Пәні:ЖаратылыстануСабақ: : Құстар қайда қыстайды? |
Мектеп:№262 мектеп-гимназиясыМұғалімнің аты-жөні:Іззатова Г. |
Күні: Сынып: МАД «Б» |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: |
0.1.3.3 Қыстап қалатын және жыл құстарды атау. |
Сабақ мақсаттары: |
Барлық балалар: • құстардың тіршілігіне қажет жағдайларды атайды; • құстардың түрлерін ажыратады. |
|
Көпшілік балалар: • құстардың жылы жаққа неге ұшып кететінін түсіндіреді; • қыстап қалатын құстардың қысқа қалай бейімделетінін айтады. |
|
Кейбір балалар: • үй құстары мен дала құстарын ажырата алады; • қыстап қалатын құстар мен жыл құстарын ажырата алады |
Тілдік мақсат: |
Дағдыларды дамыту. «4 бұрыштың стратегиясы (сынау тұрғысынан ойлауды дамыту)» технологиялық тәсілі шегінде болжамдар ұсыну. Болжамдар ұсыну үшін тіректер пайдалануБалаларға «Неліктен кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетеді?» деген болжамды айтуға көмектесу. Көптілділік: құс – птица – bird |
|
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: ауа, су, тағам, болжам, бейімделу, ұшып кету, тұратын жері, мекендейтін ортасы, жыл құстары, қыстап қалатын құстар, үй құстары мен дала құстары |
|
Талқылауға арналған сұрақтар: Сен құстар туралы не білесің және құстар қайда мекендейді? Не себепті қыстап қалатын құстар деп аталады? Жыл құстары деп аталу себебі неде? Үй құстары мен дала құстарының айырмашылығы неде? |
Алдыңғы оқу: |
Құстар туралы қарапайым түсініктер; жыл мезгілдерін білуі, құстар тіршілігінің жыл маусымдарына біршама тәуелділігі |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт есебі |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
|
|
|
ресурстар
|
Басы0–5 минут |
(Ұ)Тағы сабақ басталды, «Бес» алуға аз қалды. Бәрін айтып жасқанбай, Риза қылғын басқаны. Үлгілі де бола біл, Жақсыны сен көре біл! Таңдандырып үй-ішін Жақсылық сыйлап, өсе біл! (Ұ) Педагог балаларға бүкіл топ ішінде жайылып қойылған суреттерді жинауды және онда бейнеленгендерді бір сөзбен атап берулерін сұрайды (Құстар). Кейіннен сабақ тақырыбы тұжырымдалады: «Құстар қайда қыстайды?». Әртүрлі құстардың суреттері бейнеленген суреттер, пазл- дар ұсынылады. Мен құстар туралы не білемін және осы құстар қандай, қайда мекендейді? Құстардың тіршілігі үшін не қажет және кейбір құстар неге жылы жаққа ұшып кетеді? Болжамдар: – Құстарға тіршілік ету үшін ауа, су, қорек керек шығар. – Құстар жылы жаққа суықты ұнатпағандықтан ұшып кететін болар. Қандай дереккөзден біз мұны біле аламыз? Кітаптардан. Құстардың жыл маусымының ауысуына дайындығы туралы түсініктерін дамыту Болжам |
Музыкалық әуен.
Әртүрлі құстар бей- неленген суреттер.
|
|
Ортасы
6-25
|
Суреттер бойынша жұмыс. ұсынылады. Педагог балаларға суреттердегі құстарды сипаттап, әңгіме құрастыруларын сұрайды. Педагог балалардың назарын болжамдар ұсынуды үйренуіне аударады. Балалар бұл кезде осы тіректі пайдалануына болатындығын ескертеміз: • ықтимал • болжамдайық • мүмкін • солай дейік • ал, егер… Балаларға табиғатта көрген құстарының қасына дөңгелектерді фишкамен белгілеп қою ұсынылады. Педагог жылдың қай мезгілінде кейбір құстардың жылы жақтарға ұшып кететінін сұрайды, балалар болжамдап жауап береді. Педагог балаларға кейбір құстардың неге ұшып кететініне болжам жасауға (болжамдар айтуға) көмектеседі. (т) Құстардың неге ұшып кететінінің себебін табу қажет, суреттерді Құстардың суреттері. тәртібімен қойып шығу. Педагог балаларға жыл құстарының күннің суып кетуінен ұшып кететіндігінде деген қорытындыға әкеледі. Суық түсуімен құстарға жейтін қоректері болмайтындықтан оңтүстікке қарай ұшып кетеді. Себебі оңтүстік жақтар жылы болады. (Ұ) Өзекті мәселе. Жыл құстары қайда қыстайды? БОЛЖАМДАР. Бақылаушылар бұл жайында құстардың аяқтарына сақина кигізіп білді. (Ұ) Динамикалық кідіріс. (Ұ, т) Бақылау. Жақын жерге саяхатқа шығып қоршаған ортадағы құстарды атау, салыстыру, бақылау жасау. Құстардың суреттерін көрсете отырып, олардың аттарын есте сақтауға көмектесу. Көрсетіліп отырған құстардың адамға қаншалықты пайда келтіретінін түсіндіру. (Ұ) Құстар туралы мақал-мәтелдер айта отырып, оның мағынасын ашу. Мақалдар Аққуды атпа, Досыңды сатпа. Қарға баласын «аппағым» дер, Кірпі баласын «жұмсағым» дер. (Ұ) Өзекті мәселе. Құстарымызға қыста тоңып қалмауларына не көмектеседі? (Балалардың болжамдары: олар ұшады, жылынады, олардың қауырсындары жылы, адамдар оларға жем береді…). (Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар. 1-тапсырма. Қыстап қалатын құстарды табады. 2-тапсырма. Құстарды ұяларымен сәйкестендіреді. 3-тапсырма. Үй құстары мен жабайы құстарды ажыратады |
Әртүрлі құстар бейнеленген суреттер, пазлдар, |
Соңы
26-30
|
(Ө) Педагог балаларды қорытынды жасауға әкеледі: Құстарға тіршілік үшін жылу, тамақ, су және ауа керек. Құстар – қанатты жануарлар тобына жататын тіршілік иелері. Құстар екі үлкен топқа бөлінеді: үй құстары және дала құстары. Үй құстары: тауық, қаз, үйрек, әтеш, күркетауық. Дала құстары: сауысқан, тырна, қарға, торғай, шымшық т.бҚыстап қалатын құстар – жылдың маусымдық өзгерістеріне төзімді, жергілікті бір жерде тіршілік ететін құстар. Жыл құстары – суыққа төзе алмай, жылы жақтарға ұшып кететін құстар тобын айтамыз. Рефлексивті бағалау. Педагог балаларды бойөлшегішті кез келген түсті қарындашпен бояп шығуға ұсыныс жасайды: 1 (бір) деңгей – ештеңе түсінбедім. 1 және 2 (екі) деңгейлер – түсіндім, бірақ түсіндіріп бере алмаймын. 1, 2 және 3 (үш) деңгейлер – бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын. |
|
Қосымша мәліметтер |
|
Саралау(дифференсация) |
Бағалау |
Пәнаралақ байланыс |
Қабілеттірек балаларға «4 бұрыш» стратегиясы бойынша жұмыста топтарға лидерлік етуді тапсыру. Әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды жасау |
Қойылған сұрақтарға жауаптың толықтығын бақылау; Тапсырманы орындау кезіндегі өзбетіндік деңгейі; Танымдық белсенділігінің деңгейі; Рефлексия, өзін-өзі бағалау |
«Қыстап қалатын құстар мен жыл құстары» тақырыбымен таныстыру кезінде бақылау және назарға алу. Құндылықтар – құстарға қамқорлықпен қарау. |