Туған өлкем мақтанышым менім.

0
215







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Туған өлкем мақтанышым менім.

Автор: Сванкулова Эльмира Нурахметовна

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2018-12-29


Материал туралы қысқаша түсінік

Балаларға Туған өлкесін таныстырып,Алғашқы Президентімізді балалармен таныстырып Ән ұран айтып, Тудың суретін салғыздық.




Туған өлкем мақтанышым менің.Кулшат:Құрметті қонақтар,сүйікті балалар бүгінгі біздің ертенгілігіміз Отанымыздың Тәуелсіздік күніне арналады.-Балалар,Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алды және Егеменді ел болды.Тәуелсіздік ата-баба арманыТәуелсіздік жеңіс елді шарладыҚұтты болсын Тәуелсіздік мейрамы!Балалар:Әнұраным-жан ұраным,Айтар әнім-сөйлер сөзім,Туған жерім-сағынарым,Мәнгі бақи шырқалады, Республикам Әнұран.Әнұран Музыкасын жазған: (Ш.Қалдаяқов.) (сөзін жазған : Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев)

Эльмира:Рәміздерім елдігімнің белгісі,Білу керек бала дағы ең кіші.Рәміздерім-Әнұран,Ту,Елтаңба,Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.Әль-ФарабиАйнымайды аспаннанБіздің Тудың бояуыОны халық қашандаБиікке іліп қояды.АйаруЕлтаңбасы елімнің Неткен көркем әдеміТұнығындай көңілдінОртада аспан әлемі.НурдаулетОтанымның гүлі көп,Өсіп,баулап, баптаған.Бақытты елдің ұлы боп,Жүргеніме мақтанам.Ән «Достық»Музыкасын жазған И.НүсіпбаевСөзін жазған Е.ЕлубаевКулшат:Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?Балалар жауаптары: -Отан дегеніміз елім,жерім,бауырым, табиғатым.Эльмира:Ал, біздің балалар Отанға деген жылы сөздерін тақпақпен жеткізеді.Тимур:Отанды біз атамекен,Деп аялап атаймыз.Өйткені оны мекен еткен,Бабамыз бен атамыз.

Айша:Отаным –өзегім сен, От алдым өзіңнен мен.Жаралдым топырағыңнан,Нәр алдым өзеніңнен.Тазша бала(атпен шауып кіреді)-Ассалаумағалейкум !Балалар: –Аман-есенсіз бе !Тазша бала:Балабақшаның жанынан шауып бара жатып,сендердіңәсем әндеріңді естіп әдейі бұрылдым.Тойларың құтты болсын !Қазақстан көркейе берсін!Мен Тазша баламын-Көңілді,сергек батылмын,Достықты қастерлеймін.Ойынды,биді ұнатамын.Күлшат:- Төрлетіңіз,біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыз. (Құрметті қонақты отырғызады)Ақнұр: Алтын дәнді даласы бар, Ақ күмістей қаласы бар. Неткен сұлу,неткен көркем ! Осы менің тұған өлкем.

Жасмин:Асқар,асқар тауым бар Қазыналы жерім бар Көгінен нұр төгілген. Қазақстан деген жерім бар.Тазша бала: Отан туралы,ел жайлы,кім мақал-мәтел біледі екен?Ұлжан :Отан –оттан да ыстық.Асылжан : Елі байдың-жері бай.Ақнұр : Тұған жердің күні де ыстық-үні де ыстықАдина:. Өзге елде Сұлтан болғанша Өз еліңде –ұлтан бол. Ән : «Біз өмірдің гүліміз» (сөзін жазған Ә .Дүйсенбиев) (Әнін жазған Б.Ғизатов)Тазша бала : Рахмет ,балалар! Сендермен ойын ойнап көңілім көтеріліпрахаттанып қалдым.Бәрекелді ! Жарайсыңдар !Өлеңде де,мақал-мәтел дебіледі екенсіңдер. Еркелеткен төрінде, Елімізді сүйесіңдер Ата-баба қалдырған Байлығына иесіңдер!(Қоржынын ашып, сыйлықтарын таратады)Достарыма ашып құшағымдыТаратайын қоржынымдағы тағамымды.(Тазша бала балалармен қоштасып,атына мініп қайтады.)Эльмира :Балалар,біз енді тойымызды дастархан жайып,топтажалғастырайық.

Туған өлкем мақтанышым менің

Орындаған: Сванкулова Э.Н Тохтахун К.Т







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.