Театрдың тағы бір мәселесі – гастроль жағы

0

Жоспар:

I. Кіріспе
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … .. 4-5
Негізгі бөлім
І – тарау
Қазіргі қазақ драматургиясындағы драмалық жағдай … … … … … . 6-
14
Т.Қажыбаев драмаларындағы тартыс табиғаты
… … … … … … … .. 14-20
ІІ – тарау
Төлеген Қажыбаевтың драмаларындағы мінез … … … … … … … .
21- 41
III. Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі … … … … … … … . … … … … … … … . 45-46

Кіріспе
1.Зерттеудің өзектілігі.
Қазіргі қазақ драматургиясындағы драмалық жағдай, тартыс, мінез өзекті
мәселелердің бірі. Аймақтық әдебиеттану мәселесі де күрделі жағдайлардың
бірі.
Төлеген Қажыбаев есімі барша қазақ жұртшылығына мәлім. Бұған дәлел
Жанымның жапырақтары, Жол басы, Жырлайды жүрек, Жыр – ғұмыр атты
өзіміздің тебірене оқитын өлеңдер мен поэмалар жинақтары.
Төлеген Қажыбаев – прозашы. Айналайын атыңнан, Көкшетау
қарлығаштары, Махаббат әні, қан кешу, Жеті желі атты әңгімелер мен
повестер жинақтары дәлел болады. Әгугәй домбыра, Қыранды Қазақстан,
Отаным ордам, Ер ертеңі еңселі, Астана, менің астанам, Ұландар әні,
Анама, Жан жарым, Көкше сұлуы, Бал білімнің ордасы тағы, тағы да
басқа көптеген әндер.
Төлеген Қажыбаев– журналист, публицист. Оның Арқа ажары, Көкшетау,
Бұқпа беттерінде үздіксіз жарияланып отыратын мақалаларымен таныспыз.
Төлеген Қажыбаев – драматург. Өкінішке орай оның драмалық
шығармаларына жазылған монографиялық еңбектер жоқ. Сондықтан Төлеген
Қажыбаевтың драматургиясына арналуы қажет болды деп есептедім.
Зерттеудің нысаны: Ақын, драматург, публицист Төлеген Қажыбайұлының
драмалық шығармашылығы зерттеу нысаны ретінде алынды
Зерттеудің мақсат-міндеттері: Бұл жұмыста Төлеген Қажыбайұлының қазақ
драматургиясында алатын орны оның қаламына тән қасиеттерін жүйелі және
жан-жақты жинақтау, талдау жасау мақсат етіледі. Зерттеудің ең негізі
міндеттері ретінде ең алғашқы орында мына мәселелер қарастырылады:
– Қазіргі драматургияның жағдайы қандай дәрежеде;
– Жазушының шығармашылық әлемін қарастыру;
– Шығармаларындағы тақырып пен идеяны, тәрбиелік мәнін
айқындау;
– Жазушының шығармаларындағы өмір шындығын таныту,
персонаждардың мінезін ашып, драмадағы тартысыты
көрсету;
Ғылыми жұмыстың ғылыми әдіс тәсілдерінің негіздері: Дипломды жазудың
барысында зерттеуге ғылыми танымның негізгі принциптері басшылыққа алынады.
Материалдарды жинақтау кезінде анализ, синтез, тарихи деректерді салыстыру
принципі, топтастыру принципі, хронологиялық кесте жасау принципін қолдану
арқылы зерттедім.
Диплом құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан
құралған. Кіріспеде жұмыстың мақсаты, өзектілігі сөз болады. Негізгі бөлім
екі тараудан, бірінші тарау бүгінгі таңдағы драматургия мәселесі жайлы,
қаншалықты деңгейде драматургия жаныры дамып, сахнада жақсы қойылым қою
үшін мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетілуде деген сияқты тақырыптарды
қозғадым.
Диплом жұмысымның екінші тарауында Төлеген Қажыбаевтың шығармашылық
өмірбаянын талдап, драмаларының туу себебін, драмаларындағы негізгі
қаһармандарының характерін ашуға тырыстым. Сонымен қатар жергілікті ақын
Баянғали Әлімжановтың драматургиясын Төлеген Қажыбаевтың драматургиясымен
салғастыра, салыстыруға тырыстым.
Қорытынды бөлімінде Төлеген Қажыбаевпен сұхбаттан, әсерімді, оның
келешекте жазайын деген драмалық шығармаларын талдап, жалпы ақынның драма
жанырынан алған әсерімді жаздым.

І – тарау
1.1.Драматургия — қазақ әдебиетіндегі XX ғасыр басында әлеуметтік-
қоғамдық факторлардың ықпалы мен ұлттық өнердің тарихи дамуының заңды
жемісі ретінде туған жаңа жанырлық форма. Драматургияның тез өсіп, жедел
жетілуіне әсер еткен негізгі дәстүрдің бірі — халықтың сан ғасырлар бойы
жинақталған, сұрыпталған, екшелеген ғаламат бай фольклоры. Қазақ
көрермендерінің бірнеше буыны этикалық, поэтикалық драмамен, шешен тілді ақ
өлеңмен жазылған, ән-күймен кестеленген спектакльдер арқылы тәрбиеленген;
сюжет, композиция, кейіпкерлер сипаты, идея — мұның баршасының
эстетикалық дәстүрі, арнасы бар. [1;18]
Драмалардың тақырыбы мен сюжеттік желісі әр алуан. Бұнда әлеуметтік
конфликт, саяси жағдай, таптық антогонизм, әйел теңсіздігі ғана
суреттелумен шектелмейді, шынайы сұлу сезім, тіпті кек мәселелері де орынды
суреттеледі.
