Үшбұрыштың ішін кескіш бұрандамамен кесу. Бұранданы кесуге білдекті реттеу — Ашық сабақтар — Bilim
Үшбұрыштың ішін кескіш бұрандамамен кесу. Бұранданы кесуге білдекті реттеу
Ашық сабақ
Күні: 05.12.2017 ж. .
Тақырыбы: Үшбұрыштың ішін кескіш бұрандамамен кесу. Бұранданы кесуге білдекті реттеу
Білімділік: Студенттерге металл өңдеу шеберханасындағы қауіпсіздік ережелері туралы әңгімелеу, түсіндіру, білімдерін көтеру.
Дамытушылық: Студенттерді үшбұрыштың ішін кескіш бұрандамамен кесу, бұранданы кесуге білдекті реттеулерін қолмен ұстап көруіне жағдай туғызу және студенттерді теориялық және практикалық тұрғыда дайындау, ойларын дамыту.
Тәрбиелік. Студенттерді құрал-жабдықтарға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Сабақты материалдық текникамен қамтамасыз ету.
Құрал-жабдықтары, видеоролик, слайд, нұсқаулық карта
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі (2мин)
1.Арнайы жұмыс киімдерін кию.
2.Студенттермен сәлемдесу.
3.Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ Кіріспе нұсқау (43мин)
1.Өткен сабақты еске түсіру
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою және өткен тақырыптар бойынша негізгі сөздердің ағылшынша аудармасын сұрау
- Бұрандакескіш пішіні ойылатын бұрандалар пішіндеріне сәйкес
келеді, метрикалық бұранда үшін пішін бұрышы қанша болу керек?
Жауабы: 60°
- Бұрандакескіш пішіні ойылатын бұрандалар пішіндеріне сәйкес
келеді, дюймді бұранда үшін пішін бұрышы қанша болу керек?
Жауабы: 55°
- Бұрандакескіш пішіні ойылатын бұрандалар пішіндеріне сәйкес
келеді, трапециалық бұранда үшін пішін бұрышы қанша болу керек?
Жауабы: 30°
- Бұранда түрелін ата.
Жауабы: Үшбұрышты, трапециалды, тік төртбұрышты, тіреуіш, дөңгелекті, екі және үш кірмелі
- Метрлік бұранданың номиналды профильді параметрлерінің
анықталуын белгілеңіз
Жауабы: Кестелер және формулалар бойынша
- Бұрандакескіштің материалдары мен бұрандалардың өлшемі қайда
таңбаланады?
Жауабы: бұрандакескіштің бетінде
- Бұранда тарақтарын ата.
Жауабы: Өзекті, призмалы, сыртқы бұрандаға арналған дөңгелек, ішкі бұрандаға арналған дөңгелек, тарақтың заборлы бөлігі
- Шарықтас пен қолғабысшы тірек арасында болуға тиісті саңылау
қанша мм-ден аспауы керек
Жауабы: 3мм-ден аспауы керек
- Ұстағыштарға қатысты кесу бөлігінің формасы мен орналасу
жағдайына қарай кескіштер қалай бөлінеді?
Жауабы: оң және сол
- Ағылшынша аудармасын айту
Бұрғы — Drill
Кескіш — Cutter
Бұрандаойғыш — Tap
Бұрандакескіш — Lerk
Конус — Cone
Токарлық станок — Leathe
Бұранда — Thread
Үшқұлақты патрон – Three ean nozzles
Алдыңғы тұғыр – Front pedestal
Артқы топай – Back tile
Қалқан – Shield
Бұранда қадамы – Thread pitch
2. Бүгінгі тақырып: Үшбұрыштың ішін кескіш бұрандамамен кесу. Бұранданы кесуге білдекті реттеу
2.1 Мақсат қою: студенттер үшбұрыштың ішін кескіш бұрандамамен кесу, бұранданы кесуге білдекті реттеу мен танысады, оны ұстап көзбен көреді, танысып жұмыс жасап көреді. Бұранда кесуге станокты реттеп үйренеді, бұрандакесуге арналған кескішті центрға орнатып үйренеді, кескіш қайрап үйренеді, дайындаманың ішіне үшбұрышты бұранда кесуді үйренеді.
2.2 Тақырып бойынша видео материал студенттерге көрсету
3. Студенттерден техника қауіпсіздігін сұрау
4. Металл өңдеу шеберханасындағы техника қауіпсіздік ережелерін естеріне салу (Слайд).
4.1 Токарлық станокта жұмыс істеу кезіндегі негізгі ережелер
4.2 Токарлық станокта жұмыс істеу алдындағы сақталуы тиісті техника қауіпсіздігі.
4.3 Токарлық станокта жұмыс істеу кезіндегі сақталуы тиісті техникалық қауіпсіздігі
4.4 Токарлық станокта жұмыс істеп болғаннан кейінгі сақталуы тиісті техника қауіпсіздігі.
4.5 Авариялық ситуация кезіндегі сақталуы тиісті техника қауіпсіздігі
5. Тапсырма беру.
Тапсырма:
5.1.Студенттерді үш топқа бөліп үш топқада бірдей тапсырма беру: Цилиндрлік дайындаманың ішкі бетіне үшбұрышты бұранда кесу; 1-топ, 2-топ, 3-топ
5.2 Үшбұрыштың ішін кескіш бұрандамамен кесу, бұранданы кесуге білдекті реттеу кезінде, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырылуын міндетті түрде сақтау.
5.3 Үшбұрыштың ішін кескіш бұрандамамен кесу, бұранданы кесуге білдекті реттеу барысында қауіпсіздік ережелерін міндетті түрде сақтау.
5.4 Үшбұрыштың ішін кескіш бұрандамамен кесу, бұранданы кесуге білдекті реттеу мен танысып ұстап көру жұмыс жасап көру.
5.5 Студенттердің білдекті ұтымды және қауіпсіз әдіс тәсілдермен жонып, жаттығулар орындау.
5.6.Тапсырманы орындап болғаннан кейін станоктардың толық өшкеніне көз жеткізу
ІІІ Ағымды нұсқау (180)
1.Айналым. Үшбұрыштың ішін кескіш бұрандамамен кесу, бұранданы кесуге білдекті реттеу кезінде, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырылуын міндетті түрде қадағалау
2.Айналым Үшбұрыштың ішін кескіш бұрандамамен кесу, бұранданы кесуге білдекті реттеу кезінде, техника қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақталуын үнемі қадағалап отыру
3.Айналым. Станоктарда жаттығу орындау барысында, жарақат алу себептерінен сақтандыру үшін, әрбір студенттің мұқияттылығын үнемі қадағалап, жеке нүсқаулар беру.
4.Айналым. Әрбір студенттің жұмыс жасау барысын бақылау және кеңес беру.
5. Айналым.Әрбір студенттің, жаттығу орындау барысын бақылау.
6.Айналым. Жұмыстың тапсырма бойыша толығымен орындалғанына
көз жеткізу.
IV Соңғы нұсқау (45мин)
1. Әр топтың орындаған жұмысын қабылдау.
2. Студенттерді қатыстыра отырып сабақты талдау.
3. Студенттерге мағлұматтар мен ескертулер айту.
4. Жақсы айтқан студентті мадақтау.
5. Баға қою.
6.Жұмыс орнын жинау, тазалық ережелерін орындау.
V Үйге тапсырма
Өтілген сабақты қайталау
Сабақ барысында өткен негізгі сөздердің ағылшынша атауларын
жаттау(слайд)
Ішкі бұранда – Inner thread
Ішкі бұранда кескіш – Inner threading tool
Өтпелі кескіш — Cutter
Жерлендіру – Earthing
Центр — Centre
Жоңқа – Shaving
Ө/о шебері: Махаббат О._________
Аға шебер: Молдабеков.С.Т.______
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ “ҚАПШАҒАЙ КӨПСАЛАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ” МКҚК
Келісілді Қаралды Бекітемін
Пәндік циклдік комиссия Әдіскер Оқу және өндірістік оқу
отырысында Нургазин Г.Б ісі жөніндегі директордың
Махаббат О_________ __________ орынбасары
«___» ___ 2017ж « ___» ___ 2017ж Қадырова Ә.Ә __________
« ___» ___ 2017ж
Ашық сабақ
«Токарлық іс және металл өңдеу» мамандығы бойынша
Тақырыбы: «Үшбұрыштың ішін кескіш бұрандамамен кесу.
Бұранданы кесуге білдекті реттеу»
Өндірістік оқыту шебері: Махаббат О
Қапшағай 2017жылы
Дереккөз: http://bilim-all.kz/