Шығыс Қазақстан аймағындағы говор сөздер
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Шығыс Қазақстан аймағындағы говор сөздер
Автор: Баянбеков Кайратбек Алжапарович
Бағыты: Қазақ тілі Бөлімі: Ғылыми жұмыстар Сыныбы: 9 сынып
Жарияланған уақыты: 2018-12-30
Материал туралы қысқаша түсінік
ғылыми жобамен айналысушыларға
Ғ.Мұсабаев қазақ тіліндегі говорлар туралы.Ғ.Мұсабаев қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді говорлық сипатта деп қарап, оның екі түрін көрсетеді: ауыспалы говор және жергілікті говор.1) Ауыспалы говор. Оған «басқа тілден жергілікті халықтың бір бөлегіне ауысып, басқаларына тарамаған тіл ерекшелігін» жатқызады.Автор қазақ тілінде ауыспалы говорлар бар екендігін дұрыс көрсеткенмен, олардың пайда болуын бір жақты түсіндіреді.Біріншіден, тілдегі говорлардың, оның ішінде ауыспалы говорлардың пайда болуында басқа тіл элементтері бірден-бір басты белгі бола алмайды. Олар көбінесе жеке сөз түрінде кездесіп, говордың өзіндік ерекшелігін лексика саласында ғана білдіре алады. Қай говордың болсын негізгі ерекшеліктері жергілікті жердің өзінде қалыптасады және олар тек лексикадан тұрмайды, белгілі мөлшерде дыбыстық, грамматикалық құрылысты да қамтиды.Екіншіден, ауыспалы говор басқа тілдің әсері тиген жерде ғана пайда болады деу дұрыс емес. Ауыспалы говор бір тілдің өз ішінде де пайда бола алады.2. Жергілікті говор. Автор жергілікті говорды жасайтын арна ретінде бұрынғы ру, тайпа тілдерінің қалдығы мен белгілі территорияда ғана қолданылатын дублетті сөздерді көрсетеді. Алғашқысы бұрынғы «тайпа диалектісінің қалдығымен», кейінгісі «жергілікті экономикалық жағдаймен» байланыстырылады. Оған түрліше географиялық, жан-жануар, өсімдік атаулары мен кәсіптік сөздердің әдеби тілге енбейтін дублеттері жататыны айтылған.
Қазақ тілінің солтүстік – шығыс диалектісі. Сәрсен Аманжолов қазақ тілінің солтүстік – шығыс диалектісіне бұрынғы керей, найман, арғын, қоңырат, және қыпшақ тайпаларының тілін жатқызады. Бұл тайпалар ерте замандардан бастап – ақ Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай өзендері бойын; Алтай, Тарбағатай алқабын, Арқа жерін мекен еткен.Сәрсен Аманжолов қазақ тілінің диалектілері мен қазіргі әдеби тілін фонетикалық, лексикалық және грамматикалық жағынан жан – жақты салыстыра келіп, басқа диалектілерге қарағанда, солтүстік – шығыс диалектісінің қазіргі әдеби тілге әлдеқайда жақын екендігін атап көрсетеді. Алайда солтүстік – шығыс диалектісінде қазір де сақталып қалған, әдеби тілге енбейтін жергілікті тілдік ерекшеліктері кездесетінін де ескертеді.Бұл аймақ соңғы кездерде ғана зерттеліп келеді. кейінгі кезде жиналған материалдар аталған аудандарда да жергілікті ерекшеліктердің белгілі мөлшерде кездесетінін, таралу сипаты әр түрлі болғандықтан, өз ішінен шағын говорларға бөлінетіндігін көрсетеді.Мәселен, Шығыс Қазақстан облысы мен Семей өңірінің солтүстік – шығыс аудандарында мына сияқты тіл ерекшеліктері кездеседі:а) Дыбыстық ерекшеліктер. Ш мен Ч алмасуы: шақпақ – чақпақ, шүберек – чүберек, көпшілік – көпчілік, қамшы – қамчы, шикі – чикі, әнші — әнчи.Л мен Д алмасуы; бірлі жарым – бірді жарым, зорлық – зорлық, ұрлық – ұрдық.А мен Ә алмасуы; мазмұн – мәзмұн, қаперімде — кәперімде, ғана – гәна.Е мен Ә алмасуы: себеп – сәбәп, лезде – ләзде, кесе – кәсе т.с.с.ә) Лексикалық ерекшеліктер: айылдап келу – ауылшылап қыдырып келу, ақзу ақзон- ақ шыт, ақ мұрт- етіктің ішкі ұлтаны, әскере -өте, аса, борми— бұршақ, жүгері, дүбіраяқ- ерте туған төл, жамбыл-үлкен қорған, жарандық – саты, қалқан, жоян-зор. Жұмшыл – ұйымшыл, күләпәрә-әсем бөрік, кілет— қойма, құлдау- өзен т.б.
Үймешөп, мая, отау. Тамызық, тамыздық, тұмырдық. Кілет, ас үй, сарай Қап, мөшек,
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.