Шәует алу әдістерінің ғылыми негіздерінің биологиялық маңызы

0
540

Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
* Шәует алу әдістерінің ғылыми негіздерінің биологиялық маңызы
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе
Аталық бездер – ұманың ішінде орналаскан терілі қалта. Ұманың ішкі қуысы құрсақ қуысының бір бөлігі болып саналады. Ұрықтың дамуы кезінде ұма құрсақ қуысында жатады. Жыныс бездері өзекшелер арқылы ұма қуысына түскен соң, ондағы дәнекер ұлпамен тұтасып кетеді. Бұдан кейін ұма қуысы құрсак қуысынан бөлініп қалады. Егер жыныс бездері ұма қуысына өтпей, құрсақ қуысында қалып қойса, жыныс жасушаларының түзілуіне кедергі жасайды. Әдетте, жыныс бездері шарана жарық дүниеге шығардан бұрын ұма қуысына өтеді.
Аталық бездер ағзада екі түрлі маңызды қызмет аткарады. Біріншіден, олардан аталық жыныс жасушалары – сперматозоидтар түзіледі. Бұл аталық бездердің сыртқы секрециялық қызметі. Екіншіден, аталық бездерден жыныс гормондары (негізінен тестостерон) бөлінеді. Бұл аталық бездердің ішкі секрециялық қызметі. Сондықтан да жыныс бездері аралас бездерге жатады. Аталық бездерден бөлінген гормондар екінші реттік жыныстық белгілердің жетілуінде негізгі рөл аткарады. Олардың әсерінен жасөспірімдердің дене пішіні өзгереді, мұрт шығады, дауысы жуандайды және т. б.
Аталық бездер көптеген ұсақ ұрықтық өзекшелерден тұрады. Аталық бездерде жыныс жасушаларының жетілуі де, екінші реттік жыныстық жетілумен тікелей байланысты. Аталық бездерде жетілген сперматозоидтар ұрықтық өзекшелері арқылы алдымен ұрықтық көпіршіктерге жиналады. Ұрықтық көпіршіктеріндегі және қуықасты бездерінен бөлінген сұйықтық шәует (сперма) деп аталады. Шәуетпен араласкан сперматозоидтар зәршығару өзегі арқылы өтеді. Ер адамдарда зәршығару өзегі арқылы зәр заты да, шәует те сыртқа шығарылады. Шәуеттің құрамында сперматозоидтар өте көп болады. Мысалы, 1 см3 шәуетте қалыпты жағдайда 60 млн сперматозоидтар кездеседі. Сперматозоидтарда кез келген жасушаға тән бөліктер (цитоплазма, ядро және т. б.) болады. Басқа жасушалармен салыстырғанда сперматозоидтардың пішіні өзгешелеу, өте ұсақ (шамамен 7 мкм) және қозғалғыш. Әрбір сперматозоид бас, мойын және құйрық – талшықтан құрылады.

ІІ. Негізгі бөлім
Шәует- спермияның (еркек жануарлардың жыныс клеткаларының) және плазманың (сарысу) жиынтығы болып табылады. Шәуеттің сарысуы-ен қосалқысы мен қосымша жыныс бездерінің (бадана, купер және кӛпіршік тәрізді без) секреті болып табылады. Жыныстық акт кезінде бӛлінетін шәуетті эукулят деп атаймыз Әртүрлі жануарлардың коитусы кезінде бӛлінетін эякуляттың кӛлемі: айғырда 50-100 мл, қабанда 200-400 мл, қошқарда 1-2мл, бұқада 4-5 мл, тӛбетте 2-18 мл, әтеште 0,3-2 мл. Жануарлардың түріне байланысты шәуеттің концентрациясыда әртүрлі болады. Организм сұйықтығы ішіндегі химиялық құрамы бойынша күрделісі болып табылады. Шәуеттің 90-98%-н су құраса, 2-10%-құрғақ зат, оның 60% белок болып табылады. Шәуеттің ең маңызды бӛлігі болып ақуыз пен липид саналады. Ақуыз құрамында амин қышқылдары бар, ал шәует құрамындағы липидтердің ішінен лецитин құрайды. Қошқарлардың 100мл шәуетінде 355мг фосфор, ал бұқаларда-82 мг, қабанда- 66мг, айғырда-19 мг фосфор кездеседі. Биологиялық үрдістерде фосфордың рӛлі зор. Ен қосалқысы бӛлетін секреттің құрамында кальций, магний, калий, натрий, темір, цинк және т.б элементтер кездеседі. Сонымен қатар шәует құрамында күрделі органикалық қосылыстар: лактацидоген, фосфаген, холестерин, мочевина, холин, лимон қышқылы кесдеседі. Лимон қышқылының 3-10% қосымша жыныс бездері ӛндіріп шығарады. Шәуеттің құрамында гиалуронидаза, пероксидаза, каталаз, трипсин, антитрипсин, амилаза, липаза және т.б ферменттері бар. Шәуеттің химиялық құрамының маңызды элементі және энергия кӛзі болып қант (әсіресе фруктоза) саналады. Қолдан ұрықтандыру жұмыстары кезінде шәуеттің кӛлемін, ақуызды құрамын, жалпы химиялық құрамын білу міндетті факторлардың бірі болып табылады. Шәуетті алысымен тез арада оның кӛлемін, түсін, иісін және консистенциясын шәует қабылдағышта анықтайды. Сонымен катар ірің, зәр, қан араласса, оны анықтап, зерттейді.Шәует алу әдістерінің ғылыми негіздерінің биологиялық маңызы
Аталық малдан шәуетті жасанды қынапқа алған жөн. Жасанды қынап – әдейі шәует алуға арналған құрал. Онда аталық малдың шәует бөлуін (эякуляция) қамтамасыз ететін қолайлы жағдай жасалған (қысым, температура және сырғанау). Ауыл шаруашылық малдарын қолдан ұрықтандыру кезінде келесідей құралдар қолданылады: жасанды қынап, шәует қабылдағыш, шприц катерлері және микроскоп
Жасанды қынапты дайындау реті. Алдын-ала тазартылып жуылған, кептірілген, резеңке камераны жасанды қынап цилиндріне тегіс жағын ішіне қаратып, екі жағын бірдей етіп қайырып кигізеді, одан кейін арнайы резеңке белдіктерімен бекітеді. Қынапты жинағаннан кейін, оның ішкі жағын 96° спиртпен зарарсыздандырады, арнайы тесігі арқылы 1,5-2,5 литр ыстық су құйып, ауызын бұрандалы тығынмен жабады. Қынаптың ішкі жағын залалсыздандырылған вазелинмен немесе шәует сұйылтуға арналған жасанды ортамен майлайды. Бұқа мен қошқарға дайындалған жасанды қынаптың шәует қабылдағыш бекітілген шетін 3-4 см аралықта майламай таза қалдырады, сонан соң шәует қабылдағышты кигізіп, сыртынан оны ұстап тұратын зарарсызданған резеңке қалпағын кигізеді. Ұрық алар алдында жасанды қынаптың температурасын зарарсызданған термометрмен тексереді. Бұқадан шәует алу. Шәуетті бұқадан соңғы рет шәует алған күннен 3 күннен соң, азықтандырылғаннан 2 сағаттан кейін алған жөн. Бұқалардан шәуетті тек бір техник алу керек, өйткені олар сол адамға үйреніп қалады. Шәуетті манежде арнайы дайындалған жасанды қынапқа, санитарлықгигиеналық талаптарды сақтай отырып алады. Әр бұқаға кем дегенде екі жасанды қынап дайындалу керек. Жасанды қынапты және шәует қабылдағышты қолдану аддында 30 КПа (0,1-0,3 кгсм2) автоклавта немесе 20-30 минуттай дистилденген суда қайнатып залалсыздандырады. Шәует алу қазіргі ережелерге сай жүргізіледі. Камераның ішкі жағын кіреберістен 17-25 см терендікте сұйылтуға арналған, заласызданған сары уызды ортамен майлайды. Шәует қабыддағыштың қабырға аралық кеңістігіне 30-35° жылы су құяды да, резеңке тығынмен жабады. Шәует қабылдағышты жасанды қынапқа бекіткеннен кейін резеңке камераның қабырғалары жанасқанша ауа үрлейді. Сонда қошқарларға арналған қынаптың тесігіндегі көрініс ирек тәрізді болады, ал бұқаларға арналған қынапта үш бұрышты көрініс болады.
Жасанды қынап арқылы шәует алу. Қынап ішіндегі қысым сынап бағанының 40 мм құрауы керек. Жасанды қынаптың жыныстық мүше кіретін жағын залалсызданған жасанды ортамен майлап, поролонмен жабады. Қынаптағы температура шәует алу кезінде 40-42° болу керек Бұқалардан шәует алу үшін астына қозғалмайтын механикалық станок (гидропневматикалық) немесе өзі жылжитын қондырғы тұлып (чучело) өгіз манекені пайдаланылады. Күйлеген қоятын малды және жасанды қынапты дайындағаннан кейін, манежге санитарлық емдеуден өткен бұқаны жетектегіш-таяқ көмегімен кіргізеді. Өте қозып тұрған бұқаны станоктың жанына 2-3 минут (дұрыс секіруі үшін және толық эякуляция болу үшін) еркіне жібермей ұстап тұрады. Асылдырмай ұстап тұру және қоздыру, қосалқы жыныс бездерінің секреттерінің көп бөлінуіне, әсіресе уретралді бездердің секреттері бөлініп, несеп-жыныс арнасын зәр қалдығынан және микробтардан тазаруын қамтамасыз етеді. Бұған қоса бөлінетін шәует көлемін көбейтіп, оның сапасын жақсартады. Бұқаны шәует алғанға дейін манежге ерте кіргізуге және станоктың жанында 5 минуттан … жалғасы