Home Lifestyle ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША ЗЕРТХАНАЛЫҚ – ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША ЗЕРТХАНАЛЫҚ – ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

0
545

ХАМЗИН С.Қ. АБДУШКУРОВ Ф.Б.

ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША

ЗЕРТХАНАЛЫҚ – ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

Колледждер мен бакалавриаттар құрылыс

мамандықтарының студентеріне арналған

А С Т А Н А 2 0 0 4

К I Р I С П Е

Құрылыс материалдарының өнеркәсібі өзімен оның дамуына
Республикмыздың экономикалық потенциалы байланысты орасан зор саланы
көрсетеді. Материалдарға жұмсалатын шығындар құрылыс-құрастыру жұмыстарының
жалпы құнының жартысынан астамын құрайды. Құрылыс материалдарының өндірісі
толып жатқан шикі заттар шығару және өндірумен байланысты. Құрылыс
кешенінде күн сайын жаңа технологиялар, материалдар мен бұйымдар пайда
болады, олар Қазақстан Республикасының Стандарттының (ҚР СТ) және
Мемлекетаралық Стандарттарының (МСТ) талаптарын қанағаттандыру керек.
Құрылыс материалдарына ҚР стандарттары және МСТ-тар
дайындаушыларға заң болып саналады, олардың талаптарын барлық көрсеткіштер
бойынша қатал орындауды ескереді. Материалдардың зертханалық санауларында
сандық сипаттамалары сынау әдістеріне байланысты болғандықтан,
студенттермен оларды оқып білу және көрсеткіштерді бағалау негізіне
Қазақстан Республикасының стандарттарына және мемлекетаралық стандарттарына
сәйкес біріңғай әдістеме қабылданған.
“Құрылыс материалдары мен бұйымдары” пәнін оқып білу студенттерге іс
жүзінде негізгі құрылыс материалдарымен, олардың қасиеттерімен, осы
қасиетерді анықтау әдістерімен, оларды құрылыста дұрыс бағалап пайдалну
мақсатымен танысуға мүмкіндік беретін зертжханалық жұмыстар орындаумен қоса
жүреді.
Оқу құралын жасағанда Қазақстан Республикасының стандарттары (ҚР СТ),
мемлекетаралық стандарттар (МСТ) және құрылыс мөлшерлері мен ережелері
(ҚМЕ) пайдаланылған.
“Жаттықтыру” құрылыс материалдары бойынша негізгі оқылыққа оқу құралы
болғандықтан, мұнда студенттер оқитын көп жалпы мағлұматтар жоқ.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СТАНДАРТТАРЫ (ҚР СТ), МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ
СТАНДАРТТАР (МСТ), ОЛАРДЫҢ АТҚАРАТЫН МІНДЕТІ МЕН ҚҰРЫЛУЫ

Стандарттардың міндет атқаруы

Қазақстан Республикасында 1999 жылдың 19 шілдесінде “Стандарттау
туралы” заң қабылданған, ол стандарттау саласында қоғамдық қатынастарды
тәртіпке салады, мемлекеттік жүйенің, құқықтық негізін және стандарттау
бойынша мөлшерлік құжаттар жасаумен қолдану арқылы өнім саласы, процестер
(жұмыстар) және қызмет көрсету мәселелерінде мемлекет пен тұтынушылардың
мүдделерін қорғау шараларын анықтайды.
Құрылыс материалдарының стандарттары берілген қасиеттерімен
өнімдер шығаруды қамтамасыз етуге және жабдықтаушы мен тұтынушы арасындағы
өзара қатынастарын реттеуге арналған. Стандарттар құрылыс материалдары
өндірісінің технологиясы саласындғы жетістіктерді қамтып көрсетеді, құрылыс
материалдары өндірісінің техникасы өзгеруі мен жетілуімен бірге өзгереді
және жетіледі.
Кәсіпорындары берілген қасиеттерге сәйкес келетін өнім шығаруға
міндетті. Бұл мақсат үшін біріңғай республикалық мөлшерлер болуы керек.
Мұндай мөлшерлер мемлекетаралық стандарттарда және Қазақстан
Республикасының стандарттарында келтіріледі. Стандарттармен қатар –
құрлысшылар үшін негізгі басшылық құжат әрекеттегі “Құрылыс мөлшерлері мен
ережелері” (ҚМЕ) болады, оларда құрылыс материалдары, бұйымдары және
құралымдарының номенклатурасы мен негізгі өлшемдері, олардың сапасына
қойылатын негізгі талаптар, ғимараттар(үймереттер) тобына байланысты
құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құралымдарды іріктеу және қолдану
бойынша нұсқаулар және де құрылыс материалдарын, бұйымдарын және
құралымдарды тасымалдау мен сақтаудың негізгі ережелері келтіріледі.

Стандарттардың құрылуы

ҚР стандарттары және мемлекетаралық стандарттар белгілі пішін
бойынша шығарылады, өзінің нөмірі, бекітілген күні және оларды әрекетке
енгізу мерзімі болады. Стандарттар мен МСТ-тар жеке тараулардан тұрады,
олардың тізімі мен мазмұны төменде келтірілген:
1 тарау. Анықтама. Тарауда стандартталатын материалдың аты беріледі,
шикі зат көрсетіледі және қысқаша материал дайындау технологиясы
келтіріледі.
11 тарау. Жіктеу. Материалдың сорты мен маркасы, пішіні мен мөлшері
және өлшемдері және мүмкін ауытқулары көрсетіледі.
111 тарау. Техникалық шарттар. Сандартта көрсетілген әдістеме бойынша
сыналған материал қанағаттандыратын мөлшерлер келтіріледі. Өйткенмен, егер
материал стандартпен ескерілген сорттарға техникалық мөлшерлердің бір
бөлімі бойынша қанағаттандырылмаса, оны шартқа сәйкес емес, яғни сортты
емес деп санау керек.
Шартқа сәйкес емес материал алғанда дайындаушы зауытқа өтініштер ұсыну
керек, яғни шығындардың есесін толтыру туралы талаптар, бұл оның шығаратын
өнімінің сапасын көтеруге мүмкіндік туғызады.
IV тарау. Сынау әдістері. Зертханалық жұмыстар орындағанда осы
тарауға ерекше назар аудару керек, өйткені онда аспаптар бейнелеуі және
оларда жұмыс жүргізу ережелері беріледі. Жұмыс ережелерін сақтамау немесе
жұмыстағы салақтық қате нәтижелер алуға және сынақты қайталау қажеттілігіне
әкеліп соғады.
V тарау. Сынауға сынамалар іріктеу ережелері. Тек сынамалар
іріктегенде субъективтік амалдық мүмкіншілігін болғызбау үшін және алынатын
материалдың сапасын санамамен әбден нақты сипаттауға МСТ-да материалдың
түсетін партияларынан сынамалар іріктеп алу бойынша нұсқаулар кетіріледі
және іріктеп алынатын сынамалардың сандық мағыналары беріледі. Бұл сынаулар
үшін материал сынамаларын іріктеу мәселесі бойынша жабдықтаушы мен
тұтынушының арасындағы келіспеушілікті жояды.
VI тарау. Материалдарды буып-түю, таңбалау, сақтау және тасымалдау
ережелері. Материалдарды буып-түю, тасымалдау және қоймаларда сақтау
ережерелі туралы нұсқаулар оларды бұзылудан және жоғалудан қорғау мақсатын
көздейді. МСТ-тар мен стандарттар зауыттарды шығаратын өнімге оның сорты
мен маркасын көрсетіп паспорт беруді міндеттейді. Бұл материал сапасын
төмендететін себептерді табуға мүмкіншілік береді.
Стандарттар мен МСТ-дың қабылданған құрылуы материалдың сапалы
сипаттамаларын анықтауға, оларды құралымдарда пайдаланудың ұтымды жолдарын
белгілеуге мүмкіндік береді. Жабдықтаушы мен тұтынушы арасындғы өнім сапасы
мәселелері бойынша және сонымен байланысты оның құнын төлеу туралы туатын
таластарды шешеді.
Стандарттар мен МСТ-тар дайындаушыға шығаратын өнімнің сапасына, ал
тұтынушыға оны құралымдарда дұрыс пайдалануына жауапкершілік артады.

1. ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ФИЗИКА-МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

Барлық құрылыс матералдарының өзіне тән негізгі қасиетерін келесі
топтарға бөлуге болады.
1.Физикалық қасиеттері, мыналарды сипаттайды:
– хал-жайының параметрлері: шын тығыздығы, орташа тығыздығы,
үйілген тығыздығы, салыстырмалы тығыздығы, кеуектігі;
– материалдың суға қатынасы (гидрофизикалық): су сіңіруі,
капиляр соруы, ылғал тартқышы, дымқылдығы, су өтпеушілігі, гидрофобтығы,
гидрофильдігі, дымқылдық деформациялары, аязға төзімділігі, суға
төзімділігі;
– материалдың жылуға және жоғары температураларға қатынасы (жылу
физикалық): жылу өткізгіштігі, жылу сыйымдылығы, отқа беріктігі.
2.Механикалық қасиаттері, материалдың сыртқы күштер әсеріне қарсы
тұру қабілетін сипаттайды: серпімділікті, сынғыштықты, беріктікті,
қаттылықты, уатылуды, тозуды, релаксацияны.
3.Химиялық қасиеттері, әр түрлі химиялық орталар әсер еткенде
материалдың шыдамдылығын сипаттайды: атмосфераға тұрақтылықты, тұзға
төзімділікті, қышқылға төзімділікті, сілтіге төзімділігін.
4.Ұзақ уақыттық, сенімділік – материалдардың пайдалану барысында
өзінің физика-механикалық қасиеттерін көрсететін қабілеттілігін сипатайтын
қасиеттері.
Материалдың барлық қасиеттерін оның құрамы мен құрылымымен, әсіресе
кеуектің көлемі және түрімен анықталады. 1.1- кестеде кейбір құрылыс
материалдарының негізгі қасиеттері келтірілген.
1.1. Физикалық қасиеттері
1.1.1. Шын тығыздықты анықтау

Шын тығыздық ρ – көлем дене тығыздығы анықталатын нүктеге
жиналғандағы массаның көлемге қатынас шегі ( яғни олардағы саңылаулар мен
қуыстарды есепке алмағанда).
1.1-кесте
ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Материал Шын Орташа Жылу Сығуға
аты тығыз-дығытығыз-дығы өткіз-гішберіктік
, , Кеуектігі, тік шегі,
гсм3 гсм3 % коэфи-ценМПа
ті,
Ваттм
град
1 2 3 4 5 6
Болат 7,85 7,85 0 58 380-450
Бетон (ауыр) 2,60 2,20-2,50 8-12 1,28-1,5510-60
Бетон (жеңіл)2,60 0,50-1,80 50-80 0,20-0,4515-30
Гранит 2,70 2,67 1,40 2,80 150-130
Жанар тау 2,70 1,40 52,00 0,50 30,40
туфы
Кәдімгі 2,65 1,80 32,00 0,75 7,5-30
кірпіш
Қуыс кірпіш 2,65 1,30 51,0 0,50 7,5-25
Әйнек 2,60 26,00 0 0,80 700
Көбік әйнек 2,60 0,30 88,00 0,11 –
Қарағай 1,53 0,50 67,00 0,17 30-40
(талшық бойы)
Әйнек 2,00 2,00 0 0,50 300-500
пластикасы
Көбік қабат 1,07 0,20 90,0 0,03 0,4

Аспаптар: пикнометр (Ле-Шателье Кандло колбасы) (1.1-сурет.),
аналитикалық таразы, №008 елек (918тесіксм2), 10х10 см шыны.
Материалдар: кептірілген және шар диірменде не келіде ұсатылған кез
келген құрылыс материалы.

1.1 – сурет. Ле Шателье Кандло колбасы

Пикнометр өзімен орта бөлігі кеңейтілген тар ұзын мойны бар әйнек
сауытты көрсетеді. Кеңейтілген бөлігінен жоғары және төмен белгілер
түсірілген, олардың аралығында көлем белгіленген. Пикнометрді зерттелетін
материалға қатынасы оқшау төменгі белгіге дейін сұйқтықпен толтырады. Әйнек
тілігінде 100 г ұсақталған, кептірілген материал өлшенеді және оны азғантай
үлестермен байқап сұйықтық денгейі жоғарғы белгіге жеткенше аспапқа салады.
Зертелетін материалдың қалғаны өлшенеді.
Шын тығыздықты 0.01 гсм3 дейін дәлдікпен орташа арифметикалық мағынасы
ретінде мына формула бойынша анықтайды
ρ = m – m1 Va ,

мұндағы ρ – материалдың шын тығыздығы, гсм3; кгм3;
m – сынаққа дейінгі материал массасы, г; кг;
m1 – сынақтан кейінгі материал массасы, г; кг;
Va. – қысып шығарылған сұйықтың көлеміне тең материалдың
абсолюттік көлемі, см3; м3.

Шын тығыздықты екі анықтауының нәтижелері арасындағы айырмашылық 0,02 гсм3
аспауы керек. Үлкен айырмашылықтар болған жағдайларда үшінші анықтау
жүргізіледі және екі ең жақын мағыналарының орташа арифметикалық мағынасы
есептелінеді Сынау нәтижелері 1.2 – кестеге енгізіледі.
1.2 – кесте
Тығыздықты анықтау нәтижелері

Сынақтан Көлем Материал-дың
Материал Ұнтақ кейін қалғанөлшегіштегі шын
аты өлшемдігі, өлшемдік, ұнтақ тығыздығы,
г г массасы, г гсм
1 2 3 4 5

1.1.2. Орташа тығыздығы анықтау

Орташа тығыздық ρо – бұл табиғи күйдегі материал көлемі бірлігінің
массасы
ρо = m Vт ,

мұндағы ρо – орташа тығыздық, гсм3; кгм3;
m – материал массасы, г; кг;
Vт – табиғи күйдегі көлем, см3, м3.

Құрылыс материалдарының көпшілігінде саңылаулар болады. Неғұрлым олар
материал көлемі бірлігіне көп болса, соғұрлым оның орташа тығыздығы кіші,
материалдың орташа тығыздығына бірқатар оның физика-механікалық қасиеттері
байланысты болады, мысалы: беріктігі, жылу өткізгіштігі. Орташа тығыздықтың
мағынасы құрылыс құралымдарының кеуектілігін, массасын және өлшемдерін
анықтауға қолданылады. Орташа тығыздылығын анықтағанда нұсқаулардың дұрыс
та және дұрыс та емес геометриалық пішінін пайдалануға болады.
Аспаптар: штангенциркуль, сызғыш, көлем өлшеуіш немесе Архимед
таразы, стандартты құйғыш, аналитикалық таразы.
Материалдар: құрылыс материалдарының үш түрі: геометриалық пішіні
дұрыс, дұрыс емес және сусымалы.

1.1.2.1. Орташа тығыздықты геометриалық пішіні дұрыс нұсқаларда
анықтау

Текше пішіні бар нұсқа алынады және 1.2-суретте көрсетілгендей әр қыры
үш жерде өлшенеді. Әр қырдың соңғы өлшеміне үш өлшемнің орташа
арифметикалық мағынасы қабылданады. Өлшеуді 0,1 мм дейінгі дәлдікпен
өндіреді.
Цилиндрлік пішінді нұсқаның көлемі екі өзара перпендикулярлы
диаметрлерді өлшеумен өндіріледі. Бұдан басқа цилиндлер биіктігінің ортасы
бойынша диаметрлердің шамасын өлшеу керек. Нұсқа биіктігі 1.3-суретте
көрсетілгендей шеңбермен диаметрлердің қиылысу нүктелерінде өлшенеді
нүктелерінде өлшенеді.
Көлемді анықтаған соң, егер нұсқа салмағы 100 г артық болса, 0,01г
дейінгі дәлдікпен таразда нұсқа массасы анықталады.Егер нұсқа массасы 100
г аз болса 0,001г дейінгі дәлдікпен анықталады.

1.2 – сурет. Дұрыс текше пішінді нұсқаны өлшеу

1.3 – сурет. Цилиндрлік пішінді нұсқаны өлшеу

Нұсқаның орташа тығыздығы былай анықталады

ρо = m Vц ,

мұндағы ρо – заттың орташа тығыздығы, гсм3; кгм3;
m – нұсқа массасы, г; кг;
Vц – нұсқа көлемі, см3; м3.

Цилиндрлік пішінді нұсқаның көлемі

Vц = π d 2 h 4 ,

Сынау нәтижелері 1.3-кестеге енгізіледі.
1.3 – кесте
Орташа тығыздықты анықтау нәтижелері

Орташа
Материал Нұсқа Нұсқа өлшемдері, Нұсқа Нұсқа тығызды-
аты пішіні см көлемі, массасы,ғы
см г
ені диа-метбиікті гсм[кгм[
рі – pic] pic]
гі
1 2 3 4 5 6 7 8 9

1.1.2.2. Орташа тығыздықты геометриялық пішіні дұрыс емес
нұсқаларда анықтау

Геометриялық пішіні дұрыс емес нұсқалардың орташа тығыздығын анықтау
үшін парафиндеу әдісін қолданады.Бұл үшін алдын ала кептірілген пішіні
дұрыс емес нұсқа техникалық таразыда өлшеніледі. Сосын нұсқа бояу жаққыш
арқылы парафиннің жұқа қабатымен сыланады және енді парафинмен бірге
техникалық таразыда қайтадан өлшенеді. Тек сонан – соң ғана гидростатикалық

таразыда өлшенеді (1.4-сурет).
Заттың орташа тығыздығын мына формула бойынша есептейді

ρo = m V1 – Vп ,

1.4 – сурет. Гидростатикалық таразы

мұндағы m – құрғақ күйіндегі нұсқа массасы, г;
V1 – парафимен бірге нұсқа көлемі, см3;
Vп – парафин көлемі, см3;
ρо – заттың орташа тығыздығы, гсм3.

Vп = m1 – m ρп ,

мұндағы m – парафинсіз нұсқа массасы, г;
m1 – ауада парафинмен бірге нұсқа массасы, г;
ρп – парафин тығыздығы – 0,93 гсм3.

V1 = m1 – m2 ρс ,

мұндағы m2 – суда парафинмен бірге нұсқа массасы, г ;
ρс – су тығыздығы – 1,0 гсм3 .

Сынау нәтижелері 1.4. – кестеге енгізіледі

4 – кесте
Орташа тығыздықты анықтау нәтижелері

Орташа
Нұсқа массасы, г Массаның тығыздық
суда
жоғалуы
Материал немесе
нұсқа
көлемі,
см3
құрғақ ауада суда
күйінде парафин-депарафин-де
және лген лген гсм3 кгм3
ауада, нұсқа-ның,нұсқа-ның,
г г г
1 2 3 4 5 6 7

1.1.3. Сусымалы материалдардың үйілген
тығыздығын анықтау

Үйілген тығыздық ρүй – түйірлі не ұнтақ материалдар массасы мен
бөлшектерінің арасындағы кеңістікті қоса алғанда олардың ие болатын
көлемінің қатынасы.
Өлшеуіш сауыт өлшеніледі және май құйғыш астына қойылады (1.5-сурет).
Май құйғышқа зертелінетін материал салынады. Май құйғыштың қақпасын ашып,
сауытты бас жағы пайда болғанша толтырады, сосын оны сызғышпен кесіп алып,
сауытты материалмен өлшейді. Үйілген тығыздық үш өлшеудің орташа
арифметикалық мағынасы ретінде мына формула бойынша анықталады.

