ВИДЕО: Мәжіліс депутаты Алпамыс батыр жырын жатқа оқып берді

0
ВИДЕО: Мәжіліс депутаты Алпамыс батыр жырын жатқа оқып берді


Мәжіліс депутаты «Алпамыс батыр жырын» жатқа оқып беріп, жұртты қайран қалдырды.

Желіде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлдың «Алпамыс батыр» жырын жатқа оқыған сәтінің видеосы пайда болды, деп жазады Stan.kz.

«Алпамыс батыр» жырын жатқа оқыған Бақытбек Смағұл осылайша қазақ жырларын оқудан эстафетаға қолдау білдірді.

«Тұлпар мініп, ту алған» ұлттық жобасын қолдау мақсатындағы «Алпамыс батыр» жырын оқу эстафетасын әріптесім Геннадий Шиповскихтен алдым», – дейді депутат.

Жырдан үзіндіні мүдірмей оқыған депутат эстафетаны ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке жолдады.  

Айта кетсек, бұған дейін ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев та жырдан үзінді оқып, эстафетаны қолдаған еді.