Студенттердің кәсіби өзін-өзі дамыту мотивациясын қалыптастыру

0

Реферат

Тақырыбы: Студенттердің кәсіби өзін-өзі дамыту мотивациясын қалыптастыру

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … .
… … … … … … … … … … ..3

І. Студенттердің кәсіби өзін-өзі дамытудың
негізі … … … … … … … . .5

ІІ. Студенттердің оқу іс-әрекеті мотивациясының
ерекшеліктері … …8

ІІІ. Болашақ маманның кәсіби өзін-өзі дамыту мотивациясын
қалыптастыруға байланысты жүргізілетін жұмыстың ықтималды
жолдары … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … .20

ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … .. … … … … … … … … … .
… … … … … … … …24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР … … … … … … . … … … … … … … …25

КІРІСПЕ
Елбасы Н.А.Назарбаев осы бағыттарды жүзеге асыру барысында
Қазақстанның артықшылығы — халық сапасы, адам ресурстары… Біз өзіміздегі
баға жетпес капиталды дамытып және сол дамуға жаңа да, өркениеттік
жағдайлар туғызуымыз қажет, – деп баса атап көрсеткен болатын. Қазіргі
таңда білім беру мәселелері жалпы әлемдік қоғамдастықтың өзекті
мәселелердің бірі болуы өркениет дамуының білім беру сапасымен бірден-бір
байланысты. ҚР Білім беру мемлекеттік бағдарламасында білім беруді
жетілдіру мен оқыту процесіне жаңа акпараттық технологияларын енгізу арқылы
сапалы кәсіби мамандарды даярлауды қамтамасыз ету мәселесі қарастырылған.
Адам өмірінде кәсіп таңдау, мамандықты меңгеру, кәсіпке бейімделу
мәселесі үлкен орын алады. Кәсіпке бейімделу мәселесін Т.Н. Вершинина, И.К.
Кряжева, М.П. Будякова, А.А. Русалинова, Л.М. Митина жөне т.б. көптеген
ғалымдар қарастырған. Олардың айтуынша, кәсіби бейімделуге дайындық, яғни
оқу процесі кезінде кәсіпті меңгеру кезеңі мен жас маманның жұмыс ортасына
қосылуы, өндірістік практика кезіндегі іс-әрекеті негіз болады. Студент
кәсібін меңгеру, кәсіби қалыптасуы кезінде өмірлік, кәсіби жоспарлары
өзгереді, жетекші іс-әрекеттері ауысады, тұлға құрылымының қайта құрылу
процесі жүреді. Т.А. Кухарева, И. Калайкова, Ю.А. Александровский, М. И.
Дьяченко және П.А. Кандыбович еңбектері жоғары оқу орындарында кәсіби
бейімделу себептері мен қиындықтарын зерттеуде мәнді орын алады.
Кәсіптік бейімделу сатысында қоғамның педагогикалық ұжымның және іс-
әрекеттің жоғарылап кеткен талаптары түлғаның жоғары оқу орнында
қалыптасқан кәсіптік сипаттамалары мен білімдерімен және іскерліктерімен
қайшылыққа түседі. Кәсіптік бірлестікке бейімделе отырып маман тиісті
тәжірибелерді өз бойына сіңіреді. Өзі үшін маңызды ортаның талаптарын
қанағаттандыруға тырысады.
Осылайша, студенттердің кәсіпке бейімделу ерекшеліктеріне тоқталатын
болсақ, олардың кәсіпке бейімделуін анықтау арқылы біз олардың
құндылықтарымен де танысуға мүмкіндік аламыз. Кәсіпке бейімделу әр курс
студенттерінде әр түрлі болады. XXI ғасырдың табалдырығын білім мен ғылым
дамуын саралаумен аттауымыз үлкен үміт туғызады. Сондықтан Тәуелсіз
мемлекетімізге білікті, өз кәсібін терең түсінетін, өзінің іскерлігі мен
білімін жан-жақты қолдана білетін мамандар қажет.
Болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың маңыздылығы маманның жеке тұлғасы
мен қызметіне деген осы заманғы талаптарымен сипатталады.
Жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды түрлі сипаттағы кәсіби,
қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени қызметтерге даярлайды, оларға белгілі бір
көлемде нақты білім беріп қана қоймай, сонымен қатар олардың адамдармен
және адамдар үшін жұмыс істей алуын қалайды.
Жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру мен мамандарды
дайындау сапасын жақсартудағы әдістемелік жұмыстың маңызды екендігін ескеру
қажет. Міне, осы мақсаттарды орындау үшін мынандай міндеттер көзделіп отыр:
заман талабына қарай ғылыми-техникалық үрдіс талаптарына сай мамандар
дайындаудың оңтайлы мазмұнын анықтау; ең тиімді әдістер мен құралдарды
жасауды қайта қарастыру; оқу-тәрбие үрдісінің ғылыми дәлелденген
материалдық-техникалық базасын жасау және құру; оқу барысында студенттердің
шығармашылық белсенділігін арттыру және оларға берілген ақпараттың берік
игерілуін қамтамасыз ету; студенттер мен оқушыларды ғылым, техника мен
өндірістің қазіргі жағдайына және дидактикалық талаптарға жауап беретін
қажетті оқу және әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету және т.б.
Білімді жақсарту мен жетілдіру ұмтылысы, кәсіби дамыған біліктілік пен
білімді әмбебаптандыру, түрлі білімдерді қалыптастыра алатын қабілеті бар
жаңа типтегі маманды, өз ісі маманының негізгі қасиеті сияқты кәсіби
бағыттылықтың қалыптасуын ескертеді. Бұның бәрі мамандардан болашақ
жұмысына жоғары деңгейдегі даярлықты талап ететіні даусыз.
Сондықтан студенттер үшін негізгі немесе басты іс-әрекет аясы ретінде
білім алу жатады, ал жетістікке жетудің негізгі критерийі білімді игеру,
жаңалық ашу. Кәсіпке бейімделу мәселесін мемлекеттік деңгейде қолға алған
тиімді. Бұл мәселе білім беру стандарттары мен бағдарламаларында жөне білім
берудің жалпы тұжырымдамасында нақтылы қарастырылуы қажет. Бүгінгі таңда
аталмыш мәселе жалпылама түрде ғана қарастырылған. Бүған мемлекеттік
органдар ғана емес, жекелеген білім беру ұйымдары ат салысуы қажет. Бұл
орайда, батыстық стандарттарды бірден қабылдай салмай, өз қоғамымыздың
болмысы мен ерекшеліктерін ескергеніміз абзал.
Қазіргі таңда қоғамдық түбегейлі бетбұрыстар тұлға құрылымын
психологиялық тұрғыда жаңа сипатта зерттеуді талап етіп отыр. Осы орайда,
болашақ мамандарды даярлауға деген көзқарас жаңа сипатқа ие болуда. Жоғары
оқу орнындағы кәсіби мамандар даярлау мазмұнының өзгеруі бүгінгі күнгі
кәсіби құндылықтардың даму ерекшеліктерін негіздеуді талап етеді.

І. Студенттердің кәсіби өзін-өзі дамытудың негізі
Өзін-өзі тәрбиелеу және кәсіби өзін-өзі жетілдіру жұмысына кіріспес
бұрын бастаушы мұғалім ең алдымен өз жұмысының қандай бір мерзіміне
сараптамасы болуы керек, оның дұрыс бағалануына және өз жұмысын одан әрі
жетілдіруге деген жетекшісінің ұсынысы болуы керек.
Өзінің әрекетінің қорытындысын сараптай отырып мұғалім рефлекция
жасайды онсыз білім беру процесінің заңдылығын түсіну мүмкін емес,
педагогикалық шеберлікке бастайтын қозғалыс жоқ.
Кәсіби өзін-өзі дамытудың бастапқы компаненті өздігінен білімін
көтеру болып табылады, біз бұл жерде мақсатты түрдегі жалпы адамдық
құндылықтарды әдістемелік және арнайы білім арқылы, кәсіби ептілігі мен
дағдысы арқылы игеру бойынша педагогтың танымдылық әрекеті.
Орыс оқытушыларының оқыушысы деген атақ алған К.Д. Ушинский оқытушы
оқу барысында ғана өмір сүреді деп санаған, қазіргі кезеңгі белгілі
ғалымдардың бірі Д.С. Лихачев жастарға Үнемі оқу керек. Барлық ірі
ғалымдар тек қана біреуді оқытып қойған жоқ өздері де оқыды. Оқуды
тоқтатқан күні – оқыта да алмайсың. Себебі білім үнемі өсіп жетіліп
отырады деген.
Өзін-өзі жетілдіру білімі мен тәжірибесі өзін-өзі тәрбиелеудің
алғышарттарын құрайды, ол өз кәсіби жекелігін дамытудағы үш бағытын
меңзейді:
А) өзінің жеке-қайталанбайтын ерекшелігін педагогикалық әрекеттер
талаптарына бағыттау;
Б) кәсіби компетенттігін үнемі арттырып отыру;
В) жеке тұлғаның әлеуметтік-адамгершіліктік басқа да қасиеттерін
үнемі арттырып отыру.
Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу, ол басқа да әрекеттер сияқты өзінің
негізгі күрделі жүйесі, мотивтері, белсенділік мотивтері бар. Әдетте
мұғалімдердің өзін-өзі тәрбиелеудің қозғаушы күші мен көзі жетілуге деген
қажеттелік арқылы түсіндіріледі. Алайда бұл қажеттілік қажеттілік арқылы
талаптар арасындағы қарсылықты шешуді құрамайды. Оқытушыға ұсынылатын
Талаптар өзін өзі ынталандырады немесе оқытушыны осы қарама-қайшылықты
шешетін қандайда блмасын әрекеттті олдануға итермелейді.
Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу негізінде оқытушының әрекеті негізіндегі
сияқты мақсат пен мотив арасында қарама-қайшылық туындап отыр. Мотивтің
мақсатқа қара жылжуын қамтамасыз ету — өзін-өзі тәрбиелеуге деген нақты
қажеттілік деген сөз.Оқытушының өзн-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілгі одан
әрі жеке белсенділгі арқылы көрініп отырады (сенімі; парызын сезіну,
жауапкершілік, кәсіби адалдық, дұрыс бағалай білу т.б.).
Өзін-өзі тәрбиелеуді ынталандырушы факторлары.
Өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандыратын сыртқы факторларға педагогикалық
ұжым, мекепті басқару стилі мен бос уақыт факторы жатады.
Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу прцесі мүлдем жеке түрде. Алайда одан үш
өзара байланысты деңгейді таңдап алуға болады.;
· өзін-өзі ану;
· Өзін-өзі жоспарлау;
· өзара әрекет ету.
Кәсіби өзін-өзі тану еріктік дамуды меңзейді, эмоционалдық саланы,
темперамент пен мінезді, танымдылық прцестерінің ерекшеліктерін меңзейді
(қабылдау, түсінік, қиялдау, ойлау), сөйлеуді, және адам қасиеті ретіндегі
көңіл қоюды меңзейді.
Жеке тұлғаның дамуындағы өзін-өзі жоспарлау процесі өзінің өзіндік
жекелігін жетілдіруі туралы болжамын іске асыру.
Өзін-өзі тәрбиелеудің жоспарын құруға әдетте өмір ережесі жүйесі
алғышарт болады, ол ақырындап жеке тұлғаның өзін ұстауы мен әрекетінің
приниптерін айналады. Мысалы ешқашан ешқайда кешігіп бармау; ешкімге иә
немесе жоқ деген сөзбен жауап бермеу – жауап берудің басқа формаларын
іздеу; ешкімге көмек беруден бас тартпау т.б.
Өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасымен қоса өзін түзету бойынша
жоспар құру жұмысын да атап айтуға болады: ұзақ мерзімге арналған максимум-
жопар және қысқа мерзімге арналған минимум-жомпар (бір күнге, бір жұма
неесе бір айға).
Өзін-өзі тәрбиелеу жұмысын енді ғана бастаған тәжірибесі жоқ
адамдарға неғұрлым қарапайым жоспар ұсынылады ол үш тараудан тұрады: өзін-
өзі тану және өз білімін көтеру; жоғары оқу орнының оқу материалдарын
игеріп алу; өзін-өзі тәрбиелеу.
Өзін-өзі тәрбиелеу жұмысының мақсатын дұрыс қою үшін өзінің әлсіз
және күшті жақтарын білу керек яғни өзін-өзі толық тану керек. Өзін-өзі
танудың маңызды әдістерінің бірі — өзінің дұрыс және теріс тәжірибесін
сараптау. қиындықтар қателіктерінің төлі тәжірибесі –ең дұрыс оқытушы,
үйретуші, ол қымбатқа түседі алайда, өзінен сабақ алады. Екінші әдісі
өзіңді таны- өзіңді басқамен салыстыр.
Өзара әсер етудің жолдары мен құралдары әр түрлі. Өзіндік
ерекшеліктерін және нақты жағдайды есепке ала отырып әр адам оның оптималды
бірлігін қабылдайды. Релаксация – тыныштықтың жалпы жағдайы, қатты уайымнан
кейінгі немесе дене еңбегінен кейінгі тыншу болмақ.
Өзін-өзі тану құралдарының қатарына өзінің психикалық жағдайын игеру
де жатады, яғни өзін -өзі реттей білу. Оған әр түрлі тәсілдер, өзінің
көңілін басқаға аудару, өзін-өзі тыншыту мен бұлшық еттерін босату
(релаксация), сондай-ақ өзін-өзі сендіру, өзіне бұйрық беру, өзін бақылау
мен өзін сендірулер т.б. жатады.
Интергалды ептілікті жетік меңгеру және педагогикалық тұрғыда ойлау
мен әрекет ету байқағыштықты, алдын-ала көре білуді және өз әрекетін және
тәрбиеленушілердің әрекетін шығармашылықты түрде жобалау мен дамытуға
бағытталған арнайы жаттығуларсыз мүкін болмайды.
Соңғы кездері педагогакалық ғылымда студентті мектепте жұмыс
істтеуге және басқа да білім беру мекемелерінде жұмыс істеуге дайындаудың
жекелік-бағытталған технологиялары жасалып жатыр.
Осындай кәсіби түрде толықсудың авторлық бағдарламаның жалпы түрінде
мұғалімнің болашағы былай ұсынылады:
1. Жоғар оқу орындарының пәндерін игеру: а) міндетті; б) таңдау
бойынша; в) ақылы – жалпы университеттік және профилді.
2. Одан әрі олардың авторлық бағдарламаларын жекелендіру мақсатында
біліктілік сипатталудың негізгі тарауларымен танысу.
3. Өзінің кәсіби маңызды жекелік қасиеттерін (КМЖҚ) тестілеу және
кемшілігі бар жерлерін толықтыруды белгілеп қою.
4. Жеке қасиетерінің ішіндегі кемшілікті жерлерін жоюды және оны
сараптауды белгілеп қою.
5. Өінің кәсіби өміріне жекелікті түрде талаптар қою: денсаулығына,
интелектуалды өсуіне т.б.
6. Атақты мұғалімдердің жаңашылдық тәжірибесін зерттеу, оны өзінің
болашақ жұмысында қолдану жолдарын ескеру.
7. Авторлық бағдарламаның басқа да тараулары.
Педагогикалық қызметкерлердің негізгі талаптары тіркелген негізгі
нормативтік құжаттарға, оның ішінде оқытушыларға да қатысты, маманның
біліктілігін сипаттау болмақ.
Мұғалімнің біліктілігін саралауды көрсетеміз. Мұғалімнің лауазымдық
міндетіне мыналар кіреді:
· өз пәні бойынша оқытушыларға білім беруді жоғары ғылыми және
әдістемелік деңгейде жүргізу
· алған білімін тәжірибе түрінде қолдануда ептіліктер мен дағдыны
қолдануды қалыптастырып отыру;
· оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру және оны бақылап отыру;
· тиісті пән бойынша оқу материалын жоспарлау оқу бағдарламасын
орындауды қамтамасыз ету;
· әдістемелік жұмыстарға қатысу;
· оқушыларды тәрбиелеу, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізу;
· оқушылардың үлгрімін сараптау, олардың оқа пәнін қадағалауын
қамтамасыз етіп отыру;
· оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеу, ондай жұмыстарға ата-
аналарын қатыстыру;
· оқу құралдарын тасу барысында қауіпсіздік талаптарын және
өндірістік санитария талаптарын сақтауды қадағалау.
Біліктілік талаптарын сәйкес мұғалім мыналарды білуі керек:
· өз пәнін, оның мазмұнын және тәжірибе түрінде қолданылуын білуі
керек;
· білім беру жүйесндегі өз пәнінінң алатын орнын және оқушылардың
ғылыми танымын қалыптастыруы; педагогика мен педагогикалық психологияны;
· оқушыларды оқытудың формалары мен әдістерін;
· еңбек заңнамасының негізін.

ІІ. Студенттердің оқу іс-әрекеті мотивациясының ерекшеліктері

Мотивация психология ғылымында жеке тұлғаның дамуындағы мінез-құлқы
мен іс-әрекеті, әрекеттегі белсенділігін реттейтін  фак-  тор ретінде
қарастырылады. Ал жеке тұлға іс-әрекеттің қай түрі болмасын, оның
мотивациялық ерекшеліктерін ескермей, әлеуметтік психологиялық тиімді өзара
әрекет, қатынас жасау мүмкін еместігі белгілі. Әрбір жеке тұлғаның
мотивациясы өзіндік сипатқа ие болатындықтан, нақтылы фактілер мен
заңдылықтарды талқылауға өтпей тұрып, негізгі ұғымдарды анықтап алу керек. 
Қазіргі  кез-  дегі психология ғылымы мотив, мотивация ұғымдарына әртүрлі
анықтамалар береді. Сондықтан бұл ұғымдарды бірегей анықтау белгілі ғылыми
мәселе болып  табылады. Кейбір авторлар (В.В. Юрчук, М. Кордуэлл) мотив
ұғымы арқылы психикалық құбылысты сипаттаса, ал басқалары (А.К. Маркова, 
В.И. Ковалев) жеке тұлғаның қылықтары мен ісәрекетті таңдау себептерін
түсіндіреді. Сонымен қатар, мотивация қызметі адамды қандай да бір күшке
итермелеуші, қозғалмалы күштердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Бұл
күштер адамның ішкі және сыртқы жағында орналасады және оны саналы немесе
саналы еемес кейбір іс-әрекеттерге итермелейді. Осыған байланысты іс-әрекет
түрткісі мен адамның реакциясы өмірлік тәжірибеге, тәрбиеге, эмоциялық
күйіне байланысты адамдар бірдей әрекетке әртүрлі қабылдауы мүмкін.
Сондықтан мотвацияның нақты  анықтамасын  беру  керек:   Мотивация — бұл
жеке тұлғаны немесе топты ішкі немесе сыртқы әсерлер ықпалынан өз
қажеттіліктерін қанағаттандыру және ұйымның мақсатына жету процесі.
Мотивацияның күші оның құрылымында және оқыту мотивациясының
жетекшілігінде, кәсіби құзіреттілікті кәсіби меңгерілуінде. Студенттерді
оқыту қызметінде міндетті түрде мотивтік құрылымды білу керек, ол жұмысты
түзету әдістерінде, позитивті оқыту мотивациясын көтермелеуде, оқыту
процесінің нәтижелілігінде көрініс табады.
Оқу мотивациясының қызметтілігін анализдеуде міндетті түрде басымырақ
қозғаушысын анықтай келе, мотивациялық сферадағы адамның барлық құрылымын
ескеру керек. Оқу қызметі әртүрлі қайнар көздеріне ие болуына қарай
полимотивтік болып табылады. М.В. Матюхина оқу мотивациясының қайнар көзін
үш мотивке тәуелді деп көрсетті:
• Ішкі – танымдық және әлеуметтік қажеттіліктер (әлеуметтік іс-
әрекеттерге және жетістіктерге жету ұмтылысы);
• Сыртқы – қатысушының өмірлік жағдайымен анықталады; оған талап,
нәтижелілік, мүмкіншіліктер кіреді;
• Жекешелік – қызығушылықтар, қажеттіліктер, нұсқаулар, өлшемдер және
стереотиптер, сонымен қатар өзін-өзі кемелдендіруге ұмтылу, басқа
қызмет түрлерінде өзін-өзі тануы.
Оқу мотивациясында ішкі, сыртқы және жекешелік көздерінің әрекеттесуі
оқыту қызметі мен оның нәтижесіне ықпал етеді. Бір қайнар көзінің болмауы
оқу мотивіне немесе оның өзгеруіне алып келеді.
Мотивацияның атқару тәртібі келесідей психикалық процестерден тұрады:
түрткіні қабылдау, оның эмоционалдық бағасының мағынасы, мәнін түсіну және
түрткі бағасы, түрткіге көз жеткізу. Мотивтің мазмұны мо-  тив түріне
тәуелді. Ішкі мотив мазмұны оқып жатқан материалдың дүниетанымдылығы, сол
объектіні практикалық қызметте тану болып табылады. Осы білімді игеру сана-
сезімнің туындауын   көрсетеді.   Сөйтіп,   мотив  мазмұны — оның әділетті
негізі. Субъектілік мотив негізі – тұлғаның дара ерекшелігіне байланысты
оқу   материалының   маңызы.  Субъектілік мағынаның қалыптасуы оның
объектілік мағынасы субъектілік жүйе құндылығын салыстыруда және
эмоционалдық күйзелістерінің нақтылылығында, адамилылығында.
Эмоционалдық   бағалаудың   білімде  орны — оның мазмұндылығымен және
объектілік мағынасымен, сонымен қатар ішкі жалғаспалы факторлармен, ең
алдымен оның жеке оқытушысымен сипатталады. Оқытушының негізгі оң
эмоционалдық бағасы мынадай болу керек: тартымды, өзінің пәніне деген ішкі
терең  талап қоя алушылық және оқушыларға өз білімін жеткізе алушылық.
Жасандылық пен жалған әрекет жасау тез байқалады және оқушылардың пәнге
деген қызығушылығын жоғалтады. Егер оқу процесінің нәтижесі болмаса,
тартымдылық жоғалады.
Мазмұн ұғымы мен мотив бағасы – бұл білім алушы жұмысының ішкі ойы, ол
білім мен басқа бір жұмысты тандауда осы білімнен алынған нәтижеге ақы
төлеу болып табылады (уақыт, күш).
Мотивке көз жеткізуде нақты және бекітуші күш бар, ол көбінесе оқу
процесінде – білімбіліктілікті өңдеуде, анықтауда көрінеді.Жоғарғы
қарастырылған  белсенділіктің  негізінде В.А. Гордашников және А.Я. Осин
келесідей мотив топтарын көрсетті:
• коммуникативтік мотив (қарым-қатынас қажеттілігіне байланысты);
• сәтсіздікке ұшырамау мотиві (қызметті орындау кезінде болуы мүмкін
сәтсіздіктерге, ұнамсыздықтарға, жайсыздыққа, жазалауға байланысты);
• мотив мәртебесі – (жоғарғы әлеуметтік статусқа ие болуна немесе оған
қол жеткізуіне байланысты);
• кәсіби мотив (өзі білім алып жатқан мамандығының кәсіби жетекшісі
болуына байланысты);
• өзін-өзі қалыптастырудағы
шығармашылықмотив(берілгентапсырмағ ашығармашылықпен қарауда өз
бойындағы қасиеттерімен және өзін-өзі қалыптастыруымен байланысты);
• оқу – танымдық мотив (оқу қызметінің мазмұны мен және оның
орындалуымен байланысты; жаңа білім беруде суденттерге бағытбағдар
беру; білімге терең қызығушылық таныту; сонымен қатар студенттердің
білімді игеруі үшін арнайы тәсілдерді қолдануда мынандай мотивтер
кіреді: қызықтырған білімді өз еркімен игеру, студенттерді өздігінен
білім алуға итермелеу, өздігінен білім алуға бағыттылығы);
• әлеуметтік мотив (студенттердің қоғамның әртүрлі өкілдермен қарым-
қатынас жасауы; басқа адамдармен қарым-қатынас жасай отырып қоғамда өз
орнын табу және қоғамның беделді мүшесі болуы);
Студенттердің оңды белсенді мотивациясын қалыптастыру үшін, міндетті
түрде олардың  оқу мотив қозғалысын бақылау керек. Ол үшін міндетті түрде
оқу процесінде студенттердің өз ойын, доминантты мотивін қалыптастыру
керек.  Сондықтан  да,  мотивация  туралы мәселе студенттің оқу-танымдық
жұмысының сапасының мәселесі.
Оқытушы – оқушы жүйесі арасында студент тек басқаратын нысан ғана
емес, қызмет субъектісі екендігін ескеру керек, жоғары оқу орнындағы оқу
жұмыстарына талдау жасауда біржақтылық болуы  мүмкін емес,  оқу үрдісінің
технологиясына назар аудара,  мотиваци-  яны да есепке алуымыз қажет.
Әлеуметтікпсихологиялық зерттеу көрсеткендей, оқу жұмысындағы мотивация
біржақты емес, ол студенттің жеке ойлау қабілетіне, топтың сипатына,
студенттік топтың даму деңгейіне, нақты жағдайларға және т.б. байланысты.
Бір жағынан, адамның тәртібінің мотивациясы, психологиялық құбылыс ретінде
қарастырылып, әрқашанда көзқарас бейнелері, бағыт құндылығы, әлеуметтік
қабаттардың орналасуы (топтың, жалпы) бәрінің өкілі жеке тұлға болып
табылады.
Оқу жұмыстарындағы мотивацияны қарастырғанда, мотив сөзі мақсат
және қажеттілік сөзімен тығыз байланысты. Адамның жеке тұлғасында олар
бір-бірімен тығыз байланысты және мотивациялық сала атауын алды.
Әдебиеттерде   мотивациялық   сала   термині мыналарды
білдіреді: қажеттілік, қызығушылық, мақсат, міндет, жақындық, нақтылық.
П.М. Якобсон айтуынша: Кең мағынада тәртіп мотивациясысөзініңастарында–
психологиялық сәттердің тұтастығы, олар адамның жүрістұрысымен анықталады.
Мотивация тұлға қалыптасуының барлық негізгі құрылымын анықтайды:
бағыттылық, мінез, эмоция, қабілет, қызмет, психологиялық үрдіс. Ол тек бір
қызметпен ғана тоқтап тұрмайды, басқа да жеке қырлармен тығыз байланысты.
Сондықтан да, мотивацияны білу тек психологиялық аспект негізіндегі аясымен
ғана шектелмейді, әлеуметтік және философиялық тараптарды да қамтиды.
Философиялық аспект жеке қабілетті реттейтін, механизмдер құралы болып
анықталады. Философиялық және әлеуметтік талдау аспектісі бір-бірімен
ажырамастай байланысты. Ол әлеуметтік қатынас үрдісінде адамдардың мотив
тәртібімен түсіндіріледі. Бұл қарымқатынас әлеуметтік қатынас деңгейімен
ғана емес, қызметтің нәтижесімен анықталады. Философия және әлеуметтік
аспект негізінде талдау әлеуметтік – психологиялық аспект мәселелерін бөлу
мүмкіндігін көрсетеді. Ол психологиялық және мотивация негіздерін жеке
ашуды көздейді. Философиялық талдау аспектісі методологиялық талдау болып
әлеуметтік-психологиялық мәселерін оның қызығушылықтарын, қажеттілігін және
қоғамдық талаптарын жекелей білуге үйретеді. Мотивацияның жеке және толық,
нақты қырлары А.Н. Леонтьевтің еңбегінде толық ашылды.
Мотив нақты әрекеттің себеп психикасының қажеттілікті  
қанағаттандыру   құралы   немесе тікелей бағыты. Әртүрлі және нақты адами
қажеттілік бар, осы қажеттіліктерді қанағаттандырып, мақсаттарына қол
жеткізеді. Осы мәселені талдаған зерттеуші С.  Кэррол  және  Г. Тоси былай
деген: Адамның қажеттілік құрылымы оның әлеуметтік құрылым орнына және
бұрынғы алған тәжірибесімен анықталады. Адамдардың арасында олардың
өздеріне маңызды әртүрлі қажеттілік бар.
Қажеттілікті әртүрлі жолдар мен тәсілдермен алу тағы бар… Нақты
жолмен,  адам  өзінің  өмір тәжірибесінен алған нақты қажеттілікті
қанағаттандыруы мүмкін А.Н. Леонтьев былай деген: Қажеттіліктің болуы кез
келген қызметте қажетті құрал, алайда, қажеттілік өздігінен нақты бағыт
қызметін беруге қауқарлы емес. Жұмыс бағытының жеке қозғаушысы, осы
қажеттілікке жауапты құрал болып табылады.
Қажеттілік құралы материалды немесе ерекше, сезіммен қабылдаймыз
немесе ойлаймыз, біз ой жоспарын мотивтік жұмыстар деп атаймыз. А.Н.
Леонтьевтің концепция негізінде біздің көзқарасымыз, мотив және ойлау
арасындағы қатынас жатады. Адамның кез келген әрекеті бағыт-бағдар болып 
табылады,  қарым-  қатынас жеке және әрекет, мотив және мақсат арасындағы
қатынастан пайда болады. Осыған байланысты, бір әрекет жекелей әрекетке
байланысты әртүрлі мотивация құралады.
Жоғарыда айтылғандай, мотив жүйесі адамның әрекетіне тығыз байланыста.
Сондықтанда, үш негізгі топқа бөлінеді: ұжымдық, жеке, іскерлік. Оқу
әрекеті мотиві жалпы классификацияға бағынады. Оны зерттегендер, Л.И.
Божович, Н.Г. Морозова., Л.С. Славина, Н.Ф. Талызина, И.А. Зимняя мотив
құрылымы бойынша келесідегідей бөлінеді:
• кең әлеуметтік мотив (жалпы әлеуметті) құрылымы қоғамдық қажеттілікті,
қызығушылықты, әлеуметтік маңызды жоғары оқу орынды тану;
• ғылыми-танымдық мотив, оқу әрекетімен байланысты, студенттер оқитын
оқу үрдісінің өзіне қатысты;
• кәсіби мотив: жоғары білім беру негізгі кәсіби білім беру болып
қарастырылады;
• пайдалы мотив.
Осы мотив тобының негізі жоғары оқу орынды бітіргеннен кейін жеке
қолайлықты қалыптастырады;
5) әлеуметтікидентификация– оқуәрекетінде достарына, ата-аналарына
жеке тәртібіне әсер ету. Осы талдаулармен бірге ғылыми көзқарас студенттің
мотивация мәселесін зерттеуді атап өтеді.
Өмірлік өзін-өзі нақтылау – өз өмір жолында армандар, мазалайтын
ойлар, адамдардың әрекеті және бағалауы, оны жүзеге асыруда бірінші қадам
және маңызды шешім қабылдау. К.Д. Ушинский осы кезең туралы былай деп
жазған: Адам өмірінде 16 жастан 22-23 жасқа дейінгі аралық маңызды орын
алады деп ойлаймыз. Бұл уақытта білім алу кезеңі аяқталады, барлығы
болмаса  да  бір  бөлігі  топтасады,  осы кез адамның ойына және оның
мінезінде бағытталған шешуші кезең. Оқу мотивациясы оқу іс-әрекетіне,
оқудағы іс-әрекетке енетін мотивациялардың жеке түрі ретінде анықталады.
Кез келген басқа үрдіс сияқты оқу мотивациясы да осы әрекетке тән өзгеше
факторлар қатарымен анықталады. Біріншіден, ол білім беру жүйесімен, оқу іс-
әрекеті жүзеге асатын білім беру мекемесімен; екіншіден, білім беру үрдісін
ұйымдастырумен; үшіншіден, студенттің субъектілік ерекшеліктерімен;
төртіншіден, педагогтың субъектілік ерекшеліктерімен, ең алдымен оның
студентке, ісіне деген қатынастар жүйесімен; бесіншіден, оқу пәнінің
өзгешелігімен анықталады.
Оқу мотивациясы үнемі  өзгеріп  отыратын және бір-бірімен жаңа
қатынастарға түсуші түрткілер қатарынан қалыптасады. Сондықтан мотивацияның
жетілуі бұл жай ғана оқуға  деген жағымды қатынастың өсуі немесе теріс
қатынастың тереңдеуі емес, ал оның артында тұрған мотивациялық аясы
құрылымының, оған енетін түрткілердің күрделенуі, олардың арасында жаңа,
неғұрлым кемелденген, кейде қарамақайшы қатынастардың пайда болуы. Осыған
сәйкес оқу іс-әрекетінің мотивациясын талдауда тек үстем түрткіні анықтап
қана қоймай, сонымен қатар адамның мотивациялық аясының бүкіл құрылымын
есепке алу да қажетті. Осы оқуға қатысты мотивация аясын қарастыра отырып,
А.К. Маркова оның құрылысының бағыныстылығын атап өтеді. … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz