Телекөпір. Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру үдей бермек — маман пікірі

0

Астана, BAQ.KZ Мемлекет басшысы Назарбаев кешегі телекөпір кезінде цифрлану үрдісі тақырыбына ерекше тоқталған болатын. Онда президент Қазақстан бұл мәселеге жақында ғана кіріскенін, және бұл үрдісте артта қалмау керектігін атап өтті. Осыған байланысты маман пікірін сұраған едік.

«Кеше ғана Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» телекөпірінде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының маңыздылығын ерекше атап өтіп, баршамызды цифрландыру үрдісіне белсенді қатысуға шақырды» — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов.

Расымен, қазіргі қарқынды дамып жатқан ақпараттық заманда көштің соңында қалмас үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы да мемлекеттік қызмет көрсету саласына өркениет игіліктерін енгізіп, халықтың цифрлық сауаттылығын көтеруге күш салуда.

«Big data» деректерінің ауқымды көлемін жинап, оларды өңдеу және талдау арқылы мемлекеттік қызметтер мен оларды көрсету процестерін одан әрі жетілдіру мәселелерін қарастырудамыз. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және бақылауды күшейту үшін Ахуалдық орталықты дамыту шеңберінде жасанды интеллект пен «Chat-bot» виртуалды кеңесшілерін енгізу бағытындағы жұмыстарға қатысып жатырмыз. Қазірдің өзінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 60 пайызы электрондық нұсқада ұсынылады. Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмаға сәйкес 2019-шы жылы бұл көрсеткішті 80 %, ал 2020-шы жылы 90 %-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз» — дейді Абылайхан Оспанов.

Естеріңізде болса, кеше Елбасының қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпірде еліміз бойынша бірқатар нысан пайдалануға берілген болатын.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