Қазіргі Ресей супердержава бола ала ма?

0

Қазіргі Ресей супердержава бола ала ма?

Бүгін «ИНОСМИ. РУ» деген ресейлік интернет сайтта «Өршіл, бірақ пайдасыз: неге Ресей ешқашан супер державаға айналмайды?» деген мақала басылды. Осы мақала «NetEase», қытайлық БАҚ — та жарияланған еді. Мен қазақ тіліне ең басты осы мақаланың тезистерін аудардым.

Жақында Ресейде жаңа коронавирустық пневмонияның эпидемиясы күшейе түсті, бұл Қытайдың солтүстік — шығысындағы індеттің алдын алу және бақылау шараларына тікелей әсер етті. Ресей туралы айтқанда, көпшілік айтады: өршіл, бірақ пайдасыз, ол ешқашан супердержаваға айналмайды. Бұл тұжырым рас па?
Ресейдің өршіл болғаны — бұл шынайы мәлімдеме және ол ешқашан супердержаваға айналмайды, сонымен бірге оның пайдасы жоқ деу өрескел қателік болып табылады.
Сіз Ресейдің территориясы жағынан әлемдегі ең үлкен ел екенін білесіз, сонымен қатар оның табиғи ресурстарға бай және қазіргі уақытта әлемдегі ең ірі мұнай мен газ экспорттаушысы болып табылады. Ресейдің пайдасы жоқ деп айта алмаймыз. Ең бастысы, елдің өте күшті әскери күші бар. Ресей Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін негізгі мұрагер болды. Ауыр өнеркәсіп өндірісінің және кеңестік дәуірдегі ядролық қарудың барлық дерлік негіздерін Ресей мұра етті. Сондықтан, бұрынғы КСРО — ның үлкендігіне ие болмай — ақ, олар айтқандай, «арық түйе аттан үлкен», ал Ресей әлемдегі ең қуатты әскери күштердің бірі болып қала береді.
Неліктен Ресей ешқашан супердержава бола алмайды?
Біріншіден, ел мықты әскери күшке ие болуы керек. Жұдырығы мықты болған мемлекет халықаралық аренада да дауыс беруге құқылы — бұл өзгермейтін шындық.
Екіншіден, елдің экономикалық қуаты әлемдегі ең жақсылардың бірі болуы керек. Экономика — мемлекеттің сыртқы дамуын қолдайтын негіз. Елді қолдауға күшті экономикалық күш болмаса, мұның бәрі нонсенс.
Үшіншіден, қолдау ретінде үлкен халық болуы керек. Әскери және экономикалық күштерді адамдар жасайтынын түсіну керек. Халықтың үлкен саны және өмір сүрудің жоғары деңгейі — бұл державаның қалыптасуының маңызды шарттары.
Егер біз Ресейді осы үш тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда біріншіден басқа — әскери күш — бұл супердержава болуға экономикалық қуаты да, халқы да жетпейді.
Экономикаға назар аударайық. Ресей — энергетикалық экспортына тәуелді ел. Мұнай мен табиғи газ — оның экономикасының тірегі. Ресей, Таяу Шығыс елдері сияқты, негізінен мұнай мен газдың экспорттық саудасына байланысты.
Сондықтан, әлемдік мұнай бағасы арзандаған кезде Ресейдің біржақты экономикалық жүйесіне ауыр соққы тигізеді.
Егер Америка Құрама Штаттарына қарайтын болсақ, бүгінде олар әлемдегі жалғыз супердержава болып табылады, өйткені олар әлемдегі жетекші мұнай экспортшысына айналғанына қарамастан, олардың экономикасы біркелкі емес, ал мұнай саудасы тек оның бір саласы, сондықтан құлдырайтын бағалар мұнай Америкаға үлкен экономикалық шығын әкелмейді.
Сонымен қатар, Ресей кеңестік ауыр өнеркәсіпті толығымен мұра еткенімен, кеңестік индустриялық дамудың кемшіліктерін де өз мойнына алды. Ауыр өнеркәсіп дамығанмен, жеңіл өнеркәсіп өте ауыр жағдайда. Бүгінде тіс щеткалары, тіс пасталары, сүлгілер, киім — кешек және басқа да қажетті заттар Қытайдан әкелінеді.
Ресейдің географиялық жағдайы елдің экономикалық даму қарқынын анықтайды, ал қазіргі экономикалық жағдайға сүйене отырып, Ресей держава бола алмайды.
Ең сорақысы, Ресей халқының саны теріс өсуде. Сонымен қатар, популяцияның қартаю проблемасы да өте маңызды. Бұл көптеген дамыған державалардың алдында тұрған мәселе, бірақ Ресейді дамыған ел деп санауға болмайды.
Егер бұл үрдіс жалғасатын болса, Ресей құлдырап қана қоймайды, тіпті Ресей армиясының әскери күштерді күнделікті қызмет етуі де халықтың азаюына байланысты қиындық тудыруы мүмкін.
Жоғарыда айтылғандардың бәрін қорытындылай келе, әскери күшті қоспағанда, Ресей экономикасы да, оның халқы да елді супердержаваға айналдыра алмайды. Осылайша, Ресей өршіл болса да, бірақ көптеген факторлардың әсерінен ол аймақтық күшті күш бола алады, бірақ супердержава болмайды.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ — Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты