БҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланды

0

2018 жылғы 23 желтоқсан 23:03 483

БҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ОРАЛ. ҚазАқпарат — Батыс Қазақстан облысында ауа райының өзгеруіне қатысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 24-26 желтоқсан күндері облыстың кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады.

Көктайғақ болып, оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Облыс орталығында да қолайсыз ауа райы орын алып, желдің екпіні күндіз секундына 17 метрге дейін жетуі ықтимал.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, өңірде тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар алынуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын да ауа райының қолайсыздығынан облыста барлық жолдардың жабылғанын жазған болатынбыз.

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz