, муфталар) көмегімен іске асырады.
Ыстық сумен қамту жүйесі құбырларында қолданылатын арматуралар ретінде: ысырмалар, вентильдер, реттегіштер жəне сақтандырғыш клапандар қарастырылады. Орнатылатын арматураларды болаттан, сұр мен созымды шойыннан, қоладан жəне жұмыстық қысымы 1МПа-ға дейінгі термотөзімді пластмассадан жасайды.
Диаметрі 50 мм-ге дейін құбырларға түсті металдан немесе термотөзімді пластмассадан жасалған муфталы арматуралар қолданылады. Осы құбырлар мен арматуралар ойма арқылы, ал одан үлкен диаметр болған жағдайда фланецпен жалғанады. Жалғаулар табиғи олифке араластырылған қорғасынмен сіңдірілген зығыр бұрыммен нығыздалады. Жүйенің жоғарғы нүктелеріне ауаны шығару үшін ауашығарғыш крандар немесе автоматтық ауажинағыштар пайдаланылады.
1.2 Ыстық сумен қамтужүйелерін жылу желілеріне қосу тəсілдері мен сұлбалары
ЖЭО-ның жылу желісіне қосылатын ғимараттарда ыстық суды жылдам суқыздырғыштарда қыздырудың бір немесе екісатылы сұлбасын қолданады немесе тікелей су таратуы бар ыстық сумен қамту жүйесі судағы бактериялар мен химиялық ластағыштар, механикалық қоспалар көрінетіндей түсі болмаған жағдайда рұқсат етіледі. Автономды суқыздырғыш қазандарда ыстық сумен қамтудың қажеттіліктеріне кететін суды жылыту талап етілетін сапасы бар су болған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.
Ашық жылумен қамту жүйелерінде ыстық сумен қамту жүйесінің аспаптарына су жылу желісінен тікелей суараластырғыш арқылы іске асырылады, бұл суараластырғыш әрі температураны реттегіш болып табылады (1-сурет). Ыстық сумен қамтуға жылу желісінің беретін құбырынан және жылытудын қайтатын құбырынан суды пропорция нәтижесінде араластырумен алынады, бұл жағдай жылу жіберуді реттеу бөлімінде қарастырылады. Жылытылатын мерзімде суреттегідей жылу желісінің қайталану құбырын қамтамасыз етіледі, себебі ондағы судың температурасы =60°C.
1 сурет. Ыстық сумен қамту жүйесін жылу желілеріне тікелей қосу
ЫҚЖ — ыстық сумен қамту жүйесі; CА — суараластырғыш, Э — элеватор
Жабық жылумен қамту жүйелерінде ыстық сумен қамту жүйесіне суқыздырғыштарда суық суды жылу көзінен келетін жылумен жылытып береді. Суқыздырғыштар үш түрлі сұлбамен жылу желілеріне: параллелді; екі сатылы араласқан; екі сатылы тізбекті қосылуы қарастырылады.
Қосу сұлбасы ыстық сумен қамту жүйесінің және жылыту жүктемелерінің қатынасы бойынша таңдалады:
Бұл жағдайда ыстық сумен қамту және жылыту жүйелеріне жылу
желілерінен жылу ағыны параллелді сұлбамен қабылданады (2-сурет)
2-сурет. Ыстықсумен қамту жүйесін жылу желілеріне параллельді қосу
ЫСҚЖ — ыстық сумен қамту жүйесі; ЖЖ — жылыту жүйесі; Э — элеватор;
CҚ — суқыздырғыш;τ1, τ2 — жылу желісінің беретін жəне қайтатын құбырларының
Егер ыстық сумен қамту жүйесінің және жылыту жүктемелерінің қатынасы 0,21 диапозонында болған жағдайда екі сатылы сұлбалар қолданады, екі сатылы сұлбаның ерекшелігі — жылумен қамтуды бір шама үнемдей алуында, себебі мұнда қайтатын судың жылуы пайдаланылады.
Екі сатылы аралас сұлбада салқын су әуелі суқыздырғыштың бірінші сатысына келеді, ол жылыту жүйесінен кейін қосылған, содан кейін суды қажетті температураға дейін ысыту үшін суқыздырғыштың екінші сатысына келіп түседі (3-сурет). Жылытылатын мерзімде суқыздырғыштың бірінші сатысы жылыту жүйесінің қайтатын құбырымен параллельді қосылады, мұнда жылутасымалдағыштың есептік температурасы 70°С болады, осы температура ыстық суды қыздыруғадаж.еткілікті.
