«Тартария» атауы қайдан шықты?

0

«Тартария» атауы қайдан шықты?

Тәуелсіз Тартария картасы

Басы мына бетте: «Қазақ» атауы

Ұлы Тартария (Grand Tartaria) деп Шыңғыс Хан билеген империяны атаған. Ол бұрынғы «Скифия» аталған елге билікке келгеннен кейін (12 би ақ киізге көтергеннен кейін), Шыңғыс Хан атанып, барлық түркі халқын қосып, билігіне бірнеше елдерді: Қытай (China), Үндістан, Парсы, Московия, Шығыс Еуропа, Қара теңіз, Балтық теңізі, Мысыр аумағындағы елдерді қосып алады.

Зерттеушілер «Tartar» сөзін «Татар» сөзінен шыққан деп түсінеді. «Татар» сөзі Күл-Тегін жазуында кездеседі («Отұз Татар» «Тоғұз Татар» деген сөздерде). Олар Түркі халықтар және Түркі тілдес. «Тартар» және «Тартария» деп еуропалық халықтар атап кеткен деседі.

Ежелгі Грек мифологиясында «Tartaros» — бұл зұлым адамдарды және Титандарды азаптаушы түрме ретінде қолданылатын терең түпсіз тұңғиық. Платонның Горгиас (б.э.д. 400 ж.) шығармасы бойынша, Tartaros – өлгеннен кейінгі адам жаның соттайтын жер, онда күнәһарлар Құдайдан жазасын алады.

Еуропалық католик, христиандардың сенімі бойынша (діни кітаптар бойынша) – олар Құдайға сенуден тайған кезде, Құдай оларға Гог және Магог деген жазалаушылар жібереді деген. Атилла бастаған Ғұн шапқыншылығын «Құдайдың жазалаушысы» Гог келді деп түсінген. Ал, Шыңғыс Хан кезіндегі Моғұл шапқыншылығын Магог келді деп түсінген…

16-ғасырға дейінгі деректерге сүйенсек, Тартария халқы, Шыңғыс Ханға дейін өздерін «Түрік» деп атаған.

Тарихшы Joannes de Plano Carpini 1246 жылы, Шыңғыс Хан қайтқаннан кейін, Моғұлдар еліне келгенде, кездескен адамдар өздерін Tartar деп атаған, аралаған басқа аймақтағылардың барлығының тілі бір болғасын, ол барлығын да Тартар деп ойлаған.

Француз зерттеушісі Rubriquis 1254 жылы Шыңғыс Ханның немересі Сартаққа келгенде «…олар өздерін Tartar емес Moal атайды…» деп жазған.

Әбілғазы Баһадүр Ханның 1663 жылы жазған шежіресі бойынша Түріктің неменесі Аланчы Ханның егіз балалары болған: Татар мен Моғұл (Мұңал), елін осы екі баласына бөліп қалдырып кеткен. Шыңғыс Ханды Мұңалдан тараған деп көрсеткен.

Англияда 1636 жылы шыққан «Ұлы Әлем туралы кішкене сипаттама» кітабында: «…Шыңғыс Хан (Cingis,Cinchius,Zingis,Changius Cham) 1162 жылы Тартарлар Ханы аталып,  өзіне Тендүк пен Қатайаны бағындырып алды. Скифия атауын Тартария деп өзгертті. Тартар атауы Еуропаға 1168 жылы белгілі болды…» деп жазылған.

Шыңғыс Хан қайтқаннан кейін, жылдар өте, ішке түскен іріткіден, қызғаныштан, өзара бөлінген хандар пайда болып, мемлекет жікке бөліне бастайды. Ақырында, бір-бірін талап әлсіреп жүрген кездерінде, империяның батысы мен Сібірді Московия оп-оңай қағып алады, ал шығысына Қытай оп-оңай кіріп алады. Содан, Ұлы Тартария үшке бөлінеді:

1. Тәуелсіз Тартария (Independent Tartary)
2. Московия Тартариясы (Еуропадағы Ресей, Азиядағы Ресей)
3. Қытай Тартариясы

Жоғарыдағы картада Ұлы Тартариядан қалған Тәуелсіз Тартария көрсетілген. «Тәуелсіз» деген атына және орналасқан жеріне қарап, Ұлы Тартарияның негізгі халқы және мұрагері кім екенің байқаймыз.

p.s. Аталған кітаптарда «Моңғол» атауы кездеспеді, «Moghul», «Moal» және «Turk-Tartar» деген атаулар бар.