Бастауыш сынып оқушыларын балалардың эстетикалық тәрбиесінде табиғат мағынасын ашу

0

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … 3-4
1. Бастауыш сынып оқушыларына дүниетану пәні арқылы эстетикалық тәрбие
берудің жолдары
1.1 Эстетикалық тәрбиенің маңыздылығы, пәні, мазмұны, міндеттері мен
әдістері … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … .5-11
1.2 Эстетикалық тәрбиенің педагогикалық негіздері және табиғаттағы
рөлі … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … ..12-19
2. Табиғат құралдары арқылы дүниетану пәнінен эстетикалық тәрбие беру
жұмыстарын жетілдіру жолдары
2.1 Бастауыш сынып жастағы балалардың эстетикалық даму деңгейін
анықтау … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … ..20-21
2.2 Бастауыш сынып оқушыларын дүниетану пәнінен табиғат құралдарымен
эстетикалық тәрбиелеу бойынша жұмысты жетілдіру
әдістемесі … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … .22-24

Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … ..2 5
Әдебиеттер
тізімі … … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … … 26
Қосымша … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … …27-3 0

Кіріспе

Зерттеу көкейкестілігі:
Соңғы жылдары болмысқа, өнегелі және ақыл-ой тәрбиесіне қарым-қатынас
қалыптастырудың маңызды құралы ретінде соңғы жылдары эстетикалық тәрбие
теориясы мен практикасы мәселелеріне жан- жақты дамыған, рухани бай тұлға
қалыптастыру ретінде назар аударылуда.
Терең эстетикалық сезімдер, дүниетануның болмыстағы сұлулығын қабылдау
қабілеті- адамның рухани өмірінің маңызды жағдайы.
Р.Тагор былай деген: Сұлулық сезімдерінсіз толыққанды адамды өсіруге
болмайды: бұл сөздерде өнегелі және эстетикалық тәрбие, эстетикалық идеал
мен сұлулықты барлық заттардың мөлшері байланысы туралы ой қарапайым және
айқын айтылған.
Сұлулықтың ықпалы туралы (эстетика, эстетикалық тәрбие) аз айтылмаған.
Ертедегі гректер, сұлулық, мөлшер, үйлесімділік-табиғат құбылыстары немесе
өнер шығармаларының үлгілері ғана емес, сонымен қатар қоғамдық өмір
принциптері деп те қарастырылды.
Соңғы жылдары эстетикалық тәрбие қажеттігі туралы сөздерді мерзімдік
баспа беттері мен теледидардан жиі көруге болады. Ф.М. Достоевскидің
сұлулық әлемді құтқарады деген сөздері кең тараған. Бірақ шын мәнінде
әлемді құтқарады. Адамға көптеген тұрмыстық қолайлылық берген өркениет
ғаламдық көлемдегі мәселелер туындатты: экологиялық дағдарыстар,
қақтығыстар және т.с.с. Біздің пікірімізше, мұның барлығының себебі қазіргі
адамның прагматизмі мен техницизмі, өз бесігінен алыстауы-табиғат.
Біздің түсінігіміз бойынша, адамның айналасындағылардың барлығы керемет
болған жағдайда жүзеге асыру жеңіл әрі оңай болады.
Д.С. Лихачев пайымдауынша, адамды басынан ақ дастархан алдына
отырғызып, содан кейін өнердің құпия сұлулығы ретінде айту керек.
Жақын арада ғажайып архитектура жайлы және жылы қоныстарға айналмайды,
көшелер жылтырап, пайда болған көшелер гүлдерге толмайды. Ал біздің
балаларымыз осы әлемге келіп қойған, сондықтан да біз эстетикалық тәрбиеге
мақсатты ісшаралар ретінде, әр адам бойында сұлулық оятуға негіз болатын
эстетикалық тәрбиеден зор үміт күтеміз. Біздің пайымдауымызша, адамды
өнерге баулуды ерте- бастауыш сынып оқушыларын жастан бастау қажет, оны тек
тыңдаушы емес, сұлулықты белсенді жасаушы ретінде тәрбиелеу қажет.
Өмірдің қазіргі барысы, адамдардың еңбек, қоғамдық қатынастары,
қоршаған әлем баланың этетикалық дамуына алғышарттар жасайды.
Бала ерте жастан қоршаған әлемді таниды және зерттейді, ол әдемілік,
жарқырайтындарға ұмтылып, табиғатпен қарым-қатынастан қуаныш алады. Ол өзі
үшін түрлі бояулар мен дыбыстардағы әлемді ашады. В.А. Сухомлинский
жазғандай Баланы қоршаған әлем,- ол ең алдымен шексіз құбылыстар мен
сұлулық әлемі.
Эстетикалық тәрбие мәселесі түрлі саладағы мамандар назарын тартуда:
тәрбиешілер, педагогтар, психологтар. Өйткені терең эстетикалық сезім,
қоршаған әлемнің ғажайыптылығын өзара қабылдау қабілеті- адамның рухани
өмірінің маңызды жағдайы.
Қазіргі уақытта тақырыптың әлеуметтік маңыздылығының жоғарылығы
балабақшада тәрбиелеу мен оқыту мәселесіне, өзектілігіне және эстетикалық
тәрбиелеу бойынша дамыту сабақтарын басқаша құрастыру қажеттігіне басқаша
қарауды қажет етіп отыр.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларын табиғат құралдарымен
тәрбиелеудің тиімді жолдарымен әдістерін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларын эстетикалық тәрбиелеудің теориялық
негіздерін зерттеу;
2. Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде табиғаттың рөлін ашу;
3. Бастауыш сынып оқушыларын табиғат құралдары арқылы эстетикалық
тәрбиелеудің негізгі жолдары мен әдістерін айқындау;
Зерттеу әдістері:
— зерттеу мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық және әдістемелік
әдебиеттерді зерттеу;
— табиғат құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларын эстетикалық
тәрбиелеуге бағытталған, тәжірибелі-эксперименттік жұмыс.
Зерттеу орны: № 53 жалпы орта мектебі
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларын табиғат құралдарымен тәрбиелеу
бойынша жұмыс формалары.
Зерттеу болжамы: егер бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын
қалыптастыру бойынша жұмысты дәстүрлі емес тәсілдер тұрғысынан қарастырсақ,
онда эстетикалық талғам қалыптастыру процесін табиғи, тиімді етуге болады
Зерттеудің практикалық мәнділігі: Менің курстық жұмысының нәтижелерін
студенттер, бастауыш сынып мұғалімдері пайдалануларына болады.
Зерттеу көздері: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге байланысты
педагогика, психология, ғалымдарының еңбектері, мектеп бағдарламалары,
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, әдебиеттер тізімі.

1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Эстетикалық тәрбиенің маңыздылығы, пәні, мазмұны, міндеттері мен
әдістері.
Эстетикалық тәрбие – адамдардың материалдық және рухани байлығының
жемісі. Олай болса эстетикалық мәдениет, оның қоршаған шындық болмысына,
ортаға деген дүниетанымдық, әсемдік, шығармашылық тұрғыдан көзқарасының
жемісі. Міне, осыны негізге ала отырып эстетикалық тәрбиені сапалы деңгейге
көтерілуін қамтамасыз ететін құралдарын төмендегідей жіктеуге болады. Олар:
1. Ауыз әдебиетінің барлық салаларын қамтитын әдеби фольклор:
— ертегілер
— аңыз-әңгімелер
— мақал-мәтелдер
— жұмбақтар
— жыр
— толғаулар
— дастандар
— қанатты сөздер т.б.
— айтыс өнері
1. Музыкалық фольклор:
— ән мен жыр
— терме
— күй өнері
— аспапты музыка
— сал-серілер өнері.
2. Тұрмыстық фольклор:
— үй жиhаздары
-көш-қон жабдықтары
— ұлттық тағамдар
— сарбаз қару-жарақтары
— ат әбзелдері
— ұлттық ойындар мен мерекелер
3. Кәсіптік фольклор:
— төрт-түлік
— ханшылық
— іскерлік
— зергерлік.
Бұл келтірілген фольклордық мазмұндар, негізінен эстетикалық дамуды,
жалпы эстетикалық тәрбиені қамтамасыз ететін – материалдық мәдениет және
рухани мәдениет мұраларын қамтиды. Сонымен, эстетикалық мәдениеттің мәнін,
мазмұнын танып білуде және оларды мектепте оқушыларға эстетикалық тәрбие
беру құралдары ретінде талдап үйренуде, біз негізінен түрлі өнер түрлеріне
жүгінеміз. Олай болса қазақтың жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие берудің мәні
мен мазмұнын, құралдары мен бағыттарын талдауда да, эстетикалық мәдени
құндылықтарын жасайтын өнер түрлерін негізге аламыз.
Ата-бабаларымыз өздерінің бойындағы барлық қасиеттерді және тәлімдік
арман-мүдделерін ұрпақтарының сана-сезіміне, ертеден қалыптасып келе жатқан
тәлімдік ілімдердің салт-дәстүрлердің ұлттық психологияға сай
мәдениеттіліктің негізінде сіңіруде мақсат етіп, баланың ақылды,
мейірімді, қайырымды, сыпайы, тапқыр, ержүрек болып өсуімен қоса, сымбатты
өнерлі болып қалыптасуының да жолдарының негізін қалаған. Ата-
бабаларымыздың ілімдері халықтың ауыз-әдебиетінде, мақал- мәтелдерде, нақыл
сөздерінде, аңыз-ертегілерінде, ақын-жыраулар поэзиясында, билердің
сөздерінде, қазақ өмірінің тұрмыс-салттық, мәдени шығармашылық және
рухани танымдық көрінісі ретінде қарастырылған. Міне сол тәлім-тәрбиелік
құндылықтарды жинақтаудан құралған педагогикалық, психологиялық ой-
пікірлер, ғылыми-педагогикалық-психологиялық зертетулер нәтижесінде,
қазіргі эстетикалық тәлім-тәрбие жүйесінің жасалуына тарихи ықпал етті.
Көшпенділер отырықшы халықтар мәдениетінде ешқандай үлес қоспаған
деген кереғар пікірді, қазақстан жеріндегі археологиялық қазбалардан
табылған көне мәдениет пен өнер бұйымдары теріске шығарды. Сол жәдігерлерді
көре, тани отырып, қазақ даласын мекедеген ежелгі тайпалар кейін келе
қазақ атанған ата бабаларымыз тек малшы, жауынгер ғана емес, сонымен бірге
тамаша сәулеткер, мүсінші, ұста зерге болғанын көреміз. Соның бір айғағы:
Маңғыстаудағы мәдени мұралар, түркістандағы Орта Азиядағы ең алып әрі
бүгінге дейін сақталған бірден-бір көне сәулет өнерінің ескерткіші Қожа
Ахмет Иассауи кесенесі, тараздағы әлемде теңдесі жоқ Ортағасырлық Айша-
Бибі кесенесі, сол сияқты Арқадағы Алашахан, Аягөздегі Қозы-Көрпеш пен
Баян-сұлу мазарлары. Есіктен табылған Алтын адам, Түркістандағы тайқазан,
республика мұражайларындағы сан-алуан тұрмыстық бұйымдар мен зергерлік өнер
туындылары, ертедегі ата-бабаларымыз, төрт-түлік шкізаты – жүнді, теріні,
мүйізді аса үлкен шеберлікпен өңдеп, күнделікті өмірге керекті заттар
жасаса, темірден түйін түйген, Алтынды аптап, күмістеп, күмісті құтпен
көз тойдырар зергерлік әшекейлер жасаушы шеберлер болғанын, сөйтіп өзінің
материалдық рухани мәдениетінің алтын қорын байытқанын көреміз. Ата-
бабаларымыз күмбірлеген күміс күймен сыбызғы, сырнай үнімен,асқақтата
салған әсем сазды әнмен, өзінің рухани жан дүниесінің сұң-мұқтажын, асқақ
арманын келер ұрпақтың зердесіне жеткізіп, санасына ұялатып келгені де
әлемге аян. Қазақ халқының рухани эстетикалық мәдениеті, өзіне тән
болмысымен шетелдіктерді де таңдандырып келгенін, ғалым-педагог С. Қалиев
Еуропа ғалымдары қазақ халқының мәдениеті туралы [51] атты кітабында
деректі материалдар негізінде көрсеткен. Онда өткен ғасырларда қазақ
даласында саяхатта немесе айдауда болған демократ-ғалымдардың қазақтар
туралы, олардың мәдениеті туралы ой-пікірлері келтілірген. Енді сол
еңбектен төмендегідей мәліметтерге назар аударып көрелік.
Қазақ қол өнерінің ең айшықты түрі ою-өрнек өнері. Қазақ ою-
өрнектерінің қалыптасу, даму сатыларын зертетген ғалымдар оның 200-ден
астам түрі бар екенін айтады. Қазақ ою-өрнегі, сонау сақтардың Хайуанаттар
стиліндегі, одан кейінгі үйсіндердің полихромдардың өнерімен
сабақтастықта дамыған, халықтың дүниетану мен табиғатқа деген көркем-
эстетикалық талғам деңгейіндегі көзқарасын Екінші табиғаттың жасаудағы
шеберлігін көрсететін аса зор көркемдік мәні мен маңызы бар өнері. Қазақ
тұрмысында ою-өрнекпен әшекейленбейтін бұйым жоқ деуге де болады. Мұның
өзі, бұл өнердің қазақ өмірі мен тұрмысына әсемдік енгізуге деген
эстетикалық талғам өрісінің деңгейін айқындай түседі. Ою-өрнек киіз
бұйымдарды, ағаштан, темірден, теріден жасалған заттарды ұлттық киімдерді,
зергерлік әшекейлерді, сәулеттік құрылыстарды әсемдейтін мәнерлеу құралы.
Оның түрлері мен атауларынан халқымыздың төр-түлікке, табиғаттағы
өсімдіктер мен жануарларға, құстарға, ай-жұлдыздарға қарай отырып сол
тұлғаларды ықшамдап әсем өрнекке айналдыруы нағыз шеберлікті көрсетеді.
Қорыта айтқанда, қазақ халқының көркем-эстетикалық мәдениеті – оның
тарихи қалыптасуы мен дамуы барысындағы дүниетанымдық, рухани-көркем
шығармашылық іс-әрекеттерінің сапалы жемісі және Сегіз қырлы бір сырлы
жан-жақты қалыптасқан әрі дамыған болашақ ұрпақ тәрбиесі мазмұнындағы
эстетикалық тәлім-тәрбиесінің басты құралы .[99]
Қазақ фольклорының эстетикасының халық өнерінің алуан түрімен қатар
алып зертету – оның мазмұн байлығын, суреттеу тәсілінің молдығын,
эстетикалық бағалылығын арттырады, халық творчествосының барлық саласы
поэзия, музыка қол өнер пластика, сәулет өнері сияқты түрлерінің көркемдік
жолының бірі екендігінің өзара тығыз байланыста өсіп қалыптасқанын
танытады, — деген пікірде айтады. Әрине, бұл пікірді әдебиеттану ғылыми
тұрғысынан құптауға болады, ал педагогика ғылымы бойынша бала тәрбиесі үшін
зерттеу пәні ретінде әндердің бір ғана түрін алып, оның эстетикалық
мүмкіндіктеріне жан-жақты тоқталған тиімді. Бұл балаға өнердің белгілі бір
саласына эстетикалық тұрғыда жүйелі мағлұмат алуына көмектеседі, белгілі
әдіс-тәсілдер, амал жолдар арқылы бала санасының әсемдік жолымен дамуына
ықпал етеді, жүрегіне ұлт өнеріне деген сүйіспеншілік сезімін ықыласты
көзқарасын ұялатады, халық өнеріне құрметпен қарауына, оны меңгеруге,
өмірде орында пайдалана білуге үйретеді.
Әдетте қазақтар әсемдік-сұлулықты күнделікті өмірден, табиғат
көріністерінен, адамнан көре білген және оны теңестірмелі түрде берген.
Мұндағы дария дегені аспан, өйткені, біріншіден, екеуі де көгілдір,
мөлдір тұңғиық, екіншіден, көгілдір түс қазақтардың ең ұнататын, күнделікті-
тұрмыс тіршілігінде үй – жихаздарын әшекейлегенде кең қолданатын түсі.
Эстетикалық тәрбие педагогикалық ғылымның бөлімі, оның тікелей
теориялық негізі эстетика болып табылады.
Педагогика эстетикалық тәрбиені қабылдау, сезіну, өмірдегі және
өнердегі сұлулықты түсіну қабілеттерінің дамуы ретінде анықтайды.
Эстетикалық тәрбиелеу адамның барлық сұлулыққа, қоршаған әлемге,
табиғатқа, өнерге бейімделу процесі. Ол адамда жоғары сезімдер мен мінез-
құлықтардың қалыптасуы. Эстетикалық тәрбие өнегелілермен тығыз байланысты,
бірақ оның өзіндік ерекшелігі бар- ол өнерге бейімделу.
Эстетикалық тәрбие мыналардан тұрады:
— өнер туындылары жасалатын заңдарды білу;
— адамда сұлулық әлемін тану ниетін тәрбиелеу;
— шығармашылық қабілеттерді дамыту.
Эстетикалық тәрбиенің мәні мынада, ол адамды жомарт етеді, жағымды
өнеелі сезімдер қалыптастырады, өмірін безендіреді.
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиеде біз балаларды жақсылыққа үйретеміз,
бірақ бала аяғына дейін жақсылықтың ақиқаты мен жалғанын түсіне алмайды.
Үлкендерге эстетикалық тәрбиенің ерекшеліктерін білу қажет:
— сұлулық туралы айта отырып, тәрбиеші назарын мазмұнға емес,
сезімдерге аударады.
— эстетикалық сезімді тәрбиеші сенсорлы дамумен байланыстырады, өйткені
сұлулық заттардың формасы, түстері, көлемдері мен дыбыстар бірлігі болып
табылады.
-бала еліктеуші, сондықтан да тәрбиеші еліктеу үшін тек жағымды
мысалдар беруі керек.
Бағдарлама бойынша эстетикалық тәрбиелеу міндеттері:
1. Балаларда керемет әлемін білуге деген ниеттерін тәрбиелеу.
Көркемдік талғамын тәрбиелеу, яғни тек жарқын нәрселерге
қызығып қана қоймай, сонымен қатар баға, өзіндік пікір білдіру.
2. Мінез-құлық эстетикасын тәрбиелеу.
3. Балаларда көркемдік шығарманы тәрбиелеу: ән салу, жапсыру, өлең
оқу және т.б
Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары:
Көрсетілген міндеттерді шешу үшін, қажетті құралдарды таңдау қажет.
1. Қоршаған болмыстың оң және теріс жақтары да бар. Баланың назарын
оң жақтарға көбірек бөліп, әрекет ету және қиял әрекетін дамыту.
2. Табиғат.
3. Сабақтар: музыка, бейнелеу әрекеті, сөйлеу әрекеті
4. Тұрмыстық эстетика.
Эстетикалық тәрбиенің кең мәні педагогикада ертеден дәстүрге енген.
Советтік мектептің алғашқы қаулыларында сезім мүшелері мен шығармашылық
қабілеттерді дамыту мүмкіндіктері қарастырылған.
30 жылдарға педагогикалық процесстің екі жақтылығы тән: оқыту мен
шығармашылық көркемдік іс-әрекетке бейімдеу құралы ретінде. Осы кезеңде
эстетикалық тәрбие мәселесімен Е.Флерина, Н.Сакулина айналысты.
50-ші жылдары эстетикалық сфераның заттық тәрбиесін шектейтін, тек оны
өнермен тәрбиелеу ретінде түсіндіретінанықтамалар басым болды.
60-жылдары жүргізілген ғылыми зерттеулер және озық тәжірибелерді тарату
негізінде бастауыш сынып оқушыларын жастағы балаларды эстетикалық
тірбиелеудің Бала бақшада тәрбиелеу деген атау алған жүйесі қалыптасты
(1962 ж). Осы құжатта алғаш рет тәрбиелеудің бүкіл процесін, баланың
психикалық және физикалық дамуының бірыңғайлығын көрсету ұмытылыстары
жасалды.
Қазіргі уақытта эстетикалық тәрбие кең мағынада түсіндіріледі, яғни
өнермен қатар оған болмыстың құралдары арқылы тәрбиелеу де енгізіледі.
Көптүрлілігі өнердің түрлері мен жанрларын тудырады. Бастауыш сынып
оқушыларын балалар графика, живопись, мүсін, декоративті қолданбалы өнер,
әдебиет пен музыка сияқты өнер бағыттарымен танысады, олардың әрқайыссының
өз жанры бар.
Балалар сол сияқты қоршаған әлемнің маңызды эстетикалық жақтарын
бейнелеейтін, негізгі эстетикалық түсініктерді игереді. Үлкендер
жетекшілігімен балалар сұлулықтың негізгі критерийлерін, олар туралы
білімдерді игеріп, сәйкессінше оларды өмірде қолдана білуге дағдылануы
қажет.
Негізгі эстетикалық категория- ғажайыптылық категориясы. Онда тек
эстетикалық қана емес, сонымен қатар өнегелілік те көрсетіледі. Сұлулық
туралы білімдер ерте балалық шақтан, баланы қоршаған ойыншықтар, өнер
туындылары арқылы қалыптасады. Есейе келе, олар сұлулық түсінігін, табиғат
құбылыстарын тани бастайды. Балалар қандай істердің жақсы, қандайы жаман
екенін біле бастайды. Балалар еңбек жағдайлары сұлулығын, ал сұлулылық
оларға деген ұқыпты қарым-қатынас екендігін тани бастайды. Өнер туындылары
арқылы: өлеңдер, ән, музыка, бейнелеу өнері- балалар сұлулық туралы
білімдерін бекітеді, эстетикалық бағалауды игереді. Балаларды ұлттық
өнермен таныстыру ерекше мәнге ие. Ересек балалар ерлікті, романтиканы
түсіну арқылы жоғары деп аталатын эстетиткалық категорияны игере бастайды.

1954 жылы Н. И. Красногорский балалардың жоғары дәрежелі нерв
қызметінің жаңа классификациясың ұсынады, онда сигналдық системалардыңөзара
қарым-қатынасы мен ми қыртысының қыртыс асты түзінділерімен өзара әсері
ескерілген. Қазіргі кезде осы классификация неғұрлым толық болып есептеледі
және төрт типті қамтиды.
Бірінші – күшті, тиімді қозатын, байсалды,тез – сангвиникалық тип,
мұнда шартты рефлекстер тез түзіліп, тез өшеді және тез арада қалпына
келеді. Мұнда қозу мен тежелу тез ауысып, нәзік жіктеу тез арада болады.
Мұндай балалардың мінез-құлқы жақсы, темпераменті ширақ болады және олар
тәрбиелеу үшін қиындық туғызбайды. Олар екпін мен дауыс ырғағын дұрыс
қойып, тез және дауыстап айқын сөйлейді, сөздер қоры мол, кейде күшті
ымдап, мәнерлі ишарамен сөйлейді.
Екінші – күшті, тиімді қозатын, байсалды, баяу – флегматикалық тип.
Жоғары дәрежелі нерв қызметі осындай типтегі балаларда шартты рефлекстер
тез әрі берік түзіледі, тежеу әсері мықты болады. Балалар шртты
тітіркендіргіштің күшіне оңай бейімделеді, жақсы оқиды, олардың мінез-құлқы
үлгілі болады. Далалар дұрыс сөйлейді, сөз қоры жеткілікті, айқын
байқалатын эмоциясы, ым-ишарасы болмайды. Қиын тапсырмаларды орындауда
белсенділігін арттырып, олрды орындауға тырысады.
Үшінші – күшті, тез қозатын, ұстамсыз ұшқалақ – холерикалық тип,
қыртыс асты қызметі күшті, оның ми қыртысы үнемі толық дәрежеде реттей
алмайды. Алғашқы екі типтегі балаларға қарағанда, шартты байланыстар
баяуырақ түзіледі. Мұндай балалар қанағаттанарлықтай оқиды, бірақ мектептің
талаптарына қиындықпен көндігеді. Олардың эмоциясы жоғары, тез қозады және
қызба болады, оларға қалыпты дамып, дауыс ырғағы әр келкі болып тұрса да,
ширақтықпен ұштасатын дәләлсіз әсерлерден шытынап шыға келу тән. Мұндай
балаларды тәрбиелеу көптеген қиындықтар туғызады.
Төртінші — әлсіз, баяу қозатын, байсалды – меланхоликалық тип, ми
қыртысы мен асты түзінділері жалпы алғанда баяу қозады, бірінші және екінші
сигналдық систамалардың қызметі айтарлықтай төмен. Мұндай балаларда шартты
рефлекстер баяу түзіледі. Олар тез қажып, тежелу күйіне өтеді. Олар ақырын,
нашар сөйлейді, сөздер қоры аз. Мұндай типтегі балаларды невроздық әсермен
невроздық әсермен невроз оңай дамиды.
Балалардың жоғары дәрежелі нерв қызметінің типтерін зерттеудің зор
практикалық маңызы бар. Бастауыш мектеп оқушысының жоғары дәрежелі нерв
қызметі тыныш болады. Қозу тежелуден басым болса да, тежелудің барлық
түрлері айтарлықтай жақсы байқалады. Мектеп оқушыларының миы жаңа
тітіркендіргіштерге активті әсер көрсету және есте тез сақтап алу
қабілеттілігімен белгілі. Алайда осындай жаста қан айналымының
жеткіліксіздігі мен ми құрылымының қалыптасып болмауына байланысты күш
түсуінің нәтижесінде қалыпты қозғыштық оңай бұзылып, нерв системасы тез
қажиды. Жоғары дәрежелі нерв қызметінің типті және әрбір адамның жалпы
мінез-құлқы тұқым қуалай берілген (генотип) іштен болған ерекшкліктердің
және өмір бойында кейін пайда болған (фенотип) белгілердің қорытпасы
болып табылады. Жоғары дәрежелі нерв қызметінің типі өмір бойы өзгерумен
болады. Жоғары дәрежелі нерв қызметі типтерінің өзгеруіне бейімділік нерв
систмемасының икемділігі деп аталған. Икемділік – динамикалық процесс.
Мектеп оқушысының мінез-қүлқы нерв системасының тума физиологиялық
қасиеттеріне ғана емес, сондай-ақ әлуметтік жағдайларға да байланысты. Кез
келген жастағы оқушының жоғары дәрәжелі нерв қызметінің типі мен мінезін
анықтауға әлуметтік-тұрмыстық жағдайларды ескеру керек, себебі семья мен
қоғамдық ортадағы қарым қатынастар оған өз таңбасын түсіріп, типті
бүркемелейді. Жоғары дәрежелі нерв қызметі типтерінің икемділігін И. П.
Павлов адам мінезін тәрбиелеудің, жаттықтырудың және өзгертудің аса
маңызды педагогикалық фактісі деп есептеді. Организм неғұрлым жас болса,
айналадағы құбылыстардың оған соғұрлым күштірек әсер ететінін ескерсек,
жоғары дәрежелі нерв қызметін қалыптастыру бала туған күннен басталып,
мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы және мектептен кейінгі кезеңде
жалғастырылуы тиіс. Бала мен ересек адамның жоғары дәрежелі нерв қызметінің
типі оның ауырып тұруы, психикалық күйзелісі және басқа факторларға
байланысты өзгеруі мүмкін. Мұндай жағдайларда жеке және қоғамдық ықпал ету,
яғни мінезді шынықтыра түсу шаралары арқылы типті түзетуге және қайта
тәрбиелеуге болады.
Атап көрсетілгендей, баланың психикалық дамуының әрбір кезеңі оның іс-
әрекетінің негізгі, жетекші түрімен сипатталады. Мысалы, мектеп жасына
дейінгі балалық шақта ойын іс-әрекеті жетекші болады. Бұл жастағы балалар
үйреніп, тіпті шама-шарқынша еңбек етіп жүрсе де, олардың бүкіл болмысын
анықтайтын шынайы стихия әр түрлі ойындар болып табылады. Ойын үстінде
қоғамдық баға беруге тырысушылық пайда болады, қиял және символиканы
пайдалана білуі дамиды. Осының бәрі баланы мектепке даярлығын сипаттайтын
негзгі сәттер болып табылады.

1.2 Эстетикалық тәрбиенің педагогикалық негіздері және табиғаттағы
рөлі.
Бала шығармашылық субьектісі, кішкентай суретші. Одан басқа ешкімде
оның алдында тұрған шығармашылық есептің дұрыс жауабын білмейді. Мұғалімнің
ең бірінші жұмысы, бала алдында әрқашан да шығармашылық есеп болуын
қадағалау…[27,12] (А.А.Мелик Пашаев)
Оқу процесін құру және ұйымдастыруда баланың қажеттілігі мен
мүмкіндіктерін ескеретін, және қандай да бір іске қабелітсіз деп баланы
бөлмейтін дамыта оқыту жүйесі балаға негізгі музыкалық іс-әрекеттер
түрлерінде өз күштерін байқауға мүмкіндік береді. (триада: шығарма,
орындау, қабылдау). Баланың түрі музыкалы іс-әрекет түрлеріне қатысуы
музыкалы шығарманы толық қабылдау үшін қажетті арнайы қабілеттерді
айқындауға мүмкіндік береді. Қабілет сәйкес нақты іс-әрекетпен тыс пайда
бола алмайды. Музыка шығаруда, оны орындау және қабылдау бала күшіне сәйкес
болуы өте маңызды.
Оқушыларды жетекші музыкалық іс-әрекеттерге тарту бастауыш сыныпта
оқытудың негізгі мазмұны болып табылды.
Музыкалы материалды қабылдау бірінші қарағанда маңыздылығы бойынша
бірінші орында тұруы қажет, өйткені біздің міндетіміз- баланы музыканы
тыңдау және түсінуге үйрету, бірақ музыкалы-орындаушылық және шығармашылық
әрекеттер орны да ерекше.
Бастауыш сынып оқушыларын жаста бала музыка мәдениеті саласындағы
ақпараттарды қызығушылықпен қабылдайды.
Музыкалы дыбыстармен жұмыссыз, негізнгі айқындау құралынсыз, оның
өзгермелелігін және қайталынбастығын сезіну және түсінусіз, оны негізгі
ерекшеліктерімен таныстырусыз (жоғарлылығы, ұзақтығы, күшті тембрі)
музыканы түсіну жеткілікті күрделі. [29, 63]
Музыкалы дыбыспен жұмыс-балаларды музыкаға оқытудағы бірінші кезең.
Бастауыш сыныпта музыка сабақтары ерекше маңызға ие, өйткені кіші мектептік
жаста музыканы қабылдауға арнайы қабілеттер дамуының үлкен мүмкіндіктеріне
ие.
Бұл процессте балаларды музыкалы-орындаушылық іс-әрекетке (элементарлы
вокал) қатыстыру маңызды. Балалар тұрақты жаттауды қажет етеді, бұл олар
үшін өзіндік айқындалудың қол жетімді формасы. Тағы да музыкалы-
орындаушылық іс-әрекет музыкаға деген махаббаттың пайда болу негізі,
оқушылардың музыкалы білім алуының екенші кезеңіне өту көпірі. [32, 14 ]
Музыкалық-орындаушылық іс-әрекетке қарағанда, музыкалық сауаттылыққа
оқытудың алғашқы кезеңінде шығармашылық тәжірибенің мәні де ерекше. Іс-
әрекеттің дәл осы түрі балаға музыка тілінің негізгі заңдарын сезінуге және
музыкалы іс-әрекет үшін қажетті арнайы білімдерді, іскерліктерді,
дағдыларды игеруге көмектеседі.
Сонымен, оқытудың алғашқы кезеңінің негізгі мақсаты (музыка
дыбыстарымен жұмыс, бірінші-екінші сынып)- музыка шығармаларын түсінуге
көмектесетін музыка тілінің негізгі заңдарын ашу және сезіну.
Музыка сабағын баланың шығармашылық мүмкіндігін оятатын сабақ ретінде
жүргізу принципі ең алдымен оқушының қиял, эмоционалды-бейнелі сфераларын
оңтайландыруға негізделген.
Өмір мен өнердің, өенр мен өмірдің диалектикалық өзара байланысы
шығармашылық типтегі сабақты құру негізгі болып табылады.
Шығармашылық типтегі сабақтарды анықтайтын принциптерге біз келесілерді
жатқызамыз:
Адами сезімдер, эмоциялардың этикалық және эстетикалық мазмұнымен
рухыни қарым-қатынастың ерекше формасына түсу ретінде өнер мен шындыққа
эстетикалық тұрғыда қол жеткізу қабілетін өнімді дамыту.
Болмысты көркемдік игерудің маңызды факторы ретінде бейнелі ойлауды
қалыптастыруға бағыттылық. Дәл осы бейнелі ойлау балада қоршаған әлемнің
эстетикалық көпөлшемділігін түсінуді оңтайландырады.
Болмыс құбылыстарының серпінді-сезімдік және көп жоспарлы эстетикалық
игерілу жағдайы ретінде көркемдік синтездеу қабілетін оңтайландыру, өнерді
тұтас қабылдау негізі ретінде көркемдік қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Болмысты эмоционалды-шығармашылық бастан кешірудің пайда болуы үшін маңызды
жағдай ретінде өнегелі-эстетикалық жағдай жасау.
Қоршаған әлемге көркемдік өзіндік қатынас қалыптасыру негізі ретінде
импровизация дағдыларын тәрбиелеу. Импровизация-балалардың шығармашылық
қабілеттерінің алғышқа негізі.
Балалар шығармашылығына тәрбиелеу әдісі ретінде қарау-қазіргі көркемдік
педагогикаға тән тенденция. Импровизация тұтасты көру іскерлігін дамытуға,
педагогикадағы шығармашылық процессті сезінуге мүмкіндік береді. Тәжірибелі-
экспериментті жұмыста біз оқушыларда шығармашылық импульстерді
белсендендіру үшін, шығармашылық қуанышты тану үшін оптимальді жағдай жасау
мақсатын қойдық.
Біздің ең негізгі міндетіміз балаларға тек білімдер, іскерліктер,
дағдылар беріп қана қоймай, сонымен қатар оларды еркін игеру, шығармашылық
жағдайында оларды пайдалану, яғни түрлі өзара әрекеттестік формаларын
пайдалана отырып балалардың шығармашылық деңгейін көтеру және дамыту үшін
жағдай жасау. Креативтілік дегеніміз қабілдауда, шығармада, орындауда
импровизацияда музыка туралы ойлауда музыкалы-шығармашылық даму.
Білім, іскерлік, дағды (Б;Д) операциялары, сонымен қатар белсенділік,
сенімділік, түрлі әуестенулер кративтілік көрсеткіштері болып табылады.
Біз ең алдымен Н.А.Терентьева тәжірибелеріне сүйене отырып, жаңа
авторлы бағдарлама жасадық.
Шығармашылық іс-әрекетті дамыту, музыкалық айқындылықты қабылдау
құралдарын шығармашылық тапсырмалар жүйесі арқылы ұсынамыз. Сабақтағы
балалардың дербес шығармашылығы олардың ұйықтап жатқан қабілеттерін оятады.
Шығармашылық тапсырмаларды таңдай, құрастыра отырып, біз келесі
принциптерді ұстанамыз:
Мұғалім түрлі музыкалық іс-әрекеттер түрлерінде баланың креативтілігін
дамытуға ерекше көңіл бөлу қажет, осыдан тақырыпқа негізделе әр сабақта іс-
әрекеттің өзара әрекеттестіктің рационалды жолдарын іздестіреді.
Жұмыстың түрлі әдістері мен формаларын, әр баланың шығармашылық
белсенділік, қызығушылығын тудыру үшін. Шығармашылық тапсырмалар белгілі
бір тізбекте, тіртіндеп күрделене орындалуы керек (шығармашылық тапсырмалар
сериясын жасау). Шығармашылық тапсырмаларда түрлі музыкалы материалды
пайдалану қажет: классика, фольклор, қазіргі әйгілі музыка.
Креативтілік жұмыстар принциптерімен қатар сабақта репродуктивті
типтегі тапсырмаларды пайдалану (қарапайым музыка түсініктерін есте сақтау,
композиторлар есімдерін, шығармалар атауын). Ең алдымен, балалардың
музыкалы-шығармашылық дамуы музканы қабылдауда, ол туралы ойлауда
байқалады.- бұл музыкамен шығармашылық қарым-қатынастан шығатын іс-әрекет.
Тек мазмұн емес, сонымен қатар пікір, бала сөйлеуінің интонациясы маңызды.
Баланың психикалық өмірі көріністерімен тығыз байланысты сөйлеу интонациясы
көптеген қызықты нерселерді естуге мүмкіндік береді. Сөйлеудің эмоционалды
болуында-таңқалу, қуану, немқұрайлылық баланың музыкаға қатынасынан
байқалады. Бейнеліліктің дамуын және сабақта бала сөйлеуінің айқындылығын
бақылау өте маңызды. Бұл кең таным көзінің және балалардың шығармашылық іс-
әрекетін ынталандырудың бірі.
Музыка сабақтарын шығармашылық сабақтар ретінде ұйымдастыру
импровизация, ритмизация, театрализация сияқты көркемдік-шығармашылық жұмыс
формаларын және практикалық әдістерді қарастырады.
Олардың кейбірінің мәнін қарастырайық:
Импровизация. Импровизациямен айналысу екі өзара байланысты мақсаттарды
көздейді: бірінішісі-интонациялы және ладты естуді жасау, екіншісі-
шығармашылық қиялды дамыту. Жиі жағдайларда импровизация барысында оқушыдан
бір мұғалімнің бастаған әуенін жасғастыру талап етіледі және сол
тональдікті аяқтайды. Сонымен қатар кең таралған әдістерден бас тартуға
болмайды. Импровизациялар ритмикалық және орындаумен байланысты болуы
мүмкін (өзгермелі сипат,темп, орындау динамикасы) және т.с.с-
импровизациялаудың мұндай түрдегі тәсілдері жеткілікті кең таралған,
Серпілісті интонирования. Серпілісті интонирования образға ену
мүмкіндіктерінің тәсілдерінің бірі, онда кез-келген жест, қозғалыс
мазмұнының эмоционалды айқындау формасы бола бастайды. Жест, қозғалыс,
серпінділік эмоцоиналды күйді жалпылаудың ерекше қасиетіне ие.
Серпілісті интонирования-музыка негізінде туындайтын адам денесінің кез-
келген қозғалысы. Ол орындаушылық өнердің кез-келген түрлерімен байланысты-
музыкант қозғалысы, тек сол музыкант естіп отырған әуеннің құпия мәнін
білдіреді. Кейде серпілісті интонирования кезейсоқ пайда болады, музыка
мен серпілісті айқындылықтың үздіксіздігін біле тұра мұғалым оқушыларды тек
есту арқылы ғана емес, сонымен қатармузыкалы-ритмді қозғалыс көмегі арқыты
қабылдауға бейімдеу қажет.
Музыканы қозғалыс, жетістікпен орындау тәсілі- серпілісті
интонирования. Бұл балаларға фразаларды түйсінуге, қандай да бір шығарманы
сезінуге, даму ерекшелігін көрсетуге, сонымен қатар өзін шығармашылық
тұрғыда көрсетуге көмектеседі.
Мысал ретінде өзі инструментте ойнамайтын, дирижер адамды келтіруге
болады. Яғни, дирижер жестінде музыканың мәнерлі-бейнелі мәнін сезіндіруге
мүмкіндік беретін бір нәрсе бар. Қозғалыс-көрінетін музыка, қазіргі уақытта
көптеген инструменталды және вокалды шығармалардың серпінді түрлерінің
пайда болуы кездейсоқ емес. Музыканың қозғалыс арқылы орындалуы мұғалімге
әр баланың музыканы қалай еститінін көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар
қозғалыс арқылы музыканың орындалуы балаларды серопілтеді, және шығарманы
басынан аяғына дейін тыңдауға мәжбүрлейді. Музыка сипаты өзгергенде осы
өзгерістерді балалардың қаншалықты қабылдағаны, қаншалықты зейінді болғаны
байқалады.[35]
Инструменталды сүйемілдеу-инструменталды сүйемілдеу-музыканы балаға
қолжетімді аспаптарда ойнау арқылы қабылдаудың шығармашылық процесі.
Музыкалы іс-әрекеттің музыканы белсенді тыңдаудың барлық әрекет түрлеріне
өзара ену ойын тағы бір ерекшелейтін. Сонымен инструменталды сүйемілдеу
музыканы тыңдау, вокалды-хор орындау, импровизациямен тығыз байланысты.
Аспаптарда ойнау- балалардың қызықты пайдалы іс-әрекеті. Бұл бала
өмірін безендіруге, оны серіктіруге және … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz