Құдағи табақ
Ал, ері тірі әйелдерге әдетте бас тартпайды. «Бас тартса, байы өледі» деп ырымдайды. Әкесі тірі балалар да бас мұжымайды, жемейді, басты қолына да алмайды. «Әкем тірі, бас мұжымаймын» деп жатады.
Құдағидың жолы қызынан да жіңішке деп, әр іске жауапты болып, әр қимылын қалт жібермей бағады. Олай болса, құдағи үлкен ауыр мін тағады деп санайды. «Құдағи күту патша күтуден де қиын» деген тәмсіл сөздің астарында алақызған алаңдау жатыр, жұмысқа мұқияттық жатыр. Ары қарай айтсақ, терең қопарып қазсақ, жасырмай жазсақ, құдағидың табасы жатыр. Сондай сын ауадан туған табалауға емес, бағалауға ұсынған үміт пен күдік жатыр… Осының бәрін бағалы көңілден танитын, жақсылыққа жарасқан, жағымды құдағилары да құдаларын бет алды сынамайды, жоқтан өзгеге жол тап деп қинамайды, қайта шын жүректен, ақ тілекпен сыйлайды. Жақсылықпен жарысады, бір-бірін аялап, қарасады, ойнап-күліп, ата дастарқанынан дәм татып тарасады.
loading…