Сағаттың бірін таңдап, бойыңыздағы ерекшелік туралы сыр біліңіз
Психологиялық тест: Сағаттың бірін таңдап, бойыңыздағы ерекшелік туралы сыр біліңіз
1. Өзіне сенімді және тізгін ұстағанды жақсы көретін жандар
Сіз тәуелсіз тұлғасыз. Ешкімнің қолына қарап жалтақтамайсыз. «Барлығын өзім жасаймын» деген өмірлік ұстанымыңыз бар. Өз күшіңізге ғана сенесіз. Бұл өмірде не қалайтыныңызды, қандай мақсаттарға ұмтылатындығыңызды жақсы білесіз. Ал айналаңыздағы адамдардан сізге адал болуын ғана талап етесіз. Сіз тәтті өтірікке қарағанда, ащы шындықтың дәмін татуға әзірсіз.
2. Мейірімді әрі сезімтал
Адамдармен қарым-қатынасқа оңай түсесіз. Достарыңыз көп әрі оларға әрдайым көмектесуге дайын тұрасыз. Адамдар сіздің жаныңызда болғаныңызды ұнатады. Сіз күн сайын жақсы бола түсудің амалын ойластырасыз. Айналадағылар үшін қызықты болғыңыз келеді. Өзгелердің махаббатына бөленуді жақсы көресіз. Сізді жақсы көрмейтін жандарды да қамқорлығыңызға алуға дайынсыз.
3. Қисапшыл әрі құпиялы
Сіз жеті рет өлшеп, бір кесетін, барлығының есебімен салдарын білетін адамсыз. Мақсатқа жетер жолда қандайда болмасын қадамға баруға дайынсыз.
Дереккөзі: «ПТ» топтамасынан