Оралда 80 жастағы қария өзіне пышақ салып қайтыс болды

0
Оралда 80 жастағы қария өзіне пышақ салып қайтыс болды


Оралда сексен жастағы зейнеткер пышақ жарақатынан көз жұмды.

Қайғылы оқиға 12 қараша күні түсте жеке үйлердің бірінде орын алды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, 1938 жылғы ер адам өз үйінде ішінен пышақ жарақатын алған. Жедел жәрдемді зайыбы шақыртқан.

Марқұм жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болып кеткен. Көршілерінің сөзіне қарағанда, қатерлі ісікке шалдыққан қария өзіне-өзі қол жұмсаған. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Дереккөз: ҚазАқпарат