Тәуліктік ырғақтар | Скачать Реферат

0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш.УӘЛИХАНОВ атындағы
КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Жаратылыстану – педагогикалық факультеті
Биология және ОӘ кафедрасы

Тақырып: Хронобиология

Орындаған: Сарсенова Д.К.
БК-22 тобының студенті
Тексерген: доц.Дүрмекбаева
Ш.Н.

Көкшетау, 2009

Мазмұны

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … 3

1.1. Оралымды
үрдістер … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … 4
1.2. Ырғақтың
жіктелуі … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … .5
1.3. Еркін ағымды
ырғақтар … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … ..7
1.4. Тәуліктік
ырғақтар … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … ..8
1.5. Ұзақ мерзімді
ырғақтар … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … .10
1.6. Әлеуметтік
ырғақтар … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … .13
1.7. Маусымдық
ырғақтар … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … …14
1.8. Биологиялық ырғақтың
тетіктері … … … … … … .. … … … … … … … … … … 15

ІІ
Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … ..20
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі кезде биологиялық тербелістерді тексеретін ғылым саласын
хронология немесе биоритмология деп атайды. Оның мақсаты – физиологиялық
әрекеттердің ырғақтыр өзгерістерін, олардың реттелу ерекшеліктерін,
организмнің бейімделу әсерленісіне маңызын, ауытқулы үрдістерге қатынасын
зерттеу. Сонымен қатар ол тәуліктік, айлық және жылдық биологиялық
оралымдарға сәйкес организмнің уытты заттарға, дәрі-дәрмекке
сезімталдығының өзгеруін анықтайды. Хронобиологиялық бірнеше:
хронофизиология, хронофармакология, хрономедицина т.б. салаларын жіктейді.
Олар биологиялық ырғақтарға байланысты арнамалы өзгерістерді тексереді.

1.1.Оралымды үрдістер
Биологиялық жүйелерде тіршіліктің барлық деңгейінде кездесетін
оралымды (циклдік) құбылыстар біртұтас организмнің бірлестірілген әрекеті
ретінде байқалады.
Негізгі табиғи құбылыстардың ішінде организмге оқтын-оқтын маңызды
ықпал жасайтын тәуліктік ырғақ. Маусымдық оралым климатқа бейімделу
әсерленістерін тудырады. Күннің оралымдағы жеке организмнің және олардың
топтары мен қауымдалысының арнамалы бейімделісіне жағдай жасайды.
Оралымдағы үрдістер жанды жүйелер құрылысының барлық деңгейінде
жүзеге асырылады. Молекулярлық деңгей қатарына биохимиялық әсерленістің
тербелістері, зат пен энергия алмасуы жатады. Жазуша деңгейінде оралымды
әрекет оның бөліну немесе сөлініс ырғақтары түрінде болады. Ағзалық мен
жүйелік деңгейде орындаушы және меңгеруші ықпалдардың үйлестірілген
ырғақтары байқалады. Организмнің деңгей гомеостаз бен гомеокинезді
меңгерумен сипатталады. Оның маңызды бір оралымды үрдісіне әрекеттің
тәуліктік ырғағы жатады. Организімнің жоғары деңгей ортаның ырғақты
маусымдық жіне күндік оралымның өзгерістерін және популяция құбылыстарының
(иммунитет, індет, әлеуметтік) тербелістерін қамтиды.

