Салтанат Бақаева хит әнінің авторымен арадағы даудың шындығын айтты

0

Салтанат Бақаева хит әнінің авторымен арадағы даудың шындығын айтты

«Шыны керек» бағдарламасына сұхбат берген Салтанат Бақаева хит болған «Әгугай құрбым» әніне қатысты даудың ашығын айтты. Біраз уақыт бұрын әннің сөзін жазған Назерке Семей әншіні өзін автор ретінде атамады, қаламақы төлемеді деп айыптаған болатын.


 
«Сол кезде мен өзім шок болдым. Жүрегіме қатты тиді. Бұл туралы еш жерде айтпағанмын. Басында Шырын Базарқұлова деген композитор құрбым тұрмысқа шығып, мен оған сыйлық жасағым келді. Содан композитор Ерхан Алданазаровқа хабарласып, өтінішімді айттым. Ол жарайды деп, бір-екі күнде жазып берді. Ерхан маған бұл әнді тегін жазып берген. Ол маған сөзін бір қыз тегін жазып береді деді. Бұл кездейсоқ шыққан дүние болғандықтан бұған ақша да сұрамады. Назерке өзімнің танысым, жазып береді деді. Мен ол туралы әрі қарай ойланбадым да. Бұл ән жарты жылдан кейін халықтың көңілінен шықты. Сөйтіп бейнебаян түсірдім. Киноның саундтрегі болды. Менің ойымша Назерке өзінің шешімін өзгерткісі келді. Мен ақырындап бұл әнмен қыздарды ұзата бастадым. Сол кезде Назерке Ерхан арқылы осы әннің минусын сұрады. Яғни біз бұл дауға дейін Назеркемен сөйлескенбіз. Ол минусын алды. Бір құрбыларын шығарып салып жүрді ме, сондай болды. Мен оған қуаныштымын. Бір уақытта тағы бір ән жазатын болдық. Ол ақша сұрады. Мен адам болған соң жеңілдік сұрадым. Ол келіспеді. Мен Дулат Құйқас деген балаға бардым. Ол бала тағы тегін жазып берді. Сөйтіп оның мәтінін алдым. Бір күні түсірілімге дайындалып жатқанда осы дауды, осы видеоны көрдім. Қиын жағдайда болдым. Мен Назеркеге хабарластым. Ол сол сәтте менің қоңырауымды күтіп отырған, әңгімемізді жазып алған. Кейін мен оған хабарласып, ол кездесуге келді. Оған әннің ақысын төледім. Қазір ән толықтай менің иелігімде»-дейді әнші.

reactor.inform.kz