Қазақстанның үздік балет театрлары | Скачать Материал

0

Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1. Қазақстанда балет өнерінің қалыптасуы мен дамуы
1.2. Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі Қазақстан балеті
1.3. Қазақстанның үздік балет театрлары
Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Балет (фр. ballet, от лат. ballo – билеймін) – би мен музыканың бір-
бірімен байланысы арқылы туындайтын хореграфиялық қимыл-қозғалыстардың
негізінде құралған сахна өнерінің түрі болып табылады.
Көбінде балеттің негізінде қандайда бір сюжет, драматургиялық ой,
либретто жатады. Сондай-ақ сюжетсіз де балет болады. Балетте негізгі би
түрлері классикалық және характерлық би түрлері болып табылады. Сонымен
қатар болып жатқан ойдың, кейіпкерлердің бір-бірмен әңгімелері мен
сезімдерін жеткізетін пантомима маңызды рөлдердің бірін атқарады. Қазіргі
заманда балетте сондай-ақ гимнастика мен акробатика элементтерін кеңінен
қолданылады.
Балет – өте жас өнердің түрі. Би ежелгі заманнан бері адамзат өмірін
қуанышқа, түрлі эмоциялар мен сезімдерге бөлеп, тіршіліктерін безендіріп
келеді. Дегенмен, оған бар жоғы төртжүз жылдан сәл астам. Балет Ренессанс
кезеңінде Солтүстік Италияда дүниеге келген. Италиялық князьдер бидің
жоғарғы деңгейде орындалатын дәулетті сарай мейрамдарын ұнататын. Ауылдық
билер сарай ханымдары мен мырзаларына келмейтін. Олардың қымбат киімдері
мен сол секілді әдемі биге арналған залдары ұйымдастырылмаған қозғалыстарға
мүмкіндік бермеді. Арнайы мұғалімдер – танцмейстерлер сарай билеріне тәртіп
орнатуға тырысатын. Олар сарай ханымдары мен мырзаларына би қозғалыстары
мен оның қойылымын (мизансценасын) алдын ала үйретіп, оларды би барысында
жекетшілеп, көмектесіп тұратын. Бірте-бірте би театрлық қойылымдарға жақын
бола бастады.
Балет термині ХVI ғасырдың соңына қарай пайда болды (италия тілінен
baletto – билеу). Бірақ ол кезде балет қойылымды білдірмейтін, тек белілі
бір көңіл-күйді көрсету үшін қойылған би эпизоды ғана болатын. Бұндай
“балеттер” әдетте өзара байланысы бола бермейтін, көбінде грек мифтерінің
қаһарман – кейіпкелердің “қойылымдарынан” құралған. Осы секілді
“қойылымдардан” кейін жалпы би түрі “үлкен балет” басталды.
Алғашқы балеттік спектакль 1581 жылы Франццияда италиялық
балетмейстер Бальтазарини ди Бельджойозоның Королеваның комедиялық балеті
атты қойылымы болды. Дәл Францияда балет өнері одан әрі дамуын жалғастырды.
Басында бұл тек балет-маскарадтар ғана болатын. Содан кейін би
эпизодтарын вокалдық ария мен мәнерлеп оқу өнері алмастырған қаһармандық
және әсіреленген мелодрамалық қойылымдар ауыстырды. Ол уақытта балет тек
биден құралған қойылым болмайтын.
Людовик ХIV басқару кезеңінде сарай балет қойылымдары ерекше
ілтипатқа бөленді. Ол 1661 жылы 13 жетекші танцмейстерден құралған
Корольдік музыка және би академиясын құрды. Олардың міндеттері би
дәстүрлерін сақтау еді. Академия директоры, королдік би мұғалімі Пьер Бошан
классикалық бидің негізгі бес позициясын анықтап кетті.
Көп ұзамай Париж операсы ашылып, оның балетмейтері болып сол Пьер
Бошан тағайындалды. Оның бастауымен балет труппасы құрылды. Алғашқы
уақыттары оның құрамында тек еркектер ғана болды. Әйелдер тек Париж
операсының сахнасына тек 1681 жылы шыға бастады.
XVIII ғасырдың ортасына қарай балет Европада үлкен танымалдылыққа
жетті. Европаның барлық аристократтық сарайлары француздық корольдік
сарайларының салтанатына барынша еліктеді. Қалаларда опералық театрлар
ашыла бастады. Көптеген бишілер мен би мұғалімдері өзеріне оңай жұмыс тауып
алып жатты.
Кейінірек сәннің әсерінен әйелдер балет костюмы айтарлықтай жеңіл
әрі еркіндеу бола бастады. Костюмның астарынан дене бітімдері айқын көріне
бастады. Биші қыздар биік өкшелі аяқ киімдерінен бас тартып, оның орнына
жеңіл өкшесіз туфлилерге көшті. Ерлер костюмі де ауқымдылығынан кеми
бастады: тізеге дейін жабысқан панталондар мен шұлықтар бишінің мүсінін
көруге мүмкіндік берді.
Әрбір жаңашылдық би өнерін саналы қылып, ал би техникаларын жоғары
деңгейге көтере бастады. Бірте-бірте балет операдан алшақтап, дербес өнерге
айналды.
Француз балет мектебі көркемдігі мен икемділігі жағынан атақты
болғанымен, орындау кезінде өзіне тән кейбір салқындық пен формальдылық
байқалатын. Сондықтан балетмейстерлер мен артистер басқа да суреттеу
тәсілдерін іздеді.
XVIII ғасырдың соңында балетке үлкен ықпал тигізген өнердің жаңа
бағыты – романтизм пайда бола бастады. Романтикалық балетте биші қыздар
пуантыға тұрды. Ең алғашқы пуанытмен Мария Тальони сахнада билеп, балет
туралы бұрынғы ойларды өзгертті. Сильфида балетінде ол арғы әлемдегі
нәзік жанды ойнап шықты. Қойылым үлкен жетістіктерге жетті.
Сол уақыттары көптеген керемет балеттер пайда болды. Бірақ, өкінішке
орай Батыста романтикалық балет би өнерінің өркендеу кезеңінің соңына
келді. ХІХ ғасырдың соңына қарай балет өзінің бұрынғы мәнін жоғалтып,
операның қосымшасына айналды. Тек ХХ ғасырдың 30-шы жылдары орыс балетінің
ықпалымен Еуропада балет өнеріні қайта жаңғыра бастады.
Қазақ халқының өмірінде де би өнерінің орны ерекше. Қазақ халқы
ежелден өзгеше би мәдениетіне ие болған. Алайда қазақ халқының ұлттық
биінде канондық формалар болған емес. Би фольклорының негізін импровизация
құрады. Қазақ ұлттық биінінің ерекшеліктері – бишінің экспрессивтік
орындаушылығы, жылдам қозғалыстары, иық қозғалысының жылдамдығы, денені
жинақы әрі қатты ұстай тұра күрделі акробатикалық тәсілдерді қосуға
мүмкіндік береді. Ұлттық бидің шынайы дамуы кеңестік уақытта болды.
Көркемөнер үйірмелері дамып, профессионалдық театрлар пайда бола бастады.
1933 жылы қазақ музыкалық студия ұйымдастырылып, қойылымдарына балет
тәлімгері М. Арцибашеваның шағын топ оқушылары қатысты. Бұл ұжым Қазақ
опера және балет театрының балет труппасының негізін қалап, театрдың
болашағына үлкен үлестерін қосты.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанда XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап
пайда болып, қалыптаса бастаған кәсіби балет өнерінің қазіргі күндерге
дейін жүріп өткен жолдары жан-жақты зерттеуді керек етеді. Себебі, бұл
тақырып осы кезге дейін түбегейлі зерттеліп көрген емес. Дегенмен,
Л.П.Сарынова, Г.Т.Жұмасейітовалар Абай атындағы академиялық опера және
балет театрының өрбу жолдары мен репертуарын талдаған. Ал Қазақ Ұлттық Өнер
Университетінің магистрі Э.С.Жұмадьярова өзінің еңбегінде К.Байсеитова
атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрының құрылуы мен еңбек еткен 13
жылын зерттеп зерделеген. Демек, ұлттық балетіміздің жүріп өткен жолдарына
кеңінен шолу жасап, оған өзінің лайықты бағасын беретін уақыт жетті.
Сондықтан біз өз жұмысымызда осы олқылық орнын толтыруды мақсат етіп алға
қойып отырмыз.
Зерттеудің жаңалығы: Әлем және орыс балет өнерінің озық үлгілерін
игере отырып, өзіндік ұлттық бояуға барынша қаныққан қазақ балетінің
ерекшеліктері мен жетістіктерін, оның осы кезге дейін жеткен жолдарының
тәжірибесін жан-жақты зерттеу жасап, оның қырларын аша түсу.
Зерттеудің мақсаты: Қазақстанда балет өнерінің даму жолдары туралы
жазылған материалдарды, архивтік жазбаларды, көз көргендер естеліктерін,
қазіргі таңдағы осы саланың өнер майталмандары пікірлерін жинақтап, талдай
отырып, осылардың негізінде республика балетінің жүріп өткен жолдарының
толық картинасын жасап шығу, оның даму кезеңдерінің ерекшеліктеріне талдау
жасау.
Зерттеудің міндеті: Бастауын өткен ғасырдың 30-шы жылдарының басынан
алатын қазақ балет өнерінің бүгінгі күнге дейін дамып жетуіне, оның
халықаралық деңгейде танылуына еңбек сіңірген өнер қайраткерлері аз емес.
Республикада балет өнерінің пайда болып, қалыптаса бастауынан бастап, оның
дамуының әрбір кезеңінде тізгін ұстаған толымды тұлғалар аз болған жоқ.
Мұнда балеттің либреттосын жазған қаламгерден бастап, оны қойған
балетмейстердің, музыкасын жазған композитор мен декорациясын жасаған
суретшінің ұшан-теңіз еңбегі жатыр.

Негізгі бөлім
1. Қазақстанда балет өнерінің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстанда балет өнерінің қалыптасуы мен дамуы атты магистрлік
жұмыс тақырыбы еліміздегі балет өнерінің күні бүгінге дейін жүріп өткен
жолдарын түбегейлі зерттеп, оның әрбір кезеңде қол жеткізген жетістіктерін
саралап шығуға, осыған орай белгілі бір тұжырымдар мен ой қорытулар
жасауды, соның негізінде өнердің бұл түрінің республикадан одан әрі даму
бағыттары мен тенденцияларына шолу жасап шығуды көздейді.
Қазақстанда балет биінің алғашқы үлгілері кәсіби сахнаға шықпастан
біраз бұрын ұлттық өнеріміздің аясында біршама даму жолдарынан өтті. Оған
1926 жылы 13 қаңтарда Қызылорда қаласында өткен Қазақстан кеңесі V съезінің
шешімі үлкен серпін берді. Осы аралықта алғашқы ұлттық драма театрының ірге
көтеріп, кәсіби бағытта даму жолына түсуі, сонымен бірге сахна шеберлігі
мектебінің жұмыс жасай бастауы, актер мен көрерменнің қатынасы ұлттық
музыкалық театр қалыптасуына, осының негізінде балет билері элементтерінің
сахнадан орын алуларына әкеліп жеткізді. Қазақстан өлкелік партия
комитетінің 1933 жылғы 8 қыркүйекте қабылдаған Ұлттық өнердің даму
шаралары туралы қаулысы республикада ұлттық опера және балет театрын құру,
симфониялық және ұлттық оркестр ұйымдастыру, театр жүйесін барынша кеңейте
түсу, осыған байланысты кәсіби мамандар даярлау мәселелерін алға міндет
етіп қойды. Осы жылы Қазақ академиялық драма театрының жанынан құрылған
музыкалық студия ашылды. Онда келешекте опера және балет театры құрылатыны
ескеріліп, 1934 жылы бірінші балет труппасы қаз тұрды. Оған ұзаққа созылған
іздестіру жұмыстарынан кейін белгілі маман М. Арцибашева жетекшілік ете
бастады. Осы жылы студия негізінде Қазақ музыка театры (қазіргі Қазақ
академиялық опера және балет театры) ірге көтеріп, 1935 жылы оның жанынан
балет бөлімшесі пайда болды. Онда Ш. Жиенқұлова, Е. Лифанова, Ә.
Ысмайылов, С. Абсолямова, Н. Тапалова, Қ. Қарабалина, Х. Байзақов секілді
қазақ хореография өнерінің алғашқы кәсіби мамандары білім алды. Студия
түлектері премьераларын 1934 жылы режиссер Ж. Шанин қойған М. Әуезовтің
Айман-Шолпан музыкалық тұрмыстық қойылымына қатысудан бастады. Спектакль
билерін М. Арцибашева мен Ташкенттен шақырылған А.Ардобус қойды.
Қазақстанда сахналық билердің бұдан әрі дамуына Мәскеуден келген
А.Александров пен А.Ардобус айтарлықтай еңбек сіңірді. А.Александровтың
балетмейстерлік дебюті Б.Майлиннің Шұға атты музыкалық драмасынан
басталды. Ал 1937 жылғы 17 қаңтарда музыкалық театр базасында Қазақ опера
және балет театры бой көтерді. Ал ұлттық туындыдан алынған тұңғыш балет –
Қалқаман-Мамырдың тұсауы 1938 жылы кесілді. Тұңғыш балеттің либреттосын
М. Әуезов жазса, музыкасын В. Великанов шығарды, сондай-ақ балетмейстері Л.
Жуков, суретшісі О. Таңсықбаев болды. Қазақстан хореографиясы 40-шы
жылдардан бастап балет классикасын игеруді қолға алды. Солардың алдыңғы
қатарында Аққу көлі, Коппеллия, Шопениано, Жизель сахнаға
шығарылды. Қазақ балет өнерінің бұдан арғы жылдарда қалыпты арнада дамуына
Куйбышев көшпелі опера және балет театры мен Ұлы Отан соғысы жылдарында
Алматыға көшіп келген Кеңес Одағының Еуропа бөлігіндегі хореография
артистері елеулі ықпал жасады. Қазақ балет труппасының 1950 жылы сахналаған
Қамбар-Назым балеті оның өсуінің келесі кезеңін көрсетті. Оны труппа
жетекшісі М.Моисеев пен В. Великанов дайындады. 50-ші жылдардың соңында
театрға қазақтың тұңғыш кәсіби балетмейстері Д. Әбіровтің келуімен мұнда
балет өнерін өркендетудің жаңа кезеңі басталды. Осы он жылдықта балет
сахнасы Р. Тәжиева, А. Бекбосынов, И. Манская, З. Райбаев, А. Асылмұратов,
С.Көшербаев секілді өнер жұлдыздарымен толықты.
Бұдан кейінгі жылдары қазақ балеті өнерінің дамуына Р. Бапов,
Б.Аюханов сынды бишілер мен балетмейстерлер өлшеусіз үлес қосты. Ал еліміз
егемендік алған кезеңнен бері Ю. Григорович, Б. Эйман секілді әлемдік
деңгейдегі балетмейстерлер бірқатар классикалық туындыларды қойды. Ал 2000
жылы Қазақстанда екінші опера және балет театры ашылды. Ол Астана қаласында
алдымен Ақ орда деген атпен пайда болды. Сол жылғы шілде айында оған К.
Байсейітованың есімі берілді. Театр 14 қазанда ұлттық опера классикасы
қорынан алынған Біржан — Сара операсымен өмірге қанат қақты. Ал 2008
жылдың 11 қарашасы күні Қазақстанда үшінші осындай өнер ордасы пайда болды.
Ол Оңтүстік Қазақстан облыстық опера және балет театры ретінде өмірге
келді.
Қазақстандағы өнер түрлері ерте замандарда пайда болып, адамның жан
азығын айналды. Ол адамдар саналы тіршілік ете бастаған алғашқы кездерден-
ақ өзінің нышанын көрсете бастады. Сондықтан біз қазақ өнерін әлем өнерінің
құрамдас бөлігі ретінде оқып-тануға тиістіміз. Өнер халықтың өмірін жай
сәулелендіріп қана қоя салмай, оның ойын жетілдіреді, шығармашылығын
дамытады. Өйткені, өнер әсемдік пен көркемдіктің ең жоғарғы түрі болып
табылады. Сол өнердің бірі би еді. Елімізде би өнерін дамытудың жоғары
мектебі ретінде хореографиялық оқу ордалары өмірге келді. Ол балет өнерін
дамытуға әсер берді. Өнердің бұл түрі бізде 1960-1970 жылдары өзінің
шарықтау шегіне жетті. Осы кезеңде қазақ балетінің аға буын өкілдерімен
бірге, жас мамандар республикада балет өнерін дамытуға белсене атсалысты.
Шығармашылық ізденістер нәтижесінде Қазақстандық балет өнері табыстарға
жете бастады. Қазіргі заман тақырыбын арқау еткен балет қойылымдары
репертуарға ене бастады. Осы жылдары Батыс, орыс және кеңес балетінің
классикалық мұралары сахынаға шықты. Әсіресе А.Ш.Аданның Жизель, П.И.
Чайковскийдің Аққу көлі мен Ұйқыдағы ару, Ц.Пуньи, Р.М.Минкустың Дон
Кихот, Ф.З. Яруллиннің Шурале, Б.В. Асафевтің Бақшасарай фонтаны, Р.М.
Гилиэрдің Мыс салтанатты балеттер сахнаға шығарылды. Оларда С.Көрешбаева,
Р.Тәжиева, С.Л. Толусанова, И.И. Манская, А.Жалилов, А.Асылмұратов,
Б.Ақжанов, Ф.Қойгилдинова, Ә.Малбеков, Л.Г.Рудакова сияқты артистер
шеберліктерін көрсетті. Классикалық билерді сахналауда Г.А. Березова ұлттық
репертуарды құруға күш салды. Осы уақытта Г.А.Березова суретші Ә.
Исмайыловпен бірге Қазақтың би сюитасы мен Жалбыр операсына қазақ
билерін қойды. Мұнда ол қимылдарды жаңа формалармен байытып, фольклордағы
билерді одан әрі дамытты. Жалпы, би арқылы жеке бір халықтың ғасырлар бойғы
тұрмыс-тіршілігінен, кәсібінен, салт-дәстүрінен мағлұмат алуға болады.
Қандайда болмасын, халықтың мәдениетінің өсуіне байланысты би де
эстетикалық жағынан байып, дамып отырған.
2. Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі Қазақстан балеті
Ұлы Отан соғысы уақытында Алматы қаласына Совет Одағының көптеген
театрлары көшірілді. Мәскеу, Ленинград, Киев, Одесса балет артистерінің
өнерлері, олардың шығармашылығы ұлттық би өнерінің дамуына үлкен әсер етті.
1941-1943 жылдар аралығында Киев опера және балет театрының балетмейтері
Г.А. Березова Қазақ опера және балет театрының труппасына жетекшілік етіп,
Қазақстанның хореографиялық өнерінің дамуына бар мүмкіндігін қосты. Оның
қойылумен қойылған А.А.Крайнның Лауренсия, А. Аданның Жизель, Б.
Асафьевтың Бақшасарай фонтаны және П.И.Чайковскийдің Аққу көлі атты
қойылымдары жоғарғы көркемөнер деңгейде өтті. 1942 жылдың 18 маусымында
Галина Сергейқызы Уланова Қазақ … жалғасы