3-сурет. Ыстық суменқамтужүйесін жылу желілеріне екі сатылы аралас қосу сұлбасы:
ЫСҚЖ — ыстық сумен қамту жүйесі; ЖЖ — жылыту жүйесі; CҚ1, СҚ2 -суқыздырғыштың 1 жəне 2 сатылары; Э — элеватор; ТР — температура реттегіш;τ1, τ2 — жылу желісінің беретін жəне қайтатын құбырларының
Тізбекті сұлбада суқыздырғыштың екі сатылары тізбекті қосылған (4 сурет). Бұл сұлбада ыстық сумен қамту жүйесінің жылу жүктемесі жылу желісінен қосымша судың шығынысыз қамтамасыз етіледі, содықтан жабық жылумен қамту жүйесінде кеңінен қолданылады.
Ыстық сумен қамтудың жылу жүктемесі желілік судың температ.урасыныңжо ғарлау ымен t1) камтамасызданады.
4-сурет. Ыстық сумен қамту жүйесін жылу желілеріне екі сатылы тізбекті қосу сүлбасы:.
ЫСҚЖ — ыстық сумен қамту жүйесі; ЖЖ — жылыту жүйесі; CҚ1, СҚ2 — суқыздырғыштың 1 жəне 2 сатылары; Э — элеватор; ШР — шығынреттегіші; ТР — температура реттегіші;τ1, τ2 — жылу желісінің беретін жəне қайтатын
Жабық жылумен қамту жүйелерінде қыздырылатын суық суды алдын-ала өңдеу қажеттілігі орын алады. Бұл өңдеу суқыздырғыштар мен жергілікті ыстық сумен қамту жүйелерін коррозияға ұшырау мен тот басудан қорғайды, ал ашық жүйелерде жылу көзінде қажетті өңдеуден өткен су жылу желілерінен келіп түседі. Суөткізгіштен келетін суды өңдеу қажеттілігі мен өңдеу тəсілін (коррозияға, тот басуға қарсы) жылу пунктерінде оның сапасының нақты көрсеткіштеріне байланысты анықтау қажет.
Ыстық сумен қамту құрылымы бойынша ең қарапайымы жəне алғашқы құны бойынша арзан тек беретін құбырлардан тұратын тұйық (айналымсыз) жүйелер болып табылады (5а-сурет). Мұндай жүйелердің кемшілігі — су тарату кезінде үзіліс орын алған жағдайда құбырлардағы судың суып қалуы немесе оның аз мөлшерде болуы. Су таратуда үзіліс болғаннан кейін кранды аша отырып, тұтынушы төмен температуралы суды қабылдайды жəне ол өзіне қажетті температура болмайынша келіп жатқан суды канализацияға ағызып тастайды. Тұтынушыны ыстық сумен қамтамасыз етудің төмендеуі кезінде мұндай су ағызып тастаулар канализацияның шамадан артық толып кетуіне жəне су мен жылудың пайдасыз жоғалуына əкеп соғады. Көрсетілген кемшіліктерге байланысты айналымсыз жүйелер суды канализацияға ағызу көлемі айтарлықтай төмен болғанда, оның ішінде: суды ұзақ үздіксіз тарату (моншаларда, технологиялық қондырғыларда) жəне желінің ұзындығы аз болған жағдайда қолайлы.
5-сурет. Ыстық сумен қамту жүйелерінің принципиальды сұлбалары:
а) түйық, ə) айналымды.
1 — суөткізгіш; 2 — өлшегіш; 3 — кері клапан; 4 — суқыздырғыш; 5 — басты тік құбыр; 6 — ауашығарғыш; 7 — сутарату тік құбырлары; 8 — сутарату крандар; 9 — айналымды құбырлар; 10 — айналымды сорғыш
Үздіксіз ыстық сумен қамтуда талап ететін орындарында (тұрғын үйлер, ауруханалар, емханалар жəне т.б.) одан күрделі айналымды жүйелер қарастырылады (5ə-сурет). Мұндай жүйелерде су тарату болмаған жағдайда құбырдағы су тоқтамайды, керісінше, суқыздырғыш арқылы өтіп су тарату нүктелерінің жанындағы судың берілген температурасын қамтамасыз ете отырып, үздіксіз қозғалыста болады. Жүйелердің тағайындалуына байланысты ондағы судың айналымы тəулік бойы үзіліссіз немесе ұзақ су таратудың алдында мерзімді түрде болуы мүмкін (мысалы, душ бөлмелері).
Тарататын магистральдың ғимараттың ішінде орналасуына байланысты жоғарыдан жəне төменнен тарату жүйелерін ажыратады. Жоғарыдан тарату ғимараттарда жоғарғы техникалық қабат немесе шатыр болғанда, кейбір кезде ашық бак-аккумуляторлар (жоғарғы) орнатқанда қолданады.
Төменгі таратулы сұлбада айналымды магистраль жертөледе, егер ол болмаса, еден астыдағы каналдарда жүргізеді (6-сурет). Жертөле болған жағдайда жүйеге пайдаланулық қызмет көрсетілуі оңай, сондықтан төменгі тарату кең қолданылады.
6-сурет. Төменгі таратулы айналымды ыстық сумен қамту жүйесінің сұлбасы. Белгілері 5а-суреттегідей
Көптеген ғимараттардың (тұрғын үйлер, емдік-сауықтыру мекемелері, демалыс орындары, əлеуметтік қамсыздандыру мекемелері, мектептер мен балалар тəрбиелейтін мекемелер, қонақ үйлер) жуынатын жəне душ бөлмелерінде орамал кептіргіштер қарастырылады, олар өзінің тікелей атқаратын қызметімен қатар осы бөлмелерде жоғары температураны қамтамасыз ететін жылыту аспаптарының рөлін атқарады.
Орамал кептіргіштер айналымды немесе беретін тікқұбырларға жалғанады, сұлбалары келтірілген (7 сурет).
7-сурет. Орамал кептіргіштерді орналастыру сұлбалары:
а) параллельді; ə) тізбекті беретін тік құбырында; б) тізбекті айналымды тік құбырда
Орамал кептіргіштердің тікқұбырларға параллельді жалғануының (7а-сурет) монтажы өте күрделі жəне ол көптеген айналымды сақиналардың пайда болуына əкеліп соғады, мұндай жағдайда əр орамал кептіргіштің алдында реттегіш крандар болса да бөлек аспаптардың арасындағы судың есептік айналымдық шығынынан аспай жайғастыру қиын.
Орамал кептіргіштердің тізбекті жалғануы (7ə,б-сурет) монтаж бен бөлек түйіндер бойынша айналымды судың шығынын алғашқы реттеу үшін оңайлы. Беретін тікқұбырдағы орамал кептіргіштер сұлбасына қарағанда айналымды тікқұбырдағы сұлбасы үнемдірек. 7ə-суретінің сұлбасы бойынша түйін арқылы тікқұбырлар негізіндегі судың бірдей температурасы кезінде жоғары орналасқан аспаптағы суда да бірдей температураға қол жеткізу үшін айналымды суды көбірек жіберу қажет, себебі орамал кептіргіші жоқ тікқұбырдан өткен кездегі судың салқындауына қарағанда орамал кептіргіші бар тікқұбырдан өткен судың салқындауы жоғары болады.
Тұйық айналымды жүйелерде əр пəтердің су таратқыш аспаптарына беретін тікқұбырдан таратқыш құбыры болады жəне орамал кептіргіш пен айналымды тікқұбырларды қоса қарастырғанда олар су тарату түйінін құрайды. Жүйелерде айналымды құбырөткізгіштер болмаған жағдайда нормамен орамал кептіргіштерді тармағы бөлек орнатылған жылыту жүйесіне жалғап, сол тармақ арқылы судың жыл бойлық айналымын қамтамасыз етуге рұқсат беріледі. Жаңа құрылыс көлемінің ұлғаю мен көпқабатты ғимараттар салуына
байланысты су тарату түйіндерін орналастырудың жаңа, көп еңбекті қажет етпейтін шешімдерінің пайда болуына əкелді, ол екі тікқұбырлардан тұратын сақиналанған түйіндер, оның бірі — беретін магистральға, екіншісі — су таратқыш айналымды магистральға жалғанған (8-сурет).
8-сурет. Сақиналы сутарату түйіні екі тікқұбырлармен.
1, 2 — беретін жəне айналымды тарату құбырлары; 3 — тікқұбырлар арасындағы жоғарғы қосымша құбыр; 4 — орамал кептіргіш; 5 — пəтерге таратқыш құбыр
Екі тікқұбырлар да унификацияланған, яғни бір диаметрлі құбырлардан жиналған. Екінші тікқұбырдың айналымды бөлігінің ұзындығы өте аз жəне соңғы (төменгі) тармақтағы аспаптан айналымды магистральға дейінгі құбыр учаскесіне тең. Түйіндегі тікқұбырлардың унификациясы құрастыруды жеңілдете жəне арзандата отырып, жүйедегі судың есептік айналымдық шығынын арттырады, бұл түйіндерді орналастыру тəсілінің жағымсыз жағы. Теориялық түрде құбыр диаметрлері бірдей болатын түйіндерде жүйеге жақын жердегі түйін арқылы жүретін айналымды судың шығыны алыс жатқан түйін арқылы болатын су шығынынан төмен болуы қажет, себебі, тікқұбырлардан бірдей жылу шығыны болғанда жақын жатқан түйінге таратқыш құбырөткізгіштердегі əлі салқындана қоймаған су келіп түседі.
Ал нақтылы айтсақ, унификацияланған, яғни гидравликалық кедергісі бірдей түйіндерде жақын жатқан түйіннен алыс жатқан түйінге қарағанда айналымды судың көп мөлшері өтеді. Бұл беретін жəне айналымды магистральдарда жүйенің бастапқы бөлігіне қарай қысым айырмашылығының артуына байланысты. Жүйенің бастапқы бөлігіндегі түйіндер арқылы айналымды судың қажетсіз артуын төмендету үшін, яғни айналымды судың жалпы есептік шығынын і кездесетін түйіндерде гидравликалық кедергілерді арттыру қажет. Бірақ, беретін (су таратқыш) тікқұбырлардың диаметрлерін кішірейтуге болмайды, себебі бұл диаметрлер су таратуға кететін судың максималды шығыны бойынша таңдалатындықтан, су тарату түйінінің гидравликалық кедергісін су таратқыш-айналымды тікқұбырдың айналымды учаскесінің құбыр диаметрін кішірейту көмегімен, не болмаса, осы тікқұбыр учаскесінде дроссельді шайбаны орнату арқылы арттыруға болады. Жасап шығарылатын құбырлардың минималды диаметрі 15 мм, ал ыстық сумен қамтуда қолданылатын шайбалардың өткізгіш тесігін ластанып, бітеліп қалмас үшін 10 мм-ден кем етіп шығармайды. Жоғарыда айтылған екі шешімге де көрсетілген шектеулер айналымды тəртіпте жұп сақиналанған тікқұбырлардағы гидравликалық кедергінің ұлғаюына əрқашан мүмкіндік бермейді.
Ғимараттардың жаңа конструктивті шешімдерінің пайда болуына, бірнеше ішкі жүйелердің бірыңғай жүйеге бірігуіне (кварталдық жүйелер), құрылыстың индустриализациясына, оның ішінде, үй құрылысы комбинаттарында санитарлы-техникалық кабиналарды дайындайтын құрама үй құрылысын қолдануға байланысты су таратутүйіндерінің құрылымы өзгеріп келді жəне əлде де өзгерісін жалғастыруда.
Су тарату түйіндерінің жаңа конструкциялық шешімдерінде (9- сурет) айналымды тəртіпте олардың гидравликалық кедергісінің артуы беретін бірнеше тікқұбырлардың сақиналануы жəне бір тікқұбырдың сақиналанған тікқұбырлар тобынан су таратқыш — айналымды тікқұбырға айналуы, немесе сақиналанған тікқұбырлар тобына қосымша айналымды тікқұбырды орналастыру арқылы жүзеге асады.
9-сурет. Секциалы сақиналған тік құбырлар сұлбалары:
а) сутарату-айналымды тікқұбырмен; ə) қосымша айналымды тікқұбырмен
Соңғы шешім (9б-сурет) түйіннің гидравликалық кедергісін көтеруге оңай жол береді, бірақ бұл жағдайда оның монтажы күрделенеді, əсіресе, стандартты санитарлы-техникалық кабиналар бар болған кезде: тікқұбырдың тек өзіне қатысты монтажына жəне қабаттың аражабындарында ол үшін тесік дайындауға байланысты қосымша жұмыстар пайда болады.
Мұндай жұмыстар сақиналанған тікқұбырлар тобында бір су таратқыш-айналымды тікқұбыр (9а-сурет) болған жағдайда орын алмайды, əрине, бұл шешім жұмыс өндірісінің индустриалды тəсіліне сəйкес болып келеді. Айналымды тəртіп кезінде мұндай түйінде қысым жоғалу бір су таратқыш-айналымды тікқұбыр арқылы бірнеше беретін тікқұбырлардың қосынды айналымдық су шығынын өткізу нəтижесінде артады жəне жоғарыда айтылған үш тəсілдің біреуімен де:
— су таратқыш-айналымды тікқұбырдың тек айналымды бөлігінің диаметрінің азаюымен;
— тікқұбырдың сол бөлігінде дроссельді шайбаны орнатумен қосымша жоғарылауы мүмкін.
Биіктігі 50м-ден асатын ғимараттарда (16 қабаттан жоғары) ыстық сумен жабдықтау жүйесін көлденеңінен дербес таратуы бар зоналар мен əр зонаға арналған бөлек тікқұбырларға бөледі. Бұл, негізінен, қалыпты күйде 0,6МПа-ға дейін қысымды ұстайтын сутаратқыш жəне сужапқыш арматураның рұқсат етілетін қысымының шектелуіне байланысты.
Орталықтандырылған ыстық сумен қамтудың ерекшелігі ыстық су тарату аспаптарына үздіксіз келіп тұруы — қазіргі заманға сай жылумен қамту жүйелерінен келіп түсетін жылуды жергілікті немесе орталықты жылу пунктерінде ыстық су жүйесіне дайындау кеңінен таралған.
Ыстық суды дайындау негізінен жергілікті жылу пунктінде (ЖЖП) немесе орталықты жылу пунктінде (ОЖП) жүзеге асады. Ыстық сумен қамтудың жергілікті жүйелерінің сұлбалары ғимараттың тағайындалуы мен көлеміне, жылу жүктемесінің өзгеру сипатына жəне өзге де бірқатар себептерге байланысты болады.
Маусымдық сумен қамытылатын кіші аз қабатты үйлерде, тұрақты су бөлінетін монша-кір жуу шаруашылықтарында ең қолайлы жəне арзан құбырлары түйықты жоғары жақтан таратылатын жəне аккумулятор орналасатын сұлба қолданылады (10-сурет).
10-сурет. Түйық жоғарғы таратулы жəне бак-аккумуляторлы ыстық сумен қамтудың сұлбасы: 1 — салқын су құбыры; 2 — секциялық суқыздырғыш; 3 — жоғарғы бак-аккумулятор қалқымалы кранды; 4 — су тарату аспаптары; РТ — температура реттегіш
Өте ұзын тарату құбырлары бар ғимараттарда сорғыш пен суқыздырғыш көмегімен еріксіз айналдыратын сұлбалар қолданылады (11-сурет).
11-сурет. Төменгі таратулы жəне еріксіз айналымды ыстық сумен қамту сұлбасы:
1,2 — жылу желісінің құбырлары; 3 — суқыздырғыш; 4 — температура реттегіш; 5 — суық су құбыры; 6 — айналымды сорғыш 7 — беретін құбыр;8 — айналымды құбыр; 9 — беретін тікқұбыр; 10 — су таратқыш; 11 — орамал кептіргіш
Ыстық су таратуы азайғанда немесе тоқтатылғанда ыстық сумен қамту жүктемесінен сорғыш пен суқыздырғыш өнімділігі асып түскенде бак аккумуляторлар — жылу қоры пайда болады. Мұндай сəтте су құбырынан суық судың тұйық жүйеге келіп түсуі азаяды немесе толығымен тоқтатылады, ал суқыздырғыштың үздіксіз жұмысы жүйеден жылу энергиясын көтеруге пайдаланылады. Төменгі таратулы ыстық сумен қамту жүйелерінде бак аккумуляторлар тек қана төменде орнатылады. Төменгі бактар су таратудың ең … жалғасы