Драмадағы объективтік болмысқа басты қаhарманның субъективтік пікірі
оның бойындағы мінезін аша түседі, қаһармандар бойындағы қарама – қайшы
ниеттер – тартыс тудырады. Ал тартыс пен мінез болмысы драмалық шығармаға
нәр беріп, майын тамызады.
XX ғасырдан бастап, бүгінгі таңға дейін дәуір ырғағы қазақ драматургия
қоржынын көптеген нәрлі драмаларман толықтырды. [2; 7]
Драма адам тағдырын бейнелейтін, өмірдің ащысы мен тұщысын айыруға
көмектесетін, тәрбиелік мәні мол, жазушыдан көп ізденіс пен шыдамдылықты,
білімділікті талап ететін күрделі жанр.
Драматургия – өзге жанрлармен салыстырғанда қазақ әдебиетінде кенжелеу
қалған жанр. Сондықтан әдебиет қоржынында драмалық шығармалар өте аз.
Драматургия классиктерінің туындылары сөзсіз керемет нәрлі де
интерпритацияға, дикоррациялық суреттелуге ыңғайлы әрі осынысымен қатар
ішіндегі мазмұндық жағы мен тәрбиелік мәні жағынан баға жетпес, ұмтылмас
туындылар.
Ал қазіргі драматургияның, қазақ театрлары мен режиссуралық труппаның
жағдайы, режессураның жалпы жағдайы қандай дәрежеде?
Қазақ әдебиеті газетінде мынадай мақала жарық көрген:
Қазақ өнерінің драматургия саласы – бүгінде ең кенже қалған жанр болып
есептеледі. Бұл – менің жеке пікірім – дейді Талғат Теменов. Ұлы драматург
М. Әуезовтың 1913 жылы жазған Еңілік – Кебектің көркемдік дәрежесіне біз
әлі күнге дейін жете алмай келеміз. Иә, одан бері қаншама жүздеген,
мыңдаған пьесалар жазылды?… Біздегі көптеген жазушы – драматургтер
романға жазылатын, повестке құрылатын дүниені диалог арқылы жасап, пьеса
деп ойлайды. Жоқ, диалог арқылы жазылған шығарманың бәрі пьеса емес. Әр
материалдың өзінің жанры болады, біз соны әлі күнге дейін ажырата аламай
келеміз.
Бүгінгі қазақ театрының Еуропа, Ресей немесе басқа да көрші
мемлекеттердің театрларына қарағанда біздің ұлттық театрымыз кенжелеу қалып
келеді десек, оның бірден–бір себебі – бүгінгі драматургияның өз заңдылығын
сақтайтын толыққанды таза дүниелердің аздығы салдарынан. Өнердің, оның
ішінде: музыка, опера, балет, эстрада, көркемсурет, дизайн, кино салаларына
қарағанда, бүгінгі театр өнері, әсіресе, қазақ театрлары артта қалған
өнер түрі
болып есептеледі. Мәселен, кейбір облыстардағы театрлардың көркемдік
дәрежесі XIX ғасырдың жырақтағы орыс театрының деңгейінде қалып қойған.
Қай облыстың қай театрына барсаңыз да, бүгінгі сән үлгісіндегі зәулім
ғимараттары бар. Сахналары бүгінгі күн сұранысына сай келетін техникалық
қажеттіліктермен жабдықталған. Көрермендер залы да көрсе көз тартардай.
Былайша айтқанда, ғимараты, залы мен сахнасы XX-сыншы, XXI-ші ғасырдың
үдесінен шығып – ақ тұр. Ал, XIX ғасырдың спектакльдері секілді
қойылымдарына қарап, рухани күйзеліске кезігесіз… Себебі, жақсы пьесаның
болмауында жатыр. Ал, нашар шығармадан жақсы спектакль шықпауы
көрермендерге де белгілі. Тағы бір себебі, қоюшы-режиссерлер мен
артистер құрамының дәрменсіздігінде жатыр. Нашар драматургтердің нашар
туындысын қолтаңбасы айқын емес режиссер, не болса соны көре бермейді.
Қазіргінің көрермендері – рухани азығы мол құндылықтарымызды бойларына
сіңіп үлгерген, адами даму сапасында көшін қалап ілгерілетуді әлдеқайда
жақсы үйренген көзі ашық, рухы ояу. Бүгінгі көрермен таза не қойыртпақ
дүние екндігін көкірек көзімен танып-білетін көрермен екенін есімізден
шығармауымыз қажет. Біз олардың таным талабымен санасуымыз және сол
мүддеден табыла білуіміз шарт. Себебі, бүгінгі көрермен-интернет, кино,
соңғы техникалық құралдар арқылы әлем жаңалықтарынан жақсы хабардар, таным
– көзқарасы қалыптасқан көрермен. [3]
… Бүгінде драматургтер бір-бірін мойындамайды. Біз, мәдениет
министірлігінің драматургиялық таза туындылыарға жасауға болатын сараптық
жүйесінен де ада қалып отырмыз. Нақтылап айтқанда, министірлікке
драматургтер секциясы, репертуарлық бөлім дегендер жоқ. Мұндай жүгі ауыр,
күрделі де маңызды шаруаны қара нарша көтере білуге театрлардың көркемдік
кеңесінің шамасы да, тіпті білігі де жете бермейді. Театрдағы көп
мәселелерді көркемдік жетекші немесе директор шешіп жатады. Міне, осыдан
келіп Жаңбырдан соңғы саңырауқұлақтай қаптаған жергілікті әуесқой
драматургтердің көбейуіне жол берілді. Бүгінде жазушы-драматургтер мен ақын-
драматургтердің қатарын режиссер-драматургтер және директор-драматургтер
толықтырып жатыр. Міне, осыдан келіп Аққу – көкке, шортан – көлге, шаян –
шөлге тартыпты дегенің кері келіп жатады. [4]
Бүгінгі күнде бізге қандай драматургия керек деген сұрақ туатын болса,
онда қаралатын үлкен мәселелердің қатарында – балалар драматургиясының
мәселелері де жатады. Бүгінгі күннің ең ақсап жатқан жері: осы балалр мен
жастарға арналған пьесалардың жоқтығы, балаларға арналған репертуардың
болмауы.[5]
… Бүгінде бізде адамгершілікті, жақсылық пен жамандықты, зұлымдық
пен сұлулықты, махаббатты жырлайтын, жалпы, адами қасиеттермен қоса, әлеми
мәселелерді көтеретін, үлкен-үлкен түрлі мәселелерді өнер тілімен
айшықтауға болатын тақырыптарға баратын драматургтерге ауадай зәруміз. Әр
театрдың мықты-мықты артисттерін есепке ала отырып, қалам тартатын
драматургтерді іздегеніміз жөн. [6]
Өнер академиясынан актер, режисер, драматург мамандығын бітіріп
жатқан жастар қаншама. Академия түлектерінің 70-75 пайызы Алматы не Астана
қалаларында қалғысы келеді. Облыстық театрларға оларды қалай икемдесеңіз де
барғысы жоқ. Неліктен?…
Біріншіден, облыстық театрлардағы алатын жалақы атаулы екі қаладағы
театрларға қарағанда әлдеқайда төмен.
Екіншіден, аймақтарда пәтер мәселесі шешілмеген. Астана театрларының
артистеріне кезекпен пәтер берілу мәселесі қарастырылған. Өнер академиясына
қабылданатын жас түлектердің қызметке орналасу жайын заңдастыру мәселесін
алдын ала ойластыруымыз керек. Бұл үшін мемлекеттік саясат қажет.
Осы тұста, драматургия саласының негізгі мәселелрі мен театрдың сол
мәселелрден келіп туындайтын зәруліктерімен қоса, басқа да төмендегідей
шешімі табылуға тиіс қажеттіліктерін баса атап кеткім келеді. Атап
айтқанда, бүгінгі театр: грим салушы, дыбыс режиссері, жарық түсіруші,
жарық суретшісі және де артистер құрамының, қойылым бөлімінің жетекшісі
секілді мамандықтарға аса зәру. Себебі, бұл маман иелерінің қатары
қазіргіде сол істің тиісті кәсіби деңгейін меңгергенмен, басқа мамандық
иелерімен толығып отыр. Мәселен, театрлар актерді артистер құрамының
жетекшісі етіп қоя салады.
Өйткені өнер академиясында әлі күнге дейін мұндай мамандарды
дайындайтын курстар ашылмай жатыр. Театрға қажетті осындай техникалық
нысандағы іздерді шығармашылық-өндірістік ережелерге сай жүргізе білетін
кәсіби мамандарды дайындап шығу үшін, Мәдениет министірлігі мен білім
министірлігі арасында өзара келісім орнатылып, аталған мамандарды дайындап
шығуды іске асырулары қажет. Театрдың толыққанды театр болуы үшін, мұның да
қосатын пайдасы зор. [3]
Театрдың тағы бір мәселесі – гастроль жағы.
Кеңес дәуірі кезінде клубтар мен мәдениет үйлері дүрілдеп тұрған кезде,
театрлар аудан орталықтары мен ауыл – ауылдар түгілі, шеттегі
елдімекендермен ауылдық бөлімшелерге, тіпті, қой қырқу бөлімдеріне дейін
барып, жұртшылыққа гастрольдік қойылымдарын ұсынып, ел-елді аралап
қайтатын. Бүгінде ауылдар мен аудандар тұрмақ, облыс орталықтарының
өздерінде гастрольдік сапармен шығу қиындап кетті.
Бүгінгі жайда драматургияның ертеңі қалай болмақ?
Бұл үшін не істеуіміз керек?
Біз бүгін драматургияның жоғарыда айтылған олқылықтарын болдырмай,
кемшін тұстарын толтыру үшін, төмендегідей шаралардың тез арада шешімін
табуымыз, сол арқылы бүгінгі мәселелерді жолға қоюымыз, ұлтымыздың болашақ
рухани азығына айналар – драматургия саласының жетістіктеріне – келелі
істерді қолымызбен атқаруымызға, бүгіннен бастап тікелей кірісуіміз керек.

Біз бүгін аз да болса қолда бар драматургтерімізді қалай сақтауымыз
керек? Оларға қалай көмектесуіміз керек? [3]
Бұл мақала 2006 жылы жарық көрген. Көтерген мәселелері ауқымды, әрі
шынымен-ақ проблемалы. Арада үш жыл өтті. Драматургия саласы тәй – тәйлап
алға қадам басқалы жатқаны тайға таңба басқандай. Оған бірден-бір дәлел
өзіміздің қаламыздағы Шахмет Құсайынов атындағы облыстық драма театрының
бүгінде жеткен жетістіктері. Әр спектакльге, мейлі ол драма, комедия,
трагедия болсын көрермен асығып барады. Өзім де сол драма театрға үздіксіз
барамын. Әр барғанымда бос орын қалмайды. Қойылымнан кейін рухани ләззат
алып, бір дем алып қаласың. Бұл тек актерлердің жұмысындағы жетістік деп
қарауға болмайды. Пьесаның авторы бар, қоюшы режиссеры бар, суретшісі бар,
одан қалды жарық пен дыбыс, актерлердің костюмерлерінің ерен еңбек
жасауының арқасы.
Талғат Теменов драма саласының үздіксіз жақсы қойылымдар қойуы үшін
мынадай шараларды ұсынады:
1. Жазушылар одағында бүгінгі жас драматургтердің секциясын қайтадан
қалыптастыру. Секциясы еліміздің барлық театрлардың репертуарымен түгелдей
танысуы шарт.
Бұл пікірмен келіспеуге болмайды. Шынымен де, келешек жастардың қолында
дейміз. Ал, жастарымыздың немен айналысып жатқаны көбіне беймәлім. Егер
осындай секциялар ашылатын болса, жастар міндетті түрде оларға жазылып, өз
басым өшіретте бірінші тұрушы едім.
2. Жас драматургтер Орта Азия мемлекеттерінің, Мәскеу, Санкт-петербург,
Грузия, Вильнюстен бастап, Еуропа театрларын көруге министірлік тарапынан
арнайы сапармен жіберіліп тұруы керек.
3. Жас драматургтер үлкен драматургтеріміздің қастарында жүріп,
тәжірибе жинақтауы қажет.
4. Жас драматургтер ежелгі дәстүр үрдісін сақтап қалған шетелдік
театрларға барып, лабораториясымен танысуы тиіс.
5. Жастарымыздың қазақ драматургиясынан ғана емес, орыс
драматургиясынан үйренері көп.
6. Қазақстанда қазақ дараматургтерінің фестивалін өткізу керек.
Біз жыл сайын республикалық театрлар фестивалін өткізіп жатамыз.
Фестивальде көрсетілетін спектакльдерді апаратын театрлардың қойылымдары
бірін-бірі қайталап жатады. Яғни белгілі-бір авторлардың 30-40 жылдан бері
театрлар репертуарларынан түспей, жауыр болып келе жатқан пьесалары. Бұл –
классикадан бас тарту деген сөз емес, бұл – ертеңгі күннің классикалық
дүниелері бүгінгі күні жазылуы керек деген тұрғыда айтылған мәселелер.
Пьеса жазу – болашақтың азығын, рухани қорегін жасау деген ой.
Біз аталған қажеттіліктер мен драматургия саласының бүгінгі
олқылықтарының орнын толтыра білуіміз керек. Сонда ғана әдебиет пен өнердің
үлкен бір саласын болашаққа нық ала бара аламыз. Сонда ғана оны – ұрпаққа
ұялмай табыстауымызға болады. [3]
Бүгінде Қазақстанда 49 театр бар деп мақтанмыз. Кей қалаларымызда
бірнеше театр орын тепкен. Бұл – бір жағынан көп болатын болса, екінші
жағынан аз да. Көптігі сол, бар театрлардың саны емес сапасы жағынан
режессура жағынан төмендігінде, труппасының әлсіздігі қажетті үдеден
шықпайтығында деуге болады.
Ал, аздығы – қазақ театр өнерінің мәреден табылмай, әр елге шыға алмай,
өз аяғымызға өзіміздің шалынып жатқандығымыз.
Біздің драматургтеріміздің және режиссерлеріміздің шетел тұрмақ,
маңайдағы ТМД елдеріне ат басын тірей алмай жатқандығы алаңдататын жәйт.
Мұның обьективті және субьективті бірнеше себептері бар. Обьективті
себептеріне, біз кеңес кезеңіндегі Әзірбайжан Мәмбетов бастап, Есмұхан
Обаев, Рубен Андиросяндар секілді, кезінде Мәскеуден оқыған Қадыр
Жетпісбаев, Жақып Омаров, Мұхтар Қамбаров, Бәйтен Омаров, Мен Дон Ук, Жанат
Хаджиевтердей режиссерлер – алдыңғы ағындар болатын болса, одан кейінгі
толқындар өз елімізде дәріс алып, режиссураны бітірген – бүгінде Қазақстан
Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері болып отырған: Нұрқанат
Жақыпбай, Сәулебек Асылханов, Хусейн Әмір – Темір, Болат Атабаев, Әлімбек
Оразбеков, Оразәлі Сәрсенбек секілді азаматтар. Осындай талантты
режиссерларымыз сыртқа шыға алмай малтығып жатыр.
Мәселен, кезінде Әзірбайжан Мәмбетов Ш. Айтматовтың Ғасырдан да ұзақ
күн қойылымымен Чехославакияға барып келген болса, сол кездері
Әзекеңдеріміз барған жерге бүгінгі режиссерларымыз бен жастарымыз бара
алмай жатыр.
Тағы да сондай асыл туған ағаларымызға: Артыңыздан ерген шәкіртіңіз
бар ма?- дегенде, жерге қарайтындары жанымызға батады.
Ертеңгі күні – бүгінгі күннен бастау алатын істердің жемісін тілге тиек
ете алатындай болайық.
Театр өнерінің, әсіресе, қазақ драматургиясының жарқын күндерге жетуі
– өз қолымызда екенін, ол үшін, әрбіріміз шет қалмастан үлес қосуға тиіс
екенімізді естен шығармағанымыз абзал… [3]
Мақала авторымен толықтай келісемін. Дегенмен, аталмыш мақаланың жарық
көруіне үш жыл өтті. Өзге облыстарды білмеймін, әйтеуір өз қаламызда
ашылған театрдың жұмысына әбден ризамын. Бірақ, режиссура, жаңадан шыққан
қызықты материал жағынан Талғат Теменовпен келісуге неге болмасқа ?
Өнер адамға арналады,- деді Нұртас Ахатұлы. Бұл аксиома! Адамның
санасы мен сезімін (егер де жоғары болса) ішкі психологиялық тебіреністер
арқылы үлкен идеяға бастайтын өнер десек артық болмас. Ал идея, адамның
рухани тіршілігі, саналық түпқазығы – идеалға бастайды. Сондықтан адам
өнерді тани білу, түсіне білу арқылы өмірін руханиятты жақсы жолға
бағыттай алады. Осы орайда өнердің үлкен бір саласы – театр өнерінің Көкше
көрермендері үшін шымылдығы ашылғанына аз ғана уақыт өтсе де, сахна төрінде
бірден шымыр шығармалардың қойылымға шығуы ерекше құбылыс. Біз театр
маманы, театр сыншысы емспіз. Әйтсе де, қазіргі мына ала дорба арқаға
ілініп, қазақтың қысқа жібі кірмеуге келмей жатқан кезеңінде , ала таңнан
көзіңді тырнап ашқаннан сұрықсыз сұрғылт дүниеден көзің талып, айналамызды
ашкөз тоғышарлар мен қарынбайлар қамалап, тіршіліктің рухты жалмаған
шағында өнердің саф алтындай мөлдір шамырқанған бұлағының Көкше арнасы
ашылуы Нұқ пайғамбардың құтқарушы кемесіндей әсері болғаны ақиқат емес пе?
Ендеше түтіні түзу ұша бастаған осынау қазақ музыкалық – драма театрының
әрбір қойылымы біз үшін суға кеткен тал қармайдынның кебін кигенмен бірдей,
аш құрсақ қазаққа рухани азық болар дүние. Күнделікті тіршіліктің рухани
берері азая бастағаннан ба, әлде жалпы мәдени – әлеуметтік атмосферадағы
ауаның өзі де жансыздана бастағандай әсерде жүргендіктен бе, әр сахналық
жаңа қойылымнан кейін ішкі жан дүниең жаңарып, көмескіленген түйсігің
түтіннен арылғандай әсер алатының қандай жақсы. Өнер де осынысымен қадірлі
шығар.[7]
1.2.Көкшетау қаласының музыкалық – драма театры көрермендер алдында
нәрлі драмалармен шығуына септігін тигізген жергілікті ақын, жазушы,
драматург, прозайк, публицист Төлеген Қажыбаев.
Төлеген Қажыбаевпен кездесуімде драма жанырын осы драма театры
келгендіктен, қоятын репертуарлары болмағандықтан бастадым деген.
Төлеген Қажыбаевтың жалпы шығармашылық өмірбаянына тоқталатын болсам:
Төлеген Сыздықұлы Қажыбаев 1942 жылы желтоқсанның 12 жұлдызында бұрынғы
Көкшетау облысында, Чкалов ауданындағы Ортақ ауылында туған. Ол Көкшетау
қаласындағы №3 мектепті бітіріп, Қарағаш сегіз жылдық мектебінде мұғалім
болып қызмет жолын бастаған.
1961-1966 жылдары Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институттың
филология факультетін бітіріп, “Көкшетау правдасы” газетінде әдеби
қызметкер болып істейді.
1968-1972 жылдары Целиноградта “Коммунизм нұры” газетінде, облыстық
телевидение, радиохабарларын тарату коммитетінде аға редактор болды.
1972 жылы “Казахстанская правда” газетінде бөлім меңгерушісі,
редакторлардың орынбасарлары болып жұмыс атқарған.

Бүгін де “Арқа ажары” газеттерінің тілшілер қосынының жетекшісі
қызметін атқаруда. Ақмола облыстық жазушылар одағының төрағасы. Облыстың
мәдени өміріне белсене араласып жүргені үшін 1980 жылы “Қазақ ССР-ң еңбегі
сіңген мәдениет қызметкері” атағы берілді.

Ахмет Байтұрсынов атындағы сыйлықтың лауреаты.

1977 жылы Жол басы атты өлеңдер жинағы, 1980 жылы Айналайын атыңнан
атты повесть пен әңгімелер жинағы, 1984 жылы Құланның қырғыны, 1982 жылы
Көкшетау қарлығаштары атты очерктер жинағы, 1983 жылы Жанымның
жапырақтары өлеңдері мен поэмалары жарық көрді.
Ал 1989 жылы Махаббат әні повестер мен әңгімелер ақиық әнші Біржан
сал өмірінің бір белестерін қамтиды.
1995 жылы 1931-1933жылдардағы ашаршылықты суреттеп берген Қанкешу
жарық көрді.
1966 жылы Жырлайды жүрек, Сексен көлдің сылдыры атты өлеңдер
жинағы жарық көрді.
Қарасай батырға арналған Қарасай дастан жыр жинағы 1988 жылы жарық
көрді.
2000 жылы жыр – ғұмыр атты өлеңдер жинағы жарық көреді.
Қазақтың ең соңғы күрескер ханы Кенесары Қасымұлының 2000 жылдығына
арналған Хан кене, Алдияр толғаулар, дастандар, драмалар жинағы 2002
жылы оқырманға ұсынылды.
Соңғы шығармаларының бірі Жеті желі атты кітабы. Жерлес ақын Төлеген
Қажыбаевтың Астанадағы “Елорда” баспасынан жарық көрген осы кітабы
қаламгердің әдебиет әлеміне құлаш ұрғаннан бергі кезеңдерінде өзі қалам
тартқан әдеби жанрларын түгел қамтуға ниет тудырған туындысы.[8]
Қарағаштың қасқа жолынан қазақ әдбиетіне алғаш соқпақ салып, ХХ
ғасырдың ұлылары шоғырынан сүбелі орын алған ағасы Жақан Сыздықов еді. Енді
осы қасиетті жолдың көш басында өзіңіз тұрсыз. Бәріне уақыт сыншы, уақыт
таразы. Атаң Сыздықтың:
Құдай қойса бұл қалқам қосқан жасар,
Есігінен кетпейді ғаріп – қасар.
Қатындар Төлеген деп қойып еді.
Бір аты бұл қалқамның ашу басар, –
деген әлди жыры айна – қатесіз ақиқатқа айналып, сіз ақылды алпыстың
асқаралы шыңына биіктеп келе жатырсыз. Артта екі ғасырдың, екі дәуірдің
куәсі болған шұғыласы көп шуағы мол әрі толғауы толаай тартысқа толы өресі
биік өнегелі өмір болса, алда “бізге де бір Қанай шал қажет боп тұр,
заманаға жауап табар сұрағы көп” деп өзіңіз айтқандай Қанай дүние кеңістігі
тұр Ләйім солай болған деп тілейік! [9]
Бүгінгі таңдағы көпшілік журналистерлің жетекші ұстазына айналған
Төлеген Қажыбай әр кезде де өзекті өткір мәселелерге алғашқылардың бірі
болып барады. Қырық жылға жуық қазақ баспасөзінде атқарған журналисттік
еңбегін былай қойғанда, Т. Қажыбай жиырмаға жуық поэзиялық, прозалық
кітаптардың, Астана, Петропавл, Қарағанды, Көкшетау қалаларының
театрларында қойылған бірнеше драмалардың авторы. Облыстың мәдени өміріне
белсене араласып, жергілікті жердегі қазақ әдебиетінің жанашыры, әрі
насихатшысы болып келеді. Айтулы ақын, қарымды жазушы, ұшқыр публицист –
журналист Т.Қажыбайдың ҚР еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, Қазақстан
журналисттер одағының мүшесі, А. Байтұрсынов атындағы сыйлықтың лауреаты
атануы да оның қаламгерлік қарымына деген ел құрметінің бір белгісі болса
керек.
Өкінішке орай қырық жыл деңгейіндегі қазақ әдебиетін өркендетуге еселі
үлес қосып келе жатқан қаламгер шығармашылығы әлі түбегейлі зерттелмей
келеді.
Сол себепті жазушы өмірінен мәлімет бере кетуді жөн көріп, жазушының
творчестволық өмірбаянына тереңдей барып, бүгінгі ұрпаққа дарытар өнегелі
де үлгілі шығармашылыңқ жолын көктей шолып өтпекпіз. [10]
Т. Қажыбай пешенесіне мынау жарық дүниенің есігін ашу мерзімі кешегі
сұрапыл сұм соғыстың нағыз жан беріп, жан алысқан шағы – 1942 жылға дөп
келеді. Ес біле сала көргені соғыстан кейінгі жадаулау тұрмыс тірлігі үшін
тырманған ел, тырмысқан жұрт, яғни өз ауылдастары. Қанды қырғыннан аман
оралған жауынгерлердің дені жаралы, мүгедек дегендейін. Ал, өз
құралыптылардың көбінің әкелері, ағалары сол соғыстан оралмады. Жастай мерт
болды. Әкесі Қажыбай Сыздықов қан майданға аттанып, Ленинград түбінде 38
жасында шейіт болғнда, Төлеген іште қалған жас нәресте екен. Топырағынан
жұлып әкеп тастаққа еккен тал секілді , жел өтінде жетімсіреген талмау
тірлік басталады. Көзін тырнап ашар-асапстан әкесінің кім екенін, оның
қамқорлығын көрмей өсті. Алайда, Жетім қозы тасбауыр, маңырар да отығар
дегендей өмірдің ащы – тұщысын қатар арқалап, өзін алға сүйреп, ұмтылудан
жаңылмаған. Ерте есейді. Осынау қым – қуыт уақыттың белең – белең белесінде
өзгеден қалыптасуға тырысып, тек өзіне, өзінің қуаты мен табиғи дарын
қабілетіне ғана сенуге ғана дағдыланған барға қанағат, жоққа салауат
дейтін ұрпақтың тұяғы, қылдай қиянат, қысастық біткенге қырын қарайтын
ұрпақтың өкілі. [10]
Төлеген Сыздықұлы Қажыбаев елуге келгенінде 1993 жылы Жас алаш
газетінің беттерінде Серік Негимовтың Көкшетауда Төлеген бар атты
мақаласы жарық көреді:
Осыдан біраз жыл бұрын,- деп жазады Серік Негимов, бір
жазушы ағаның айтқаны еске түседі. “Қай облысқа сапарға шықсаң да Алматыдан
аттанар алдында”сол жерде кімдер бар еді?” деп ойға қаласың.Міне, сондай
да, Көкшетауға бара болсақ, Жанайдар Мусин, Естай Мырзахметов, Төлеген
Қажыбаев сынды ақын-жазушы, асыл азаматтар бар ғой деп көңіліңді нықтап,
бірлеп қоямыз. Осы айтқандай, әр өңірдің де ел сеніміне бөленген, шапағат-
шарапатының жылы шуағын алыс-жақынға бірдей төккен қадау-қадау санаулы
азаматтары болатыны анық. Әсіресе әңгіме әдебиет төңірегінде өрбігенде
Маңғыстауда Темірхан Медетбек, Торғайда Сейіт Кенжеахметов, Қарағандыда
серік Ақсұңқарұлы, Шымкентте Мархабат Байғұтов… бар ғой деп сырттан болса
да осындай талантты қалам иелеріне тілекші боп бүйірің бұрып тұратыны
сезінесің. Осы сезім – жақсы сезім.Кәдімгедей қанаттанасың. Ал енді
“Көкшетауда кім бар еді ?…” дегенде, әрине ойға, тілге Төлеген Қажыбаев
есімі оралып кетеді, Иә, Көкшетауда Төлеген бар” .
