Табиғи және жасанды былғары | Скачать Материал

0

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Инженерлік — технологиялық факультеті

Тақырыбы: Табиғи және жасанды былғары

Орындаған: Советжанова Ж.Ә.
Тексерген: Нурлыбекова А.А.
Группа: ТК-703

Семей қаласы 2018ж
Былғары — мал терілерін химиялық және механикалық әдістермен өңдеу арқылы алынатын материал. Одан аяқ киім, сырт киім, айыл — тұрман, галантерея, техникалық бұйымдар т.б. жасалады. Мал терісі 3 қабаттан — шелден, өзеңнен, қыртыстан тұрады. Былғары жасау үшін терінің жүні жидітіледі, шелі сылынып, қыртысы жазылады. Терінің өзеңін (ортаңғы қабатын) өңдей отырып былғары алынады. Өзең айқыш-ұйқыштанып тығыз байланысқан коллогенді талшықтардан құралады. Теріні жүннен арылту үшін сілті (күл мен әк ерітіндісі) және фермент жағылады, күкіртті натрий, әк ерітіндісі бүркіледі. Бірнеше сағаттан кейін қылшық пен босаң қыртыс арнаулы машина арқылы оңай ажыратылады. Мұнан соң шелдеу машинасымен терінің шелі сылынады. Осыдан шыққан шикізат көн деп аталады. Көндегі сілті және басқа қосылыстар кетіріліп, әк сумен жуылып шайылады. Шикізат талқымен жұмсартылады. Арнаулы машинамен ылғалдан арылтылған соң, қалыңдығы бір тегіс болу үшін былғары сүріледі де, қандай мақсатқа пайдаланатындығына және жағылатын бояу түсіне қарай сұрыпталады. Тікелей бояу, қышқылды бояу, т.б. тәсілдермен боялған былғарының қатпарлары жазылып, керу машинасына жіберіледі. Керіліп кептірілген былғарының пұшпақтары кесіледі, сығылады және оған жылтыр өң беріледі. Пайдалану мақсатына қарай былғары 4 топқа бөлінеді: аяқ киімдік былғары, қайыс немесе айыл-тұрмандық былғары, сырт киімдік және галантереялық былғары, техникалық былғары Аяқ киімдік былғары қасаң және жұмсақ былғары түрінде болады. Аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне жұмсақ былғары, ал табан бөлігіне (ұлтан, өкше, сірі өкше, т.б.) қасаң былғары жұмсалады. Қасаң былғары ірі мал терісінен жасалады, өңделмеген терінің орташа салм. 23 — 26 кг-нан кем болмайды. Жұмсақ былғары қой, ешкі және бұзау, тана, құнажын, шошқа, жылқы терілерінен жасалады.
Киімге арналған табиғи былғарыны қой, ешкі, шошқа және тағы басқа жануарлар терілерінен алады. Тері былғарысын өңдеу механикалық және физика — химиялық операциялар жиынтығы болып саналады, мұның нәтижесінде былғары жұқа, жұмсақ, мықты, созылмалы, сыртқы әсерлерге тұрақты болады.
Былғарының беткі қабатының табиғи суреті мерей деп аталады. Сипаттамасы бойынша мерей, яғни былғарының микроскопиялық бүрмелерінің суреті бойынша, бар болуына және түкті сумка іздерінің формасына қарай мамандар былғарының қандай жануардан алынғанын анықтайды.
Үстіңгі бетін өңдеу сипатына қарай табиғи былғарылар келесідей түрлерге бөлінеді: тегіс — табиғи мерейлі; иір ойықты — иір ойық мерейлі; өрнекті — үстіңгі бетінде бадырайған көркемдік өрнегімен; түкті — түкті қабатымен, шлихталау арқылы алынған (велюр, замша).
Жасанды былғары — кәдімгі тері орнына қолданылатын полимер материалдар. Олар құрамына қарай резиналы, талшықты, жұқа қабатты және беті қапталған мата, т.б. қолданылуына қарай аяқ киімдік, галантереялық, техникалық болып бөлінеді. Жасанды былғары жасауда негізгі шикізат — каучук, полихлорвинил, нитроцеллюлоза, казеин, полиамидтер т.б. жұқа қабат түзгіш заттар.
Жасанды былғары өткізу және оны сорттау мемлекеттік стандарт (ГОСТ) негізінде жүргізіледі. Мемлекеттік стандарт тері шикізатын даярлау, оны былғары зауыттарын өткізу, шикізаттың топтастырылуы, оның сапасы мен сыртқы түріне қойылатын талаптар, қабылдау ережелері мен шарттары, салмағы, ауданы және сұрыпталуы белгіленеді.
Жасанды былғарының сапа көрсеткіштерін негізінен үш топқа бөледі: 1. Эстетикалық 2. Эргономикалық 3. Сенімдік
Ескертулер: 1. Иленусаның көрсеткіші беткі қабаты тілінген шошқа терілері мен қой мен ешкі терілерінен басқа шикізаттардан өңделген жасанды былғарыға қолданылады; 2. Толық созылу, қаттылық, серпімділік, иілімділік көрсеткіштері мүйізді ірі қара терілерінен өңделген жасанды былғарыларға қолданылады; 3. Бояудың үйкеліске тұрақтылығы көрсеткіші қара түсті казеинді … жалғасы