Сынып: 1 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
Тақырыбы: |
Шынықсаң шымыр боласың. Заттың сынын білдіретін сөздер. |
Ортақ тақырып: |
Дені саудың – жаны сау |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: |
1.3.10.1.Заттың атын, санын, сынын,қимылын білдіретін сөздерді ажырату және орынды қолдану. |
Бағалау критерийлер: |
Барлық оқушылар орындай алады:1.Жаңа білімді меңгереді.2.Өткен тақырыпты қайталайды.3.Мәтін мазмұнын ашып, сөздерді түсіндіреді.4.Спорт түрлерін бөліп көрсетеді. |
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:1. Тақырыпты түсініп, тыңдайды. 2. Жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. 3. Заттың сынын білдіретін сөздер құрастырады.4.Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталайды.5.Өлеңді жаттайды. |
|
Кейбір оқушылар орындай алады:1. Алған білімді өмірде қолданады.2. Сурет бойынша заттың сынын білдіретін сөздер құрайды. 3. Сөздерді суретпен сәйкестендіреді. 4. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. |
Тілдік мақсат: |
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Бассейн, салқын, айдын, құлаштап,малту,бұлақ, өзен, ызғар |
|
Сыныптағы диалог жазылым үшін сай келетін тіл стилі:Өлең, сурет бойынша мұғалім мен оқушы арасындағы диалог |
|
Талқылауға арналған сұрақтар:1.Су табиғаттан алына ма?2.Суды күнделікті өмірде қолданамыз ба?3.Бассейнде жүзудің пайдасы қандай?4.Сусыз тірі табиғатқа, адамға өмір бар ма?5.Заттың сынын білдіретін сөздерге мысал келтір? 6.Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздерді ата? |
|
Не себепті ….деп ойлайсыз?1. Не себепті су қажет?2. Не үшін суда жүзу пайдалы?3. Су қандай күйде болады?4.Жаңбыр, қар, мұз судың күйіне жата ма?5.Судың үш күйі бу, қатты, газ туралы не білесің?6.Суда жүзу үшін қауіпсіздік ережелері қандай? |
|
Ишара: «Бас бармақ», «Бес бармақ», «Өзін-өзі бағалау», «Жұппен бағалау», Смайликтер. |
Алдыңғы оқу: |
Спорт – денсаулық кепілі.Заттың қимылын білдіретін сөздер |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт есебі |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
|
Тапсырмалар |
Дескрипторлар |
Қалыптастырушы бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы (5 мин) |
Психологиялық дайындықКүн шуағыҚол ұстасып бәріміз,Жылылықты сезейік. Күндей болып әрқашан,Күлімсіреп жүрейік. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп,бір-бірімізге таратайық!Алдыңғы оқу |
Тапсырманы орындайды
Сөздерді айтады.Сөздердің мағынасын ажыратады. Сөздерді салыстырады.
|
Жұппен бағалау
|
Интербелсенді тақта
|
Сабақтың ортасы |
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Заттың сынын білдіретін сөздер туралы айту Әртүрлі мысалдар түрін көрсету.Сөздер айтады.Заттың сынын білдіретін сөздер құрастырады.
Ой қозғау Тақырып бойынша сұрақтар қою. 1. Судың пайдасы қандай?2. Суды қандай жағдайда қолданамыз?3. Неге сусыз адам өмір сүре алмайды?4. Дүниедегі судың маңызы қандай?5. Судың қандай күйде болатынын білесің бе?
Ізденуді ұйымдастыр:
Бұл қандай сөздер: салқын, суық, мұз, қар, ызғар?
Салқын деген сөздің мағынасы қандай?
Қар, мұз қай мезгілде болады?
Ызғар деген сөзді естігенде ойымызға не келеді?
Тыйым сөздер: Суды ысырап етпе!Судың да сұрауы бар!Оқулықпен жұмыс.1-жаттығуӨлеңді мәнерлеп оқыту арқылы мазмұнын ашу, өлең мағынасын түсіндіру. Сөздерді оқу, талдау, заттың сынын білдіретін сөздерді табу.
1.Өзің салқын суды ұнатасың ба?2.Сумен шынығу дегенді қалай түсінесің?3. Салқын, суық дегенді қалай түсінесің?4.Өлеңді түсініп оқы.5.Өлеңді жаттап ал.ЕРЕЖЕ: ЗАТТЫҢ СЫНЫН БІЛДІРЕТІН СӨЗДЕРГЕ ҚАНДАЙ? ҚАЙ? ДЕГЕН СҰРАҚТАР ҚОЙЫЛАДЫ. ЖАСЫЛ,ТЕРЕҢ,КЕҢ.Дәптермен жұмыс: Дәптердегі тапсырмаларды орындату. 2-жаттығу.Жұмбақты көшіріп жазып, шешуін тап. Қандай сұрағына жауап беретін сөздің астын сыз.
3-жаттығу. Мәтінді жалғастырып жаз.
4-жаттығу. Сурет бойынша заттың сынын білдіретін сөздерді қатыстырып, мәтін құраңдар.
«Миға шабуыл»
Хауыздағы су қандай?
Балалардың көңіл-күйі қандай?
Денсаулықты нығайту үшін судың маңызы бар ма?
Салауатты өмір салтын ұстануда шынығудың маңызы бар ма?
Сергіту сәті: Дәптермен жұмыс: Дәптердегі тапсырмаларды орындату.5-жаттығу.Көп нүктенің орнына заттың сынын білдіретін сөздерді қойып жаз. 1. ……… бұлақ2.………..өзен3.………..тау |
Сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысады. Тақырыпқа байланысты сөздер ойластырады.
Сұрақтарға жауап береді. Сөйлемдер құрастырады.
Балалар білетін сөздерін айтады.
Балалар білетіндерін айтады.Өлеңнен заттың сынын білдіретін сөздерді табады.Сөздер айтады.
Сұраққа жауап береді.
Сөздің мағынасына талдау жасайды
Оқулықта берілген ережені түсініп оқиды. Мысал келтіреді.
Оқушылар жұмбақты көркем, қатесіз көшіріп жазады.Жауабын табады. Сөздердің астын сызады.
Оқушылар ауызша мәтін құрастырады. Құрастырған мәтінді жазады. Мәтінді оқиды.Сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар ауызша мәтін құрастырады, айтады. Құрастырған мәтінді жазады. Мәтінді оқиды.
Сурет бойынша әңгіме құрайды.
Балалар орындарынан тұрып, жаттығу жасайды.
Оқушылар керекті сөздерді қойып жазады. Мысал келтіреді.Сөздердің мағынасын ажыратады.
|
Жапондық бағалау
|
Жаңа тақырыпты электронды оқулықтан көрсету.
Интербелсенді тақта
Оқулық
АКТ.
Оқулық. Дәптермен жұмыс
YouTube Детский бассейн видео Оқулық Дәптермен жұмыс
ОқулықДәптермен жұмыс
Оқулықпен жұмыс
ОқулықДәптермен жұмыс
|
Соңы |
Кері байланыс«Бес саусақ»Бүгінгі сабақта не үйрендік? Не білдік?Қандай сөздерді білдің?Сабақтың қай тұстарында қиналдың? Дәптерде берілген тапсырманы орындай отырып қорыту әдемі Ағаш қатты көрікті
қызыл Шар сары көк
|
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.
Заттың сынын білдіретін сөздер айтады.
|
Дәптермен жұмыс
|
Қосымша мәліметтер: бассейн (хауыз), жүзу, мұз, қар, ызғар, аяз, боран,салқын. |
Саралау – жеке карточкамен жұмыс жасатамын.Дарынды оқушыларға берілген сын есмідерді құрап, жалғастырып жазуды ұсынамын.Заттың сынын білдіретін сөздер, сөйлем құрастырып жазады. |
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?«Бас бармақ, бес бармақ, өзін-өзі бағалау, жұппен бағалау, бургер, жапондық бағалау, смайликтер». |
Пәнаралық байланыс – дүниетану,жаратылыстану. Суды ысырап етпеу, судың да сұрауы бар екенін түсіндіру, адамгершілікке тәрбиелеу. |
Рефлексия |
Оқушының рефлексиясы — Бүгінгі сабақ сенің көңіл—күйіңе қалай әсер етті? |
|
Мұғалімнің рефлексиясы |
Бүгінгі ҚМЖ-ны жазу барысында, мақсатты үйлестіруден, критерийлерден қиындық туды. Әр пәннің бағдарламасы арқылы мен мақсатты байланыстыруды, критерийді қоюды үйрендім. Кері байланысты түрлендіріп өзгертер едім. Бағалаудың басқа да қызықты түрлерін тәжірибемде қолданамын. Жаңартылған бағдарламадан мол өнім алдым, сол мол білімді қолдана отырып, болашақ білімді тұлға тәрбиелеймін. |