VІ-ІХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ТҮРКІ ӘДЕБИЕТ ЕСКЕРТКІШТЕРІ. Тарихи жағдай. Түрік қағанаты

0





Жұмыс түрі: 
Материал

Көлемі: 11 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге

Таңдаулыға:   




VІ-ІХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ТҮРКІ ӘДЕБИЕТ ЕСКЕРТКІШТЕРІ
Тарихи жағдай. Түрік қағанаты.
Көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіштерін сөз етуден бұрын
бертін келе қазақ халқын құраған тайпалық бірлестіктердің тұрмыс-тіршілігі,
әлеуметтік өмірі жайында бірер сөз айта кетелік. Өйткені өз өміріндегі
қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын, белгілі бір,
қажетті қатынастарда — өндірістік қатынастарда болады, бұл қатынастар
олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай
келеді. Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық
құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдық және саяси
қондырма орнайды және бұған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сай
келеді. Материалдық өмірдің өндіріс әдісі жалпы өмірдегі әлеуметтік саяси
және рухани процестерді туғызады. Адамдардың санасы олардың болмысын
билемейді, қайта керісінше, олардың қоғамдық болмысы олардың санасын
билейді.
Орта Азия мен қазіргі Қазақстанның кен-байтақ даласын алғашқы қауымдық
құрылыс тұсында-ақ аңшылық, егіншілік және мал шаруашылығымен айналысатын
түрлі тайпалар мекен еткені тарихтан жақсы мәлім. Бұл өлкенің табиғаты, ауа
райы, кен-байлығы ежелгі адамның тіршілігіне қолайлы болған. Сонау қола
дәуірінің өзінде түркі тайпалардан мал өсіру-шілердің бөлініп шығуын Ф.
Энгельс қоғамдық алғашқы ірі еңбек бөлінісі деп атады.
Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мын, жылдықтың бас кезінде-ақ қазіргі
Қазақстан жерінің оңтүстік және шығыс аймақтарын мекендеген, тарихта сақтар
деген атпен белгілі тайпалар өздерінің қоғамдық даму дәрежесі жағынан
мемлекеттік құрылыс сатысына таяп қалған еді. Оларда мал өсіру және
егіншілікпен қатар темір қорыту біршама дамыған болатын. Сол кезде-ақ
қызыл, қоңыр және магнитті темір рудасын кеңінен пайдаланған сақтар қола
мен темірден түрлі қару-жарақ (найза, семсер, айбалта, садақ жебелері,
дулыға, т. б.), үй шаруашылығына қажетті және зергерлік бұйымдар жасаған.
Соңғы жылдары Есік маңынан (Алматы облысы) табылған сақ көсемінің
киіміндегі алтын өрнектер, сақтардың Алтын обасынан (Шымкент облысы)
шыққан әшекей-сәндік бұйымдар, Таңбалы тас (Қаратау) пен Саймалташ
(Қырғызстан) жартастарына ойып салынған орасан үлкен суреттер — сақтардың
керкемдік талғамы, бейнелеу өнері, металды өңдеу тәсілі едәуір жоғары
болғанын аңғартады.
Сақтарда бұғы, арқар, арыстан, самұрық құс суретін салу мен олардың
бейнесін алтыннан құйып жасау стилінің өзіндік ерекшеліктері бар. Жоғарыда
айтылған Алтын обадан табылған зергерлік-әшекей бұйымдардың кейбір
бөлшектері мен суреттерінің өте кіші әрі нәзік етіп жасалғаны сондай, оны
тек үлкейткіш шыны арқылы ғана айқын көруге болады.
Қазіргі Қазақстан жерінде сақтардан кейін жасаған ежелгі алғашқы
тайпалық бірлестіктер — үйсіндер мен қаңлылар деуге болады. Олардың
шекарасы батысында Шу мен Талас өзендері, шығысында Тянь-Шань атыраулары,
солтүстігінде Балқаш көлінен бастап, Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына
дейінгі өлкені алып жатты. Үйсіндер негізінен Іле алқабын жайлағанымен,
ордасы Қызыл алқап қаласы Ыстықкөл маңында болды.
Қаңлылар — Қаратау өңірі мен Сырдарияның орта саласын мекен етті.
Ежелгі саяхатшылар Қаңлы тайпалық бірлестігін көшпелі ел әрі қалалары бар
үлкен мемлекет ретінде сипаттап жазады. Сыр өзенінің орта ағысы (Шаш,
Отырар, Қаратау) аймағын мекендеген қаңлылардың мәдениеті тарихи
әдебиеттерде Жетісай, Қауыншы, Отырар, ал кейде Қаратау мәдениеті деп
аталады. Атақты тарихшы С. П. Толстов кезінде археологиялық және жазба
деректерге сүйене отырып, бұл өңірдің материалдық және рухани мәдениеті сол
кез үшін ете жоғары болғанын ерекше атап көрсетті.
Қазіргі Қазақстан территориясында әуелгі таптық қоғамдардың
қалыптасуына европалықтарға ғұндар деген атпен мәлім көшпелі тайпалар
бірлестігінің ықпалы да күшті болды. Біздің заманымыздың бірінші ғасырында
ғұндар Арал теңізі мен Каспий маңына шығып, ондағы аландар мен асаларды.
батысқа қарай ығыстырып жіберді. Қейінірек олар Шығыс және Орталық Европаға
басып кірді.
Сөйтіп, халықтардың ұлы қоныс аударуы Қазақстанның, Орта және
Алдыңғы Азияның, сондай-ақ Европаның этникалық және саяси картасын едәуір
дәрежеде өзгертті. Қазақстан территориясында жергілікті тұрғындардың
антропологиялық типіне монғол типтес элементтердің жайылуының алғашқы күшті
толқындарының бірі және, бәлкім, өлкенің бүкіл территориясында түркі
тілдерінің кеңінен таралуы ғұндардың қысымымен болған шығыс тайпаларының
миграциясымен байланысты болса керек.
Орта Азия мен Қазақстан территориясында бірте-бірте патриархалды-
феодалдық қатынастар қалыптасып, ежелгі феодалдық мемлекеттер құрыла
бастады. Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп пайда болған
осындай ежелгі феодалдық мемлекеттердің бірі Түрік қағандығы (552—745
жылдар) еді. Бұл қағандыққа енген тайпалар алғашта Алтай мен Жетісудың бір
бөлігін мекендеді.
Түрік деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. Түрік этнонимі
алғашқы кезде белгілі бір адамның ата-тегі шонжар топтан немесе әскери
ақсүйектерден шыққанын білдірген. Кейінірек бұл сөздің семантикасы бірте-
бірте ұлғайып, билік жүргізуші, үстемдік етуші, яғни патша шыққан
тайпаның символы болған. Бертін келе сол билік етуші тайпаға бағынышты
болып қалған тайпаларды да көршілері түріктер деп атап кеткен.
Түрік қағандығының әлеуметтік, саяси және қоғамдық өмірінде әскери
істер аса маңызды орын алып, үлкен роль ойнағаны тарихтан жақсы мәлім.
Түріктердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болды. Оның билік
жүргізген кезінде көптеген көрші елдер түрік өкіметіне бағынды. Қағандықтың
ордасы Орхон өзенінің (Монғолия) жоғарғы сағасында болды. Бумынның інісі
Истеми қаған VI ғасырдың орта кезінде Орта Азиядағы эфталиттер мемлекетін
күйрете жеңді. Түрік қағандығының территориясы бұрынғыдан да ұлғайып,
әскери қуаты арта түсті.
Бірақ бұл үзаққа созылған жоқ. Түрік аристократиясы жаулап алған
өлкелерді әрқайсысы жеке-жеке бөліп алып, дербес басқаруға тырысты. Осыдан
саяси дағдарыс туып, билікке таласқан өзара қырқыс соғыстар басталды. Ақыры
Түрік қағандығы бір-бірімен жауласқан екі қағандыққа бөлініп кетті: Бірі —
Шығыс түрік қағандығы (Орталық Азия), ал екіншісі — Батыс түрік қағандығы
(Орта Азия, Жетісу, Шығыс Түркістан).
Батыс түрік қағандығы яки қағанаты—түрік қағандығының негізінде 603
жылы құрылған ертедегі феодалдық мемлекет. Бұл қағанаттың территориясы
Жетісу мен Шығыс Түркістанды, Тянь-Шаньның батыс беткейі мен Орта Азияны
алып жатты. Қағанаттың орталығы Шу өзені алқабындағы Суяб қаласы еді.
Қағанаттың бірінші басшысы — қаған, жоғарғы әмірші әрі әскер басы болды.
Батыс түрік қағанатының негізін қалаған Бумын қағанның інісі Истеми
қаған болды. Түріктер 558 жылы аварларды Батысқа ығыстырып, Еділ мен Жайық
бойын өзіне қаратып алды. Білге қаған мен оның інісі Күлтегін осы ұлан-
ғайыр қағанаттың тәуелсіздігін Тан империясынан қорғау үшін күрескен.
Кезінде Батыс түрік қағандығын құраған түрлі тайпалар кейіннен қазақ
халқының құрамына еніп кеткені мәлім.
Батыс түрік қағандығынан кейін Жетісу өңірінде құрылған феодалдық
мемлекет — Түркеш қағанаты (704—766 ж.) болды. Ал бұдан кейін Қарлұқ
қағанаты (766—940 ж.) өмірге келді. Ол Жетісу мен Қашғардан бастап, Ферғана
мен Сырдың орта ағысына дейінгі өңірге билік жүргізді.
Сырдарияның орта және төменгі ағысында және соған жақын жатқан Батыс
Қазақстан жерінде түркі халықтарының арғы аталарының бірі — оғыз тайпалары
бірлестігі — Оғыз мемлекеті (IX—XI ғасыр) болды. Оғыз мемлекетінің астанасы
Сыр бойындағы Янгикент қаласы еді. Бұлар негізінен көшпелі тайпалар
саналған, сондай-ақ отырықшы оғыздар да болды. Олар Сыр өзені алқабындағы
Сүткент, Сығанақ, Қарнақ сияқты қалаларды мекен етті. Кейінірек
қыпшақтардың қысымына шыдай алмаған оғыздардың көпшілігі Шығыс Европа мен
Кіші Азияға ығысып кетті.
Түрік мұсылмандарының алғашқы феодалдық мемлекеті — Қарахан мемлекеті
(940—1212 ж.) болды. Қарахан әулеті батысында Амудария мен Сырдарияның
төменгі ағысынан бастап, шығысында Жетісу мен Қашқарға дейінгі өлкеде екі
ғасыр бойы билік жүргізді. Астанасы — Баласағұн қаласы. Ұлан-ғайыр аймақты
алып жатқан Қарахан мемлекетінде экономикалық, әлеуметтік және мәдени
жағынан едәуір өрлеу болды.
Батыс түрік қағанаты ыдырай бастаған кезде олардан қимақтар мен
қыпшақтар оқшауланып бөлініп шықты. Қыпшақтар — ерте кезден-ақ Орталық
Азияны мекен еткен көне тайпалардың бірі екені мәлім.
Қыпшақ қоғамы — ертедегі феодалдық мемлекет бірлестігі ретінде өмірге
келген. Олар Ертіс өзенінен бастап, сонау Дунайға дейінгі ұлан-ғайыр кең
алқапты мекен етті. Қазіргі қазақтардың арғы аталарының бірі саналатын
қыпшақтарды Европада— құмандар, ал Россияда — половецтер деп атаған.
Сонымен, VI—VIII ғасырларда көшпелі және жартылай көшпелі өмір сүрген
қаңлылар, қарлұқтар, шігілдер, тухсилер, ягмалар, оғыздар, қимақтар,
қыпшақтар, т. б. тайпалар бертін келе түркі тілдес халықтардың этникалық
құрамына негіз болып қаланды.
Ежелгі қалалар. Сәулет өнері.
Археологиялық зерттеулер қазіргі Қазақстан территориясынан VI—X
ғасырлардағы жүздеген тұрақты қоныстар мен қалалардың көне жұрттарын тауып,
ежелгі түркі тайпаларының өзіндік материалдық және рухани мәдениеті
болғандығын анықтап отыр.
Қазақстан жеріндегі қалалардың тарихи дамуына тән бір құбылыс — мұнда
отырықшылық пен көшпенділік өзара тығыз байланысты болған. Дәлірек айтсақ,
көшпелі жұрт егіншілік және қолөнер кәсібімен де айналысын, отырықшы — қала
халқының қатарын көбейтсе, сонымен бір мезгілде, отырықшы халық қайтадан
мал шаруашылығымен айналысып, көшпелі халықтың санын арттырып отырған.
Сөйтіп, VI—X ғасырлардағы қалалар мен қоныстар негізінен сауда-саттық
және қолөнер кәсібінің орталығы ретінде, қырдағы ел мен отырықшы аймақты
өзара байланыстырушы маңызды экономикалық буын ретінде өмірге келген.
Сондай-ақ қалалар феодалдық орда-замоктар жанынан салынып, бай
шонжарлардын, резиденциясы болған. Транзиттік сауда жолындағы керуен-
сарайлар ретінде де қалалар салынған. Мәселен, ұлы жібек жолының
бойындағы Суяб пен Тараз қалалары осындай қызмет атқарды.
Орта ғасырдағы Қазақстанның экономикалық саяси және мәдени
орталықтарының бірі — Отырар қаласы болды. Мұнда әлемдегі аса бай
кітапханалардың бірі болғандығы туралы … жалғасы

Ұқсас жұмыстар


Пәндер

Дереккөз: https://stud.kz