ρүй = m1 – m2 V ,

мұндағы m1 – материалмен бірге өлшеуіш сауыттың массасы, кг;
m2 – өлшеуіш сауыттың массасы, кг;

V – өлшеуіш сауыттың көлемі, м3.

1.5-сурет. Үйілген тығыздықты анықтауға арналған май құйғыш

Сынау нәтижелері 1.5 – кестеге енгізіледі
1.5-кесте
Үйілген тығыздықты анықтау нәтижелері

Массасы, г
Материал Үйілген
Материал көлемі, тығыздық,
см3 гсм3
өлшеуіш материал-дыматериалды
сауыт-тың ң сауыттпенң
бірге
1 2 3 4 5 6

1.1.4. Кеуектіні анықау

Кеуектік – материал көлемін саңылаулар толтыру дәрежесі. Кеуектік
көбінесе материал көлемінен пайызбен көрсетіледі.
Кеуектіні анықтаудың тікелей әдісі материалдағы саңылау кеңістікті
сұйылған гелиймен немесе басқа ортамен орнын бастыруға негізделген.
Кеуектіні анықтаудың эксперименттік – есептік әдісі шын және орташа
тығыздықтың мағыналарын анықтау үшін пайдаланылады. Кеуктік мына формула
бойынша анықталады.

К = (1 – ρо ρ) 100% ,

мұндағы К – кеуектік, % ;
ρо – орташа тығыздық, гсм 3 ;
ρ – шын тығыздық, гсм3.

1.1.5. Жылу өткізгіштікті анықтау

Жылу өткізгіштік деп жылуды бір беттен басқаға беретін материалдың
қасиетін атайды. Бұл қасиет жылылықты өткізбейтін материалдардың үлкен
тобына калай болса, үймереттердің сыртқы қабырғалары мен жабындарын жасауға
қолданатын материалдарға да сондай ең маңызды болады. Ауаның жылу
өткзгіштігі λ =0,023 Втм град, бұл құрылыс материалының қаңқасын құрайтын
қатты заттан едәуір кіші. Сондықтан материалдың кеуекті болуын ұлғайту оның
жылу өткізгіштігін азайтудың негізгі тәсілі болады. Материалдың жылу
өткізгіштігінің көрсеткіші жылу өткізгіштік коэфиценті болады, ол оның
кеуекті болуына байланысты және профессор В.Н. Некрасовтың эмпиризмдік
формуласымен көрсетіледі

λ =1,16- 0,16 ,

мұндағы λ – жылу өткізгіштік коэфиценті;
ρо – орташа тығыздық, гсм3.

1.2. Механикалық қасиеттер

1.2.1. Сығуда және иілісте беріктікті анықтау

Материал беріктігі беріктік шегімен – нұсқаның қыйрауына қозғайтын
тиісті күштің ең үлкен кернеуімен сипатталады.
Аспаптар: гидравликалық пресс, сызғыш.
Материалдар: дұрыс пішінді нұсқалар түріндегі бетон, ерітінді (текше,
цилиндр, параллелепипед) – беріктікті сығуға анықтау үшін;
4х4х16 см арқалықтар – беріктікті иіліске анықтау үшін.

1.2.1.1. Сығуға беріктік шегін анықтау

Анықтау әдістемесі: нұсқаның көлденең өлшемдерін өлшейді, сосын оны
қысатын күштер әсерінің астында пресспен қыйрауға ұшыратады.
Сығуға беріктік шегінің шамасы Rсығ, кгссм2 не МПа, мына формула
арқылы есептелінеді

Rсығ = P F = n . Fп F ,

мұндағы P – қыйрату жүгінің шамасы, кгк;
F – көлденең қиманың ауданы, см2;
n – манометр көрсетулері, кгк;
Fп – поршень ауданы, см2 .

Сынау нәтижелері 1.6- кестеге енгізіледі.
1.6-кесте
Беріктік көрсеткіштері
Нұсқа өлшемдері, Көл-денең
см , Мано-меПор-шень Қира-туСығуға
Мате- қима-сынытр ауданы, жүгі, беріктік
риал ң ауданы,көрсе-тсм2 кгк шегі,
см2 улері кгксм2
(МПа)
1 жа-ғы 2
жа-ғы диа-метрі
1 2 3 4 5 6 7

1.6-сурет. ЛКИ-3 типті майдалау шеңбері

1 – майдалайтын диск; 2 – сыналатын нұсқалар;
3 – жүктейтін құрылғы; 4 – айналымдар санауышы;

Өзін-өзі әзірлеуге арналған сұрақтар

1. Орташа тығыздық деген не? Формуласы мен өлшемін жазыңыз.
2. Материалдың шын тығыздығы. Анықтау формуласы.
3. Ылғал тартқыштық деген не?
4. Су сіңіруі және оны анықтау тәсілі.
5. Дымқылдықтың материал қасиеттеріне әсері.
6. Кеуектік деген не және ол қалай көрсетіледі?
7. Кеуектіге байланысты құрылыс материалдардың қасиеттері.
8. Материалдың аязға төзімділігі, оны анықтау тәсілдері.
9. Кеуекті болудың және саңылау түрінің аязға төзімділікке әсер етуі.
10. Су өтпеушілік. Ол қалай анықталады?
11.Материалдың жылу өткізгішті деген не? Жылу өткізгіштікті анықтайтын
формуланы жазыңыз.
12. Жылу өткізгіштікке саңылау құрылымы және температура қандай әсер етеді?
13. Отқа беріктік. Отқа беріктік дәрежесі бойынша құрылыс материалдардың
айырмашылығы.
14. Отқа төзімділік. Отқа төзімділік дәрежесі бойынша құрылыс
материалдардың айырмашылығы.
15. Материал беріктігінің анықтамасын беріңіз.
16. Материал беріктігіне әсер ететін факторлар.
17. Жұмсау коэффициенті деген және ол қалай көрсетіледі?
18. Материал қаттылығы, оның анықтамасы.
19. Газ өтпейтіндігі деген не? Қандай материалдар үшін бұл қасиет қажет.

2. ТАБИҒИ ТАС МАТЕРИАЛДАРЫ

Табиғи тас материалдары не тау жыныстары деп бір (мономинералды)
немесе бірнеше (полиминералды) минералдардан тұратын минералды қоспаны
атайды. Минерал деп жер қыртысында болатын физика-химиялық процестер
нәтижесінде пайда болатын химиялық құрамы және физика-механикалық
қасиеттері бойынша табиғи біртекті денені атайды
Пайда болу жағдайларына байланысты тау жыныстары үш түрге бөлінеді:
алғашқы не магмалық; екінші не шөгінді; түрі өзгерген не метаморфиялық.
Алғашқы не магмалық жыныстар жер тереңдігінен төгілген және қатып
қалған магмадан пайда болған. Бұл жыныстар терең жататындарға
(интрузивтілерге) және төгілгендерге (эффузивтілерге) бөлінеді. Терең
жататындар жоғары температура және жоғары қысым жағдайларында жер бетінен
үлкен тереңдікте магма суыну нәтижесінде пайда болған. Төгілген жыныстар
жер бетінде (ең жаңа) немесе жер бетіне жақын (ежелгі) магма суыну
нәтижесінде пайда болған.
Екінші не шөгінді жыныстар басқа бұрын пайда болған жыныстар
(сынық) желге мүжілу нәтижесінде, организмдер қалдықтарынан
(органогенділер) және су ерітінділерінен тұздар тұнудан (химиялық) пайда
болған.
Түрі өзгергендер не метаморфиялық жыныстар жоғары температура мен
үлкен қысымдар әсерінен магмалық және шөгінді жыныстардың терең өзгерістері
(қайта кристалдану) нәтижесінде пайда болады.

2.1. Жыныс құрайтын минералдарының қасиеттерін
оқып білу

Тау жыныстарының құрылыс қасиеттері жыныс құрайтын минералдарының
химиялық құрамымен және олардың негізгі физика-механикалық қасиеттерімен
анықталды. Оқу зертханасы жағдайларында жыныс құрайтын минералдың түрін
балға, болат ине, лупа, металл өлшеу сызғыш, тұз қышқылының 10% ерітіндісін
және тағы минерал-эталондарының жиынтығын қолданып анықтауға болады.
Зертханалық оқулары жүргізілгенде минерал-эталондарының жиынтығы
беріледі, олар оқулық, минералдар коллекциясын пайдаланып олардың
қасиеттерін оқып біледі. Ең алдымен нұсқаның сыртқы белгілерін эталонмен
(түсі, жалтырағы, құралымы) және шамамен зерттелетін минералдың аты
айтылады. Сосын алдын ала шешімдерді тексеру үшін Моостың қаттылық шкаласы
(2.1-кесте) көмегімен минерал қаттылығын анықтайды және 2.2-кестенің бос
графалары толтырылады.

2.2. Тау жыныстарының қасиеттерін оқып білу

Тау жыныстарының, минералдардың коллекциясын, оқу әдебиеттерін,
дәрістер конспектерін пайдаланып негізгі минералдар мен тау жыныстарының
қасиеттерін байқап білу және олардың құрылыста қолдану саласын анықтау
керек. Минералдар мөлшері , олардың түрі мен құралымы бойынша тау жынысының
түрін, сосын шамамен оның қасиетін анықтауға болады. 2.3-кестенің бос
графаларын толтыру керек.
2.1- кесте
Минералдардың қаттылық шкаласы

Қаттылық Минерал аты Минералдар сипаттамалары
көрсеткіші
1 2 3
1 Тальк Тырнақпен жеңіл сызылады
2 Гипс Тырнақпен сызық қалдырады
3 Кальцит Болат пышақпен жеңіл
сызылады
4 Балқыма шпат Азғантай қысыммен болат
пышақпен сызылады
5 Апатит Қатты басқанда болат
пышақпен сызылады, әйнек
сызбайды
6 Ортоклаз (дала шпаты) Аздап әйнек тырнайды, болат
пышақ сызық қалтырмайды
7 Кварц Әйнек жеңіл сызады, болат
пышақ сызық қалтырмайды
8 Топаз Сондай
9 Корунд Сондай
10 Алмаз Сондай

2.2-кесте
Негізгі жыныс құрайтын минералдар

Моос
Рет Минералдар Химия- Тығыз-дшкаласы Өзгеше
№ атауы лық ығы, бойынша Түсі ерекшелігі
форму-лагсм2 қаттылы-ғы
сы
Кварц тобы
1 Кремнезем 2,65 7
2. Жылтыр тас 2,30 2
Алюминий силикаттарының тобы
3. Корунд 3,80 9
4. Диаспор 3,40 4
5. Дала шпаттары:
а) ортоклаз
б) альбит 2,55 6
2,76 6
6. Слюдалар:
а) мусковит 2,30 2-3
б) биотит 2,30 2-3
в) вермикулит 2,30 2-3
7. Каолинит 2,28-2,1
59
Темірлі-магнезиалы силикаттардың тобы
8. Авгит 3,2-3,65,5-7,5
9. Мүйіз қоспа 3,1-3,55,5-7,5
10. Хризотил-асбест 3,2-3,65,5-7,5
Карбонаттар тобы
11. Кальцит 2,7 3,0
12. Магнезит 2,5-2,93,5
13. Доломит 2,1-2,84,0
Сульфаттар тобы
14. Гипс 2,3 2,0
15. Ангидрит 2,9 3,0-3,5

Кесте-2.3
Негізгі тау жыныстары

Рет Тау жыныстары- Қандай
№ ның атауы түрге
жатады
1 2 3
1 2 3 4 5
Ұзындығы 250 мм ±5
Ені 125 мм±4
Қалыңдығы 65 мм ±3
Қырлары мен
қабырғаларының тура
сызықты еместігі,
артық емес, мм ±3
төсемі бойынша ±3
бүйірі бойынша ±4
Бұрыштардың (қырлардың)
сынулары 10-15 мм, дана
2
Қуыстарға жетпейтін
қырлардың сынулары мен
жапырылулары, тереңдігі
5 мм астам 10- нан 15 мм
дейін, дана 2
Толық денелі кірпіштің
төсемі бойынша ұзын-дығы
30 мм дейін, қуыс денелі
бұйымдарға қуыстардың
бірінші қатарына дейін
артық емес, дана
бүйір қырларында
үшкір қырларында 1
1
Күйдіру дәрежесі Эталон
Ізбес қосылыстарының ең
үлкен өлшемі бойынша 5-
тен 10 мм дейін болуына
рұқсат етілмейді, дана
3

.

3.2-кесте
Су сіңіруді анықтау

Құрғақ кірпіштің
№ массасы, Суға шылыққан кірпіштіңСу сіңіруі,
г массасы, %
г
1 2 3 4

Екінші тәсіл. Өлшенген нұсқаны суы бар сауытпен торға орналастырады
әне 4 сағат бойы қайнатады, онан кейін сауытқа үздіксіз суық су құюмен +20
0С дейін суытады, сонан-соң суға шылыққан нұсқаны өлшейді.
Маркасы 150 және жоғары толық денелі кірпіштің су сіңіруі 6 % кем
емес, ал басқа маркаларының кірпіші үшін 8 % кем болмауы керек.

