«Сөзмерген» сайысы
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
«Сөзмерген» сайысы
Автор: Сандибаева Жаннат Калидоллаевна
Бағыты: Сынып жетекші Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс Сыныбы: Барлық сыныптар
Жарияланған уақыты: 2019-01-08
Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды өз ана тілін жақсы біліп, таза сөйлеуге үйрету, ұлттық салт-сананы қалыптастыру. Ата-бабадан қалған ұлағатты ғибрат алар сөздерді ұғындыру, мағынасын түсіндіру, ұлы ғалымдар ілімін дәріптеу мақсатында құрылған.
Сөзмерген сайысы
Мақсаты:
Оқушыларды өз ана тілін жақсы біліп, таза сөйлеуге үйрету, ұлттық салт-сананы қалыптастыру. Ата-бабадан қалған ұлағатты ғибрат алар сөздерді ұғындыру, мағынасын түсіндіру, ұлы ғалымдар ілімін дәріптеу.
Ойын нақты жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету. Тіл байлығын, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Ана тілге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, тілді құрметтеуге, қадірлеуге, ұлттық қасиеттерді сіңіре отырып, имандылыққа, мейірімділікке, елін-жерін, Отанын сүйетін патриот тұлға тәрбиелеу. Ұлағатты сөздерден үлгі-өнеге алуға баулу.
Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, ақын-жазушылардың тіл туралы айтқан қанатты сөздері, өлең шумақтары. Слайдтар, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
Жүргізуші: Қазақ – сөз қадірін өз қадірім деп білген халық. Кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен шешендігін, көсемдігін де сөзге сыйғыза білген халық. Оның тарихы, тағдыры, тәлімі мен тәрбиесі, даналығы мен дархан көңілі де сол сөзде жатыр. Қазақ тарихында сөздің алатын орны ерекше. Бітпес даудың, бәтуасыз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаятын, лып еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат, мұң мен сыр — бәрі сыйған сиқыр сөздің бағасын білген халық болса, ол қазақ халқы дер едік. Сондықтан да сөзден өткен күш, сөзден өткен құдірет жоқ.
кезең .Сайыскерлер өздерін таныстыру .
кезең. Мақалдың жалғасын табу
кезең. Тапқыр болсаң , тауып көр (екі бағандағы қатысты сөзді табу) 4 – кезең. Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда ( бірінші бағандағы сөздің ішінен екінші бағанға қатысты сөзді тауып , соларға байланысты мақал айту) 5 – кезең Сөзмерген (берілген сөзден бірнеше сөз құрастыру , құрастырған сөздерден бір сөз таңдап , шағын әңгіме құрастырып айту )
-Ендеше, бүгінгі Сөзмерген сайысына келген сайыпқыран сайыскерлерімізге сөз кезегін берсек. Осы сайысқа келгендегі мақсатыңыз не?
Оқушылар өз жауабын айтады.Мысалға осындай өлең жолымен нақылдап айту керек.
1-оқушы.
Естіге айтқан ақыл сөз
Шыңға тіккен тумен тең.
Ессізге айтқан ақыл сөз
Құмға құйған сумен тең, — деп ата-бабаларымыз босқа айтпаса керек. Білгенімді ортаға салайын, білмегенімді ойға алайын деп осы сайысқа келіп тұрмын.
2-оқушы.
Кең даланың ежелгі
Қазақ деген халқымыз,
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр менен салтымыз, — дегендей, салт-дәстүрімізді сақтап, ана тілімізді құрметтеу мақсатында осы сайысқа келдім.
3-оқушы.
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұятты,
Өзі біліп тұрса игі, — деп би-шешендеріміз айтқандай, ата жолын қуып, ұлағатты сөздерін көрерменге жеткізу үшін келген едім.
4-оқушы.
Адамның сәні – өнер, білім, ақылы,
Жердің сәні – жеміс, өнім, дақылы.
Сөздің сәні – өнегесі нақылы.
Пікірдің сәні – ең пайдасы, мақұлы, — деп, халқымыздың жақсы дәстүрлерін бойымызға сіңіріп, жаны таза, елін сүйетін ұрпақ болып өсуге, ана тілімізді құрметтеуге замандастарымды шақыру үшін келген едім.
5-оқушы.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Аталар айтқан ұлағатты сөздерді жаттап өсуге, мен сендерді шақырамын.
6-оқушы.
Ізетіңді ине етіп,
Иманыңды түйме етіп,
Инабатты күйме етіп,
Жүрші, досым, жамандықты күйретіп, — дегендей, ата-бабаларымыздың мұрасын асқақтатып, жаманнан аулақ болуды құрбыларыма түсіндіруге келіп тұрмын.
Жүргізуші: Бәрекелді, оқушыларымыз ана тіліміздің жанашыры екенін таныта білді. Ендеше, біз сайысымызды бастайық. Сайысқа төрелік ететін әділқазылар алқасын тағайындап алайық.
Сайыстың шартымен таныстыру. Сайыс үш айналымнан тұрады. Әр айналымда бірнеше тапсырмадан. Сайыстың шарты бойынша әр айналымда ұпайы аз екі оқушы сайыстан шығып отырады. Берілген сөздердің мағынасын тауып, сөз тіркестерімен айтады. Мәнін түсіндіреді. Экранда сөздер слайдтар арқылы беріледі. Жауап беруге дайын оқушы қолындағы жасыл дөңгелекті көтереді. Бірінші болып, жасыл дөңгелегін көтерген оқушы алғашқы болып жауап береді. Бұл сайыста оқушылардың жылдамдығымен қатар тапқырлығы, ойының ұшқырлығы, шығармашылық деңгейі сынға түседі.
Сайыстың бірінші айналымында оқушылар тек мақал-мәтелдердегі сөздердің тіркесін тауып айтып, мағынасын түсіндіреді.
Ұпай саны аз болып, ойыннан шыққан оқушылар Сөзмерген қоржынын күнделікті көп қолданылмайтын, сирек естілетін сөздермен толықтырады.
Берілген тапсырмалар қабілеті жоғары оқушылар деңгейіне сай.
I – айналым “Тапқыр болсаң, тауып көр”.
Қазғандай – Оқу
Жазу
Білім
Айту (Оқу инемен құдық қазғандай)
Жауар – Парасатты
Талапты
Білімді
Ақылды (Талаптыға нұр жауар)
Күймейсің – Отан
Жер
Білім
Өнер (Отан үшін отқа түс, күймейсің)
Қызыл тіл – Оқу алды
Ақыл алды
Білім алды
Өнер алды (Өнер алды – қызыл тіл)
Қанаты – Өнер
Білім
Оқу
Еңбек (Өнер – ердің қанаты)
Білім жоқ – Оқу
Тоқу
Білім
Шырақ (Оқусыз білім жоқ)
Бірінші айналымда ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады, Сөзмерген қоржынына әкелген сөздерін түсіндіріп айтады.
Көрермендермен ойын сәті.
Бөкебай сөзінің мағынасы (басқа тартқан шәлі);
Мәміле (келісім)
Жұмыршақ (кедір-бұдыры жоқ, жұп-жұмыр)
II — айналым Ойлы болсаң, озып көр
Зәресі ұшу —
қатты қорқу
шыдамы таусылу
шаршап қалу
ұйқысы ашылу
Төбесінен жай түскендей –
қатты таңдану
қатты аурып қалу
қатты ұйықтап қалу
қатты қуану
Көз шырымын алу –
көздің көрмей қалуы
ұйықтау
қарашық қуатының кемуі
жылау
Жігері құм болды –
жеңіліп қалды
дәрменсіз күйге түсті
қатты қорқып кетті
күші таусылды
Сілесі қату –
қатты шаршау
қатты ұйықтау
қатты күлу
қатты жылау
Қуанышы қойнына сыймай –
көңілсіз болу
қатты қуану
қатты күлу
ренжу
Екінші айналымда ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады, Сөзмерген қоржынына әкелген сөздерін түсіндіріп салады.
Көрермендермен ойын сәті.
Шидем – қой жүнінен жасалған сырт киім.
Жері отты – жері шөпті.
Ашамай – алдыңғы, артқы басы айқастырылып, балаға арналып жасалған ер.
III- айналым Жүйрік болсаң, шауып көр.
Ұлылар ұлағаты. Би-шешендердің нақыл сөздерінің авторын тауып айтулары қажет.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім —
Қазыбек би
Әйтеке би
Төле би
Халық
Алтын ұяң – Отан қымбат –
Қазыбек би
Әйтеке би
Төле би
Халық
Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін –
Қазыбек би
Әйтеке би
Төле би
Халық
Отан, Отан
Бәрінен биік екен
Мен оны мәңгілікке … –
Ұнатамын
Мақтан етем
Сүйіп өтем
Жырлап өтем
Үшінші айналымның қорытындысы бойынша ұпайы аз оқушы Сөзмерген қоржынына өз сөзін салады.
Жеңіске жеткен оқушыға Сөзмерген деген атақ беріледі. Басқа қатысқан оқушылар да марапатталады, сыйлық үлестіріледі.
Негізі әдебиеттен және қазақ тілінен оқығандарын білу керек.Сондай сұрақтар келіп қалуы мүмкін.
Мынадай тапсырмалар болады тағы да:Кез –келген тақырыпқа шығарма жазу.өлеңнің ұйқасын табу,өлең шығару.Мағынасын ашып ,ойын жеткізіп орындау керек.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.