Тұңғыш қазақ Президенті Нұрағам, президент күнінен

0
Ата — бабам мың сынаққа шыдаған,
Тәңірден тек Тәуелсіздік сұраған.
Азаттықтың ақ таңы үшін тер төккен,
Тұңғыш қазақ Президенті — Нұрағам.

Сүйеу болған аналарға жылаған,
Тіреу болған балаларға құлаған.
Елдің жерін, арқалаған нар тұлға.
Тұңғыш қазақ Президенті — Нұрағам.

Сыртқа кетіп қалмасын деп сыбаға,
Шекараға қазы қағып, нұраған.
Шетте жүрген қандастардың панасы,
Тұңғыш қазақ Президенті — Нұрағам.

Астанам бар, азатпын деп қуанам,
Топқа түссем көк байрақты ту алам
Тұңғыш қазақ мемлекетті құраушы
Елін сүйген, елі сүйген — Нұрағам!