Ауа райы: Солтүстік Қазақстанда боран соғады

0

2018 жылғы 27 желтоқсан 16:51 204

Ауа райы: Солтүстік Қазақстанда боран соғады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат — Солтүстік Қазақстан облысында 28 желтоқсанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстанда аяз әлсіреп, күн борайды. Қазгидрометтің мәліметінше, жұма күні күндіз аймақтың кей жерлерінде бұрқасын болып, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде жел екпіні 25 м/с дейін жетуі ықтимал.

«Осыған байланысты облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ескерту жариялап, өңірде тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар қабылдауды кеңес етеді», — делінген ведомствоның хабарламасында. 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz