Тілек: Жаңа жыл құтты болсын!

0
Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір!
Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылып, әр шаңыраққа шуақ болып тарайды. Қай — қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!

Ескі жылдың қайғы — мұңын, өкпе – наздың барлығын артқа тастап, кіріп келе жатқан Жаңа жылды көтеріңкі көңіл — күймен, таза, тың ойлармен қарсы алу керек. Әрбір кірген жаңа жылдың өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады.
Достар, біз де өкпе — назымызды, өкініш — мұңымызды, қиындық сезінген сәттерімізді бір сәт естен шығарып, ескі жылға қалдырып, Жаңа жыл табалдырығын махаббатпен, мейіріммен аттайық, бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр деп сенейік. Жаңа жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын!

Достар, мен мына қолдарыңдағы жүзім шарабы құйылған бокалды біз тағатсыздана күтіп отырған, есік қағып кіргелі тұрған Жаңа жыл үшін көтерулеріңізді сұраймын. Лайым Жаңа жыл барлығыңа тек қана жаңа қуаныш, жаңа бақыт, жаңа табыс алып келсін!
Ортамыз ойсырамай, Алла тағала жылдан жылға аман – есен жеткізе берсін! Бәріңе мықты денсаулық, берекелі байлық тілеп, жаңа бастаған істерің оңынан шешіліп, соңынан тойлап жүре беріңдер демекпін!
Жаңа жыл құтты болсын!

Жаңа жыл Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін,
ой — мақсаттар жүзеге асатын,
арман — үміттер ақталатын жыл болсын.
Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілеймін.

Келді, міне, Жаңа жыл ортамызға, Құт — береке әкелсін баршаңызға. Аңсаған арманыңыз орындалып, Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға.

Тағы да құттықтау, тілектер:

Жаңа жылға арналған құттықтаулар 2019

Ұстаз, мұғалім күні мерекесімен құттықтау тілек

1 желтоқсан тұңғыш президент күні құттықтау — тілектер

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған құттықтау, тілектер

Тұсаукесер тойына арналған тілек, құттықтаулар

Туған күн құттықтау, тілек айту, досқа тілек

Туған күнге тілек (аға, көке, тәте)

Құттықтау — тілек: Туған күнге (Жолдас, дос, құрбы, жан дос)

Досқа арналған өлең шумақтары

Туған күнге арналған тілектер

Туған күнге тілектер, құттықтаулар

Дереккөз: http://bilimsite.kz/