3.3 Кірпіштің маркасын анықтау

Кірпіш маркасы сығуға және иіліске беріктік шегі мағыналарының орташа
және ең аз нәтижесі бойынша анықталады.
Аспаптар: сфералық шыны аяқ, қалақша, әйнек пластиналар, жапырақ қағаз,
күрекше, металл сызғыштар, суы бар сыйымдылық, өлшеуіш цилиндр, техникалық
таразы және гидравликалық пресс.
Материалдар: маркасы 300 кем емес портландцемент.

а) Сығуға беріктікті анықтау

Портландцементтен болат аяқта су–цемент қатынасы 0,24- 0,30
шектеріндегі қамыр дайындалады.
Сынауға таңдап алынған кірпіштер арамен кесетін станокта дөңгелек
арамен екі тең бөлікке кесіледі.
Нұсқалар дайындау алдында кірпішті 5 минуттан кем емес уақытқа суға
батырылады.
Әйнек табағына суланған қағаз жапырағын төсейді, оған қалығдығы 4 мм
жуық цемент қамырын жағады және кірпіштің жартысын салады. Кірпіштің осы
жартысының үстінгі бетіне тағы цемент қамырын жағады және үстіне кірпіштің
екінші жартысын төсейді, қағаздағы және жіктегі цемент қамырының артығын
пышақпен кесіп алады. Нұсқаның үстінгі бетін тегістеу үшін қайтадан қағазы
және қамыры бар әйнек табағын алады және нұсқаны аударып осы қамырға
жатқызады. Жіктердің және тегістегіш қабаттардың қалыңдығы нұсқалардың
үстінгі және астыңғы беттерінде 3мм- ден 5мм дейін болу керек. Дайындалған
нұсқаларда өзара параллелъ және бүйір қырларына перпендикулярлы беттер
болуы керек (3.2-сурет).
Бүтін кірпіштен желімделген нұсқаларды сынауға рұқсат етіледі.
Дайындалған нұсқаулар теипературасы 20+30 С және салыстырмалы
ылғалдылығы 90-95% үш тәуліктен кем емес әдеттегі қатыру камерасында
ұсталады. Сызғышпен нұсқаның әр төсемінің ені мен ұзындығын 1мм дейінгі
дәлдікпен өлшейді және екі бет өлшемдерінің орташа арифметикалық нәтижелері
ретінде ауданы есептелінеді. Нұсқалар престің тіреу тақтасының ортасына
орналастырылады. Сынағанда жүктеме үздіксіз 0,15 МПас жылдамдықпен өсу
керек.
Нұсқаның сығуға беріктік шегі, Rс, кгксм2, мына формула бойынша
есептелінеді
Rсж = Р F ,

мұндағы Р – нұсқаны сынағанда белгіленген ең үлкен жүктеме, кгк;
F – нұсқаның үстінгі және астыңғы аудандарының орташа
арифметикалық мағынасы ретінде есептелінген көлденең қимасының ауданы,
см2.

3.5-сурет. Сығуға сынау үшін кірпіштен жасалған текше

Нұсқалардың сығуға беріктігінің орташа шегін сығуға беріктік шегі
бойынша орташа арифметикалық мағынасы ретінде 1 кгксм2 дәлдікпен
есептейді. Сынау нәтижелері 3.3-кестесіне жазылады.
3.3-кесте
Сығуға беріктігін анықтау
Қима Қима Пресс ҚирататынжүСығуға
№ өлшемдері, ауданы, манометр ктеме, кгкберіктігі,
см2 см2 көрсету-лер кгк см2
і
а в
1 2 3 4 5 6 7

б) Иіліске беріктікті анықтау

Аспаптар мен материалдар: дәл кірпіштің сығуға беріктігін анықтауға
қолданғандардай.
5 минут бойы кірпішті сумен шылықтырады, осыдан соң үстіңгі төсемде,
жүктеме беретін жерде және астыңғы төсемде, кірпіштің тіреуге тірелетін
жеріне ені 2-3 см және қалыңдығы 3-5 мм жуық цемент қамырынан жасалған
белдеулер қондырылады. Белдеулер металл сызғыштар не үлгілер көмегімен
жасалады. Қуыс денелі кірпіште қуыстары тіреулерге ілігетіндерді оларға
белдеулер қондыру алдында цемент ертіндісімен толтырылады. Белдеулердің
орнына нұсқау бетін тегістеуге рұқсат етіледі.
Нұсқаулар сынауға дейін температурасы +20 0С бөлмеде 3 тәуліктен кем
емес ұсталынады.
Нұсқаның биіктігі бүйір қырларының екі өлшемдерінің орташа
арифметикалық мағынасы ретінде (тегістегіш қабаттың қалыңдығын қоспағанда)
және ені – үстіңгі және астыңғы қырларының екі өлшемдерінің орташа
арифметикалық мағынасы ретінде анықталады. Кірпіш орталарының аралық
қашықтығы 20см диаметрі 10-15 мм екі цилиндр тіреулеріне орнатылады және
аралық ортасына шоғырланған жүктеме орнатылады (3.6-сурет). Сынағанда қуыс
денелі кірпіш қуыстарымен төмен қарай төселеді.
Нұсқаның иіліске беріктік шегі Rиіл, кгксм2, мына формула бойынша
есептеледі
Rиіл = 3Р l1 2b h2 ,

мұндағы Р – нұсқаны сынағанда белгіленген ең үлкен жүктеме, кгк;
l1 —тіреулер өстерінің арасындағы аралық, см;
b —нұсқа ені, см;
h — тегістегіш қабатысыз аралық ортасы бойынша нұсқа
биіктігі, см.

3.6-сурет. Кірпішті иіліске сынау үлгісі

Партиядағы нұсқалардың иіліске беріктік шегі нұсқалардың белгіленген
санын сынау нәтижелерінің орташа арифметикалық мағынасы ретінде 0,5
кгксм2 дейінгі дәлдікпен есептелінеді.
Партияда нұсқалардың иіліске беріктік шегін есептегенде беріктік шегі
барлық нұсқалардың беріктік шегінің орташа мағынасынан 50 % астам ауытқуы
бар және әр жағына бір нұсқа бойынша астам емес нұсқалар есепке алынбайды.
Иіліске беріктік шегінің орталанған мағынасы бойынша кірпіш маркасы
анықталады. Сынау нәтижелері 3.4- кестеге жазылады.
3.4- кесте
Иілісте беріктік шегін анықтау

ТіреулерараКірпіш Кірпіш Мано-метрҚирату Иіліске
№ сындағы ені, қалыңды-ғыкөрсетулежүкте-месібе рік-тіг
аралық, см см , см рі , кгк і ,
кгксм2
1 2 3 4 5 6 7

Кірпіш маркасы туралы жалпы қорытындыны (3.5- кесте) марканың орташа
және ең аз көрсеткіші бойынша қабылдай отыра сығуға және иіліске сынау
нәтижелері бойынша жасау керек.

3.5- кесте
Сығуға және иіліске беріктігі бойынша МСТ530–95
талаптары,МПа (кгк см2)
Сығуда Иілісте

Бұйым
маркасы
пластикалы жартылай тайланған
бұйымдардың барлық қалыпталған толық кірпіштің және қуыс
түрлері денелі кірпіштің денелі кірпіштің
5 айы- 5 айы-рым 5 айы-рым
нұсқа-лар рым нұсқа нұсқа-ларнұсқа нұсқа-ларнұсқа
үшін үшін ең үшін үшін ең үшін үшін ең
орташа-сы азы орташа-сыазы орташа-сыазы

300 30,0 (300)25,0 (250)4,4 (44) 2,2 (22) 3,4 (34) 1,7 (17)
250 25,0 (250)20,0 (200)3,9 (39) 2,0 (20) 2,9 (29) 1,5 (15)
200 20,0 (200)17,5 (175)3,4 (34) 1,7 (17) 2,5 (25) 1,3 (13)
175 17,5 (175)15,0 (150)3,1 (31) 1,5 (15) 2,3 (23) 1,1 (11)
150 15,0 (150)12,5 (125)2,8 (28) 1,4 (14) 2,1 (21) 1,0 (10)
125 12,5 (125)10,0 (100)2,5 (25) 12 (12) 1,9 (19) 0,9 (9)
100 10,0 (100)7,5 (75) 2,2 (22) 1,1 (11) 1,6 (16) 0,8 (8)
75 7,5 (75) 5,0 (50) 1,8 (18) 0,9 (9) 1,4 (14) 0,7 (7)

Өзін- өзі әзірлеуге арналған сұрақтар

1. Керамика кірпішіне өлшемдері және сыртқы белгілері қойылатын талаптар
қандай?
2. Кірпіштің орташа тығыздығын қалай анықтау керек?
3. Кірпіштің күймегені деген не, кірпіштің механикалық қасиеттеріне
күймегені болуы қандай әсер етеді?
4. Кірпіш сапасына ізбес қосылыстары қандай әсер етеді,кірпіште ізбес
қосылыстарының болуы қалай анықталады?
5. Механикалық сипаттамалары бойынша кірпішке қойылатын негізгі талаптар
қандай? Кірпіш маркалары. Кірпіштің механикалық қасиеттерін анықтау
әдістері.
6. Кәдімгі керамика кірпіштің орташа тығыздығы, су сіңіруі және аязға
төзімділігі
7. Кәдімгі керамика кірпіштің жылу физикалық сипаттамалары (жылу
өткізгіштігі, отқа беріктігі, отқа төзімділігі).
8. Снитарлық- техникалық керамиканың түрлері .
9. Қыш тақтайшалар түрлері.
10. Күйдірумен жасалған жеңіл кеуекті толтырғыштардың түрлері.

4. ОРГАНИКАЛЫҚ ЕМЕС (МИНЕРАЛДЫ) БАЙЛАНЫСТЫРҒЫШ

ЗАТТАР

Органикалық емес не минералды байланыстырғыш заттары деп физика-
химиялық процестер нәтижесінде сумен араластырған кезінде өздігінен қатуға
қабілетті созымды-жабысқақ қамыр құрайтын ұнтақ тәрізді материалдарды
атайды. Қату шарттары бойынша байланыстырғыштар 3 топқа бөлінеді:

– ауада қатуға және ұзақ уақыт беріктікті сақтауға қабілетті ауа
байланыстырғыштары (ауа ізбесі, магнезиалды байланыстырғыш, гипстік
байланыстырғыш,сұйық шыны,қышқылға төзімді цемент);

– тек ауада ғана емес,суда да солай қататын және ұзақ уақыт беріктікті
сақтайтын гидравликалық байланыстырғыштар (партландцемент және оның бір
түрлері,цементтер,гидравликалы ізбес,роман цемент);

– шылыққан су буы және жоғары қысым ортасында (0,8-1,5МПа) қататын
автоклавта қатылатын байланыстырғыштар (ізбес-кремнеземді, ізбес-
күлді, ізбес-шлакты, нефелинді цемент және т.б.).

4.1. Құрылыс гипсі

Гипстік байланыстырғыш заттар табиғи гипс тасын (CaSO4 x 2H2O),
ангидритті (CaSO4) не химиялық өнеркәсіптің қалдықтарын жылумен өңдеу
температурасына байланысты гипс байланыстырғыштары 2 топқа бөлінеді:
төмен күйдірілген және жоғары күйдірілгендерге.

Төмен күйдірілген гипс байланыстырғыштары табиғи гипс тасын
кальций сульфатының жартылай гидратына дейін (CaSO4 x 0,5H2O) жылумен
өңдегенде алынады. Оларға құрылыс, қалыптайтын және жоғары берікті гипс
жатады.

Жоғары күйдірілген гипс байланыстырғыштары шікі затты 600-1000оС
температураларда күйдіру арқылы алынады және ангидридтен (CaSO4) тұрады.
Оларға жоғары күйдірілген гипс және ангидритті цемент жатады.

Сынаулар МСТ23785-79 сәйкес жүргізіледі.

4.1.1. Гипс қамырының су қажеттілігін анықтау

Гипс қамырының су қажеттілігіне стандартты консистенциялы қамыр алу
үшін қажет байланыстырғыш массасынан пайызбен көрсетілетін су мөлшері
қабылданады.Бұл шама гипс қамырының ұстасу мерзімдерін және гипс тасының
беріктігін анықтауға қажет.

Аспаптар: Суттард вискозометрі (4.1 – сурет), секундомер, таразы,
қамыр дайындайтын резеңке тостаған, бұлғауыш, өлшеуіш цилиндр.

Материалдар: құрылыс гипсі

Алдын ала дымқылды матамен сүртілген таза аяққа гипс массасынан 50-70% су
құйады, сосын суға 300г гипс байланыстырғышын себеді, суға гипсті салу
басынан уақыт есебімен 30 секунд бойы қамыр араластырылады.Араластыру
аяқталған соң цилиндр гипс қамырымен толтырылады, артығы сызғышпен кесіп
алынады. Цилиндр мен әйнек алдын ала матамен сүртіледі. Гипсті суға
салғаннан бастап 45 секундтан соң цилиндрді өте тез 15-20 см биіктікке тік
жоғары көтереді және шет жаққа бұрады. Шелпектің жайылу диаметрі екі
перпендикулярлы бағыттарда өлшенеді. Егер жайылу диаметрі

4.1-сурет. Суттард вискозиметрі

а) –жиналған түрінде; б) –гипс қамырынан жасалган шелпектін жайылуы ; 1-
жез цилиндр ; 2 – центрлес шеңберлері бар шыны пластинка; 3 – адеттегі су
қажетті гипс қамырынан жасалған шелпек

180±5 мм сәйкес келмесе, сынауды судың өзгертіл

ген массасымен қайталайды. Алынған мәліметтер 4.1-кестеге енгізіледі .

Алдын ала дымқылды матамен сүртілген таза аяққа гипс массасынан 50-70%
су құйады, сосын суға 300г гипс байланыстырғышын себеді, суға гипсті салу
басынан уақыт есебімен 30 секунд бойы қамыр араластырылады.Араластыру
аяқталған соң цилиндр гипс қамырымен толтырылады, артығы сызғышпен кесіп
алынады. Цилиндр мен әйнек алдын ала матамен сүртіледі. Гипсті суға
салғаннан бастап 45 секундтан соң цилиндрді өте тез 15-20 см биіктікке тік
жоғары көтереді және шет жаққа бұрады. Шелпектің жайылу диаметрі екі
перпендикулярлы бағыттарда өлшенеді. Егер жайылу диаметрі 180±5 мм сәйкес
келмесе, сынауды судың өзгертілген массасымен қайталайды. Алынған
мәліметтер 4.1-кестеге енгізіледі :

4.1-кесте.

Су қажеттілігін анықтау нәтижелері

Гипс массасы Су мөлшері Шкала Әдеттегі
№ бойынша қоюлық, %
жайылу, мм
см3 %
1 2 3 4 5 6

4.1.2. Гипс қамырының ұстасу мерзімдерін анықтау

Ұстасу басы – гипс қамырының қатаю кезеңінен Вик аспабының инесі
әйнек пластинкасына дейін 0,5 мм жетпейтін кезеңге дейінгі уақыт.

Ұстасу соңы – сумен гипсті қатайтатын кезеңінен Вик аспабының инесі
қамырға 1 мм артық емес түсетін кезеңге дейінгі уақыт (4.2-сурет).

Аспаптар: Вик аспабы, сфералық аяқ, кұрекше, пышақ, өлшеуіш стакан
(шыны).

Материалдар: құрылыс гипсі.

Ұстасу мерзімдеріне байланысты байланыстырғыштар келесі түрлерге
айырылады (4.2-кесте).

Рис. 4.2. Вик аспабы

1 – цилиндрлік металл шыбық; 2 – табан құрсауы;
3 – тоқтатқыш құрылғы; 4 – көрсеткіш; 5 – шкала; 6 – келсап; 7 -ине

Көрсеткіш тілі бар Вик аспабының жылжымалы металл шыбығы 0-ден 40 мм
дейін бөліктері бар шкала маңында тік бағытта қозғалады. Шыбықтың төменгі
бөлігінде диаметрі 1 мм және ұзындығы 50 мм болат ине бекітілген. Шыбық пен
иненің салмағы 300 грамм.
4.2.-кесте.

Ұстасу мерзімі

Байланыстырғыштар түрлері Ұстасу мерзімдері, мин
басы, ертерек соңы, кешірек емес
емес
1 2 3
Тез қатаятын, А 2 15
Әдеттегі қатаятын ,Б 6 30
Баяу қатаятын , В 20 мөлшерленбейді

Сынақ алдында көрсеткіш тілдің қалпы тексеріледі, ол ине аспап
сақинасының астындағы пластина бетіне жанасатын мезгілде шкаланың нөлдік
бөлігімен беттесу керек.Ұстасу мерзімдерін анықтау үшін әдеттегі қоюлы
қамыр пайдалынады, ол аспап сақинасына құйылады. Артығы пышақпен кесіледі.
Сақина қамырмен бірге аспап инесінің астына орналастырылады. Ине ұшы гипс
қамырының бетімен беттестіріледі. Шыбықтың бұрандасын түсіргенде шыбық
инесі емін-еркін қамырға батырылады. Инені батыру әр сайын 30 секундтан
кейін жаңа жерге қайталанылады. Әрбір батырған сайын ине сүзгіш қағазбен
сүртіледі.

Тостаған мен күрекшені сулауға су шығынын азайту үшін оларды жұмыс
алдында дымдау керек.

Нәтижелер мына түрде жазылады :

Ұстасу басы … … … …мин.

Ұстасу соңы … … … …мин.

4.1.3. Гипс байланыстырғыштарының тарту майдалығын

анықтау

Тарту майдалығы № 02 торы бар (жарыққа ұяшықтар өлшемі 0,2мм) електе
массасы бойынша (пайызбен) қалдықпен сипатталады.

Аспаптар: № 02 торы бар елек, таразы, кептіргіш шкаф.

Материалдар: құрылыс гипсі.

Тарту дәрежесіне байланысты гипс байланыстырғыштарының келесі түрлері
болады: I – дөрекі тартылған – електегі қалдық 23% артық емес, II – орташа
тартылған – електегі қалдық 14% артық , III – майда тартылған – електегі
қалдық 2% артық.

Гипс t0=100±50С температурада 1 сағат бойы кептіргіш шкафта
кептіріледі. 50 г гипс өлшенеді және елек арқылы 1 мин ішінде 0,1 г артық
емес өткенде дейін електен өткізіледі. Гипстің тартылу дәрежесі 100%
көбейтілген електегі қалдық массасы мен бастапқы өлшем массасының ара
қатынасы ретінде 0,1% дейін дәлдікпен есептелінеді

Т = (mқал m) 100% ,

мұндағы Т – тарту дәрежесі % ;

m қал – електегі қалдық, г ;

m – гипс өлшемі.

4.1.4.Гипс тасының беріктігін (гипс маркасын)

анықтау

Гипс байланыстырғышының маркасы 40х40х160 мм арқалық-нұсқаларды
әдеттегі су қажеттілікті қамырдан дайындаған соң 2 сағат жаста олардың
сығуға және иіліске беріктік шегі бойынша анықталады. Гипс
байланыстырғыштарының маркалары 4.3.-кестеде келтірілген.
Аспаптар: МИИ-100 машинасы, гидравликалық пресс, 40х40х160 мм арқалық
қалыптары, қол бұлғауыш, фарфор аяқ, таразы, секундомер, өлшеуіш цилиндр.
Материалдар: құрылыс гипсі.
Нұсқалар … жалғасы