Қойлар қозысына күніне берілетін азық мөлшері
Жоспар
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … ..3
1-тарау.Қой азықтандыру мөлшерлері мен мерзімдік азық рациондары
1.1.Қой малының биологиялық
ерекшеліктері … … … … … .. … … … … … … … …6
1.2.Әдебиеттерге
шолу … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … 8
Негізгі бөлім
2. Қозысын емізетін саулықтарды азықтандыру
2.1. Қозылы саулықтарды
азықтандыру … … … … … … … … … … … … … … … …14
2.2.Кавказ тұқымы саулықтарының азықтандырылуы және өнімдік
қасиеттері … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … ..16
Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … ..24
Пайдаланылған
әдебиеттер … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … … 26
Кіріспе
Қой шаруашылығы –өнімді де, табысты сала. Ол халықты сапалы етпен,
өндірісті –жүн, тері, елтірі сияқты шикізатпен қамтамасыз етеді. Қой өзінің
жаратылысында – жайылым малы, көк шөп оның табиғи азығы. Бұл саланы
жайылымсыз өркендету мүмкін емес. Қой тұмсығы мен ерінің, тістерінің
ерекшеліктері оның жайылымға бейімделген мал екендігін дәлелдейді. Қойдың
тұмсығы ілгері қарай бағытталған сүйір, күрек тістері өткір, еріндері жұқа,
икемді, епті келіп, азу тістері қатты азықты ұсатуға бейімделген. Ол
биіктігі 3-5 сантиметр, тіпті одан да төмен қылтиып шыққан шөпті тістеп жей
алады, ал мұндай аласа шөпті басқа мал жей алмайды. Қой жердегі масақты,
тіпті түсіп қалған дәнді де, сондай-ақ сояулы шөптер мен бұталар
бұтақтарының жапырақтарын да жеп, басқа мал түлігінің ашығатын жайылымында
өзіне қажетті азығын тауып, қорек ете береді.
Қой басқа малға қарағанда шөл, шөлейт, құмайт, таулы тасты жерлердің
жайылымдарында жақсы жайылады. Ал Қазақстанда ондай жайылымдар көп.
Бірден – бір арзан және ең бағалы негізгі азықтың көзі жайылымдағы
жасыл шөп болып табылады. Қысқы және жазғы жайылымдарды тиімді пайдалану ,
қойды қалыпты азықтандыруға мүмкіншілік туғызады.
Қой жайылымда ұстауға жақсы бейімделген. Мал жеуге пайдаланатын 800
өсімдік түрінен: қой 520 — нан аса түрін, мүйізді ірі қара мал — 460 түрін,
жылқы — 460 түрін пайдаланады. Жусанның қой -46 түрін, жылқы — 39, сиыр 24
түрін пайдаланады. 181 түрлі сораңнан қой — 132 түрін, жылқы — 48 түрін,
сиыр — 39 түрін жейді.
Қойдың ішегінің ұзындығы – денесінің ұзындығынан 25 – 30 есе , мүйізді
ірі қара малдікі 20 есе, жылқынікі 15 есе, шошқанікі 12 есе артық.
Қой арам шөптің 600 түрін жесе, жылқы 80, сиыр 60 түрін ғана жей
алады. Қойдың жақ сүйегі, ерні жұқа, күрек тістері үшкір болғандықтан, ол
неше түрлі ұсақ шөптерді, жерге түскен дәнді өсімдік жапырақтарын оңай
теріп жей алады.
Қойдың денесінде зат және энергия алмасу басқа малдармен
салыстырғанда жоғары сипатталады. Сондықтан қой 1 кг тірідей салмағына
қоректік заттарды мүйізді ірі қара малмен салыстырғанда көбірек шығындайды.
Қойлардың ас қорыту органдары ірі азықтардың құрамындағы қоректік
заттарды толық сіңіріп, қорытуға бейімделген. Қой жақсы жейтін азықтар:
жоңышқадан, бедеден дайындалған пішендер, астық тұқымдастарынан, тау
етектерінен, бидайық, жусан, сораң, шалғын, әр түрлі шөптерден және сол
шөптерден дайындалған пішендемелер, шырынды азықтардан дайындалған сүрлем,
тамыр жемістілер, жемдерден — сұлы дәні, жүгерінің дәні, кебек пен
күнжара, сонымен қатар минералдық, витаминдік қосымшалар.
Қой денесінің 100 кг салмағына 3,2 – 3,8 кг құрғақ затты азық талап
етеді.
Жартылай шөлейтті аймақтардың жайылымындағы шөптердің 66 % — ке жуығын
мүйізді ірі қара малдар нашар жейді немесе тіпті жемейді. Ал қой мен ешкі
осы шөптердің 38 % — ке жуығын жейді. Егер жайылымдағы шөптің 12 % — ке
жуығын мүйізді ірі қара мал жақсы жейтін болса, ал қой мен ешкі 30 % — ке
жуығын өте жақсы жейді. Ірі азықтар мен шөптерді жақсы сіңіруіне байланысты
1 кг үстеме салмағына қоректік заттарды мүйізді ірі қара малдарға қарағанда
аз пайдаланады. Май құйрықты және құйрықты тұқымды қойлар, құйымшақ
омыртқаларына, оның бойына, әсіресе құйрығына май жинайтын ерекшелігі
болады. Қойдың кейбір тұқымдары өзгермелі ауа райына, климатқа құрғақ
қырдағы жайылымдарға (құйрықты қойлар) бейімделгіш келеді.
Азықтандыру – қойдың ет өнімділігін сан мен сапасын әсер ететін
негізгі факторлардың бірі. Малды дұрыс, толық құнды азықтандыру үшін
рациондағы азық өлшемімен таратылатын протеиннің мөлшеріне көңіл аудару
керек. Олар белгіленген қалыптан кем болмауы тиіс. Бордақылаудағы еділбай
қойларының азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын бір өнім өлшеміне
жұмсалатын азық шығыны төмендей түседі де бір килограмм қосымша салмаққа
еңбек пен қаржы аз жұмсалады.
Азықтандыру деңгейі бордақылау ісінің экономикалық көрсеткішіне ғана
әсер етіп қоймайды, сонымен бірге еттің сапасына ды ықпалын тигізеді.
Мысалы, көп уақыт бойы азыққа жарымаған қойды бордақылауға қойса, онда оның
салмағының басым бөлігін май басып кетеді де еті аз болады. Биологиялық
жағынан бағалы ета лу үшін қойды әр уақытта жақсы азықтандырып, дұрыс
бағып – күту қажет. Ол үшін малдың жасына, жынысына, салмағына,
қоңддылығына қарай қойдың қоректік заттарға деген қажеттілігінің ұдайы
өзгеріп отыратынын ескеріп, рационды жан – жақты теңестіріп, малды құнарлы
азықтандыру керек. Басшылыққа қой шаруашылығы ғылыми зерттеу технологиялық
институттың ұсынған азықтандыру нормаларын алу қажет. Соның ішінде
көрсетілген малға беруге тиісті азық құрамдарының бәрі де маңызды. Нақтылап
айтқанда, өсіп келе жатқан жас қойлар үшін рационның құрғақ сатылық 1,5 –
17,5% ішкі протеин, 25% ірі азықтар (жасұнық) болуы керек. Сондай – ақ май
жеткілікті болғаны дұрыс, егер басқа майлы жем болмаса 2 – 3% – ға дейін
техникалық май қосқан пайдалы болады. Сонымен бірге, минералдық –
дәрумендік қоспаларды берген жөн. Азықтары жеткілікті шаруашылықтарда
рациондағы жемнің мөлшері 400 – 500 – ге дейін жеткізіп, қозыларды
жеделдете бордақылаған тиімді. Себебі, жас ағзаның басты ерекшелігі –
туылғаннан 9 айлығына дейін өсу қарқыны жоғары болады. Осы кезеңде оларды
жақсы азықтандыру қосымша салмақты арттырады, еттің биологиялық құндылығын
жақсартады.
Жайылым көктемдік, жаздық, күздік, қыстық болып бөлінеді. Кейбір
жердің жайылымын жылдың барлық мезгілінде де пайдалануға болады. Бірақ бір
жердің жайылымын үздіксіз пайдалана беруге болмайды. Өйткені, мол жайылып
тұяқ кесті болған өріске шөп жақсы шықпайды. Сондықтан ауыспалы жайылым
тәртібін қолдану керек. Бұл тәртіп бойынша жайылымды бірер жыл мал жаю үшін
пайдаланады, содан кейін тынықтырады, бірер жыл тынықтырған соң қайта
жайылымға пайдаланады немесе шөп шабуға қолданады.
Малға қанша жайылым керек екендігін сіңімді ақуыздың керекті мөлшерін
еске ала отырып азық бірлігімен есептейді. Жайылымның қоректілігі шөптің
құрамына, жалпы шығымына байланысты болады. Жайылымның қоректілігі, шөбінің
малға жұғымдылығы ауа райына қарай жыл сайын өзгеріп тұрады. Сондықтан,
әрбір жылы жайылымның қоректілігін жаңадан бағалап тұру керек. Әр түрлі
жайылым көк шөбінің қоректілік дәрежесі бірдей болмайды. Мысалы, бір азық
өлшеміне жеткізу үшін қырат жерлердің шөбіне 4,4кг, екінші көктеудің
шөбінен 3,9 кг, дала шөбінен 3,6 – 3,9 кг керек болса, көктесін ойпаң
жерлер жайылымының шөбінен 4,2 кг, екінші көктеудің шөбінен 6,2 кг керек
болады. Шөлді, шөлейіт жерлердің жайылымдары да бұл жағынан әр қилы: бір
азық өлшемінің қоректілік дәрежесіне жеткізу үшін малға жусанды жайылымның
шөбінен 3,1 кг, көде, селеу, жусан аралас өскен жайылым.
Қойдың маңызды биологиялық ерекшеліктерінің бірі – шөп
жайылымдарында өсетін ең аласа шөптерден бастап, ірі бұтақты сексуеілге
дейін жеуге бейімделген. Бязы жүнді қойлар 48 – 55 % , құйрықты қойлар 42 –
50 % , ірі қара 33 – 35 %, жылқы 27 – 34 % қана жейді.
Қойдың қоректенетін жусан түрлерінің жер шарында 500 түрі, ТМД
бойынша 170 түрі, Қазақстанда 81 түрі кездеседі. Жусанның құрамында
қоректік зат мол, эфир майы бар, өзі әсіресе қой мен ешкінің жақсы азығы.
Жем-шөптің немесе рацион белогінің биологиялық құнарлылығы — деп
малдың белокқа деген қажетін толық өтеу қасиетін айтады.
Ауыл шаруашылығы министрлерінің мәліметіне қарағанда осы азықтардан
құралатын қойдың қысқы рационында 25 – 30 пайыз шамасында қорытылатын
протеин жетіспейді. Ғылыми тұрғыдан алып қарағанда рационда 1 пайыз
протеин жетіспесе, бір өнім өлшеміне жұмсалатын азық шығыны 2 пайызға
жоғарылайды. Ал мұның өзі мал өнімінің өзіндік құнын қымбаттатып, мал
шаруашылығының экономикасына нұсқан келтіретіні сөзсіз.
1-тарау.Қой азықтандыру мөлшерлері мен мерзімдік азық рациондары
1.1.Қой малының биологиялық ерекшеліктері
Қойдың тұмсығы ілгері қарай бағытталған сүйір, күрек тістері өткір,
еріндері жұқа, икемді, епті келіп, азу тістері қатты азықты ұсатуға
бейімделген. Ол биіктігі 3-5 сантиметр, тіпті одан да төмен қылтиып шыққан
шөпті тістеп жей алады, ал мұндай аласа шөпті басқа мал жей алмайды. Қой
жердегі масақты, тіпті түсіп қалған дәнді де, сондай-ақ сояулы шөптер мен
бұталар бұтақтарының жапырақтарын да жеп, басқа мал түлігінің ашығатын
жайылымында өзіне қажетті азығын тауып, қорек ете береді.
Қойдың осы жоғарыда айтылған биологиялық ерекшеліктерін, оның басқа
ауыл шаруашылығы жануарларға қарағанда жайылым шөбінің түрлерін бір жарым
–екі есе артық жей алатындығын бір жақты түсініп, бұл қойдың азыққа көнбіс,
талғампаз еместігінің белгісі деп бағалау қате. Керісінше, бұның өзі қойдың
азықтың алуан түрлі болып келуіне бағытталған, яғни азықтандырудың
биологиялық жағынан толық құнды болуына қойылған қатал талабының көрсеткіші
екендігін, бұл талаптың қойдың бүкіл эволюциялық дамуының нәтижесінде
туғандығын дәлелдейді.
Қой азықтың бір түрімен (жайылымнан басқа) ұзақ уақыт азықтандыруға
төзе алмайды. Біркелкі азық олардың тәбетін төмендетіп, тіршілік қабілеті
мен өнімін, әсіресе жүн өнімінің мөлшері мен сапасын күрт кемітіп жібереді.
Қойды жеткіліксіз, нашар азықтандырған кезде жүні мүлде дерлік өспей
қалады. Ал организмге түскен қоректік заттар ең алдымен оның тіршілігіне,
өсіп-жетілуіне қажетті процестерге жұмасалады да, артылса ғана жүннің
өсуіне пайдаланылады. Егер ұзақ уақыт қоректік заттар, әсіресе азот пен
фосфор, кальций жетіспесе, организм тіршілік етуі үшін бұл заттардың
жетіспеген мөлшерін жүннің құрамынан алып пайдаланады. Сонымен бірге бұл
кезде өскен жүннің сапасы төмендеп, жүн талшықтары жіңішкеріп кетеді.
Мұндай жүн тез үзіледі, төменгі сортқа жатқызылады, әрі бағасы анағұрлым
төмен болады. Сайып келгенде қой шаруашылығында, әсіресе биязы жүнді немесе
жүнді-етті бағыттағы қой өсіргенде, аз ғана уақыт берілген сапасыз азық жыл
бойғы еңбектің нәтижесін төмендетіп жібереді. Сиыр мен шошқа
шаруашылығында мал азығының жеткіліксіз болып қалуы, олардың салмағы мен
сүт өнімін тек сол мерзімде ғана төмендетеді, бірақ ол малдың жыл бойындағы
өніміне оншама әсер ете қоймайды. Осының өзі, азықтың үздіксіз жеткілікті
болып тұруының қой шаруашылығында айрықша маңызы бар екенін көрсетеді.
Нормамен азықтандырудың негіздері
Мал өнімділігін арттырып, оның шаруашылыққа пайдалы басқа да
көрсеткіштерін жақсарта түсу үшін ең алдымен төмендегі мәселелерге назар
аудару керек:
-Мал организміндегі зат алмасу ерекшеліктеріне, жасына, жынысына және
өнімділігіне байланысты, қоректік заттарға деген қажеттігі, яғни
азықтандыру нормасы;
— Азықтандыру рационы;
— Азықтандыру типі (жүйесі);
Азықтандыру нормасы
Малдың қоректік заттарға деген қажеттілігі арнайы жүргізілген ғылыми-
шаруашылық, физиологиялық тәжірибелерде зерттеледі. Жан-жақты жүргізілген
зерттеу жұмыстарының нәтижесінде малдың біркелкі өсіп, сүт, ет, жүн сияқты
өнім беруі, буаз малдың іштегі төлі дұрыс жетілуі үшін олардың организміне
қажетті қоректік заттардың мөлшері, яғни азықтандыру нормасы анықталады.
Азықтандыру нормасы деп малдан сапалы, әрі мол өнім алуға қажетті қоректік
заттардың тәуліктік мөлшерін айтады.
Азықтандыру нормасы малдың физиологиялық күйіне, жынысына, жасына,
тірілей салмағы мен өнімділігіне байланысты жасалып, малдың азыққа деген
тәуліктік мұқтаждылығының шамасын білдіреді. Елімізде қабылданған
азықтандыру нормаларында, малдың азыққа деген мұқтаждығының жалпы дәрежесі
– азық өлшемі, қорытылатын протеин, кальций, фосфор, каротин және
микроэлементтер мен ас тұзының мөлшері арқылы сипатталады.
Малға жыл бойы бір норма белгілеуге болмайды. Өйткені ол малдың
физиологиялық күйіне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, саулықты алатын
болсақ, оған буаз кезінде, қозы емізетін мерзімінде, қозысынан айырғаннан
кейін азықты әр түрлі нормамен белгілеуге тура келеді.
Азықтандыру нормасы тиісті бір мерзімге арналып жасалады, сол
мерзімнің бір тәулігінде малдың әр басына қанша қоректік заттар керек
екендігін білдіреді.
Азықтандыру рационы
Азық рационы деп малға бір күн ішінде беруге ыңғайлап, есептеліп
алынған азық түрлері мен мөлшерін айтады. Азық рационы –ғылыми негізде
үйлестіріліп алынған, жалпы жұғымдылығы, қорытылатын протеині, минерал
заттары мен каратиннің мөлшері жағынан азық нормасына сәйкес келетін әр
түрлі азықтардың қосындысы. Малды азықтандыру процесінде, рацион жеке
азықтың желінуіне, малдың денсаулығы мен өнімділігіне қарайц тексеріліп,
анықталады. Әдетте, азық рационын 15 күнде бір рет қайтадан жасап отырады.
Қоректілігіне қарай азықты таңдап алу, оның нормаға сәйкес мөлшерін
белгілеу шеберлікті, тәжірибені керек етеді. Азық рационын жасағанда малдың
қандай азықты сүйсініп жейтіндігі, оның мал өнімділігіне қандай дәрежеде
әсер ететіндігі және шаруашылықта азықтың қандай түрінің барлығы, оны
пайдаланудың экономикалық жағынан алғанда тиімділігі мұқият ескеріледі.
Сонымен бірге шаруашылықтағы жемшөпті мал сүйсініп дейтіндей етіп турап,
булап, ашытып, өндеп, малға алдын ала даярлап беру ісін ұйымдастыру керек.
Азық рационының қоректілігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер алынатын
өнім мөлшері мен сапасы, малдың физиологиялық күйі мен ұдайы өсу қабілеті
азықты жеуі және қоректік заттардың қорытылып, сіңуі. Сондықтан да малдың
дұрыс азықтандырылуы үшін зоотехниялық тұрғыдан бақылау ұйымдастырып,
нақтылы жұмсалған азықтың мөлшерін, мал өнімділігін, өнімнің сапасын
ескеріп, үнемі бақылап отырған жөн.
1.2.Әдебиеттерге шолу
Биологиялық жағынан бағалы ет алу үшін қойды әр уақытта жақсы
азықтандырып, дұрыс бағып – күту қажет. Ол үшін малдың жасына, жынысына,
салмағына, қоңддылығына қарай қойдың қоректік заттарға деген қажеттілігінің
ұдайы өзгеріп отыратынын ескеріп, рационды жан – жақты теңестіріп, малды
құнарлы азықтандыру керек. Басшылыққа қой шаруашылығы ғылыми зерттеу
технологиялық институттың ұсынған азықтандыру нормаларын алу қажет. Соның
ішінде көрсетілген малға беруге тиісті азық құрамдарының бәрі де маңызды.
Нақтылап айтқанда, өсіп келе жатқан жас қойлар үшін рационның құрғақ
сатылық 1,5 – 17,5% ішкі протеин, 25% ірі азықтар (жасұнық) болуы керек.
Сондай – ақ май жеткілікті болғаны дұрыс, егер басқа майлы жем болмаса 2 –
3% – ға дейін техникалық май қосқан пайдалы болады. Сонымен бірге,
минералдық – дәрумендік қоспаларды берген жөн. Азықтары жеткілікті
шаруашылықтарда рациондағы жемнің мөлшері 400 – 500 – ге дейін жеткізіп,
қозыларды жеделдете бордақылаған тиімді. Себебі, жас ағзаның басты
ерекшелігі – туылғаннан 9 айлығына дейін өсу қарқыны жоғары болады. Осы
кезеңде оларды жақсы азықтандыру қосымша салмақты арттырады, еттің
биологиялық құндылығын жақсартады.
Қ.Сәбденовтың [3] мәлімдеуінше, азықтандыру – қойдың ет өнімділігін
сан мен сапасын әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Малды дұрыс, толық
құнды азықтандыру үшін рациондағы азық өлшемімен таратылатын протеиннің
мөлшеріне көңіл аудару керек. Олар белгіленген қалыптан кем болмауы тиіс.
Бордақылаудағы еділбай қойларының азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын бір
өнім өлшеміне жұмсалатын азық шығыны төмендей түседі де бір килограмм
қосымша салмаққа еңбек пен қаржы аз жұмсалады.
Азықтандыру деңгейі бордақылау ісінің экономикалық көрсеткішіне ғана
әсер етіп қоймайды, сонымен бірге еттің сапасына ды ықпалын тигізеді.
Мысалы, көп уақыт бойы азыққа жарымаған қойды бордақылауға қойса, онда оның
салмағының басым бөлігін май басып кетеді де еті аз болады.
Ірі қараға қарағанда қой азықты нашар қорытады. Мысалы, түрлі шөптің
қоспалары мен жүгері дәнінің жармасы және зығыр күнжарасынан құралған
рационның құрғақ затында 15% клетчатка болғанда, оның қорытылуы 78 пайызға
жеткен. Ал клетчатканың мөлшерін 20 пайызға дейін көбейтткенде (тәулігіне
100 грамнан сабан қосып) рациионның құрғақ затының қорытылуы 71 пайызға
дейін төмендеген, ал клетчатканы 23 пайызға дейін көбейткенде -67% болған.
А.В. Модяновтың [ 7 ] тәжірибесінде қойға берілген жоңышқа құрғақ затының
қорытылуы, гүлденуінің алғашқы кезеңінде -64 %, ал кеш орылып, жиналғанда
-51% пішен мен қызылшадан тұратын рационның құрғақ затының қорытылуы 60,3,
ал пішен мен бидай кебегін бергенде -51,7% болған. Рацион құрамындағы
клетчатканың көбеюі салдарынан қорытылу көэффициентінің мұндай күрт
төмендеп кетуі ірі қарада байқалмайды. Тек жоңышқа шөбін бергенде қой 100
кг тірілей салмағына 2,1 кг-дай құрғақ зат қабылдайды, ал әр түрлі азық
бергенде (астық тұқымдастар мен бұршақ тұқымдастар шөбі, дән мен қызылша)
рациондағы құрғақ заттың желінуі мөлшері артып, 2,3-2,7, кейде тіпті 3 кг-
ға дейін жетеді. Ал енді қой организміне түсетін қоректік заттардың
мөлшерін арттыру үшін, азықтың желіну пайызын көбейтуге тырыспай, қорытылу
коэффициентін жоғарылатуға ұмтылу керек; ол үшін рационға құнарлы, сапалы
азық енгізу қажет. Профессор А.С.Солун [ 9 ] буаз және сүтті саулықтардың
рационында жеңіл еритін углеводтардың жеткіліксіз болуы эндогендік
авитаминоздың өршуіне себепкер болатындығы, минерал заттарының сіңімділігін
төмендететіндігі, белоктың пайдалануын кемітетіндігі туралы болжам айтты.
Соңғы жылдары қой рациондарын микроэлементтермен, атап айтқанда,
кобальтпен қамтамасыз етуге үлкен мән беріле бастады. Басқа жануарларға
қарағанда, азығында кобальт жетімсіздігі қой төзімсіздеу келеді. Өйткені
жүннің өсуіне белоктың, күкірттің және фосфордың үстіне кобальт те керек.
Ауыл шаруашылығы ғылымының докторы П.Н.Коршаковтың [7] зерттеулері, жүннің
беріктігі, созылғыштығы, серпімділігі сияқты қасиеттері осы микроэлементке
тікелей байланысты екенін дәлелдеді. Мал азығында кобальт жеткілікті болса,
малдың асқазан, ішек-қарын жолындағы бактерияның мөлшері бір жарым-екі есе
көбейеді, ал мұның өзі мал организміндегі клеккалардың пайда болып, жетіле
беруіне көмектеседі. Сөйтіп кобальт әсерімен организмдегі белоктың синтезі
күшейіп, жүн неғұрлым жедел өсетін болады. Жүгеріде кобальт аз, осыған орай
жүгері сүрлемімен мал дұрыс азықтандырылмаса жүннің сапасы да нашарлап
кетеді. П.Н. Коршаковтың тәжірибелеріне қарағанда, бір қойға тәулігіне 2,5
миллиграмнан хлорлы кобальт бергенде, қосымша 230 г жүн қырқылған, әрі оның
сапасы да жақсарған.
Салмағы 55-60 кг тартатын буаз меринос қойының азық рационында шамамен
1400-1700 г құрғақ зат болуы қажет. Ол жақсы желінетін әр түрлі азықтан
құралуға тиіс. Мұндай рационның құнарлығы арта түседі, әрі жақсы
қорытылады. Мысалы бордақыдағы қозылардың рационы астық тұқымдас шөп пен
жүгері дәнінен тұрғанда, олар тәулігіне орта есеппен 86 грамнан, ал бұршақ
тұқымдастар мен жүгері дәні берілген басқа топ -145 грамнан салмақ қосқан.
Қойлар 1 кг тірілей салмағына азық өлшемінің төмендегідей мөлшерін
жұмсайды: сақа қойлар -10-12, алты айға дейінгі қозылар -4-5, бір жасқа
дейінгілер -7-9,1 кг жүн алу үшін орта есеппен 60, ал бір қаракөл елтірісін
алу үшін -132 азық өлшемі жұмсалады.
Н.Омарқожаұлының [21] зерттеулерінде, ең алдымен рационды малдың
сүйсініп жейтін, үйреншікті жем – шөбінен құрастырады. Олар шаруашылықта
өндірілетін арзан азық көзі болуы керек. Өйткені азық шығынының мал
шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын құрастырудағы үлесі басым азықтары жақсы
қорытылып, мол өнім беруге бағытталуы керек. Мәселен, жем – шөп қорытылуы
үшін шырынды азықтардың белгілі көлеміне ірі азықтар берілуі шарт. Өйткені
шырынды азықтар басым болса, клетчатка көзі болып табылатын ірі азықтың
аздығымен ас жолдарының қызметі бұзылып, клетчатка жетіспеушілігінен туатын
зиянды құбылыстар орын алады. Керісінше тым мол берілген ірі азық
рационындағы клетчатка деңгейін көтеріп, оның өзінің және де басқа қоректік
заттың қорытылуын нашарлатады
М.Абдулаевтың [4] айтуынша, қойды жайып – семірту Қазақстан жағдайында
қойдың еті мен жүні басқа да өнімдерін арттырудың және олардың сапасын
жақсартудың ең арзан әрі тиімді тәсілі. Мұның өзі табиғи мол жайылымдарды
неғұрлым толық және тиімді пайдалануға, тәулігіне орта есеппен қосымша
салмақты көп алуға, малдың тірілей салмағы мен қоңын арттыруға мүмкіндік
береді.
Жайылым көктемдік, жаздық, күздік, қыстық болып бөлінеді. Кейбір
жердің жайылымын жылдың барлық мезгілінде де пайдалануға болады. Бірақ бір
жердің жайылымын үздіксіз пайдалана беруге болмайды. Өйткені, мол жайылып
тұяқ кесті болған өріске шөп жақсы шықпайды. Сондықтан ауыспалы жайылым
тәртібін қолдану керек. Бұл тәртіп бойынша жайылымды бірер жыл мал жаю үшін
пайдаланады, содан кейін тынықтырады, бірер жыл тынықтырған соң қайта
жайылымға пайдаланады немесе шөп шабуға қолданады.
Малға қанша жайылым керек екендігін сіңімді ақуыздың керекті мөлшерін еске
ала отырып азық бірлігімен есептейді. Жайылымның қоректілігі шөптің
құрамына, жалпы шығымына байланысты болады. Жайылымның қоректілігі, шөбінің
малға жұғымдылығы ауа райына қарай жыл сайын өзгеріп тұрады. Сондықтан,
әрбір жылы жайылымның қоректілігін жаңадан бағалап тұру керек. Әр түрлі
жайылым көк шөбінің қоректілік дәрежесі бірдей болмайды. Мысалы, бір азық
өлшеміне жеткізу үшін қырат жерлердің шөбіне 4,4кг, екінші көктеудің
шөбінен 3,9 кг, дала шөбінен 3,6 – 3,9 кг керек болса, көктесін ойпаң
жерлер жайылымының шөбінен 4,2 кг, екінші көктеудің шөбінен 6,2 кг керек
болады. Шөлді, шөлейіт жерлердің жайылымдары да бұл жағынан әр қилы: бір
азық өлшемінің қоректілік дәрежесіне жеткізу үшін малға жусанды жайылымның
шөбінен 3,1 кг, көде, селеу, жусан аралас өскен жайылым шөбінен 3,7 кг,
бетегелі жайылым шөбінен 3,6 кг жеткізу керек болады. Суармалы жерлерде
және екпе шөптер жайылымындағы құрғақ заттар кемірек болады, өйткені оларда
ылғал жоғары.
Б.Құлатаевтың [5] зерттеуінде, көп жылдық тәжірибеге сүйенсек, ірі қой
күніне 6 – 8 кг қозылары бар саулық (қоса есептегенде) 12 – 15 кг шамасында
шөп жейді. Егер жайылымдық қойға қосымша жем берілсе, бұл нормалар тиісінше
15 – 30% кемітіледі. Қой жаю үшін жайылым көлемін анықтағанда осының
барлығы ескерілуі тиіс. Мысалы, 700 бас қой отарына, жазғы мезгілінде, қой
басы 7 кг көк шөп жейтін болса, сонда барлық отарға күніне 49ц шөп керек,
ал жайылым маусымы 4 айға 5880ц шөп керек болып шығады.
Көк шөптің түсімі гектарынан 10ц деп есептегенде, 700 бас қойға маусымына
588га жайылым керк болған болар еді. Бірақ, жайылым шөбін қой тегіс, жей
алмайды, тек 60 – 70% жейді. Сондықтан керекті жайылым көлемі 30 – 40%
артық болуы тиіс. Атап айтқанда, ірі қой басына шөл, шөлейіт жерлерде
жайылым 0,8 – 1 га – дан кем болмау керек, ал таулы ойпатты жерлерде 0,5 –
0,7 га қажет болады. Оның үстіне күнде жайылымды ауыстырып тұрған дұрыс.
Айында көшкеннің аты семіз, күнде көшкеннің қойы семіз деген халық мақалы
осыны дәлелдейді.
Б.Әкімбековтың [6] мәлімдеуінше, қойды азықтандыруда мүйізді ірі қара
малды азықтандыруға кететін барлық жем – шөп түрлерін қолдануға болады.
Оның үстіне, қойдың биологиялық және ас қорыту ерекшеліктеріне байланысты
қорегіне өсімдік түрін анағұрлым көп пайдаланатындықтан, көптеген жем – шөп
түрін жеп, жайылым оты мен басқа да азықтарды басқа малдан жоғары игереді.
Сондықтан да олардың осындай жайылым оты мен ең арзан азықтарды ұтымды
түрде молынан пайдаланса, өндірісімен өнімінің өзіндік құны арзан болмақ.
Мұның шаруашылық экономикасына тигізер пайдасы көп.
Көктемдік эфемерлік ерте көктеген күнгей жоталарының өсімдіктерін жол –
жөнекей қоректеніп, жаз аптабынан жайлауға айдалған қой отарлары таулы
альпілік және субальпілік жайылымдардың алуан түрлі санды жайылымдарға
жайылады. Қыстың шуақты күндері күнгей беттердегі ашық қыстық жайылымдарына
жайып, боранды, қарлы күндері дайындаған пішен, жаздық дақыл сабаны, ал
мүмкіншілік болған жағдайда пішендеме, сүрлеммен азықтандырып, мал
қоңдылығына қарай есептелінген жем жегізеді.
Н.Омарқожаұлының [7] әдебиеттерінде, қойлар тұмсығы мен ауыз қуысының
анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты табиғи жайылым отын, аумақты көк
және ірі азықтарды мейлінше жете пайдаланып, жақсы қорыта алады. Сондықтан
қойды оған дейін жылқы немесе мүйізді ірі қара мал жайылған жерлерге,
астығы орылған алқаптарға жаюға болады. Қойдың өсіп
жетілуі мен өнімділігі, негізгі төлі, еті және жүні секілді өнімділіктің
сапасы тікелей азықтандыру деңгейі мен құнарлығына тәуелді. Бұл өнімдер
сиырдан күнделікті сауылатын сүтке қарағанда ұзақ мерзімде
қалыптастыратындықтан, қойды азықтандыру рационын мүйізді ірі қара
малдыкіне қарағанда қарапайым құрылымда құруға болады. Бірақ бұдан олардың
азықтандырылуына үстірт қарап, кейде тіпті жем – шөпті уақытылы жеткізбей,
аш қалдыруға болады деген ой тумауы керек. Өйткені, азықтандыру ақаулары
мен кемшіліктері олардың алдымен денсаулығына, сонан соң өнімінің
мөлшеріне және сапасына зиянды әсер етеді. Тіршілікті сақтаудың
биологиялық заңдылығы бойынша екі – үш күн жем – шөп уақытында жеткізілмей,
қойлар ашықса, қорытылған қоректік заттың жұмсакы ең алдымен тіршілікке
маңыздылығы жағынан екінші реттегі азайтылып, үнемделе бастайды. Бұл екінші
реттегі жүйелерге жататын тері мен теріде өсетін жүн, жал, құйрық, тұяқ
мүйіз секілді өнімдерге қоректік заттар жұмсалуын азайтады. Қанмен тері
қабаттарындағы жүн талшықтарының түбірлеріне қоректік заттың жеткізілуінің
шектелуінен бұл мерзімде жүн талшығы жіңішкеріп өседі. Кейін, қойды
азықтандыру дұрысталғанда, жүн талшықтарының жуандығы қайта қалпына
келгенмен, ашыққан күндердегі жіңішкелігі сол күйінде із, белгі түрінде
қала береді. Оны ашытуға байланысты жіңішкелік немесе ашыққандық
белгісі (голодная тонина шерсти) деп аталады. Кейін қой қырқылып, жүні
өткізілгенде, жүн талшықтарының осы тұсы әлсізденіп, үзілгіш келеді де,
жүннің үзілмеушілік беріктігінің (разрывная прочность шерсти) әлсіреуінен
сапасы төмендетіліп, сатылатын бағасы арзандатылады. Жүннің бұл ақауын
болдырмау үшін жыл бойында қойды мұқтаждық нормасына сәйкес азықтандыру
қажет. Б.Медеубековтың [8] зерттеулерінде, сапалы сүрлем қойдың
асқазан қызметін, организмде зат алмасуын жақсартады, дені таза төл алуына,
витаминдердің көбейтіп, сүт құрамының жақсаруына септігін тигізеді. Сүрлем
азықтың дәмін кіргізеді, қысқы азық рационын түрлендіреді, ондағы қоректік
заттың жақсы қорытылуына әсер етеді. Дұрыс салынған сүрлем көп азықтың
бағасы қасиетін өзінде сақтайды. Көк азықтың сүрленуі сүт қышқылы
бактерияларының өсімдіктерді тез ашуы әсерінен болады. Олар сүрленетін
шырындағы қантты пайдаланады және сүт қышқылын бөліп шығарады, бұл қышқыл
азықты қышқылдандырады да шіріткіш бактериялардың дамуына және әрекеттеріне
кедергі жасайды. Сүрлеу процесі кезінде азықта сүт қышқылының біраз мөлшері
жиналады, ол сүрлемге жақсы иіс пен дәм береді, мұның өзі қойдың сүрленген
азықты сүйсініп жеуіне себеп болады.
Әр түрлі азықтың құрамындағы қоректілерінің мөлшері де түрліше болады,
сондықтан бір азық жақсы, екіншісі нашар сүрленеді. Мысалы,
республикамыздың қай аймағында болса да қошқарлар қыс айларында қолда –
қорада бағылады. Сондықтан да олардың рационы бұл кезде әр түрлі жоғары
сапалы, жеңіл қорытылатын, жақсы желінетін азықтардан құралады. Қыста,
шағылыстырылмаған кезеңде тоқтылардың рационына тәулігіне есептегенде 1,5 –
2,0 кг сапалы шөп, 2,0 – 2,5 кг сүрлем немесе пішендеме, 1,0 – 1,5 кг тамыр
жемістілер, 0,7 – 1,9 кг құрама жем енгізіледі. Көктем, жаз айларында
тоқтылар шөбі шүйгін жақсы жайылымдарда бағылып, қажет болса үстемелеп
беріледі. Сарбасовтың [9] мәліметтерінде, ет өнімділігінің саны мен
сапасына әсер етіт негізгі факторлардың бірі малды дұрыс толық құнды
рационмен азықтандыру болып табылады. Азық рационын құрғанда, ең алдымен
ондағы азық өлшемі мен қорытылатын протеиннің мөлшеріне көңіл аудару қажет.
Рационда азық өлшемі нормаға сәйкес мол болады, сондықтан бордақылаудағы
қойдың азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын, бір өнім мөлшеріне жұмсалатын
азық аз жұмсалады.
Азықтандыру жағдайы бордақылау процесінің экономикалық көрсеткішіне
ғана әсер етіп қоймайды, сонымен қатар еттің сапасына да ықпалына тигізеді.
Мысалы, көп уақыт бойы суыққа жарымаған арық малды бордақылауға қойса, онда
оның салмағының басым бөлігі май болып кетеді де ет, яғни белокты ет, аз
болады. Ұшаның төмен сапалы болып келуі қойды бордақылаудың бастапқы
кезінде жақсы азықтандырып каеліп соңынан азықтандыру деңгейін төмендетіп
жіберуден де болады. Сондықтан да биологиялық жағынан бағалы ет алу үшін
қойды әр уақытта да жақсы азықтандырып, дұрыс күтіп – бағу қажет.
Бордақылаудағы сақа қойдың протеинге деген қажеттілігі аса жоғары болмайды.
Ал өсіп келе жатқан қозылар үшін протеин мөлшерінің ерекше маңызы бар.
Андрюс пен Орсовтың [10] мәліметтері бойынша, салмағы 20, 25, 30 және 35 кг
қозылар үшін протеиннің оптималдық концентрациясы рационның құрғақ затына
шағып есептегенде, тиісінше 17,5; 15; 12,5 және 12,5% болу керек. Малдың
қоңдылығы артқан сайын оның протеинге деген қажеттілігі төмендей түседі.
Тоқтыларды бордақылағанда олардың рационындағы жасұнықтың мөлшеріне көңіл
аудару керек. Жасұнықтың тым көп болуы қоректі заттың қорытылуын
төмендетеді, өнім үшін жұмсалған мөлшерін жоғарылытып жібереді. Сондықтан
да рационда ірі азықтың (пішен, сабан т.б.) мөлшері 25% аспағаны жөн.
Бордақылауға алынған тоқтылардың рационындағы майдың да мөлшерін бақылап
отыру қажет. Рационға қосымша май қосу тоқтының салмақ көрсеткішіне, азықты
өтеуіне және бордақылаудың экономикалық тиімділігіне игі әсерін
тигізгендігі байқалады. Бордақылау қойларына берілетін минералды заттардың
да жеткілікті болуы қажет. Азық рационында кальций, натрий, фосфор және
басқа да элементтердің жетіспеуінен малдың салмақ қосуы төмендейді.
Тоқтыларды жеделдете бордақылаудың нәтижесін арттыра түсу үшін оларды
витаминдермен, керекті мөлшерде каротинмен толық қанағаттандырған жөн. Жем
– шөпте каротин жетіспеген жағдайда А витаминін қолдануға болады.
Тоқтылардың А витаминіне деген қажетсінуі 2,9 мың халықаралық өлшемге тең
Рационды жан – жақты теңестіріп малды құнарлы азықтандыру – бордақылаудың
негізі болып саналады. Бордақылаудың барысында малдың жасына, салмағына,
қоңдылығына қарай олардың қоректік заттарға деген қажеттілігі өзгеріп
отырады. Тоқтылардың өсу қарықыны бәсеңдеген сайын бір өнім өлшеміне
жұмсалатын азық шығыны жоғарылай түседі. Тоқтыдан бір килограмм салмақ алу
үшін 6 айлығына дейін 4 – 5 азық өлшемі, бір жасына дейін – 7 – 9 азық
өлшемі, ересек қойларға – 10 – 12 азық өлшемі қажет. Сондықтан қозыларды
жедел бордақылап 6 – 8 айлығында етке өткізу, ет өндірудің тиімдігін
арттырып, сапасын жақсарта түседі.
Тоқтыларды бордақылаған кезеңде, рациондағы қоректік заттың мөлшерін
әлсін – әлсін тексеріп, жеткіліксіз болған жағдайда толықтырып, теңестіріп
отыру қажет. Ол үшін рацион белгілегенде облыстық және аудандық
агрохимлабораториялары анықтаған жем – шөптің химиялық құрамы мен
құндылығын басшылыққа алған жөн.
Тоқтыларды жайып семірткен кезде оларды мүмкіндігінше ұзақ өрістету
және көп айдай бермеу ұсынылады, мұнымен бірге малға үнемі су беріп отыру
және минералдық азықпен, әсіресе тұзбен қосымша азықтандыру қажет. Күзде
тоқтыларды жайып семірту тәртібі мынадай – отарды өргізу және жеммен
азықтандыру – 7 сағат – 7 сағат 30 минутқа дейін, өрістетіп жаю – 7 сағат
30 минуттан 13 сағатқа дейін, суару және иіру 13 – 15 сағат аралығында,
жеммен азықтандыру – 15 – 15 сағат 30 минут, 15 сағат 30 минуттан жаю және
жайлауда … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz