Азан шақырып ат қою. Мұсылманша есімдер

0

Азан шақырып ат қою

Халқымызда жарық дүние есігін шыр етіп ашқан сәбиге есім беру рәсіміне қатысты өзіндік дәстүрі мен салт-жоралғысы бар. Мәселен, азан шақырып, ат қояр кезде кішкене сәби болашақта сыйлы, құрметті, үлкен азамат болсын деген ниетпен ырым етіп, сәбидің ата- анасы жасы үлкен, сыйлы адамға қолқа салады. Жақын- жұрағат жиналып, ат қоятын адам сәбиді қолына алып,

«Аллаһу әкбар» деп азан шақырып, сәбидің оң құлағына есімін үш рет қайталап айтады. Бұл баланың есінде сол есім қалсын, құлағына сіңсін деген ниетпен жасала- ды. Сондықтан азан шақырып, ат қою қазақ халқының мұсылмандық жоралғысының қалыпты қағидаларының бірі болған. Әкесі өзі азан шақыра алмайтын болса, имам-молдаларды шақырып, баланың басын құбылаға қаратып, оң құлағына азанын айтып, ата-анасы таңдап қойған есімді «мұның аты пәленше …, сенің атың пәленше …» деп, үш мәрте айқайлап айтатын болған.

Рәсім аяқталған соң дұға оқылып, қатысқан туысқандары нәрестеге, оның ата-анасы мен туысқандарына ақ тілектерін айтып, үлкендер бата- сын берген. Міне, осы салт бойынша, ат қою рәсіміне жиналғандардың ішінен біреуі қазанның құлағын даңғырлата қағып, балаға қойылған атты үш рет қайталап, жұртқа жария ететін болған. Ат қою рәсімі аяқталған соң, ат қоюшы ата-ананың қалауымен сәбидің бетін ашып, көпшілікке көрсетеді. Бұл аты қойылған баланың елімен алғашқы жүздесуі деп есеп- телген. Міне, осындай әрбір іс-амалын, асылын дінімен астастыра білген халқымыздың тілінде «азан шақырып қойған аты» деген тіркес кең тараған.

Ал Ислам шариғаты бойынша да туылған баланың құлағына азан шақырып ат қою – сүннет. Яғни, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құп көріп жасаған ізгі істерінің бірі. Шариғат бойынша нәрестенің оң құлағына азан, сол құлағына қамат айтылады. Имам Әбу Дәуіт пен имам Термези келтірген хадисте:

«Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қызы Фатима Әлиұлы Хасанды босанған кезінде оның құлағына намазға азан айтқандай азан айтқан»1. Сондай-ақ тағы бір хадисте:

«Кімнің баласы туылғанда, оның оң құлағына азан айтып, сол құлағына қамат айтса, ол нәрестеге «умму сибян» (сәбиді ауру ететін жел немесе жынның кесірі) әсер етпейтін болады»2  – деп айтылған.

Ислам шариғатында жаңа туылған баланың құлағына азан шақырудың тағы бір мән-мағынасы – оның бойына иман сөзін жастайынан сіңіру. Өйткені азан мәтінінде адам баласының Алла Тағалаға деген сенімі мен мұсылмандығын айғақтайтын куәлік сөздер қамтылған. Яғни «Әшһәду ән лә иләһә илла алла уә әшһәду әннә Мухаммадан абдуһу уа расулуһу» калима шаһадат сөзі мен «Лә иләһә илла алла» калима таухид сөздері келтірілген. Бұл сөздер мұсылманның шыр етіп

1 Әбу Дәуіт Сүлейман ибн әл-Ашғас  әс-Сижистани.  Сүнән Әби Дәуіт. – Дәр әл-китаб әл-арабия-Бейрут. IV том, 488-бет.

2 Ахмад ибн Али ибн әл-Муснад Әбу Яғла әл-Мусили әт- Тәмими. Мүснәд Әби Яғла. Баспаға әзірлеген Хусейн Сәлим Әсәд. – Димашқ, 1984. ХІІ том, 150-бет. № 6780 хадис.

дүние есігін ашқандағы еститін алғашқы да сөзі әрі дүниеден өтер сәтінде оған айтылатын соңғы да сөзі болып табылады. Нәрестенің құлағына айтылған азан сөздері оның жүрегіне жетіп, иманды ұрпақ болып өседі.

Мұнымен қоса азан айтудың тағы бір сыры – азан сөздерінен шайтанның ат-тонын ала қашатынында. Өйткені ол нәрестені туылғанша бақылайды. Әрбір пенденің жанында қосақ-шайтаны (қарин) болады. Ал шайтан малғұн азанның дауысын естіген кезде құты қашып, жөнеліп кетеді.

«Азан шақырып, ат қою» жоралғысын сәби туылғаннан кейін жетінші күні жасаған жөн. Қандай да бір себеппен сәби кезінде құлағына азан айтылмаған кісінің құлағына өсе келе азан  шақырудың  да  зия-  ны жоқ. Бірақ оның мәні мен маңызы туылған кезде шақырылғандай болмайды.

Ат қою мәдениеті (мұсылманша есімдер мен тыйымдар)

Сәбиге есім қоюға қатысты әр ұлттың өзіне тән мәдениеті, дәстүрі қалыптасқан. Сол секілді қазақ халқының да есім беруде ұстанатын өзіндік қағидалары болған. Баһадүр батырларға ұқсасын деген ниетпен ер жүрек батырлардың есімдерін берсе, кейде болашақта елге елеулі азамат атансын, өскенде дана, ғалым болсын деп, кемеңгер ғалымдардың аттарын қоятын. Дегенмен ат таңдауда мынадай талаптарды ескерген жөн:

1.  Туылған сәбиге қашан ат қойылады?

Шариғат жолы бойынша нәресте дүние есігін ашқаннан кейін жақсы есім қою – ата-ананың бала алдындағы міндеті. Көпшілік ата-ана нәресте дүниеге келмей тұрып, «ұл болса, пәленше», «қыз болса, пәленше қоямыз» деп есімін таңдап жатады, негізінде,

ең дұрыс пікір бойынша және Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне сай нәрестенің аты туылғаннан кейін бірнеше күн өткен соң қойылады.

Сахаба Әнас ибн Мәліктен (р.а.)  жеткен  хадис-  те «..нәрестеге туылғаннан үш күн өткен соң ат қойылады» делінсе, Сумраның келтірген дерек көзінде

«…жетінші күні қойылады» деп айтылған.

Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (оған Алланың са- лауаты мен сәлемі болсын) сахабаларының балаларына есімдерін туылған күні қойғандығы жайында да риуа- яттар бар. Мысалы, Әбу Мұсадан (р.а.) жеткен риуаятта ол өзінің ұлы туылғанда оны Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) алып барады, сонда Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оның атын Ибраһим деп қойып, таңдайын құрмамен сүртеді. Мұнымен қоса, Әбу Усәйд (р.а.) деген сахабаның ұлы туылып, оны Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) алып барғанда оның атын Мунзир деп қойған.

Имам Мүслімнің «Сахих хадистер» жинағында Әнестен (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бүгін менің ұлым туылды. Мен оны атамның атымен Ибраһим деп атадым», – деген.

Дегенмен бұрынғы  өткен  пайғамбарлардың ішінде Зәкәрия (ғ.с.) пайғамбардың ұлы туылмастан бұрын алдын-ала сүйіншіленген болатын. Ұзақ уақыт перзентсіздік зарын тартқан Зәкәрия пайғамбарға (ғ.с.) ерекше сүйіншілеу болатын бұл. Құран Кәрімде бұл жайында былай делінген:

«Уа, Зәкәрия! Біз сені Жақия (Яхия) деген ұлмен қуантамыз! Біз бұрын оған ешкімді аттас қылмап едік!» («Мариям» сүресі, 7-аят).

Нәрестеге ат қоюға кім құқылы әрі лайықты? Балаға ат қоюға ең бірінші кезекте құқылы – ата- анасы. Егер олар ортақ бір шешімге келе алмаса, әкенің құқығы жоғары тұрады. Сондықтан әкесі қаласа сәбидің атын өзі қояды немесе жұбайына ұсынады.

Қаласа, екеуі өзара жеребе тастау арқылы бұл мәселені шеше алады.

Баланың атын қоюға оның әкесі лайық екендігіне кез келген адамның аты оның әкесінің атымен (мы- салы, Төлегенұлы Айбар деген сияқты) қосарланып айтылатындығы дәлел болады. Бұл жайында Құран Кәрімде Алла Тағала былай дейді:

«Оларды (яғни, асыранды балаларды) әкелерінің аттарымен қосып атаңдар, Алланың алдындағы ең әділі – сол» («Ахзаб» сүресі, 5-аят).

Мұндағы аятта асыранды балаларға қатысты айтылғанмен,  жалпы  мағынада  балалардың  атта-   ры өзінің әкесінің атымен қосылып айтылуы ең әділ ұстаным екендігін білдіріп тұр.

Сондай-ақ, ақыретте де барша адам баласы өзінің әкесінің атымен шақырылады екен. Бұған қатысты Әбу Дәрдадан (р.а.) жеткізілген хадисте Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Сендер Қиямет күні өздеріңнің есімдеріңмен және әкелеріңнің есімдерімен шақырыласыңдар, сондықтан да есімдеріңді жақсартыңдар», – деген3. Сондықтан баланың атын таңдап қоюға ең бірінші оның әкесі лайықты.

Дей тұрғанмен, әке-шешесі баланың атын қоюға басқаларға рұқсат бере алады. Мысалы, атасына, әжесіне немесе әулеттегі құрметті ақсақалға, яки болма- са танымал тұлғаға т.б. Әрдайым үлкендерді құрметтеп тұратын қазақы салт-дәстүр бойынша баланың атын көбіне ата-әжелер қойып жатады. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – дұрыс дәстүр. Сондай-ақ, жоғарыда айтып өткеніміздей, баланың атын аса қадірлі, тақуа, ізгі жандарға, ғалымдарға қойдырған жөн. Көптеген сахабаның балаларының аттарын Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қойған. Мысалы, «Ұлыңның атын Абдуррахман деп қой», «Аб- дулла деп ата» деген секілді хадистер көп.

3.    Есім таңдауда атына сай болу үшін жағымды, ұнамды (көркем) есімдер таңдау, жағымсыз есімдерді қоймау

а) Жағымды есімдер

Баланың есімі оның өмірлік жолдасы болғандықтан, ат қойғанда, көркем, мән-мағынасы жоғары, жақсы есімдерді таңдап қою керек. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) есімдердің ішінде әдемі һәм мағыналы есімдерді жақсы көретін. Әбу Уаһб әл-Жашмиден жеткен хадисте Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бы- лай деген:

«(Балаларыңа) Пайғамбарлардың есімдерін қойыңдар, әрі есімдердің Аллаға ең сүйіктісі – Аб- дулла («Алланың құлы»), Абдуррахман («Рахманның құлы»), ең шынайысы – Харис («Диқан»), Һәммәм («Қайратты»), ал ең жағымсызы – Харб («Соғыс») және Мурра («Ащы, ауыр, қайғылы»)»4.

Жоғарыдағы хадисте айтылғандай, Абдулла және Абдуррахман – Жаратқанның құзырында ең сүйкімді есімдер. Осы тұста айта кететін бір жайт, Алла Тағаланың 99 көркем есімі бар. Оның қай-қайсы да   ең жақсы есімдердің қатарына жатады. Алайда бұл есімдерді қояр кезде арабша «абдун» деген қосымшасын тіркеп қою керек. Мысалы, Раззақ – Абдурраззақ, Сат- тар – Абдуссаттар т.б. Міне, осы көркем есімді білген дана бабаларымыз балаларының аттарын қазақшалап, Әбдіразақ, Әбдісәттар деп қоятын болған.

Мұнымен қоса қазақи дәстүріміздегі есім қою әдетінің де өзіндік үлкен тәрбиелік мәні бар. Мәселен, тарихтаөткенби-шешендерімізбенданабабаларымызға ұқсасын деп, Наурызбай, Төлеби, Абай, Шоқан, Ах- мет және қазіргі күніміздегі Нұрсұлтан сынды есімдер жақсы дәстүрдің нышаны деп айтуға болады.

ә) Жағымсыз есімдер

Бала есімінің өсе келе өз ортасына, тума-туыста- ры мен ата-анасына да әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан қай халық болмасын мағыналы, жақсы есімдерді

таңдап отырған. Ал баланың жағымсыз есімінің жа- ман жағынан әсер ететіндігі айтпаса да түсінікті.  Міне, Ислам шариғаты бұған аса мән берген. Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жаман есімді ұнатпайтын. Ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жаман, жағымсыз есімді кесірдің басы деп есептейтін. Тіпті, жағымсыз атаулы жерлер- ге қонбайтын. Имам Мәлік «әл-Муатта» атты хадистер кітабында мынадай хадис келтірген.

Пайғамбарымыз   (оған   Алланың   салауаты   мен сәлемі   болсын)   бір   түйені   әкелдіріп сахабалардан:

«Мынаны кім сауып береді?» – дейді. Сонда бір кісі ор- нынан тұрады. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Атың кім?» – деп сұрайды. Ол кісі:

«Мурра» (Ащы), – деп жауап береді. Пайғамбар (оған Алланың салауаты  мен сәлемі болсын): «Онда отыр»,

  • дейді. Сосын тағы да: «Мынаны кім сауып береді?»
  • дейді. Тағы да бір кісі орнынан тұрады. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) одан да:

«Атың кім?» – деп сұрайды. Әлгі кісі: «Харб» (Соғыс), деп жауап береді. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Онда отыр», – дейді. Со- сын тағы да: «Мынаны кім сауып береді?» – дейді. Бір кісі орнынан тұрады. Сонда Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) одан да: «Атың кім?» – деп сұрайды. Ол: «Яғиш» (Өмір сүреді), – деп жауап береді. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сен сау», – деп бұйырады (имам Мәлік

«Әл-Муатта» кітабынан). Тағы бір хадисте Сағид ибн Мусәйиб әкесінен, әкесі атасынан мынадай риуаят жеткізген:

«Мен (яғни, Сағидтың атасы) Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бардым. Ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Атың кім?» – деп сұрады. Мен: «Хазн» (Бұдыр), – дедім. Ол:

«Сен Сәһлсің» (Жазық), – деді. Мен: «Әкемнің қойған атын өзгертпеймін», – дедім. Оның немересі Сағид ибн Мусәйиб: «Әлі күнге дейін біздің әулеттен сол бұдырлық (яғни, қатқыл) қалмай келеді», – деген екен (имам Бұхари риуаяты).

«Хазн» сөзі «бұдыр жер, қатқыл», ал «Сәһл» «жазық жер, жұмсақтық» деген мағынаны білдіреді. Келесі ха- дисте:

Яхия ибн Сағидтен жеткен риуаятта бірде Омар ибн Хаттаб (р.а.) бір кісіден: «Атың кім?» – деп сұрайды. Ол кісі: «Жамра» (Шоқ), – деп жауап береді. «Кімнің ұлысың?» – деп сұрайды Омар. «Шиһабтың» (Отты жұлдыз) ұлымын», – дейді әлгі кісі. «Қай жерденсің?» деп сұрайды Омар. «Әл-Харқаданмын» (Күйгеннен), дейді кісі. «Үйің қайда еді?» – деп сұрайды Омар.

«Харрат ән-Нар» (Оттың ыстығы) деген аймақта», дейді кісі. «Оның қай тұсында еді?» – деп сұрайды Омар. «Зәту лаза» (Жалынды) деген тұста», – дейді кісі. Сонда Омар: «Онда жанұяңа тез жет, олар өртеніп жатыр», – дейді. Барса, шындығында Омар айтқандай болған екен (имам Мәлік әл-Муатта кітабында риуаят еткен). Ал, Сумра ибн Жундубтен (р.а.) жеткен риуаят- та Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген:

Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Балаңның атын Ясар (Жеңіл), Рабах (Ұтқыр), Нажах (Сәтті), Афлах (Ең сәтті) деп қойма. Шындығында, сен расымен солай болар ма екен дейсің, бірақ олай болмай шығады», – деген. (Мүслім Сахихте риуаят еткен).

Мұнымен қоса періштелердің аттары мен Құран Кәрімдегі адамның атын білдірмейтін  сүрелердің  және аяттардың аттарын қоюды да кейбір ғалымдар құптамаған. Өйткені бұл есімдер періштелерге тән, ал аяттар мен сүрелердің ұғымы бір Аллаға ғана мәлім, яғни ұғымын Алла біледі деген сөз.

Жағымсыз аттың кесірі туралы қазақта екі шешеннің сөз таластыруы туралы  хикая  бар.  Ерте-  де Жапалақ деген сөзге жүйрік кісі Торайғыр деген шешеннің даңқын естіп, онымен сөз таластырмаққа еліне келеді. Жапалақтың атын бұрыннан білетін Торайғыр амандық-саулықтан соң қонағын бірден сүріндірмек болып: «Уа, сіздің атыңыз Жапалақ па?» деп сұрайды. Жапалақ: «Иә, солай», – деп жауап береді. Сонда Торайғыр: «Олай болса, мына көлді бір айналып келші», – дейді. Жапалақ көлді атымен бір ай- налып келеді. Сосын Торайғырға: «Уа, сіздің атыңыз Торайғыр ма еді?» – дейді. Торайғыр: «Иә, солай», – деп жауап береді. Сонда Жапалақ шешен: «Олай болса, биыл біздің үйде бір байтал қысыр қалып тұр еді», – дейді. Сонда қарсыласының бұл қолқасына жауап қата алмай, сөзден тосылған Торайғыр шешен жеңілгенін мойындаған екен дейді. Міне, осындай мысалдар, баяғы уақыттары халық арасында түрлі жағымсыз аттардың болғандығынан хабар береді. Мұндай есімдер туралы аңыз-әңгімелер халқымыздың салт-дәстүрін зерттеген зерттеушілердің жазбаларында да бар. Жалпы ат қоюда діни-танымдық, рухани тәрбиелік құндылықтарды бас- ты назарда ұстаған жөн.

4.    Шариғат    тұрғысынан    тыйым     салынған есімдерге мұқият болу

Кей есімдердің шариғат тұрғысынан да, тілдік тұрғыдан да тыйым салынатын кездері болады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алла Тағалаға қарсы келетін мағыналарды білдіретін есімдерді қоюдан тыйған. Тізбектеп айтар болсақ:

а) «Құл» деген мағынаны білдіретін «абдун» сөзін Алла Тағаланың есімі мен сипаттарынан басқа атауларға тіркеуге болмайды. Мысалы, Абдулузза – «Уззаның құлы» (Узза Исламнан бұрын табынатын пұттың аты болған), Абдулқағба – «Қағбаның құлы» деген сияқты есімдер.

Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Динардың құлы оңбасын, дирхемнің құлы оңбасын, өкшенің (етіктің) құлы оңбасын, матаның құлы оңбасын», – деген (Бұхари риуаят еткен).

ә) Алла Тағаланың көркем есімдерін сол күйінде балаға есім етіп беруге болмайды. Мысалы, Алла, Рах- ман, Халиқ, Ахад, Разиқ, Бәрии, Раббы деген сияқты.

б) Жын-шайтандардың, кәпірлердің, дінсіздердің көсемдері мен т.б. халық арасында жаман жағынан танылған кісілердің аттарын қою да мұсылман баласы үшін дұрыс емес. Мысалы, Ібіліс, Ифрит, Перғауын, Һаман, Жалұт, Әжүж, Мәжүж, Хосрау, Цезарь, Ленин, Сталин, Энгельс, Маркс, Тельман, Дарвин, Коммуна, Партия т.б.

в) Сонымен     қатар     «Патшалардың     патшасы»,

«Әкімдердің  әкімі»,  «Сұлтандардың  сұлтаны»  деген

мағыналарды білдіретін есімдер. Сахаба Әбу Һурайра- дан жеткен риуаятта Пайғамбар (оған Алланың салау- аты мен сәлемі болсын): «Алланың алдында есімдердің ең нашары – «Патшалардың патшасы», – деген. Осыған қатысты тағы бір хадисте:

«Қиямет күні Алланың ашуын тудыратын, ең нақұрыс адам «Билік-мүліктің патшасы» деп атала- тын адам. Бүкіл билік тек Аллаға ғана тән», – деген (хадисті имам Мүслім жеткізген).

Халқымыз балалары шетінеп кете беретін жағдайда балаларына Күшік, Итбай, Итемген, Малай, Башай деген секілді қолайсыз аттарды қоятын болған. Бұл

«баланың өмірі ұзақ болсын» деген ниеттен туған. Жал- пы айтқанда, ырым – халықтың сенімі мен ақ ниетінен, шын көңілінен туатыны белгілі. Бірақ кейде «Қазақ ырым етеді, ырым қырын кетеді» деп те айтып жатады. Бұл сөз ырымның бәрі бірдей орындала бермейтінін ескерткені деп түсіну керек. Ырымның барлығына бірдей сене беруге де болмайды.

5.    Жағымсыз лақап ат беруден сақ болу

Кісіге лақап ат беруден гөрі өз есімімен атаған жөн. Лақап деп адамның кәсібіне, түр-тұлғасына, қадір- қасиетіне, сипатына қарай қойылатын атты айтамыз. Мысалы, етікші Асан, Қосмүйізді Ескендір, Ақсақ Темір, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек би, Жаяу Мұса т.б. Лақап аттың да жақсы не жаман сипат- тары бар. Құран Кәрімде мұсылмандардың бір-біріне жаман лақап аттар қоюына тыйым салынған.

«Және жаман лақап аттармен атамаңдар. Иман келтіргеннен кейінгі сұмпайы ат қандай жаман? Ал, кім одан тәубе етпесе, міне, солар нағыз залымдар»

(«Хужурат» сүресі, 11-аят).

Ғалымдар егер бір кісінің өз есімі адамдардың ара- сында ұмытылып, жағымсыз мағынадағы лақап атымен ғана белгілі болса, оны қолдануға болады деп санаған. Ал, араб халқының есімге қатысты дәстүрінде «куния» деп аталатын сөз бар. Куния дегеніміз әкесін баласының атымен байланыстырып атауы. Мысалы, Әбу Абдулла

Абдулланың әкесі, Умму Ахмет – Ахметтің анасы. Кейде лақап мағынасын да білдіреді. Мысалы, атақты сахабаның лақабы Әбу һурайра – «Мысықтардың әкесі, иесі», Әбу Туффах – «Алманың атасы» – «алма сату- шы» не «бағбан» деген мағынаны білдіреді.

Алайда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзіне тән куниясын, яғни Әбул- Қасым – Қасымның әкесі деген кунияны қолдануға тыйым салған. Хадисте:

Әнестен (р.а.) жеткен риуаятта бір кісі әл-Бақида (Мәдинадағы қорымның аты) басқа бір кісіні: «Уа, Әбулқасым! (Қасымның әкесі!)» – деп шақырады. Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оған бұрылып қарайды. Әлгі кісі: «Уа, Расу- лалла! Сізді айтып тұрғаным жоқ, ана пәленге айттым», дейді. Сонда Алланың елшісі (оған Алланың салау- аты мен сәлемі болсын): «Менің атыммен адамдарды атай беріңдер, алайда кунияммен атамаңдар», – дейді (Мүслім риуаяты).

Дегенмен, бұл мәселеге қатысты көптеген ғұламалардың пікірі бойынша Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) куниясына, яғни Әбулқасым деген есімге өзінің тірі кезінде ғана тыйым салған, ал ол өмірден өткеннен соң пайдалануда тұрған күнә жоқ дегенге тоқтаған.

Сонымен қатар «Мәнсуб» есімдер  де  бар.  Мәнсуб дегеніміз туған жеріне немесе ру-тайпаға қатыстылығына байланысты қойылатын есімдер. Мы- салы, Әбу Насыр әл-Фараби – «Фарабтық Әбу Насыр», Абдулла әт-Туркистани – «Түркістандық Абдулла», Асан ат-Тарази – «Тараздық Асан» т.б. Мұндай аттар, оның ішінде ру-тайпаға қатыстысты қазақтарда көп кездесетін болған. Мысалы, Үйсін Төле би, Қаракерей Қабанбай, Балқы Базар, Шапырашты Наурызбай т.б. секілді.

6.    Кейбір есімдерді кейіннен өзгертуге бола ма?

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жаман (тұрпайы) мағынаны білдіретін есімдерді ұнатпаған, ондай есімдерді жақсы есіммен ауыстырып отырған. Жақсы есімді жақсылыққа жори- тын болған.

Мысалы мына хадисте:

Айша анамыз (р.а.): «Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жаман есімдерді өзгертетін», – деген (Термези риуаят еткен).

Ибн Омардан жеткен риуаятта: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Омардың Ғасия (қарсы шығушы) атты қызының есімін Жәмила (Әдемі) деп өзгерткен» (Мүслім риуаят еткен). Ал Һәни ибн Язидтен жеткен риуаятта:

Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі бол- сын) бір қауымға келгенде олардың арасында Абдул- хажар (Тастың құлы) есімді біреу болады. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) одан атын сұрап білген соң: «Сенің атың бұдан былай Абдулла болсын», – деп өзгерткен (Ибн Әби Шәйба риуаят ет- кен).

Есімді өзгертуге байланысты айта кететін  тағы  бір жайт, қазіргі қазақ қоғамындағы дін жолына бет бұрған кейбір мұсылмандар тым жақсы қазақша ат- тарын арабшаға өзгертуді әдетке айналдыра бастаған. Жоғарыдағы хадистерден байқағанымыздай, Алланың Пайғамбары (оған Алланың салауаты мен сәлемі бол- сын) тек жаман мағына беретін жағымсыз есімдерді ғана өзгерткен. Жағымды мағына беретін есімдерді сол күйінде қалдырған. Ал, «мен  намаз  оқыдым,  дінге бет бұрдым, сондықтан есімім де мұсылманша яки арабша болу керек» дейтін азаматтардың мұндай пікірлері жаңсақ түсініктен шыққан. Әсілінде, таза қазақы түбірлі есімдер де мұсылман есімдері, оларды мұсылман есімдері емес деп айтуға әсте болмайды. Өйткені Алла Тағала адамзатты ұлттар мен ұлыстарға бөліп,   әрқайсысын   өз   ерекшеліктерімен   жаратқан.

«Мұсылман болу үшін тек таза араб тіліндегі есімдерді алу керек, қазақ тіліндегі есімдер надандықтың белгісі» немесе «таза мұсылман аттары емес» деп ойлау осы жаратылысқа қарсы шыққанмен пара-пар. Сондықтан да кейбіреулердің жап-жақсы мағына беретін Берік, Бо- лат, Жанұзақ, Өмірзақ сияқты т.б. қазақ есімдерін араб- ша Абдуллаға, Әбу Һурайраға, Омарға өзгертулерінің ешбір қисыны жоқ. Бұл – жалаң еліктеушілік. Хади- стен аңғарғанымыздай, Қиямет күні әрбір адам өзінің алғашқықойылғанесіміменшақырылады.Ал,халқымыз баласына Серік деген есім таңдағанда, ол Құдайға серік болсын деген мақсатта қоймайды, «алдындағы немесе өзінен кейінгі балаға серік болғай» деген жақсы ниет- пен қояды. Егер ата-анасы не туысқаны әу баста есім берерде оның дінге қарсы екендігін білместікпен қойса және кейіннен оның есімін өзгерткісі келсе, оның жайы бөлек.

7.    Қазақ халқындағы кейбір ат қою үрдістері

Қазақ халқында егер туылған балалары қайтыс бола берсе: Тұрсын, Алмас, Аман, Өтеген, Өтепберген, Төлеген, Елемес, Елеусіз, Өлмес деген есімдерді ырым- дап қоятын болған.

Туылған нәрестелерінің бәрі ылғи қыз болып, ұл баланы күтіп жүргенде тағы да қыз бала туса, кейінгі бала ұл болсын деген ниетпен Ұлболсын, Ұлбала, Ұлту, Ұлтуған, Жаңыл, Жаңылған деп қоятын болған.

Зарығып жеткен сәбилердің аты көбіне Аллаберген, Алдаберген, Құдайберген, Тұяқ, Тілеген, Тілепалды, Тілеуберген болып келеді.

Нәрестенің туылған уақытына, жеріне, еліне, жағдайына қарай Айтуған, Рамазан, Ережеп, Наурыз- бай, Қаңтарбай, Жайлаубай, Қазанбай, Боранбай, Тәшкенбай, Бұхарбай, Желдібай, Жаңбырбай, Сырбай, Еділбай, Алмат, Найманбай, Адайбай, Жеңіс, Қуаныш, Базарбай, Аманкелді, Төрегелді, Қожагелді, Жолдыбай, Олжабай т.б. деп те қойылады.

Әкесінің не атасының жасына қарай Елубай, Ал- пысбай, Жетпісбай, Сексенбай, Тоқсанбай деп қоятын дәстүр де бар.

Баланың болашағынан үміт етіп, бай болсын де- ген ниетпен Сансызбай, Жұтамас, Мұңайтпас, Әмірбек деп, қадірлі болсын деген ниетпен Қадірбек деп, ғалым болсын деген ниетпен Ғалымбек, Данабек, Қари, Қази деп, ержүрек, батыл болсын деген ниетпен Жолбарыс, Арыстан, Батыр, Қаһарман деп, өмір-жасы ұзақ бол- сын деген ниетпен Өмірзақ, Жанұзақ, Көпжасар деп те қойылады.

Сондай-ақ, жалпы мұсылманға ортақ аттар да молы- нан кездеседі. Алайда мұндай аттардың көпшілігі араб тілінде болғандықтан қазақ тілінің ерекшелігіне байла- нысты олардың түрлі нұсқалары қалыптасқан. Мыса- лы, Абдуллаһ (Алланың құлы) деген есімнің Абдолла, Абдулла, Абдул, Әбілда, Әбділда, Ғабдулла, Ғабдолла, Ғабділда, Қабдулла, Қабдолда, Қабдол, Қабілда де-  ген нұсқалары бар. Ал, Мұхаммед деген есімнің де Мұхамбет, Махамбет, Маханбет, Мәмет, Мәмбет де-  ген сияқты талай нұсқалары және осы есімнен өрбитін есімдердің, мысалы, Бай-Мұхаммедтің – Баймұхамбет, Баймұқамбет, Баймағанбет, Баймағамбет, Бәйімбет, Бейімбет деген сияқты нұсқалары кездеседі.

Жалпы ат қойғанда ырымға, белгілі бір уақиғаға немесе құбылысқа қарап емес, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде айтып өткендей, ізгі, жақсы мағынадағы есімдерді қою керек.

«Дін мен дәстүр» кітабы бойынша әзірленді

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз