Ұлыстың ұлы күні – Наурыз! » Қазақстан ұстаздарына арналған

0

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!
, Аягөз ауданы, Мәдениет ауылы
«Е.Рахмадиев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Мектепалды даярлық топ тәрбиешісі
Кулжанбекова Гульсим Есентаевна

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!
Ертеңгілік.

Мақсаты:
1. Балаларға ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін кеңейту. Балаларды қазақ халқының дәстүрімен таныстыру.
2. Балалардың дүниетанымын , сөздік қорын, көре отырып әңгімелеп беру
ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтей білуге тәрбиелеу.

(Залда әсем әуен ойнап тұрады)
Тәрбиеші: Армысыңдар, халайық!
Бармысыңдар, халайық!
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылда қарсы алайық!

Мереке Наурыз жыл басы.
Наурыз тойы құтты болсын!
Жауын жауып, жер бетіне көк толсын!
Даламызға бұл жаңа жыл құт болсын!

— Құрметті қонақтар, ата-аналар кішкентай бүлдіршінднр және ұстаздар!
Ілесіп Наурызбенен көктем жетсін,
Көңілін үлкен-кіші көкке өрлетсін,
Еңсесі көтеріліп ер-азамат.
Ескі жылмен реніш, өкпең кетсін!
— дегендей, Наурыз жыл басы құтты болсын! Жаңа жыл тек қана жақсылығын, жаңалығын әкелсін! Ақ мол болсын! Халық тоқ болсын!
Еліміз тыныш болсын! Баршаңызға бақ қонсын!
— Қадірменді халайық, кішкентай бүлдіршіндерімізді қошеметпен қарсы алайық!
І бөлім. Наурызға шашу
Наурыз шығады:
Жайнатамын бар гүлді, 2. Наурыз келді жар салып
Сайратамын бұлбұлды, Қуандырар қарсы алып
Төгілтіп ән-күй, жырды, Наурыз келді, көктем – береке,
Мейрамдайық бұл күнді. Тойлатайықшы ән салып.
Тіршіліктің бастауы
Наурыз айы – мен болам! 3. Күн мен айға әлемнің
Берем ыстық сәлемін
1 .Наурыз күні той-думан, Қартарыма сыйынып,
Ортамызды ашайық Иіліп сәлем беремін
Ән мен күйді төгілтіп, Құтты болсын мереке!
Інжу-маржан шашайық. Құтты болсын береке!
4. Наурыз келді құт болып,9. Көктем, көктем, көктемде
Мына бізге нұр болып Құстар келіп жеткенде
Аққа аузымыз толады Қуанып бір қаламыз
Бар жақсылық болады. Ән мен қарсы аламыз

5. Армысыңдар халайық10. Сәлем елдің көктемі
Әркез аман болайық Әлем енді көктеді
Наурыз тойын қуанып Құрметпенен бас идік
Жылда қарсы алайық Құштарыңа көктемгі.

6. Қар су боп жөңелді 11.Келіп көктем құстары
Қалды дала жалаңаш Бау-бақшада ән салды
Күн нұрына кеңелді Оларды жас достары
Бүршік атып бар ағаш. Ұя жасап қарсы алды.

7. Көктем қандай көңілді12. Көктем келді бүгінгі
Көктем жаңбыр төгілді Күнім төкті нұрын
Мөлдір аспан ашылып Сайрап барлық құстар
Күннің көзі төгілді Ән салуға құштар.

8. Ата – бабам тойлаған
Наурызым армысын
Қызыққа еш тоймаған
Дарқан дала, қарлы шың.

ІІ бөлім. Салт – дәстүрді білесің бе?
Ән : «Домбыра сазы»қыздар тобы
Ойын: «Асық ату»
Көрініс: «Тұсау кесу»
Балалар, қазақ халқының әртүрлі дәстүрлері бар, бұл халықтық мерекенің үлкен мәні бар. Біз бүгін сол дәстүрлердің бірі «Тұсау кесу» дәстүрімен танысамыз. Тұсау кесу рәсімі сәбиді қаз тұрғаннан кейін, жылдам жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ырым. Тұсауды көбіне тез, шапшаң жүретін
үлкен кісіге кестіреді. Ол үшін алдын ала жіп дайындалады.Тұсау кесудің жібін дайындаудың бірнеше түрі бар.
Олар:
— Көбейіп көгере берсін деп шөптен есіп жасаған;
— Бай болсын деп малдың тоқ ішегіннен де жасаған;
— Адал болсын деп ала жіпті есіп жасаған.
Қаз-қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауынды кесейін, — деп баланың тұсауын кеседі.
Қаз-қаз басқанына қуанып шашу шашылады, отырған балалар шашу жинайды.
Би : «Қазақ биі» қыздар тобы
Ойын: «Арқан тартыс»
Ән: «Қошақаным» Нурымханова Еркеназдың орындауында
Дастарханға бата. Ауылдың ақ сақалына сөз кезегі беріледі

Тәрбиеші:
Сіздерге бар жақсым да, бал тәттім де,
Алаңсыз өсіңдерші, бейбіт күнде,
Дәстүрім тамыр алып, өркен жайсын.
Жалғасып ғасырларға бізбен бірге — дей келе, мерекеміз құтты болсын!
Келер Наурызға да төрт көз түгелғ уаым қайғысыз, тоқшылықпен жетейік,
ағайын.

ІІІ бөлім. Мерекелік дастарханнан дәм тату