Турникте шебер айналған 60 жастағы қария жұртты таңдай қақтырды (видео)

0

Желіде қарияның турникте айналып, шеберлігін көрсеткен видеосы тарап кетті. Видео авторының сөзінше, қария 60 жасты еңселеген көрінеді, деп жазады Stan.kz.

Турникте шебер айналған 60 жастағы қария жұртты таңдай қақтырды (видео)

Желіде тараған видеода қария турниктен шынтағымен ұсталынып, айналады.

«Ата 60 жаста. Мәссаған! 60 жаста осылай істей алатындар бар ма? 60 жаста бұл жасау қайда?!» – дейді видео авторы.

Өз кезегінде желі қолданушылары қарияның шеберлігіне тәнті болып, таңдай қақты.

«60 жас былай тұрсын, 21-дегі мен бұлай істей алмаймын», «Мықты кісі екен», «Керемет, ақсақал. Жастар да сізге жете алмауы мүмкін», – дейді пікір қалдырушылар.