Валюта қатынастары — әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы

0

Курстық жұмыс
Тақырыбы:Ұлттық валюта нарығы: айырбас курсы, артуы және төмендеуі, оның
зардаптары

Орындаган:ФнК-21 тобының студнеті
Беккожин
М.А

Тексерген:аға оқытушы, М.М
Джакупова А.Н

Мазмұны

КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … … … … 3

І.ВАЛЮТА ҚАТЫНАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1. Валюта түсінігі және оның экономикалық
маңызы … … … … … … … . … ..5
1.2. Ұлттық валютаның қалыптасу
кезеңі … … … … … … … . … … … … … … … 12

ІІ.ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА НАРЫҒЫ,ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫМЕН ЗАРДАПТАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасының валюта жүйесі және девальвация
саясаты … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … ..20
2.2 Ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандырудың перспективалы

бағыты
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … ..25

ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … .. … … … … … … … … … …
… … … … … … … … .31

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ … … … … … … … … … … … … … 33

ҚОСЫМШАЛАР … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … 35

Кіріспе

«Қазақстан -2030» стратегиясы еліміздің экономикалық, әлеуметтік жағдайын
түпкілікті түрде жақсарту мақсатын көздейді.
Осы стратегияда экономикалық жоғары табыстарға қол жеткізген кез келген
ел жедел экономикалық өрлеудің алдындағы кезеңде жоғарғы инфляцияны жою
жөнінде барлық шараларды міндетті түрде қолдану және кейін
макроэкономикалық көрсеткіштерді белгіленген шекте ұстап тұруды қатаң
қадағалау тиіс.
Экономиканы көтеріп, дамыту жөнінде Н.Ә.Назарбаев былай деп айтқан: «Жаңа
экономикалық үлгілерге сай болу үшін біз мемлекеттік басқарудың тиімділігі
мен саласын едәуір көтеруге,жекеше сектор мен ұлттық капиталға
жәрдемдесуге, оларды ынталандыруға және олардың белсенділігін арттыруға
тиіспіз.»
Экономикада ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығына жету,
инфляциялық үдерістерді тежеу, елдің банк жүйесінің қызметін
жақсарту,экономикалық өсімді қамтамасыз ету қазіргі кезде өте өзекті мәселе
болып саналады.Осылайша курстық жұмыстың тақырыбы өзінің өзектілігін
жоғалтқан жоқ.
Берілген курстық жұмыстың басты мақсаты:Ұлттық валюта нарығын, оның
айырбас бағамын, артуы мен төмендеуін, экономикалық зардаптарын зерттеу.
Зерттелініп отырған курстық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі
міндеттерді қарастырамыз:
1.Валюта қатынасының маңыздылығын зерттеу.
2.Ұлттық валютаның қалыптасу кезеңіне шолу жасау.
3.ҚР валюта жүйесін және девальвациядан өтуінін талдау.
4.Ұлттық валюта бағамын тұрақтандырудың перспективалы бағытын
қарастыру.
Қарастырылып отырған курстық жұмыстың зерттелу деңгейінде келесі ғалымдар
өз пікірлерін білдірген: Көшенова Б.А «Ақша. несие, банктер, валюта
қатынастары», Оспанов А «Тәуелсіздік теңгесі», Омарбаева А.К «Қазақстан
алтын–валюта активтерін қалыптастыру және оларды пайдаланудың тиімділігі»,
Сейітқасымов Ғ.С «Ақша, несие,банктер».
Курстық жұмыстың зерттелу обьектісі: ұлттық валюта болып келеді.
Осы жұмыстың құрылымы екі бөлімнен тұрады. І-бөлімнің аты «Валюта
қатынасының қалыптасуы», ІІ-бөлімнің аты»Ұлттық валюта нарығы, экономикалық
маңызы мне зардаптары «.І-бөлім өзі екі бөлімшеден тұрады,ІІ-бөлімде екі
бөлімшеден тұрады. Сонымен бірге қорытынды, қолданылған
әдебиеттер,қосымшалар келтірілген.

І бөлім .Валюта экономикасының қалыптасуы.

1. Валюта түсінігі және оның экономикалық маңызы.

Валюта (итальян сөзі, сөзбе-сөз – құн ) – елдің ақша бірлігі,оның шартты
түрі, халықаралық төлем-есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық
ақшаларды қолданудың ерекше формасы.
Шаруашылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөлінісін
интенсивтендіру (күшейту) халықаралық нарықтың құрылуына себепші болды.
Өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салалардың өнімін
сатуда туындайтын қиындықтар,тауарлар тасымалы жағдайларын жетілдіру – міне
осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті.
Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы,
тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына байланысты болды.
Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды
интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның
жолындағы кедергілерді жоюды, яғни ішкі сауда-саттықты босаңдатуды талап
етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне
транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы
мемлекеттрдің тауарлардың нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай-ақ
интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар
айналымының ұлғаюы – ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол
жеткізгендіктің айғағы.
Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің өзара
қарым-қатынастардың тереңдеуі және кеңеюі осы елдердің экономикалық
жағдайын анықтайтын барлық факторлардың — өндіріс пен әлемдік айырбастың,
жалақы мен бағаның өсуі қарқынына зор әсер етті. Әлемдегі елдердің
шаруашылық қарым-қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие легі
жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде
қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа ұласады және де
әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы
саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы
қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті
деп танылған халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан.
Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы (экономикалық одаққа кіру)
ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және
керісінше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта, есеп айырысу және
несие-қаржы қатынастарында жүзеге асады.
Валюта қатынастары — әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан
қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Олар ұлттық шаруашылықтардың
нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді.
Валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде( ежелгі Египетте,
Римде) вексель және айырбастау істері ретінде пайда болған. Валюта
қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз
кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер
(жағымды немесе жағымсыз) етеді. Валюта қатынастары құқықтық нормаларымен
және ережелермен реттеледі.
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүйесі пайда
болды. Валюта жүйесі – валюталардың, оларды пайдалану мен өзара айырбастау,
төлем құралдары ретінде қолдану ережелері мен нормаларының, сондай-ақ қаржы-
кредит қатынастарының жиынтығы. Валютаның шығарылуы мен айналысқа түсуін
реттеуші органдар да валюта жүйесіне жатады.
Валюталық жүйе ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық немесе мемлекетаралық
валюта жүйесі болып үшке бөлінеді.Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас
бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.
Ұлттық валюта жүйесі – деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және
халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын
пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі
ұлттық валютаға негізделіп құрылады.
Ұлттық валюта – елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота,
монета) және қолма-қол емес формада (банктік шоттардағы ақша қалдығы)
болады. Оның эмитенттері ұлттық орталық банк және коммерциялық банктер.
Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтері төмендегілер:
– ұлттық валюта;
– ұлттық валютаны шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни
айырбасталудың екі түрлі болуы: а)шетел валютасына шектеусіз еркін
айырбасталатын валюта. 1978 жылдан Халықаралық валюта қорының (ХВҚ)
Жарғысында “еркін қолданылатын валюта” деген ұғым енгізілген. Оған
американдық доллар, немістің маркасы, жапон иені, француздық франк,
ағылшындық фунт стерлинг; ә) жарым-жартылай айырбасталатын валюта,
мысалы, ресейлік рубль; б)айырбасталмайтын (тұйық) валюта;
– валюталық паритеттің бірдейлік ережесі – валюталардың алтын құрамына
байланысты өзара қатысы. Ақша өлшемінің алтын мазмұнына негізделген
ондағы алтын паритеті алынып тасталды (Батыста 70-жылдарда, ал КСРО-
да 1991жылдан). ХВҚ-ның Жарғысы бойынша валюта паритеті тек СДР –
арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаралық валютамен, бірақ
алтынмен емес, анықталуы мүмкін. 70-жылдардың орта шенінен бастап
паритеттер валюта қоржыны(корзина)негізінде анықталады. Валюта
қоржыны – деп бірнеше валюталардың белгілі бір бөліктерінің сомасын
сол валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына
бөлумен анықталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады.
Мысалы, СДР валюта қоржыны жоғарыда көрсетілген бұрын еркін
қолданылатын валюталардан құралады, қазір ондағы американдық
доллардың үлесі шамамен 39%, неміс маркасы – 21%, жапон иені – 18%,
француздық франк және фунт стерлингтің әрқайсысының үлесі 11%-тен
болады. Еуропа қауымдастығының еуропалық валюта өлшемі (ЭКЮ) он екі
елдің валютасынан тұратын валюта қоржынынан құрылған, ЭКЮ 1999 жылдың
1 каңтарынан ұжымдық валюта – еуромен біртіндеп алмастырмақшы;
– валюталық шектеудің болуы немесе болмауы. Мысалы, Ресейде ел
экономикасының тұрақсыздығына байланысты шектеу, лимит белгілеу,
белгілі бір валюталық құндылықтармен жүргізілетін операцияларға тыйым
салу енгізілген; 50-жылдардың аяқ кезінен бастап дамыған мемлекеттер
бірте-бірте валюталық шектеуді алып тастаған. 1996 жылы Ресей ХВҚ
Жарғысының VIII бабына қосылып, саудалық және саудалық емес
операцияларға валюталық шектеулерді жойды.
– төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері,
СДР есепшоттары, еуро(1999 жылдан ЭКЮ-дың орнына), ХВҚ резервтік
позициясы(бағыты) және елдің сыртқы қарызын өтеу мүмкіншілігін
білдіретін мемлекеттің халықаралық валюта өтімділігін реттеу);
– халықаралық несиелік айналым құралдары мен халықаралық есеп айырысу
формаларын қолдану тәртібін белгілеу;
– валюта нарығы мен алтын нарығы ережесі;
– Валюта қатынастарын реттейтін ұлттық органдардың статусы (орталық
банк, Қаржы министірлігі, арнаулы органдар, мысалы, Қазақстанда
Ұлттық банк, Ресейде – валюталық және экспорттық бақылаудың
федералдық қызметі).
Әлемдік шаруашылық қатынастарының дамуына байланысты әр елдің
ұлттық валюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік және аймақтық валюта
жүйелері қалыптаса бастады. Олардың негізгі принциптері мемлекетаралық
келісіммен заңды түрде бекітіледі.
Дүниежүзілік валюта жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарының
ұйымдастыру формасы, яғни ол – халықаралық несие-қаржы институттарымен
халықаралық-шарт және мемлекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін
жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті – халықаралық сауда-саттық
процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің
тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық
және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет.
Басқа жағынан, оның мақсаты – кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып
тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм)
әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау.
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес рөл атқарады. Ол
өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты
мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-
есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша
айналымын қамтиды. “Дүниежүзілік валюта жүйесі ” деген ұғымға кіретін ішкі
және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін
біріктіретін түйін – әлемдік ақша бірлігі.
Егер ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға – елдің ақша бірлігіне
негізделген болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе – бір немесе бірнеше
резервтік валюталарға немесе халықаралық есептесу бірліктеріне
негізделеді.
Резервтік валюта – халықаралық төлем және резерв құралы функциясын
орындайтын, басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды
анықтауға базалық қызмет ететін, валюталар бағамын реттеу мақсатында
валюталық интервенция жүргізуде пайданылатын алдыңғы қатарлы елдердің
айырбасталған ұлттық валюталарының ерекше категориясы.
Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:
– дүниежүзілік өндірісте, тауарлар мен капитал экспортарында елдердің
билік ету позициясы;
– жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелік –банктік мекемелердің
дамыған торабы;
– басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін, халықаралық
айналымдағы валютаның еркін айналымдығы және валюталық шектеудің
болмауы.
Резервтік валюта мәртебесі эмитент – елдің экономикасына белгілі бір
міндеттемелерді жүктейді: осы валютаның тұрақтылығын қолдап отыру
қажеттігі, сауда және валюталық шектеулердің болмауы, девальвация
жүргізбеу. Сонымен қатар, ұлттық валютаны резервтік дәрежеге көтеру ұлттық
шаруашылық үшін төлем балансының тапшылығын ұлттық валютамен автоматты
түрде пайызсыз және мерзімсіз халықаралық несие алу жолымен жабу
мүмкіндіктері түрінде бірқатар артықшылықтар береді.
Халықаралық есептік ақша бірлігі – валюталық паритет пен валюталық
бағамды белгілеу, халықаралық талаптар мен міндеттемелерді өлшеу үшін
шартты бірлік ретінде пайдаланылатын валюталық бірлік. Қазіргі уақытта
халықаралық экономикалық қатынастарға қызмет ету үшін қажетті дүниежүзілік
несиелік ақша типтері ретінде СДР (арнайы қарыз алу құқығы) және ЭКЮ
(еуропа валюта бірлігі ) қызмет етеді. Бұл халықаралық активтер қолма-
қолсыз халықаралық есеп айырысуларда елдердің арнайы шоттарына жазбаша жазу
жолымен: СДР – Халықаралық валюта қорда, ЭКЮ – Еуропалық қауымдастыққа
ынтымақтастық валюталық Еуропалық қорында пайдаланылады. Олардың шартты
құны валюталық “қоржынға” кіретін валюталардың орташа өлшемді құнын және
бағамдарын өлшеу негізінде есептеледі.
Елдің экономикалық және валюталық жағдайларына байланысты анықталатын
валюталардың конверсиялау дәрежесі валюталық жүйенің келесі бір элементін
сипаттайды. Басқа да ұлттық валюталарға еркін айырбасталатын, ақша
бірліктері ретінде еркін конверсияланатын валюталар болады. 1978 жылдан
бастап халықаралық валюталық қорлар мынадай ұғымдарды енгізген болатын:
– “еркін пайдаланылатын валюта”, яғни халықаралық есеп айырысуларда
және валюталық нарықтардың негізгі операцияларында кеңінен
қолданылатын;
– валюталық шектеулері бар, жартылай конверсияланған елдердің
валюталары;
– валюталар айырбасына тыйым салынған, елдердің конверсияланбайтын
валюталары.
Валюталық паритет – бұл валюталық бағамның негізі болып табылатын және
заңды түрде бекітілетін екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді.
ХВҚ Жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде белгіленеді.
Халықаралық ақшалай талаптар мен міндеттемелерді мемлекеттік реттеумен
байланысты бейнелейтін және жекелеген елдің немесе барлық елдердің төлем
қабілетін сипаттайтын – халықаралық өтімділік валюталық жүйенің элементі
болып табылады. Халықаралық валюта өтімділігінің құрылымына шетел валютасы,
алтын, Халықаралық валюталық қатынастағы резервтік позиция, СДР және ЭКЮ –
дағы шоттар кіреді.
Халықаралық несиелік құралдарды пайдалану ережелерінің регламенттелуі
және халықаралық есеп айырысулар жүйелік халықаралық нормаларға (Женева
вексельдік және чектік конвенция, 1930ж.) сәйкес жүзеге асырылады.
Валюталық жүйенің институтциональдық құрылымы ұлттық және мемлекетаралық
деңгейлерде реттеледі.
Аймақтық валюталық жүйелердің пайда болуының себептерінің біріне, жаңа
валюталық орталықты құру және оны дүниежүзілік валюталық жүйе аумағына қосу
жатады.
Аймақтық валюталық жүйе – валюталық бағамдардың ауытқуын азайту және
интеграциялық процессті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің
валюталық қатынастарын мемлекеттік –құқықтық ұйымдастыру формасының және
экономикалық интеграция шегінде валюталардың қызмет етуімен байланысты
қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады(Еуропалық
валюталық жүйе 1979 ж. наурыз)
Қазақстан Республикасы Халықаралық валюталық қорға мүше бола отырып,
дүниежүзілік валюталық жүйелердің бірден-бір қатысушысы болып саналады.

1.2 Ұлттық валютаның қалыптасу кезеңі

Теңге Қазақстанның алғашқы ақшасы емес. Ежелгі Қазақстан аумағында ақша
бұдан көптеген ғасырлар бұрын пайдаланылған. Сырдарияда,Отырар алқабында
түркі билеушілері, ал Жетісуда түргештер VII- VIII ғасырларда өз ақшаларын
шығарған. Отырар мен Исфиджабта монета сарайлары жұмыс істеген. Х ғасырдың
ортасы мен ХІІ ғасырда қалалар тез өсіп, тауар өндірісі мен сауда көлемі
ұлғая түсті. Ұсақ бөлшек саудада көбіне мыс фельстер қолданылды. Алтын
монеталар да айналымға түсті, бірақ ол саудада дара түрінде салмағына қарай
пайдаланылды: монетаны қажетіне қарай кесектеп сындыратын болған. XIV
ғасырдың соңынан бастап Қазақстанда Әмір Темір монеталары айналымға енді.
Бұлардан басқа Қазақстан қалаларында саудада Самарқанд, Бұхара, Ташкент
монеталары, негізінен, мыс динарлар пайдаланылды. Қазақстан ақшасының
бұрынғы тарихы міне, осындай.
ХХ ғасырда Қазақстанның қаржы-несие, бюджет, салық, әлеуметтік, ішкі-
сыртқы саясаты Ресейге тәуелді еді. Ресейлік 1993 жылғы банкнот Қазақстанға
аса қауіпті болды. Енді Ресейден, ТМД-ның басқа елдерінен қолданыста болған
бұрынғы ескі ақшалар ағыны күшеюге айналды. Мұның өзі еліміздегі инфляцияны
күшейтіп, қаржы-несие саясатын тізгіндеп ұстау мүмкіндігінен айыратын еді.
Міне, осы бір аса жауапты кезеңде Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев
ұлттық валютаны енгізу жөніндегі ұйғарымға келді.Сөйтіп, ұлттық валютаны
енгізу жөніндегі жұмысқа басшылық жасау мақсатымен Қазақстан Республикасы
Президентінің 1993жылғы 3қарашадағы Жарлығымен Мемлекеттік комиссия
құрылды.
Осы мемлекеттік комиссия ұлттық валютаны енгізу механизімін анықтауға
тиісті болатын. Және де ақша айырбасының тәртібі мен шартын, ұлттық
валютаны енгізуге қарастырылатын мемлекеттік, басқа да құрылымдардың іс-
әрекеттерін жүзеге асыру шараларын тиянақтап шешулері керек еді.
Президент Жарлығымен құрылған сол Мемлекеттік өзіне берілген құқықтарға
орай осы шараларды жүзеге асыратын жұмысшы тобын құрды. Бұл жұмысшы тобын
елімізге белгілі қаржыгер Д.Х. Сембаев басқарды да, Қазақстан
Республикасының экономика министрі О.А. Жандосов, Қазақстан Республикасы
вице-президентінің көмекшісі Г.А. Марченко, Қазақстан Республикасы
Министерлер Кабинетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары Ө.Е. Шүкеев, Ұлттық
Банк төрағасының орынбасары М. Тұрсынов, Ұлттық Банк төрағасының
кеңесшісі К.Назаров осы жұмысшы тобының құрамында болды.
Ең әуелі ұлттық валютаны енгізудің уақытын анықтап алу мәселесін шешу
және сол жөнінде нақтылы ұсыныс енгізу Мемлекеттік комиссияның жауапты
міндетіне айналды.
Ұлттық валютаны енгізуге байланысты ой да, пікір де, ұсыныс та жетерлік
еді. Алайда, сол көптеген ұсыныс пен пікірлердің арасынан ең тиімдісін
таңдап алу- мәселенің мәселесіне айналды. Бұл орайдағы әрбір пікір терең ой
елегінен өткізілді.Сол барлық ұсыныстар екшеленіп келіп, ең соңында ұлттық
валютаны бірден енгізу жөніндегі ұйғарым жасалды. Мұндай шешім қабылдаудың
негізгі мәні республикамыздың қаржы- несие саясатын ешкімге тәуелді болмай
жүргізу үшін қажетілікке келіп тірелді. Теңгені бірден енгізу арқылы
халықты әлдебір сенімсіздіктен арылту қажет болды. Сондай–ақ, ұлттық
валютаны шетелдік валютаға сәйкес айырбас бағамын белгілеу мүмкіндігі
туды.
1993 жылдың 12 қараша күні Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев теледидар және радио арқылы сөз сөйлеп,
Қазақстан халқына ұлттық валютаны енгізудің мәні мен маңызы жайлы айтты.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің теңгені айналымға енгізу
жөніндегі Жарлығы, Жоғарғы Кеңес пен Министерлер кабинетінің осы орайдағы
Елбасының шешіміне қолдау білдірген бірлескен қаулылар жарық көрді.
Бұқаралық – ақпарат құралдары арқылы Қазақстан Республикасының аймағында
КСРО Мемлекеттік банкінің және Ресей банкісінің 1961-1962 жылдардағы үлгісі
бойынша шығарылған қазыналық және банкілік билеттерді теңгеге ауыстырудың
тәртібі, мерзімі мен шарттары туралы жан-жақты түсініктер, Мемлекеттік
банкі тарапынан да ұлттық валютаны енгізуге қатысы бар мекемелерге тиісті
нұсқаулар беріліп жатты. Сөйтіп, теңгені енгізу 1993 жылдың 15 қарашасы
күні таңертеңгі сағат 8:00-де басталып та кетті. Бұл қазақ
мемлекеттілігінің сандаған ғасырлар ішінде тағы да бір тарихи маңызы зор
ісінің жүзеге асқан сәті еді.
1993 жылғы айналымда жүрген қолма-қол ақша аса көп болғанымен, ол жетпей
жататын. Өйткені инфляцияның деңгейі 784,1 пайызға барып қалған болатын.
Сол кездегі әлеуметтік ушығушылықты болдырмай және халық шаруашылығының
қолма-қол ақшаға деген сұранысын қанағаттандыру үшін Алматыдан самолетпен
ақша тасу ісі де ұйымдастырылды.
Ұлттық валюта-теңге айналымға енгізілер сәттің аса күрделі, аса қарбалас
болып келді. Ресей бойынша айналыстан алып тасталған ескі ақшалар тасқыны
елімізді басып кетті. Бұл экономиканың қалыпты дамуына кері әсерін тигізе
бастады.Осы бір аласапыран сәтте Қазақстанға ұлттық валюта тасылып,
жеткізіле басталды. Бұл шара аса құпия жағдайда жүзеге асырылды.Теңге
арнайы жәшіктерге салынып, су өтпестей етіліп, тығыз жылтыр қағазбен
қосымша оралып тасталды. Бұл жәшіктердің сыртына ешнәрсе жазылмады да,
ешбір белгі де салынған жоқ болатын. Тек бұл жүктің анықтаушы құжаттарында
латын әрпімен салынған шартты шифрлары ғана көрсетілген-ді. Ол шифрлар тек
теңге айналысқа енгізілетін күні ғана айғақталды.
Ұлттық валюта – теңге айналымға енгізілген 1993 жылдың қараша айының 15-
і мен 20-сы аралығында Ұлттық Банктің Көкшетау облыстық басқармасы бойынша
72 миллион 280 мың теңге сомасындағы ұлттық валюта айналымға шығарылды.
Бұл- 1961-1962 жылдар үлгісіндегі банкноттардың 140 миллион сомы
айырбастслды деген сөз.
Күн сайынғы өмір ағымының заңдылықтарына бағынған адамдардың біреулері
шетелдерге шығып, енді біреулері іссапарларға барып жатты. “Біреу туып,
біреу өліп жатқан” дейтіндей тіршіліктің қай түйткілін болмасын шешуге
қаражат қажет еді. Халықтың ақшаға деген сұраныстарын қанағаттандырып,
әлеуметтік ушығушылыққа жол бермеу үшін облыстық және қалалық
әкімшіліктерде заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарайтын
комиссиялар да қүрылған-ды. Сол кезде Ресей ақшасына деген сұраныс аса көп
болды. Өйткені бір-бірімен іргелес орналасқан екі ел арасындағы
экономикалық байланыс әлі де мықты болатұғын. Облыстық басқарма халықтың
шет ел валютасына деген сұраныстарын қанағаттандыру ісіне үлгере алмады.
Соған әйкес шет ел валютасын айырбастауды шектеудің әкімшілік шараларын
енгізуге де тура келді.Мұндай айырбас аса бір қажетті жағдайда, жерлеуге,
болмаса емделуге жұмсауға мұқтаждарға ғана, оның өзінде әкімшіліктің
рұқсаты бойынша жасалды. Сондай-ақ Ұлттық Банктің Қазақстан Республикалық
кеңсесі 1993 жылдың тамыз айында Ресей Орталық Банкімен келісе отырып
Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының Мемлекеттік
банкілерінің облыстық басқармасында субкорсчет ашуға рұқсат берді. АҚШ
доллары мен неміс маркасын айырбастау тек қана Көкшетау облыстық
басқармасында ғана жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің Көкшетау облыстық басқармасының
қызметкерлері 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап, сол жылдың аяғына дейін
58 миллиард 120 миллион 877 сом ақшаны санап, қоймаға жөнелтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасының ұлттық
валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы” 1993 жылғы 3
қарашадағы жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық валютаны
енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның қаулысы бойынша Қазақстан
Республикасының аумағында 1993 жылғы 15 қарашадағы сағат 8:00-ден бастап
айналысқа ұлттық валюта- теңге енгізілуіне орай барлық сомдық шоттар,
салымдар мен міндеттемелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында
айналыста жүрген КСРО Мемлекеттік Банкі мен Ресей банкінің 1961-1992
жылдардың үлгісіндегі қазынашылық және банк билеттері қайта есептеліп,
теңгеге алмастыруға тиісті болды. 1961-1992 жылдардың үлгісіндегі
банкноттар, сомдық шоттар, салымдар мен міндеттемелер 1 теңгеге 500 сом
айырбас бағамымен айырбасталды.
Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын 16 жастан асқан жеке
тұлға 1962-1992 жылдардың үлгісіндегі банкноттарды белгіленген айырбастау
бағамы бойынша 1993 жылғы 15 қарашадағы сағат 8:00-ден 1993 жылғы 20-
қарашадағы сағат 18:00-ге дейінгі кезеңде 100 мың сомға дейінгі мөлшерде
қолға берілетін теңгеге айырбастап ала алды.
Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын заңды тұлға, меншік
нысанына қарамастан, 1962-1992 жылдардың үлгісіндегі банкноттарды
белгіленген айырбастау бағамы бойынша осы қаржыны өзі қызметін пайдаланатын
банктегі ағымдағы есеп айырысу шотына қосу арқылы 1993 жылғы 15 қарашадағы
сағат 8:00-ден сағат 14:00-ге дейінгі кезеңде бөлшек сауда мен халыққа
қызмет көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар – 1993 жылғы шілдедегі бір
күнгі орташа кірісінің 1,3 коэффициентіне үйлестірілген мөлшерінде, қалған
заңды тұлғалар касса қалдығының лимитінен аспайтын мөлшерінде айырбастап
алған еді.
Мұндай айырбас тек бір мәрте ғана жүргізілді және оны жүргізу фактісін
қызмет көрсететін банк немесе байланыс поштасы кәсіпорны осы заңды түлғаның
жарғысының немесе оны алмастыратын құжатының түпнұсқасының алғашқы бетіне
белгіледі. Белгі соғу айырбас сомасы теңгемен көрсетіліп, “айырбас жасалды
” деген жазу арқылы көрсетілді және банктің немесе байланыс кәсіпорны
қызметкерлерінің және банктің немесе байланыс кәсіпорынның мөрімен
куәлендірілді. Лимиттен артық 1961-1992 жылдардың үлгісіндегі
банкноттардағы қаржы белгіленген бағам бойынша теңгемен есептеліп, алты
айға дейінгі мерзімде пайдалану құқығынсыз қызмет көрсететін банктегі
арнаулы шотқа қосылды. Бұдан кейін осы лимиттен жоғары қаржының заңдылығын
арнайы комиссия қарады.
1961-1992 жылдардың үлгісіндегі бағалылығы 1,3,5,10,25,100,200 және 500
сом банкноттар мен теңге 1993 жылғы 15 қарашадағы сағат 8:00-ден 1993 жылғы
18 қарашадағы сағат 8:00-ге дейін қатар жүретін кезеңде бөлшек сауда мен
халыққа ақылы кызмет көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалардың кірісін
банктер күн сайын, ал теңгемен шектеусіз;1993 жылғы шілдедегі бір күнгі
орташа кірісінің 1,3 коэффициентіне үйлестірілгеннен аспайтын мөлшерде
қабылдады. Арнаулы шоттарды лимиттен артық қаржыны несие ресурстары ретінде
пайдалануға банктерге тыйым салынды.
Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын жеке тұлға теңгені
еркін айналыстағы валютамен немесе ТМД елдерінің валютасымен(1961-1992
жылдардың үлгісіндегі банкноттардан басқа) нарықтық бағамдары бойынша
уәкілетті банктерде және валюталық айырбас пункттерінде сатып алуларына
мүмкіндіктер жасалды.
Жеке және заңды тұлғалардың соммен жинаған қаржысы, банктегі шоттары мен
салымдары, сондай-ақ олардің банктерге несиелік берешегі белгіленген бағам
бойынша теңгемен қайта есептелді. Кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің
де балансындағы сомдық активтер мен пассивтер де теңгемен қайта есептелді.
1993 жылғы 15 қарашадағы сағат 8:00-ден бастап аударым арқылы жасалатын
есеп айырысулар бойынша барлық операциялар тек қана теңгемен жүргізілді.
Қазақ елінің тұңғыш төл теңгесі ағылшынның “Хериссон” фирмасының
көмегімен 1993 жылы басылып шықса, ендігі жерде ақша, басқа да құнды
қағаздар шығару ісіндегі ешкімге тәуелді болмаудың жолдары да іздестіріле
бастады. Құнды қағаздар мен банкноттарды өз елімізде басып шығару мәселесі
1991 жылдың соңында Республика үкіметінде, Жоғарғы Кеңесте қаралды да, 1992
жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан
Республикасы Ұлттық Мемлекеттік Банкінің Монета сарайын құрудың кезек
күттірмес міндеттері туралы” және “ Қазақстан Республикасы Ұлттық
Мемлекеттік Банкінің баспа фабрикасын құру туралы ” екі бірдей Жарлығы
жарық көрді. Әуелде бұл екі жарлық та құпия болды.
Елбасының осы Жарлықтарын орындау үшін Министрлер Кабинеті арнайы қаулы
алып, Алматы қаласында ұлттық валюта өндіретін кешен құру мәселесін
қарастырды. Бұл кешеннің құрамына Монета сарайы, Мемлекеттік белгілерді
басатын баспахана фабрикасы және Мемлекеттік қойма кірді.
Міне, еліміздің осынау тарихи маңызы зор істі атқаруға Ұлттық Мемлекеттік
Банкі басшылары мен мамандары тарапынан орасан күш пен білім жүмсалды.
Қазақстан өз елінде, өз жерінде өз мамандарының қолымен 1995 жылғы 10 сәуір
күні тұңғыш рет өз теңгесін басып шығарды.Осы бір тарихи сәтке қатысқан
Елбасы банкнот фабрикасының құрметті қонақтар кітабына жазып қалдырған:
“Еліміздің экономикалық тәуелсіздігінің айқын белгісі – тұңғыш өз
астанамызда дүниеге келген өз теңгеміз халқымыздың бақытты болашағына
қызмет етсін”,- деп жазды.
Қазір Банкнот фабрикасында ақшамен бірге Қазақстан … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz