Рухани жаңғыру — жаңа дәуір бастауы

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Алғашқы әскери дайындық Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 10 сынып

10-11 сыныптарға АӘД пәнінен сабақ беретін ұстаздарға арналған көмекші құрал. Сайыс сабақ

«Рухани жаңғыру –жаңа дәуір бастауы » атты патриоттық сайысМерзімі: 30.11.2017 жылӨткізілетін орны: АӘД кабинетіӨтілу формасы: Конкурс (сайыс)Мақсаты: Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.Оқыту нәтижесі: Оқушылар рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі.Түйінді идея: Рухани жаңғыру болашаққа бағдар 

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, ұлағатты асыл сөздер жазылған плакаттар.І. Ұйымдастыру бөлімі:— сайыстың тақырыбымен таныстыру,— сайысқа қатысушы оқушылармен таныстыру,— әділқазы алқаларымен таныстыру.— сайыстың шарттарымен таныстыру.ІІ. Сайыстың барысы:ІІІ. Сайыс қорытындысы.Сайыс барысы:Бірінші жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар және оқушылар. Бүгін біз 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Рухани жаңғыру – жаңа дәуір бастауы» атты әскери патриоттық және танымдық сайысымызды тамашалауға шақырамыз.

Екінші жүргізуші:Бірінші жүргізуші: Бүгінгі сайыс сабағымызды Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арнағалы отырмыз! 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай өткізіліп отырған «Рухани жаңғыру – жаңа дәуір бастауы» атты патриоттық сайысымызды ашық деп жариялаймыз!Армысыздар қадірменді көрермен қауым! Бұл сайысқа „Батыр“ және „Кыран“ топтары қатысып отыр. Олай болса құрметті көрермендер қыз-жігіттерді қошеметтеп, жігелендіріп отырайық.Бірінші жүргізуші: Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,Өнерліге өз басым таң қаламын.Өнерді,білімді әділдікпен бағалайтын,Таныстырайын әділқазы алқаларын.Сайыскерлеріміздің өнерлерін тамшалап, білімдерін бағалап отыратын әділ-қазы мүшелерімен таныстырып өтейік:

Екінші жүргізуші: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Тәуелсіз Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.

Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытына жеке-жеке тоқталады. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Президент жаңғырудың алты бағытын белгілейді, міне осы бағыттар бойынша жұмыс істейтін боламыз және өз білімізді көрсетеміз.

1-кезең. Бәсекелік қабілет2-кезең. Прагматизм3-кезең. Ұлттық бірегейлікті сақтау4-кезең. Білімнің салтанат құруы5-кезең. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы 6-кезең. Сананың ашықтығы

Бірінші жүргізуші: Топтар дайын болса, сайысымызды бастайық.1-кезең. Бәсекелік қабілет Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы,  компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Олай болса мектебіміздің аясында, өзіміздің рухымызды жаңғырту максатында бірінші кезеңді бастайық. «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру» бағдарламаларының негізгі мақсаттары, міндеттері қандай, біздің айбынды әскерімізге әсері қандай болмақ. Біз бұл жобалар арқылы болашақ Қазақстан армиясын қалай елестетеміз? Ал, онда, сұрақтардың жауабын сайыскерлерімізден сұрайық. Сайысты бастайтын 10- сынып оқушылары.

Екінші жүргізуші:2-кезең. ПрагматизмҚанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес. Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді. Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, жол бермеу деген сөз. Біз сайыскерлерімізге алдын-ала екінші кезең бойынша тапсырма берген болатынбыз. Тапсырма өзіміздің туған өлкемізді дамыту мақсатында берілген. Ауылымыздың жерін, суын, табиғатын, басқада байлықтарын үнемді пайдалану, уақыттыда ысырап етпеу арқылы тиімді, қол жетімді, жоспар құру. Жоспарды отбасы төңірегінде ғана құруға да, болады.Туған жерімізді дамыту үшін қандай мақсат-идеяларыңыз бар, ортаға салуларыңызға болады. Сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз. Бірінші жүргізуші: 3-кезең. Ұлттық бірегейлікті сақтауҰлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды және алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек. Ендеше ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымызды жаңғырту біздің негізгі мақсатымыз. Бұл кезеңдегі тапсырмамыз ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптейтін көрініс көрсету. Сайыскерлеріміз сақадай-сай дайын сияқты, қанекей тамашалайық біздің ұлтық рухымызды қалай жаңғыртады екен, қошемет!

Екінші жүргізуші:4-кезең. Білімнің салтанат құруыБілімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.   Осыны бек түсінгендіктен, біз білімге бөлінетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылып отырмыз.     Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді. Төртінші кезең тақырыбына сай сайыскерлеріміздің білімдерін тағы бір тексеріп көрейік. Бұл жолғы сұрақтар АӘД пәні бойынша қойылады. Төртінші кезеңге дайынсыздарма? Ал онда бастайық.

Бірінші жүргізуші: 5-кезең. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

Биыл Еуразия құрлығының ұлан-ғайыр аумағын астаң-кестең еткен 1917 жылдың қазан айындағы оқиға болғанына100 жылдан асты. Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды. Революциялар дәуірі әлі біткен жоқ. Тек оның формасы мен  мазмұны түбегейлі өзгерді. Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа – эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді. Бүгінде революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде жамылды. Бірақ, бәрі де, түптеп келгенде, қантөгіспен, экономикалық күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз. Сондықтан, әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, біздің де рухани жұмысымыздың бір бөлігі. Екінші жүргізуші:Расында қазақ халқының басынан талай қиын-қыстау замандар өтті, мысалы: басқыншылық, соғыс, ашаршылық т.с.с бірақта қазақ өлмеді, өзінің рухын жоғары ұстады, ұлан ғайыр жерін сақтап қалды және болашаққа нық қадамдармен адым басты. Бірінші жүргізуші: Сайыскерлеріміз осы тарих беттерін, бүгінгі күнді, болашаққа деген бағдарларын сурет түрінде қалай әсерлеп береді екен бақылап көрейік. Алдарыңызда тұрған ақ қағазға ойларыңызды түсіре берсеңіздер болады.

Екінші жүргізуші:6-кезең. Сананың ашықтығы Сананың ашықтығы-жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсіну және өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру. «Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – табыстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсеткіштерінің бірі. Егер біздер жер жүзіне үйден шықпай, терезеден телміріп отырып баға беретін болсақ, әлемде, құрлықта, тіпті іргедегі елдерде қандай дауыл соғып жатқанын көре алмаймыз.

Бірінші жүргізуші: Сайысымыздың соңғы кезеңінде Елбасымыздың айтқанындай «Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңірсек рухани жаңғырудағы адымыз айқын, ал болашағымыз жарқын болар еді.Тапсырма тақырыпқа мағынасына қатысты алынып отыр, дамыған бір мемлекеттің әскери саласы, білім беру, өнеркәсәіп , өмір сүру, медицина т.б салардың озық тәжірбиесін ұсыну және бізідің қоғамызға сай екенін дәлелдеу. Бұл тапсырма да алдын ала беріліп қойған, командалар дайын сияқты.Алтыншы сайысымызды бастайық.

Екінші жүргізуші:Сөз соңында елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының қорытындысымен қорытындылағым келіп тұр. Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс. Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала бередіБірінші жүргізуші: Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті. Ал қазір кімнің ұпайы көп екенін білу үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз. (Жеңген топтар бағалы сыйлықтармен және қағазымен мараппаталады)Екінші жүргізуші:Қыздар жігіттер бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып, тамаша өнерлеріңді алдарыңда отырған ұстаздарыңа, сыныптас құрбы-құрдастрыңа көрсеттіңдер және біздің сана-сезімізді рухымызды, жаңғырттыңыздар. Сайысқа қатысқан сайыскерлерімізге және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.