1.2 Оралымды үрдістер
Организм мен ортаның өзара қатынасына байланысты екі түрі тербелісті
қозғалысты бөледі. Біріншісі, сыртқы органның оқтын-оқтын болатын
өзгерістеріне организмді икемдейтін, тербеліс кезеңдері геофизикалық
оралымдағы жуық, бейімдейтін ырғақтар немесе биоритмдер. Екіншісі,
физиологиялық немесе жұмыскер ырғақтар, яғни олар организмнің тіршіліктік
жүйелерінің іс-әрекетін көрсететін тербелістер.
Ырғақты сипаттау үшін бірнеше қатар көрсеткіштерді: деңгей (мезор),
кезең (период), шайқалым (амплитуда) және кез (фаза) қолданылады.
Деңгей деп бір биологиялық оралымның зеріттеліп отырған мерзімі
ішінде тіркелетін әрекеттің орта шамасын айтады.
Кезең ырғақты тербелістің белгілі уақыттағы толық бір оралымының
ұзақтығы арқылы табылады.
Шайқалым әрекеттің бір биологиялық оралымы ішінде максималды және
минималды көрсеткіштерінің айырмашылығы ретінде есептеліп шығарылады.
Кез – уақыттың әрбір сәтіндегі тербелуші жүйенің жағдайын
сипаттайды. Мұнда әрекеттің ең жоғары көтелілу (жотасы) кезі – акрафаза
болып саналады.
Биологиялық ырғақтар 5 топқа жіктеледі: 1 – жоғары жілігі бар
ырғақтар тербеліс кезеңі 30 минутқа дейін созылады (молекулярлық деңгейдегі
тербелістер, электроэнцефалограмма ырғақтары, жүректің жиырылуы, ЭКГ,
тынысалу, ішектің қозғалысы):
2 – орталық жиіліктегі ырғақтар, ол 30 минут пен 28 сағаттың арасы,
оның ішінде ультрадиандық 20 сағатқа дейінгі (қан, несеп құрамның
тербелістері, сөлініс әрекеті, мезгілді тамақ ішу, ұйқының “жылдам” сатысы
т.б.) және циркадалық (20-28 сағ.) тәліктің ырғақтар (ұйқы-сергектік
оралымы, температура, қан қысымы, жасушаның бөліну жиілігі);
3 – мезоритмдер (инфрорадиандық 28 сағат – 6 күн); циркасепталдық
апталық (7 күн жуық) аралық ырғақтар организмнің барлық әрекетінің
өзгерістері;
4 – макроритмдер, кезендері – 20 күннен 1 жылға дейінгі зор ырғақтар
(эндокриндік сөлініс және зат алмасуы әсерленістері);
5 – мегаритмдер, әсіребаяу ырғақтар, кезендері ондаған немесе
бірнеше ондаған жылдарға созылады (Ф.Хальберг).
Сонымен қатар ырғақтар биологиялық жүйелердің ұйымдастырылу деңгейіне
сәйкес жазушылық, ағзалық, организмдік, популяциялық болып тағы бөлінеді.
Қазіргі кезде хронобиолгия мен хрономедициналық зерттеулерде көптеген
оралымды үрдістердің ішінде ерекше көңіл аударатыны тәуліктік және
маусымдық ырғақтар. Бұлар биологиялық құрылымдар мен жүйелердің бәріне тән.
Өйткені олар организмді қоршаған ортаның оралымдық өзгерістеріне икемдейді,
биологиялық жүйелерді қажетті уақыттың негізде бірлестіреді. Сондықтан
организмнің біртұтас әсерленісінің ырғақты динамикасы байқалады (тамақтану,
ұйқы-сергектік режимі, жыныс оралымы, қозғалыс белсенділігі және т.б.).
Сыртқы жағдайлардың дәрежесіне байланысты ішкі (эндогендік) және
сыртқы (экзогендік) ырғақтарды ажыратады. Егер тыныштық пен белсендік зат
алмасуының жеделдеуі немесе баялауы және т.б. әрекеттер сыртқы орта
жағдайларының (температурасы, ылғалдығы, жарығы) өзгерістеріне сәйкес
болатын болса, оларды сыртқы ырғаққа жатқызады. Ал сыртқы тұрақты
жағдайларда тіркелетін ырғақтар ішкі деп есептеледі (жүйке серпінісі,
тынысалу, пульс, қан қысымы, ой жұмыскерлігі, ұйқы т.б.)
Қазіргі кезде хронобиологиялық экологиялық салалары кеңінен дамуда.
Ол әуелі тіршіліктің төтенше жағдайларына икемдеу мен акклиматизациядан
тұрады. Мұны организмнің ішкі ырғақтарымен сыртқы ортаның ырғақты
лайықтаушы ықпалдарының өзара әрекеттесу салдары деп есептеуге болады.
Егер ырғақтардың кезеңдері тең болса, оларды лайықталған (синхронды)
деп санайды. Қалыпты жағдайда көонекті ырғақ кезеңінде ұзақтығы 24 сағаттан
кқп өзгермейді, сондықтан тіршіліктің барлық көрінісінде ол бірден болыды.
Ал бұл тіршіліктің әрекеттерде бірдей болмаса, онда лайықталмаған
(десинхроноз) жғдай байқалады.
Десинхроноз ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі организмнің өз
ырғақтарының ұйқастылығы бұзылғанда пайда болды. Мәселен, тамақтану режимі
ұйқы – сергектіктің ырғақтарына сәйкес келмесе, адам тез шаршайды,
ашуланшақ келеді, көңіл күйі, тәбеті, ұйқысы бұзылады. Сыртқы десинхроноз
адамның биоырғақтары қоршаған ортаның кездері алмасуына лайықталмаса туады.
Сонымен бірге десинхрозды жіті және созылмалы, айқын және жасырын, біркелкі
және алажаулы деп те жіктейді.
Лайықталу құбылысы бір организмде ғана емес қауымдалыс құрамына
кіретін бірнешесінде болуы мүмкін. Лайықталу ішкі және сыртқы түрткілерден
туады.

1.3. Еркін ағымды ырғақтар.
Жануарларда лайықтағыштардың үстемдігі экологияға тығыз байланысты.
Әсірісе, жетекші түрткі болып жарық мезгілі, судың тасуы мен қайтуы әсер
етеді. Ал адамдарда басты орынды әлеуметтік жағдайлар, мәселен еңбек пен
тынығу режимдері алады. Егер лайықтаушы түрткі ырғағының көрсеткіштері
кейбір себептерден өзгеретін болса, онда лайықталушы құрылымдардың
мерзімдік ырғағы қайта қалыптасады. Олар, шамалы кешігіп барып, жаңа
жиілікке немесе кезге ауысады. Мұны ұзаққа созу мерзімі деп атайды. Ал енді
лайықтаушы әсер басқа лайықтаушыға алмаспаған күнде әрбір организмде жеке,
еркін ағымды ырғақ пайда болады. Бұл ырғақ организмді оқшаулағанда туатын
төтенше жағдайларға жауап ретінде шығады.
Мұндай байқаулар адамдар ұзақ уақыт үңгірлерде немесе арнайы
зерттейтін камераларда болғанда да анықталды. Оны зерттеу үшін ұйқы-
сергектік оралымы пайдаланылады. Жеке адамдарда еркін ағымды ырғақ әркелкі
болады, ал одан кемі өте сирек кездеседі. Осы соңғы дара нұсқаулары
ғарышкерлер дайындағанда өте қолайлы. Өйткені ғарышқа ұшқанда, ондағы
жұмыскерлік тәулік астрономиялық тәуліктен біршама қысқа келеді. Ішкі
ырғағы қысқа ғарышкерлер космоста тез бейімделеді. Сол сияқты табиғи
циркадалық кезеңдері ұзақ кісілер батыс бағытта ұшып барғанда, ұйқы-
сергектік қысқарған адамдар шығыс бағытта ұшқанда жылдам икемделеді.

1.4. Тәуліктік ырғақтар.
Адамның дене температурасы, қан қысымы және гормондар мөлшері
көтерілгенде, жұмыскерлік қабілеті жоғарылайды.Алайда олардың әрбір адамның
өзіне тән мезгілі байқалады. Осыған орай адамдарды таңертеңгілік
(бозторғайлар), күндізгілік, (кептерлер) және кешкілік (жапалақтар)
деп үш түрге бөледі.
Бозторғайлар әдетте ерте оянады, белсенді іс әрекетке тез қосылады.
Олардың ауқымды жұмыскерлік қабілеті түске дейін байқалады, тәуліктік
ырғақтарының әсіресе дене температурасының акрофазасы алғашқы сағаттарға
ауысады.
Жапалақтар, керісінше, кеш жатып, кеш оянады, іске баяу қосылады,
жұмыскерлігі кешке қарай, көбінесе түнде көтеріледі. Бұлардың
температуралық ырғағының ең жоғарғы шамасы кешкі сағаттарға ығысады. Бұндай
кешкілік типті адамдар тек түнгі сменаға икемді келмейді, олар екі және
үш сменалық еңбекке де тез үйренеді.
Кептерлер аралық типке жатады, оларда бозторғайлар мен
жапалақтар қасиеттері болады. Олар ерте тұрғанды ұнатпайды, оған қоса кеш
жатқанды да жаратпайды. Кептерлердің жұмысқа қабілеттігінің екі шыңы: 10-
12 және 15-18 сағаттарда байқалады. Мұндай типті адамдар 7-8 сағат
ұйықтағанды, қалыпты күн режимін сақтағанды ұнатады. Осы типтерге
байланысты әрекеттік жүйелерінің басқа да көптеген жеке тәуліктік ырғақтары
болады. Мәселен, жүрек-тамыр жүйесі тұрақты тәуліктік ырғақпен жұмыс
істейді. Жүректің жиырылу жилігі ересектерде сағат 16 мезгілінде ең жоғары
шамасына жетеді, ал 4-6 сағат кезінде төмендейді, орташа тәуліктік тербеліс
айырмашылығы минутына 18-19 рет. Ал 15-17 жастағы жасөспірімдерде екі түрлі
тәуліктік ырғақ байқалады. Бірінші түрінде пульс күндіз және кешке
біртіндеп жиіленіп, 16-дан 20 сағатқа дейін жоғарылайды, сағат 4-8
аралығында баяулайды. Екінші түрінде ырғақтың екі шыңы кездеседі, сағат 12-
де және 20-да, оның аз жиілігі 4-8 және 16 сағатта байқалады.
Қан қысымың жоғары көрсеткіші 14-тен 20 сағатқа дейін, ал ең аз
мөлшері 2-ден 12 сағатқа дейін болады. Мұнда қан қысымының 12 сағаттық
ырғағы кездеседі. Систолалық қысым өте жоғары шамасына 10 және 22 сағатта,
ең төменгі шамасына 4 және 16 сағатта жетеді. Ал диастолалық қысымның өте
жоғары шамасы 9 және 21 сағатта байқалады.
Басқа физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштерден тыныс алу
жиілігі, ЭЭГ белсенділігі, нейтрофильдердің саны, адреналин мен
норадреналин, калий, кальций, магний иондарының несептегі мөлшерінің
акрофазасы сағат 9-бен 12-нің арасында болады.
Альбумин мен глобулиннің мөлшері, эритроциттің тұну жылдамдығы, дене
темптературасы, зерде, адамның психикалық күйі ең жоғары деңгейіне сағат 12-
15 –те жетеді.
Қандағы кальций, натрий, калийдің мөлшері дене салмағының акрофазасы
тәуліктің 15-18 сағат аралығында байқалады. Сағат 18-21-де несептегі азот
пен хлоридтердің ең жоғары мөлшері анықталады.
Түннің бірінші жартысында (21-24 сағ.) эозинофильдер мен лимфоциттер
саны, кейбір гормондар (соматотропин, тиреотропин) мөлшері, ал екінші
жартысында (0-3 сағ.) моноциттер саны, АКТГ, плазмадағы натрий, кальций
жоғарғы деңгейге көтеріледі. Сағат 3 пен 6 арасында несептің көлемі, қан
трансаминазасы, 6 мен 9 сағат арасында гематокрит, рСО2, кортикостероидтың
ыдырауы өнімдері, ЭЭГ-ның тета-ырғағы акрофазада болады.
Тәуліктік ырғағы болатын физиологиялық әрекеттердің ішінде көңіл
аударатын адамдардың туылатын мезгілі, оның максимумы 0-11 сағат арасында,
минимумы 12-13 сағатта байқалады. Сонымен бірге босану іс-әрекетінің
белсенділігі түнгі 23-6 сағатқа, әлсіреуі күндізгі 11-18 сағатқа сәйкес
келеді.
Адамның тәуліктік ырғақтары туғаннан кейін бірден қалыптаспайды. Жаңа
туылғандардың пульс жиілігі 6 аптадан кейін ересектердің көрсеткішіне
жақындайды. Дене температурасы 3 аптаға дейін тұрақты болады, ал 4-9
аптадан кейін сағат 6-11-де көтеріледі де, 22 сағатта төмендейді. Тек,
балалар 10-14 жасқа келгенде түнгі минимумы сағат 5-те байқалады. Сол
сияқты басқа да физиологиялық әрекеттер әрқайсысы туғаннан кейін белгілі
мерзімде бір-бірінен тәуелсіз өзіндік ырғақтарға ие болады.

1.5. Ұзақ мерзімді ырғақтар.
Кейінгі жылдары организмдегі кейбір құбылыстардың бірнеше күндік
ырғағы болатындығы анықталады. Олар биологиялық ерекшеліктерден және
әлеуметтік сәттерден пайда болады.
Көп күндік ырғақтардың ішінде айқын заңдылығы бар айғажуық ырғақтар.
Айдың Жер мен Күнді айналуы кезінде гравитациялық өзгерістер туады. Олар
теңізде, құрлықта, атмосферада көптеген судың тасу-қайту құбылыстарын
шығарады. Айғажуық мерзімдікті күн сәулесінің қарқыны мен дәрежесі, жоғары
сәулелену өзгерістері, ауадағы озонның мөлшері, метеориттер түсуі, жауын-
шашын болуы көрсетеді.
Жер магнитизмінің бұзылуы мен ауыр магнит толқынын айдың фазаларына
сәйкес байқауға болады. Айғажуық биологиялық ырғақтар кезеңі 30 немесе 15
күн. Кейбір адамдар бұл құбылыстарға өте сезімтал келеді, сондықтан оладың
организмінде күрделі өзгерістер болып, денсаулығы бұзылады.
Айдың Жер бетіндегі тірі организмдерге ықпалың ғалымның жаңа саласы
селенобиология зерттейді.
Соңғы жылдары адамның қимыл, сезім және парасаттық ырғақтарын анықтау
кеңінен тарады. Олардың тербеліс кезеңі 23, 28 және 33 күнге тән. Барлық
оралымның жағымды және жағымсыз екі кезеңі болады (әрқайсысының ұзақтығы
11,5-14 және 16,5 күн). Әрбір кезеңнің басталатын күні аумалы немесе
қауіпті нүктесі деп есептеледі. Ырғақтар сызығының қауіпті нүктеден
өтетін сәттерінде жұмыста қате жіберу, тұрақсыздық, қатерлі жағдайлар,
қасірет шегу жиі кездеседі. Организмнің мұндай ырғақтарын алғашқыда
жүргізетін туған кезең деп санайды. Сондықтан туған күн арқылы қимыл,
сезім, парасат ырғақтарының кезеңдерін, олардың белсенділігін және адамның
жағдайын әрбір тәулікке болжап, есептен шығаруға болады. Алайда бұл
ырғақтардың ғылымға мәлімсіз жерлері көп. Өйткені іс-әрекеттің нәтижесі бұл
ырғақтардың белсенділігіне емес, көбінесе адамның меселіне, мақсатына,
еркіне, ниетіне байланысты болады.
Дегенмен, адамның генетикалық бағдарламасымен тығыз байланысты жылға
жуық оралымды құбылыстары болатындығы анықталады. Мұндай оралымда оның
бейімделу, иммундық және қозғалыс мүмкіндіктерінің кезеңдері алмасып
отырады.
Ғылыми зерттеулердің нәтижісінде 6-7 жылдық кезеңдер де табылады.
Әрбір 6-7 жылдан соң адамның рухани іс-әрекеті, организм сезімталдығы
өзгеріп отырады. Адам денсаулығының деңгейі бұл кезеңдерде көбінесе
төмендейді. Осыған орай адам өмірінің 7; 14; 21; 29-30; 36; 42; 50-60; 63
жылдары қауіпті кезеңдер деп саналады. Қазақ халқының жыл санауы бойынша
да, өмірдің қатерлі кезеңдері мүшел жасқа сәйкес келеді.
Осы … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz