Ұлттық өнер тәрбие негізі тәрбие сағаты

0
88

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық өнер – тәрбие негізі
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін, өнерлерін ортаға сала отырып, танымдық қабілеттерін арттыру, өз елінің ұлттық мұрасын қастерлеуге, өнерге баулумен қатар эстетикалық танымын дамыту, өнерге қызығушылығын дамыту.
Жоспары:
І. Таныстыру
ІІ. «Туған жер» тақырыбына сурет салу
ІІІ.. Қағаздан ою – өрнек қию
ІҮ. Қағаздан құрақ құрастыру
Ү. Мүсіндеу
ҮІ. Эстафеталық жарыс
ҮІІ. Жұмбақ шешу
ҮІІІ. Суреттер туралы не білеміз?
Армысыздар, Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің мектебі – міздің 8 – 10 сыныптар оқушыларының арасында болатын «Ұлттық өнер – тәрбие негізі» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Бұл сайыс сендерді жылдам сурет салуға, ой – қиялдарыңды дамытуға, танымдық қабілеттеріңді арттыруға, әсемдікті көре білу мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Құрметті ұстаздар, оқушылар, енді екі топтың сайысын тамашалайсыздар.
Жарыста озып шығар жүйріктері,
Әрқайсысы бақтарынан көрер енді.
Қанеки, өрендерім, сайысқа шық,
Таң қалдыр өнеріңмен көрерменді,- деп кезекті таныстыру бөліміне береміз.
І. Таныстыру
а) Топпен таныстыру;
ә) Төсбелгімен таныстыру;
Екі топ:
І топ
ІІ топ
ІІ. «Туған жер» тақырыбына әр топтан бір оқушыдан акварель бояуымен сурет салады.
Сурет нұр, сурет сыр,
Тілсіз сырды ақтарып қарап – ақ тұр.
Туған жердің тасы мен топырағын,
Кірсек дейміз ішіне аралап бір – деп кезекті сурет сайысына береміз.
ІІІ. Қағаздан ою – өрнек қию
Ою – өрнек қарасаң,
Өңкей мүйіз тігілген.
Қайсысына қарасаң,
Қиып ал сызған ізіңмен.
Қию оңай демеңдер,
Оған да өнер, ой керек.
Бос мақтанып жүрмеңдер
Қиюға пысық қол керек – деп ою – өрнек сайысына іске сәт тілейміз.
ІҮ. Қағаздан құрақ құрастыру
Әжелер киім тіккенде,
Тастамапты қиықты.
Әр алуан қиық түскенде,
Дорбаға салып алыпты.
Көп киім тігіп біткенде,
Қиықты сәндеп тіккенде,
Құрақ көрпе болыпты.
Келесі сайыс қағаздан құрақ құрастыру сайысы.
Ү. Мүсіндеу
Қайсысы епті, қайсысы мықты,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кімдер жылдам
Талабымен бағалайық,- дей келе, келесі сайысымыз берілген заттардан аққу жасау
ҮІ. Эстафеталық жарыс
Ұстазы шәкірті үшін қуанады,
Өнерін жасырып кім тұра алады.
Эстафеталық жарысқа даярланған.
Өнерлі өрендер қаламдарын қолға алады.
ҮІІ. Жұмбақ шешу
Зерделі атанатын кез де келді,
Көп нәрсе уақыт сайын өзгереді.
Қанеки, жұмбақтың шешуін тез,
Жылдам дұрыс кім шешеді?
1. Жүк жинайтын тұғыр ағаш,
Кіруге адам батпайды,
Аман есен сақтайды. (сандық)
2. Бір итім қабаған
Аузына темір жалаған. (әбдіре, кебеже)
3. Тиіп кетсе жылаған,
Даусы көпке ұнаған. (домбыра)
4. Беті үлкен тым – ақ өзге денесінен,
Бұлаңдап түсіп шығар кемесінен.
Ішіне қарын – қарын суды құйып,
Шығады сүңгіп – сүңгіп денесімен. (ожау)
5.Қорытынды.
«Ұлттық өнер – тәрбие негізі» атты 8 – 10 – шы сыныптар арасындағы жақсы шебер суретші оқушылар қатысып, өз білімдерін, шеберліктерін ортаға салды. «Шебер көп жерде – өнер көп» демекші, оқушылар өнерлерін бағалау үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің
технология пәнінің мұғалімі:
Бекниязова Мақпал