1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

0
01 Желтоқсан 2018, 09:00 229 0

Астана, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжауы бойынша 1 желтоқсан күні Қазақстанның басым бөлігінде метеорологиялық ахуал жағымды болады.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Ақтау, Астана, Атырау, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Өскемен және Шымкент қалаларының ауасында ластаушы заттар күтілмейді.

Атмосфералық ауа сапасының нашарлауы Ақтөбе мен Орал қалаларында болжанады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