Қазақ әдебиетінің асқаралы аталарының бірі Асқар Тоқмағамбетовтың
үлгісімен Алматыда емес, ауылда тұрып-ақ жақсы жазушы, алғыр ақын болудың
әбден-ақ ықтималджығын паш етіп жүрген қазіргі Төлеген сон-ау 1942-нің
күзінде “Қарағаш” колхозының төрағасы, әкесі Қажыбай майданға аттанғанда
іште қалған шарана еді. Көп ұзамай-ақ әкеден “қара қағаз” келген қаралы
күндерде туған бейкүнә нәрестег Отан үшін төлеуін төлеп қойған азалы
шаңырақ азан шақыртқызып “Төлеген” деп ат қойды. Осы жайды білген адам
ақынның анасына қарата :
Жүдеулі басқа қайғы қас,
Сезіндім сенің күйіңді
Аш құрсақ ошақ, бала жас,
Еркесіз үйге қиын-ды,
… Жеткізген қолды арманға,
Ошақтың оты жанды де.
Әкеден туған мен барда,
Әкеден белгі қалды де,-
Деп неліктен егіле жырлайтынын бүкіл болмысымен ұғынары, жанына жақын
қабылдары сөзсіз.
Мына бір жайды да атап кеткен лазым. Ол –Төлегенннің әдеби талант-
дарынының тамыры әріде жатқандығында, киелі, құнарлы топырақтан нәрленіп
өрбігендігінде болса керек. Атақты Қасым ақын Келдің, Жақаң, елуге, правоң
жоқ өлуге деп жыр арнаған қазақ әдебиетінің көрнекті ақсақалдарының бірі
Жақан Сыздықов Төлегеннің әкесі Қажыбайдың туған ағасы. Ал ауылдағы қарттар
Әттең, ерте кетті ғой, оқымады ғой, әйтпесе Қажыбайдың ақындығы Жақаннан
да мықты еді деп әлгі күнге дейін айтып отырады. Жақаннан да мықты еді
деген сөздің қазақтың жас әдебиетін жаңағы Жақан сияқты алыптар тобымен
бірге өз қолымен жасасақ, ойранды отыз жетінің құрбаны Елжас Бекенов те осы
Қарағаш ауылының тумасы, бәрі аталас ағайын, жұрағат туыс. Осындай ардақты
арыстардың әдебиет ауылында түтеткен түтінін, тамырлы дәстүрін қапысыз
жалғастырған Төлегеннің өзі де бір кездегі атасы Жақанға ұқсап ердің жасы
елуге келіп отыр. Қасымды қайталасақ: Келдің, Төке, елуге, правоң жоқ
өлуге! . [11]
II -тарау
2.1 Төлеген Қажыбаевтың драмалық шығармашылығына, дипломдық жұмысқа
арқау болған тақырыпқа оралатын болсақ: драматургия жанырында Төлеген
Қажыбаев тарихи тұлғаларды сомдауға арналған Ұмытпа мені, Гәккуім, Хан
Кененің қазасы атты трагедиялары, Жындар биі, Зауал атты философиялық
астары мол драмалық шығармалардың авторы екені белгілі.

Драма жанырында Ұмытпа мені, Гәккуім, Зауал, Жындар биі, Хан
Кененің қазасы, Алдияр туындылары дәстүрлі театр мақсатына сай, драма
талаптарына орайлас, синкретті өнердің синтезделген міндетін орындай алған
шығармалар. Осылардың ішінде қазіргі таңда әлем театрындағы модерн – мюзикл
формасымен берілген Жындар биін атап кетсем деймін. Атақты Бернард Шоу
Адамдар екі-ақ сипатты болады: қолдарынан бір нәрсе келетіндер және ештеңе
де келмейтіндер десе, Л. Вовенарг жалқау үнемі бірдеңемен айналысқысы
келеді де жүреді дейді. Мұны айтып отырғаным, Төкең үнемі еңбек үстінде,
Сәбеңше әдебиеттің қара жұмысына төселген, әлгі анықтамадағы қолынан көп
нәрсе келетіндердің қатарынан. Оған қазақ әдебиетінің айдарынан жел ескен
еңселілері Ғафу, Мұзафар, Кәкімбек, Сәкендердің Төлеген Қажыбаев таланты
туралы берген анықтамалары куә.
Адамзатқа тек қана уақыт сыншы. Уақыт категориясы тарихпен ғана
теңдесетін ұлы өлшем.
Уақыт – керуен. Ұзады –ау арақашық
Келемін кердеңдермен жағаласып.
Жалғыз тамшы қаныңнан қуат алып,
Әке, сенің жасыңнан барам асып,-
Деген ақын қазақ тарихының өткендегі ұлы тұлғалары Абылай, Кенесары,
Наурызбай, Жәпек, Нысанбай сияқты арда ұлдарын әдебиетте әсем бейнеледі.
Кеңес дәуірінде табу салынып, атын атауға қорыққан ұлы тұлғалар – Алаш
ардақтыларының бейнесін жырлауы ақынның тағы да бір қыры. [ 12]
Қазақ драматургиясының қалыптасуында өзіндік еңбегі бар драматург
Төлеген Қажыбайдың шығармадағы тартыс желісін құрудағы ізденіс, табыстары
туралы арнайы әңгіме қозғау негізсіз емес.
2.1. Қаламгер Төлеген Қажыбайдың қазақ әдебиетінде кенже дамыған, кеш
туған драматургия жанрында біршама туындысы бар.
Қазақ совет драматургиясының өсу жолын сөз еткенде, бәрімізде мына
бір мәселені ең алдымен атап көрсетіп отырамыз: қазақ әдебиетінде бұрын
өрісі болмаған драматургия жанырын қалыптастырып дамытуда, сондай-ақ ұлттық
сахна өнерін өркендетуде , осы үлкен жүктің салмағын өз арқаларына түсірген
сөз зергерлері бұл жаңа өнерді көрсетудің екі бұлағын дұрыс тауып, түзу
бағыт ұстады. Ол – қос бұлақтың бірі – драматургиялық шығарма жасауға
қызықты күресі, тартысты қою, мол материал берген жаңа өмір тақырыбы болса,
екіншісі халықтың сан ғасырлар бойы қасиеттеп сақтап келген, өзі жасаған
бай әдеби мұрасы еді. Қазақ драматургтері, міне осы қос арнадан өз
шығармаларына берік арқау тапты-деп жазады әдебиет сыншысы, ғалым Нығмет
Ғабдуллин. [13]
Ұмытпа мені, Гәккуім атты сегіз көріністі трагедиялық пьессасында
басты кейіпкер Үкілі Ыбырай.
Ол шынайы персонаж. Туған жері Көкше баурайы. Руы Арғын, Қарауыл,
Жақсылық. Пьесада Үкілі Ыбыраймен қоса Ақан сері, Сәкен Сейфуллин, Сәбит
Мұқанов сынды ұлы тұлғалар қатысады. Үкілі Ыбырай белгілі әнші, талантты
композитор, дарынды ақын болғандықтан пьесада Ыбырайдың әндері, айтыс өнері
көрініс тапқаны даусыз заңдылық.Пьесса Ыбырай өмірінің трагедиялық соңынан
басталады.Сол уақыт кеңістігімен сюжет Ыбырайдың дүниеге жаңа келген сәтіне
оралады. Бала дүниеге келгенде Бұлғақ сал:
– Иншалла, Ыбырайың алқалы топты аузына қаратар. Айбынды көпті алдынан
таратар. Қыз құшып, қызық қуып, сан жүйрікті баурынан жаратар. Көмейіне
бұлбұл қонып, ән нөсерін боратар. Арт жағынан айы туып, маңдайынан таңы
атар. Мен білмейтін сұм заманда дұшпандарды оқ атар,- деп батасын беріп
бесіктегі баладан көп үміт артады.
Оқиға желісі бірден үзіліп, үшінші көріністе Ыбырай он жетіге толып,
әкесінен бата сұрайды. Әкесі : Ақан ағаңның жолын тұт, Біржан салдың
өмірін құрметте, екеуі де дүйім қазаққа ардақты, алға салар көсем серкесі
емес пе ? Қосыл солардың тобына, адаспассың, өнерің адастырмас, еліңнің
сөзін сөйле, мұңын жырла, қарағым,- деп оң батасын береді. Осы жерден
Ыбырайдың елге деген сүйіспеншілігі, ұлыларға деген құрметі, таланқа
құштарлығы әдемі кескінделеді.
Ыбырай Ақан серінің тобына қосылып Нұралының қызы Жәмилянің ұзатылу
тойына еріп келеді. Ыбырай қыздың еріксіз туған жерінен ұзатылып бара
жатқанын түсініп іштей өрттенеді, Жәмиляға жаны ашып наразыланады. Жан
күйінішін Ақанға білдіріп өз күшігін өзі талап жер қорқаулардан мына ұрпақ
қашан азаттанар екенбіз деп ызаланады. Ақан шәкіртінің ойымен келіссе де,
басты бұғаудағының еркі кісендеулі екенін, жақын жүрсе шайнасып, алыс кетсе
шұрқырасып табысар тасбауыр қазақтың қай қылығы көңілден шығып еді-ау деп
күрсінгеннен басқа жауап қайырмағанына Ыбырай түңіледі. Егер үш жүзді
аузына қаратқан Ақан қол қусырса, басқалардың несін айтасың деген сұрақ
Ыбырайды мазалағаны анық байқалады.
Келесі көріністе Ыбырай ауыл маңында бір топ жігітті ертіп келіп
тамылжыта ән айтып отырған керемет сырнай дауысымен үндес әйел дауысын
естиді. Бұл Кәкиманың дауысы еді. Ыбырай Кәкимаға бір көргеннен ғашық
болады. Бірақ Кәкима еріксіз атастырылған жан екен. Ыбырай бұған да көнеді.
Бірақ жүректегі Кәкимаға деген сезімі бой бермейді. Кәкима-аққу, Кәкима-
гәкку деп, нәзік сезімін оятқан құрбысына мынадай өлең жолдарын арнайды:
Таранған айдын көлде сіз бір аққу,
Мұндай сөз естіп пе едің бек ләззәтлу.
Сырнай мен домбыраның арасында,
Балқыған қорғасындай қайран, Гәкку.
Шүрегей көлден ұшқан сен бір торғақ,
Мұхиттың дариясына салдым қармақ
Ілінсе қармағыма іздегенім,
Басар ем аяғымды шалқақ – шалқақ.
Дарияның ортасында сіз қоңыр қаз.
Қалқама көңілім сүйген айттым наз.
Толықсып мың құбылған Гәккуімді.
Өзімдей үйреніп ал бір сал маңғаз,-
Деп ашына, тебірене жырлайды. Бұл ет жүректі елжірететін, сезім
біткенді қорғасындай балқытатын ғажап ән, қатал өмірдің салдарынан
қосылмаған жетім көңіл назы. Ыбырай дүниеге ызаланады, қыздан сорлы бұл
дүниеде жоқ шығар деген ойда елігеді. Кәкима Ыбырайға естелік болсын деп
жүзік салып кетеді. Ұмытпа мені аққуым, ұмытпа мені гәккуім деп Ыбырай да
Кәкиманы қимай мәңгілікке қоштасады. Енді … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз