Сағаты 35 мың теңге: Алматылық, елордалық жезөкшелер қызметі үшін қанша ақша табады — Қазақстан жаңалықтары

0

Тән саудалау ықылым заманнан келе жатқан көне кәсіптің бірі. Жезөкшелік болған, болып жатыр, бола да бермек. Біз тек оны байқамауға тырысамыз. Айналамызда болып жатса да, көзімізді жұмып қараймыз. Ертең ауру асқынған кезде ғана біреуді кінәлаймыз. 

Бұл туралы Данияр Есен журналистік зерттеу жүргізіп көрді. 

Миллион тұрғын бар елордамызда секс индустрия күннен күнге қарқынды дамып келеді. Бұрындары белгілі бір орындарда қызметін бұлдап тұратып жезөкшелер қазір интернет сайт арқылы тапсырыс қабылдайды. Олардың қарасы көшеде азайған. Дегенмен әлі де теміржол маңайында пәтер беріп, қыздарды ұсынатындар әлі де бар. 

Интернет арқылы тапқан нөмірге хабарласқанда елордалық Әсем есімді қыз тұтқаны көтерді. Ол сағатына 13 мың теңге алады. Жігіттерді өз пәтерінде қабылдайды. 

Салтанат есімді бойжеткен Алматыда Райымбек көшесінің бойында тұратынын айтты. 

Айым есімді Нұр-сұлтан тұрғыны сағатына 25 мың теңге алатынын айтты. Оған барлық қызмет кіретінін еске салды. Тағы бір бойжеткен саунаға 30-35 мың теңгеге келетінін айтты. Үйіне барған жағдайда 25-30 мың теңге ақы сұрайды екен. 

Жеңіл жүрісті қыздар қазір сайттарда өзін басқаша жарнамалайды. Боди-массаж жасаймын деп жазады. Бұндай массаж түрі тәнін саудалау. 

Қазақстанда бұл қызметті пайдаланатындар өте көп. Елімізде жезөкшелерге деген сұраныс ер азаматтар тарапынан өте жоғары. Олардың көбеюіне кім кінәлі?


«Қызмет көрсетіп жүргенде бір жігітпен таныстым»: Алматылық жезөкше намаз оқуға ниеттеніп жүр


stan.kz