Қыз жасауын жинау

0
Қазіргі заманда қыздың жасауына үлкен мән беріледі. Заман өзгергенімен де салт-дәстүріміз сол күйінде сақталып келеді. Қазіргі күні салт-дәстүрге көп мән беріліп келеді. Егемендік алғалы өз салт-дәстүрімізді қайтадан ұстанып келеміз. Ұзатылар қыздың ең басты көрсеткіші ол — жасауы. Сондықтан есі бар қыз әрқашанда өз жасауын өзі жинақтауы керек.

Себебі, жасау 1- ден қыздың көрсеткіші, 2- ден көп шығынды талап ететін басты мәселе. Қазақта айтады: «6 жастан жинасаң артылады, 7 жастан жинасаң жетеді» деп, сондықтан мен үйленгенше қайда деп жүре бермей өздеріңіздің жасауларыңызды өздеріңіз жинай бастаңыз. Бір жағы ата-анаңа жеңіл, бір жағы өзің ұнайтын заттарды таңдап алуға мүмкіндігің болады.

Жігіттер жағы ойлайды: «қыздың артынан 9 көрпесі болса болды емес па?» деп. Олай емес. Себебі, қазақ болғасын құдалар жағы, көршілер, туысқандар, таныстар бәрі-бәрінің көзі қыздың артынан келген жасауында болады. Жасауың жақсы келмесе анаңа ұят, кейін өзіңді түртпектеуге себеп болуы мүмкін, енеңде өз туыстарының алдында төмендеуі мүмкін.

Бұл тізім минимальды түрде жазылған, ішінде міндеттісі бар кейбірін алып тастауға да болады. Сонан кейін, тағы бір назара ұстайтын нәрсе әр жақтың өз заңдары мен талаптары бар. Бұл тізім алматы қаласы мен алматы облысына және жалпылама түрде жазылған.

Сонымен, жасауға кіретін заттар:

— 9 көрпе: 6 жамылшы, 3 төр көрпе. Оның ішінде біреуі «махаббат көрпесі», бір төр көрпе «құдағи көрпесі» болып кетеді. Бәрін бірдей базар көрпе жасауға да болмайды, себебі «анасы қолдан жасатқан көрпесі» екен деген сөз өзіңе де сондай ыстық болады.
— төсек-орын (спальный гарнитур)
— сандық
— 3 көрпе тыстары (апарған көрпелерге сай болуы керек)
— 2 жастық
— 2 кілем: біреуі қыстыратын, біреуі төсейтін есебінде жүреді
— 9 қол орамал: 3 ванный, 3 қол сүртетін, 3 кухонный
— ыдыс-аяқ наборы: ішінде тарелка, шыны бәрі бәрі болуы керек
— кастрюльдер наборы: кастрюль, сковородка, қазан
— 2 эмальды шелек
— 2 ет табақ
— қасықтар наборы, пышақ (дәстүр бойынша, алып барған әр пышақты жігіт жақ сатып алады қыз жақтан), шөміш, кепсер (бәрін бір набордан табуға болады)
— шәугім немесе электрочайник, шәйнегімен бірге
— кленка
— терезе перде (стандартты 3 метр, түсі өзіңіз қалағаны)
— төсек жабқыш (покрывало)
— басқа тағатын орамал, бір 30-40 талын алып қою керек, себебі әр көрпенің ішіне салады
— көйлектік материал, оны да 10-20 әр түрлі материалдан 2-3 метр бөлігінде алып қою керек, әр нәрсені ашқан кісілерге беріп отырады
— печка нан пісіретін (жағдайыңа қарай)
— электрический мясорубка (жағдайыңа қарай)
— жасауға қоса құдағилар тағатын алтын заттарында алып қою керек: 4 алтын, 5 күміс набор болуы керек.
— кір жуғыш машина (жағдайыңа қарай)
— газ плита (жағдайыңа қарай)
— шаң сорғыш (жағдайыңа қарай)
— теледидар (жағдайыңа қарай)
— көлік (жағдайыңа қарай)
Тағы да естеріңізге сала кетсек бұл жерде тізім жалпылама түрде жазылған. Бұлардың ішіндегі кей заттарды батыс жақта апаруға болмайды, ал оңтүстік жақта бұларды көбейту керек болады. Барар жеріңіздің құдағиларымен алдын- ала келісіп алған дұрыс, дау-дамай болмас үшін. Шығыстың заңы бойынша қыздың жүгін күйеу жігіт пен оның жолдастары түсіреді машинадан.

Жасау ашылған соң орындалатын салт-дәстүрлер:

Апарған жасауға әр қашан құдалар жағы баға береді, бұл салтты «жасау бағасы» деп атайды. Баға берген адамға жоралғы жасалады. Жоралғыға көйлектік материал, тәттілер, ыдыс -аяқ беруге болады.

Қыздың жасауын жігіттің жеңгелері жинайды. Жинаған жеңгеге де жоралғы жасалады: көлейктік мата мен орамал беріледі.