Украинаның Ресеймен шекарадағы қабырғасы 40 % дайын

0

Украинаның Ресеймен шекарадағы қабырғасы 40 % дайын

2020 жылы «Қабырға» жобасын жүзеге асыруға Украина билі гобюджеттен 400 миллион гривна ақшасын берді. 1 маусымдағы жағдай бойынша 53 миллион гривна қаржысы жұмсалған еді.
26 мамырдан бастап Ресей — Украина мемлекеттік шекарасын инженерлік — техникалық реттеу жұмыстарының 40 % аяқталды, деп хабарлады Украинаның Мемлекеттік шекара қызметі StateWatch сараптамалық қоғамдық ұйымының сұрауына жауап ретінде.
Қабырға жобасын 2020 жылы іске асыру үшін 400 миллион гривна ұсынылды, 1 маусымға дейін оның 53 миллионы жұмсалды. Қабырға Ресей Федерациясымен шекарада 2015 жылдан бастап салынған. Украинаның Мемлекеттік шекара қызметінің мәліметтері бойынша, бес жыл ішінде жобаны жүзеге асыруға 1, 7 млрд. гривна жұмсалады.
Жоба 2018 жылы аяқталуы керек еді, бірақ кейінірек 2025 жылға ауыстырылды.
Украинаның Мемлекеттік шекара қызметінің хабарлауынша, шығыс шекарада қоршаулардың құрылысын кейінге қалдыру қаржыландырудың қысқаруына, сонымен қатар құрылыс материалдарының, жұмыстар мен қызметтердің қымбаттауына байланысты.
«Қабырға» — Ресеймен шекарадағы қорғаныс құрылымы. Құрылыс 2014 жылдың күзінде басталды. Бастапқыда оған 8 миллиард гривна жұмсалды, оны 2018 жылы аяқтау жоспарланған болатын. Кейін «Қабырға» құны екі есе азайтылды, құрылыстарды салу мерзімі 2020 жылға, содан кейін 2021 жылға ауыстырылды.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ — Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты