Тісті үйде ағарту жолдары
Жайнаған аппақ күлкі кез келген адамға жарасады. Әрине тістерді маманға көрсетіп, аурулары болса емдетіп, арасында тазалатып тұру керек. Сондай-ақ тістеріңізді үйде-ақ ағартуға болады.
Тіс ағартудағы бірінші көмекшіңіз — ас содасы. Соданы тұзбен не тіс пастасымен араластырып қолдануға болады. Ол тістің бетіндегі эмальды қырып ағартады. Сондықтан бұндай дауаны аптасына бір реттен жиі жасамаңыз. Тістері сезгіш жандарға бұлай тісін ағартуға кеңес бермес едік.
Тіс ағартудағы жақсы құрал — сутек тотығы (перикись водорода). Онымен ауызды шайыңыз, не мақтаны сулап, тістеріңзіді сүртіңіз. Бұл дауа да зиянсыз емес, сондықтан жиі қолданбаңыз.
Ағаш күлі бұрыннан бері ел ауызында жүрген тіс ағарту жолдарының бірі. Оның құрамындағы калий гидроксиді тісті бір сәтте ағартады. Орнына белсендірілген көмір қолдануға болады.
Табиғи тіс ағартатын құралдардың бірі — лимон шырыны. Оны тіске жағып, артынан сумен шайып жіберіңіз.
Тағы да бір табиғи және өте дәмді тіс ағартқыш — құлпынай. Табиғи құрамдас бөліктерінің арқасында ол эмальдағы күңгірт дақтарды кетіре алады. Құлпынайдан езбе жасап, тіске жағып, бірнеше минуттан кейін шайып тастаңыз.
Үйдегі тіс ағарту шаралары тісіңіздің саулығына әсер етуі әбден мүмкін. Тістеріңіз сезімтал болып, суық-ыстыққа ауыруы мүмкін. Ағарту барысында тістің эмалі жұқарады, сондықтан бұндай шараларды бастамас бұрын, тістеріңізді сүт тағамдарымен берік қылыңыз. Мысалы сүзбе, ірімшік, йогурт жеп барып, ағарту шаруасына кірісіңіз.