Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығын экологиялық туризм бөлігінде дамыту

0
317

МАЗМҰНЫ
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … 3
1 Экологиялық туризм экономиканың тірегі
1.1 Экологиялық туризм және оның даму
тарихы … … … … … … … . … … … 4
1.2 Экотуризм және
экономика … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … 17
1.3 Қазақстандағы экологиялық туризмнің даму
жағдайы … … … … … … … 25

2. Зерттеу нысаны және оның сипаттамасы
2.1 Солтүстік Қазақстан облысының экономикалық, экологиялық, географиялық
сипаттамасы … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … . 29
2.2 Солтүстік Қазақстан облысының аумағындағы республикалық сипаттағы
табиғат ескерткіштері мен табиғат кешендері … … … … … … .. … .
35

3. Зерттеу нәтижелері
3.1 Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласындағы туризмнің
жағдайы … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … 43
3.2 Солтүстік Қазақстан облысының – табиғат ескерткіштері мен табиғат
кешендерінде туризмнің дамуын
талдау … … … … … … … … … … … … … … .. 47

Қорытынды … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … … . 61
Қолданылған әдебиеттер
тізімі … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
64
Қосымшалар … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … … 66

КІРІСПЕ

Туризм экономикада ірі және қарқынды дамып келе жатқан әлемдік
экономиканың бір саласы болып табылады. Дүниежүзілік туристік ұйымның
хабарлауынша ол әлемдік барлық өнімнің оныншы бөлігін, 11% артық
халықаралық инвестицияны, әлемдік өндірісте әрбір тоғызыншы адамның жұмыс
орнын қамтамасыз етеді. Туризмнен түскен табыс мұнай мен мұнай өнімдерінен
және автомобиль экспортынан кейін 3 орында. Сондықтан да туризмді дамыту
ұзақ экономикалық тиімді болашақ. Қазақстан егемендік алғаннан соң туристік
қызметті реттеудің негізі қаланды, қазақ халқының тарихи және мәдени
мұрасын жаңғырту қолға алынды. Қазіргі кезде мемлекет тарапынан шетелдік
туристерді біздің елімізге тарту үшін көп жұмыстар жасалуда, бірақ дегенмен
туристік қызмет корсету деңгейінің төмен болуы, материалдық-техникалық
базаның ескілігі, шығынның көп болуы туристердің Қазақстанға деген
қызығушылығын кері қайтарады.
Солтүстік Қазақстан облысында туризмді дамытудағы үлкен
мүмкіндіктердің бар екендігі айдан анық. Сондықтан да Солтүстік Қазақстан
облысында танымдық яғни экскурсиялық туризмді дамытудың маңызы зор.
Солтүстік Қазақстан облысында туризмды дамыту жаңа жұмыс орындарының пайда
болуына, еліміздегі қаржы айналымының артуына және мемлекеттік бюджеттің
көбеюіне, аз да болсын жұмыссыздықтың алдын алуға, ең соңында еліміздің
тұрақты дамуына өз үлесін қосары сөссіз.
Жұмыстың (тақырыптың) өзектілігі: Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
экскурсиялық туризмді республикалық деңгейде әлемдік стандартқа сай ету.
Зерттелу деңгейі – облысқа жыл сайын келетін туристердің саны
Солтүстік Қазақстан облысының статистика орталығының мәліметтеріне сүйене
отырып құрылған диаграммалардан, кестелерден коруге болады. Қаланың корікті
жерлері туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат және көптеген еңбектерде
кездеседі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты:
1. Солтүстік Қазақстан облысында туризмнің даму деңгейін сипаттай
отырып, экскурсиялық туризмнің қазіргі жағдайына талдау жасау.
2. Солтүстік Қазақстан облысындағы экскурсиялық туризмнің даму
болашағы мен қаладағы туристік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін
айқындау болып табылады.
Жұмыстың міндеті:
1. Қала тарихы мен қаладағы көрікті жерлерге шолу жасап, оларға
сипаттама беру;
2. Экскурсиялық қызмет корсетудің құрылымы мен жіктелуіне,
тақырыптамасына көңіл болу;
3. Солтүстік Қазақстан облысында туризмнің дамуын талдау;
4. Солтүстік Қазақстан облысындағы экскурсиялық туризмді дамытуда
алдағы болжамдар мен туындайтын проблемаларға тоқталу.
1 Экологиялық туризм экономиканың тірегі
1.1 Экологиялық туризм және оның даму тарихы

Қазақ елі – бай мемлекет. Ұлан-ғайыр ұлылықтың ұйтқысына айналған
дарқан дала қойнауында Менделеев кестесіндегі барлық дерлік элементтер
кездесетіндігіне ешкім шүбә келтірмес. Қазақстан бір мұнай мен газ қорының
өзінен әлемдегі бесінші орынды иеленеді. Бұл байлық қазақтың дарқандығына
бола бітсе керек. Десек те судың да сұрауы бар. Ертеме ме, кеш пе әйтеуір
табиғи ресурстардың сарқылатын кезі де келеді және де технологияның
мейлінше дамыған гиперпрогрестік заманында шикізат, өндірістің өзі
мардымсыз болып қалса, әсте таңдана алмайсың, себебі қазір жаңалықтан кейін
жаңалық жарыққа шығып, жаһандану үрдісін үдемелі түрде жаңғыртып отырады.
Ал сол шақта пайда табудың өзге де арналарының көзін аршып алған абзал. Бұл
әрине туризм еншісінде.
Туризм – әлемдегі көптеген дамыған әрі дамушы мемлекеттердің негізгі
экономикалық тірегі. Туризм қазіргі таңда автомобиль жасау мен мұнай
өнеркәсібі сынды экономиканың ең ірі экспорттық салалары ішінде пайда
көлемі бойынша үшінші орынды иеленетін халықаралық масштабтағы индустрияға
айналып отыр, яғни туризм шын мәнінде де экономикның ең ірі секторларының
бірі. Бүкіл әлемдегі электронды – есептеуіш техниканың қарқынды түрде дамуы
мен туризімге автоматтанырудың еңгізілуі оны сонымен қатар халықаралық
ақпараттық технологиялар мен үрдістердің саласы ретінде де танытады.
Әлеуметтік тұрғыдан да туризм аймақтарға айтарлықтай әсерін тигізеді:
– Туризмнің дамуы арқасында жүз мыңдаған жұмыс орындары пайда болады;

– Коммуникациялық жүйелер дамиды;
– Жергілікті халықтың мәдениеті артады;
– Мәдени және өнеркәсіп отралықтарынан шеткей жатқан аудандардың
дамудан тыс қалмауына бірден – бір әсерін тигізеді.
Бірқатар мемлекеттердің қазіргі таңдағы туризм жағдайына сараптама
жүргізу нәтижелері туризмнің дамуы ішкі, ұлттық туризмді дамытуға үлес
қосатын бағдарламалармен үйлесімді түрде ұштаса жүруі тиіс екендігін
көрсетті. Себебі кез келген мемлекеттегі ішкі туризм ұлттық табысты қайта
бөлу, үлестіру арқасында ұлттық экономика жағдайының тұрақтануына үлес
қосады. Осы орайда мемлекетімізде туристік кластер мен инфрақұрылымды
дамыту, Қазақстан Республикасының туристік имиджін қалыптастыру, Ақтау-
Сити, Кендірлі, Жаңа Іле сынды ірі жобаларды жүзеге асыру қолға
алынды. Бұлар туризм саласындағы маңызды міндеттер мен жобалар. Мемлекет
тарапынан қолдау көрсетіліп туризмнің дұрыс жолға қойылуы әрине құба құп!
Оған Қазақстан Республикасының қайталанбас тарихи-мәдени мұрасы, ешбір
мемлекеттен кем түспейтін рекреациялық ресурстарын қосыңыз.
Бүгінгі күні жүруге машықтанып, қадам басқан баланың талабын
бақылағандай, бүкіл дүние жүзінің назары қазақ елінің бастамаларына
ауғандығы байқалады. Оның себебі де жоқ емес. Біріншіден, Қазақстан – тоғыз
жол торабының түйісінен қоныс тепкен алтын орда. Екіншіден, ұлан -ғайыр ұлы
дала ұлтаралық қатынастар мен ішкі саяси жағдайының тұрақтылығымен
ерекшеленеді. Ал бұның өзі елдегі туристік бизнестің дамуына септігін
тигізетіндігі сөзсіз. Қазақстан шетел инвесторлары тарапынан тартымды
мемлекет ретінде танылды. Өзге мемлекеттер Қазақстанды аса бай туристік
әлеуетке ие сенімді серіктес ретінде қабылдайды. Туризм саласында жасалған
екіжақты және көпжақты келісімшарттар санының өсуі соның айқын айғағы.
Міне, осы аталғандар қосыла келе Қазақстан Республикасындағы туризмнің
қарқынды дамуының алғышарттарын құрайды. Аллаға шүкір, қазіргі бет алысымыз
түзу, бастамамыз жаман емес, бірақ әр нәрсенің күнгейі мен көлеңкесі
болады.
Туризм ең бір еңбектің көп шығындалатын түрі болғандықтан және де
халықты жұмыспен қамтудың реттеуіші саналатындықтан, бұл саладағы кәсіби
білімге айрықша талап, екерше мән беріледі. Қарқынды өзгерістерді,
кәсіпкерліктің жаңа үрдістері мен әдістерінің пайда болуы тәрізді туристік
нарықтың сипаттамаларын ескере отырып, туризм мамандарын туристік нарықтың
қарқыны мен конъюктурасына бейімделе білуді үйреткен өте маңызды. Қажетті
талаптарға сай білімді маман ғана бәсекеге қабілетті өнімді жасап, оны
туристік қызмет нарығында ұтымды өткізе алады. Ал қазіргі таңда университет
қабырғаларында білім алып жатқан болашақ туризм мамандары сол талаптарға
сай бола ала ма? Біз оларды жеткілікті дәрежеде дайындап жатырмыз ба? Бұл
ойлануға тұрарлық жағдай, себебі өз еліміздің экономикасы өз қолымызда.
Көрікті жерлерді алыс-жақыннан келгендерге көрсету арқылы бүгінгі
нарық кезінде қаржы көзін толықтыруға болатынын әлемдік тәжірибе көрсетіп
отыр. Бұл ретте әсіресе, экотуризм биліктің де, туристердің де ерекше
қызығушылығын тудыруда. Олай дейтініміз, мемлекет үшін аталмыш сала – үлкен
қалалардан тыс жерде туризмді дамыту мүмкіндігі болса, шетелдіктер үшін –
экологиялық таза әрі қаражат жағынан аса қымбат емес дем алу жолы.
Экотуризнің сұранысқа ие түрлері – табиғи танымық, реабилитациялық,
ауылдық және эколого – этнографиялық. БТҰ – ның (бүкілдүниежүзілік туризтік
ұйым) экотуризмге қатысты анықтамасы мынадай. Экотуризм барлық табиғи
туризмнің қосындысы, ондағы негізгі мақсат – табиғатты тамашалап,
табиғатпен сырласу.
Мамандардың айтуынша, қазақстандық экотуризм нарығы салыстырмалы түрде
әлі жас, оның бастауы еліміз тәуелсіздік алған жылдарға тұспа-тұс келеді.
Экотуризм – ішкі туризмнің негізгі құраушысы. Бүгінде экотуризм –
ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту мүмкіндігі әрі табыс көзі
болса, келешекте олардың іскерлікпен айналысуына мол мүмкіндік беретін
сала. Оны дамыту ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Қазақстан туристік
Қауымдастығының жоспарындағы ауылды жерде экологиялық туризмді дамыту
қажеттігінен туындаған. Бастапқы жылдары тұрғындарға әуелі экотуризмнің не
екені, оны қалай ұйымдастыру мен дамытудағы басым бағыттар жөнінде
түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Яғни, бұл ретте құрылған ақпараттық
ресурстық орталықтардың басты мақсаты – ауылдағы ағайынның арасында осы
саланың екіжақты тиімділігі мен пайдасын насихаттау болатын.
Сөйтіп, ауылды жерде экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету мен
табиғи ресурстарды қорғаудың экономикалық және этикалық алғышарттары
белгіленді. Ол табиғатқа жауапкершілікпен қарауға ынталандырып, шалғай
орналасқан ауылдарда кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік туғызды. Сондықтан
туризмнің осы саласын дамытуға деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді.
Мәселен 2009 жылы республика бойынша небәрі он шақты ғана экологиялық
туристік орталықтар болса, өткен жылдың соңынан бүгінгі күнге дейін олардың
саны 19-ға жеткен.
Туризмнің бұл түріне деген қызығушылық күннен күнге артып, экологиялық
әлеуетті аймақтарда кішкентай қонақ үйлер бой көтеріп келеді. Мысалы, бір
ғана Оңтүстік Қазақстан облысының Ақсу-Жабағылы ұлттық қорығы шеңберінде
осындай 31 қонақ үй меймандарын қарсы алуда. Бүгінде экотуризм кластері
дамып келе жатқан осындай бес аймақты атауға болады, олар: Ақмола, Алматы,
Орталық Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан мен Маңғыстау облыстары. Аталған
өңірлерде көптеген туристік нысандар орналасқан. Экотуризмнен жылына бір
отбасының бюджетіне орта есеппен 500 мың теңгеден астам кіріс кіреді.
Халықаралық ұйымдардың анықтамаларында экотуризмнің негізгі
сипаттамаларының бірі – туристік өнімді әзірлеуде жергілікті тұрғындардың
қызметін барынша тарту болып табылады. Бұл ретте қазақстандық экотуристік
бағыттарда қонақ үйлер мен жатын бөлмелерді, үй жағдайында пісірілген ас
мәзірлерін, табиғи және тарихи көрнекті жерлер бойынша саяхатқа шығару,
салт атпен және түйемен серуендеу, аудармашы, кемпинг, ұлттық салт-
дәстүрлермен таныстыру, т.б. қызметтер ұсынылып отыр. Яғни, кез келген адам
өзінің тұрғылықты жерінің ерекшелігіне байланысты әртүрлі қызмет көрсетуіне
толық мүмкіндігі бар. Бұл салаға Дүниежүзілік туризм ұйымы да ерекше көңіл
бөлуде.
Алайда, елімізде тұтастай қызмет көрсету деңгейінің төмендігін
ескерсек, туристердің тұрақты түрде келуіне кедергі болуы мүмкін деген
қауіп те жоқ емес.
Елімізде жылына екі рет жалпы туризм саласына қатысты арнайы семинар
өткіліп тұрады. Мұндағы өзекті тақырыптардың негізгісі – туристік қызмет
көрсетудің халықаралық стандарттарға сай болу қажеттігі. Осымен қатар,
мысалы, былтырғы жылдан бастап Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік
университеті Еуропалық Одақтың Tempus бағдарламасы бойынша Францияның
Гренобль университетімен арнайы туризм индустриясы үшін жоғары және орта
білімді мамандарды халықаралық стандартарға сай даярлауды көздеп отыр.
Мұндағы басты мақсат – Қазақстандағы туризм индустриясын, әлеуметтік көмек
және мейманханалық бизнес саласын жоғары деңгейде қызмет көрсететін білікті
мамандармен қамтамасыз ету болып табылады.
Айта кетерлігі, мемлекеттен нақты экотуризмге қаржы қарастырылмаған.
Оның дамуы инвесторлар тартумен іске асырылуда, есесіне, түрлі қаржылық
институттардан осы салада жеке кәсіпкерлігін дамытуға ниетті адамдардың
төмен пайыздық мөлшерлемемен несие алуға мүмкіндігі бар:
Негізі, экотуризм жекеменшік сала екендігіне қарамастан, мемлекеттік
индустриалды-инновациялық бағдарламада туризм қарастырылған және бүгінде
оның аясында туризм және спорт министрлігі арнайы салалық бағдарлама
жобасын әзірлеуде. Ол бойынша кәсіпкерлікті дамытуға ниетті жандарға
құжаттар арқылы қолдау көрсетілетін болады. Сонымен қатар, туристік әлеуеті
бар, алайда артта қалған немесе әрі қарай дамытуды қажет ететін өңірлер
бар.
Ұлы Жібек жолында орналасқан Атырау мен Қызылорда облыстарында
инвестициялар тарту есебінен жаңа жобалар жүзеге асырылмақ. Мәселен, Атырау
облысында Сарайшық деген жоба, ал, Қызылорда облысы, Арал ауданындағы
Қамбаш көлінде туристік кешен құру мен Қорқыт-Ата ауылында туризмді дамыту
мақсатында танымдық жобалар жасалмақ.
Сондай-ақ, индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық дәлізі бойынша туристік
инфрақұрылым салу мен ұлттық туристік кластерді дамыту көзделіп отыр. Оның
ішінде, 2012 жылы еліміздің экотуризм ошақтарын СNN, BBС және National
Geographic сияқты әлемдік ақпарат құралдарынан жарнамаласақ, әрі өзге де
шетелдік газет-журналдарға арнайы жарияланымдар ұйымдастырылмақ. Дағдарысқа
дейін, 2008 жылы еліміздің қазынасына тек қана туризм саласынан 74 миллиард
теңге кіріс кірген және бұл көрсеткіш өткен жылы да айтарлықтай азаймапты.
Демек, туризм, оның ішінде экологиялық туризм – елде бар әсем табиғатты
бағалау мен көркем жерлерді көрсету ғана емес, ел экономикасына қосатын
қомақты үлес те. Соған қарамастан, ішкі туризм көлемін арттыру үшін
бәсекеге қабілеттi туристік индустрия әлеуетін әлі де дамыта түсудің
қажеттігі даусыз.
Жылына бір келетін демалыста жақсы тынығу әркімнің көкейіндегі ой.
Өкініштісі, бұл ойды іске асыру бәрінің қолынан келе бермейді. Тәуелсіздік
алғанымызғы жиырма жылдың жүзі болса да еліміздің туризм саласы өз
деңгейінде дамыған жоқ. Өз жеріміздің маржандарын әлі де болса қызықтай
алмай отырмыз. Оған себеп көлік жолдарының жөнделмеуі, қонақ үй, қызмет
көрсету бағасы шетелден де қымбат. Сондай–ақ отандық туристік қызмет
көрсету түрі европалық стандартқа сай емес. Міне осы себептер салдарынан
қазақ халқы емдік қасиетке бай өзіміздің Каспий теңізі, Алакөл, Балқаш
сияқты көлдерімізге барудың орнына қырғыз ағайынның Ыстықкөліне, сонау ел
асып Жерорта теңізінің жағалауына барып демалып келіп жүр. Өткен жылғы
негізгі көрсеткіштерге сенсек сырттан келу 8 пайызға артып, 4 млн. 706 мың
адамды құраған; ішкі туризм 7% артты, 3 млн. 495 мың адамнан тұрады; ал
сыртқа шығу 23% және 3 млн. 687 мың адамды болған.
Бірі білсе, бірі білмейді, біздің елде туристер үшін саяхаттың 800
маршрут түрі ұсынылған. Оның 78-і – экологиялық турлар (ұлттық парктер,
қорықтар және т.б.), 126 – сауықтыру бағыттары. Мемлекетімізде санаторно-
курорттық ем алу мен демалыс біріктірілген. Аңшылық пен балықшылықты
ұнататындарға 61 бағытта маршрут жұмыс істейді. Ал жылқымен жүрем
деушілерге 18 бағыт бар. Сауықтыру емдік мақсатта адамдардың шипалы ем
алып, ой тынықтыруына арналған туризмнің бір түрі. Елімізде мұндай
сауықтыру кешендері көп. Оның себебі емдік қасиеттерге бай жер асты сулары
мен тұзды минералды көлдері, шипалы қасиеттерге ие саз балшықтар соның
айғағы бола алады. Экологиялық туризм мен сауықтыру туризмі жақсы қарқынмен
дамып келе жатыр [9].
Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар
мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм болып
табылған. Табиғи-рекреациялық нысандарға Солтүстік Қазақстан аймағындағы
Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс Қазақстан аумағындағы
Зайсан, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңтүстік Қазақстан жерiндегi Батыс,
Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетiсу алабы, Батыс Қазақстандағы
Үстiрт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңiрi, Орталықта Қарқаралы,
Қызыларай, Бектауата, Ұлытау табиғи нысандар жатады. Сонымен бiрге Алматы
облысындағы ұлттық саябақтар мен қорықтардың туризмді дамытуда маңызы зор.
Оларға Iле-Алатауы ұлттық саябағы, Түрген-Шамалған өзендерi аралығындағы
шатқалдар, Түрген, Есiк, Талғар, Алматы, Қаскелең, Шамалған елдi мекендерi
жатады. Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан бойынша туристік қызмет көрсететін
фирмалар агентіктері түрлі саяхаттар ұйымдастырады.
Қазақстан аумағындағы 9 мемлекеттік қорықта да ғылыми-экологиялық
туризмді дамытудың алғы шарттары қалыптасқан. Тарихи-археологиялық
ескерткiштердiң туристiк-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше.
Археологиялық ескерткiштердiң кез-келген нысандары туристiк-экскурсия
жұмыстарында маңызды орын алады. Соның iшiнде Жетiсудағы Сақ қорғандары,
Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы
Сарайшық, т.б. көне қалалардың орнына туристердiң қызығушылығы мол.
Археологиялық-тарихи ескерткiштердiң қазiрге дейiн жеткен нысандарының
iшiнде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. Қола дәуiр ескерткiштерiне
жартастағы петроглифтердi атауға болады. Оларға әйгiлi бiрегей
ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өзеніндегi
Ешкiөлмес ғибадатханасы, сондай-ақ Шолақ, Кiндiктас, Баянжүрек тауларындағы
тастағы суреттер жатады. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi 6-3 ғасырлардан қалған
сақ қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскерi киiмiн
киген “Алтын адам”, 2001-2002 жылдары Шығыс Қазақстан облысында
Қатонқарағай ауданының Бергiел (Берел) қорғанында табылған “Сақ патшайымы”
археологиялық туристiк нысандарға жатады.
Ортағасырлық Түркiстан, Отырар, Құлан, Мерке, Талхиз, Жаркент
қалалары, тағыда б. елдi мекендер қазiргi туристiк нысандар болып табылады.
Түркiстан — қазақ хандығының алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет Иасауи
кесенесi салынған, кесене iшi мен айналасына қазақ мемлекетiнiң негiзiн
қалаған Тәуке, Тәуекел, Жәңгiр, Есiм, Абылай, Қазыбек би жер Қазақстанда
Отырар, Сарайшық, Сайрам, т.б. ортағасырлық көне қалалар туристер үшiн
тартымды нысан Тәуеп ету (дiни) туризм нысандары республика аумағында
көптеп кездеседi. Оларға түркi әлемiндегi қасиеттi Түркiстан қаласы, Қожа
Ахмет Иасауи кесенесi, Абаб-Араб мешiтi, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа
бейiтi, т.б. жатады. Адамдар бұл қасиеттi жерлерге тәуеп етiп, Аллаға сиыну
үшiн келедi. Одан басқа Арыстан баб кесенесi, Ибраһим-ата бейiтi, Қарашаш
ана кесенесi, Тұраба-Ысмайыл-ата мазары орналасқан. Жамбыл облысында – Айша
бибi кесенесi мен Қарахан кесенесi, Қызылорда облысында – Артық, Айтман
кесенелерi, Балқаш қаласы маңында – Тектау ата, Әуез бақсы, т.б. киелi
орындар бар [11].
Қазақ халқының азаттық күресi жолындағы батырларға, қолбасшыларға
деген құрмет белгiсi мемориалдар мен ескерткiштерде көрсетiлдi. Бұларға
Райымбек пен Қарасай батыр ескерткiштерi, Қордайдағы Өтеген батыр,
Ақтөбедегi Есет батыр, Солтүстік Қазақстандағы Ағынтай мен Қарасай
ескерткiштерi, Астанадағы Қаракерей Қабанбай ескерткiштерi, т.б. жатады.
Ордабасы мен Аңырақай сағасының жазығы, Ұлытаудағы үш жүздiң басын қосқан
жер, тарихи орындар ретiнде Жошы және Алаша хан кесенелерi, Алматыдағы
тәуелсiздiк монументi, Астанадағы үш би ескерткiштерi қастерлi орындар
санатында туристiк нысандарға қосылады. Қазақ тарихындағы құнды мәдени
ескерткiштер қатарына: Қозы Көрпеш—Баян сұлу, Еңлiк-Кебек кесенелерi,
Ш.Уәлиханов, Қ.Мұңайтпасұлы мемориалдары, Сұлтан Бейбарыс, Құрманғазы және
Д.Нұрпейiсова, Абай, Абылайхан, Әлия мен Мәншүк, А.Иманов, I.Жансүгiров,
С.Сейфуллин, М.Әуезов, т.б. көптеген естелiк орындар жатады.
Республиканың әсем де әдемi жерлерiнде бiрнеше туристiк базалар
орналасқан. Оларға Iле Алатауындағы “Шымбұлақ” шаңғы базасы, Павлодар
облысы Жасыбай қаласы жағасындағы “Баянауыл”, Қарағанды облысындағы таулы-
орманды “Қарқаралы”, Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма бөгенi
жағасындағы “Алтай мүйiсi”, Орал қаласы Жайық өзені маңындағы “Орал”,
Қостанай облысындағы орманды-тоғайлы Наурызым алқабы, Оңтүстік Қазақстан
облысындағы Бадам жазығындағы “Оңтүстiк”, Көкшетау таулы аймағындағы
“Золотой бор” базалары жатады.
Еліміз Еуразияның жүрегінде орналасқандықтан әр аймағының табиғаты
ерекше. Бір күн ішінде туристер жер бетінде кездесетін барлық ландшафты
және климаттық аймақтарды көре алады. Бұл еліміздің құнды ерекшелігі.
Ғасырлар бойы осы жерден Қытайдан Таяу Шығыс пен Еуропа елдеріне апаратын
көне керуен жолдарының жүйесі өтті. Жібек Жолы сауда жолы ретінде б.з.д.
ІІІ ғасырда туындады. Жолдың елеулі бөлігі қазіргі Қазақстан аумағы бойынша
өтті. Түркістан (Яссы), Тараз (Талас), Отырар қалалары Ұлы Жібек жолы
бойынша орналасып көне және орта ғасырларда саудагерлер жолында басты
орталықтар болды. Еліміз тарихи, археологиялық және архитектуралық
ескерткіштерге бай. Көшпенділер мен отырықшы өркениеттерінің түйіспесінде
әлемнің көне қалалары болды. Қазақ жерінің оазисін аспан астындағы дала
музейі десек те болады. Жібек Жолы бойымен арнайы туристік қызмет
көрсететін туристік кешен салуға да болады. Сол кездегі халықтың мәдени
құндылықтарын сақтай отырып танымдық тур ұйымдастырылса елдің тек ішкі
туризмі ғана емес халықаралық туризм де жанданатын еді.
Қазақстанда туризмнің барлық түрлерi, яғни, танымдық, ойын-сауық,
этностық, экологиялық, денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау,
балық аулау, атпен серуендеу бойынша жүргiзiледi. Оларға Қазақстанда
жиынтық сыйымдылығы 33 мың орынды 372 әр түрлi категориялы қонақ үйлер
қызмет көрсетедi. Мысалы, Алматы қаласында қонақтарға “Алатау”,
“Қазақстан”, “Достық”, “Есiк”, “Отырар”, “Астана”, “Анкара”, “Hyatt Regency
Almaty”, “Интурист”, т.б. қонақ үйлер сервистiк қызмет көрсетедi. Астанада
30 туристiк фирма және 25 қонақ үй орналасқан. Олардың iрiлерi: “Окан-
Интерконтиненталь Астана”; “Комформ-Отель Астана”, “Турист”, “Есiл”, “Жiбек
жолы”, “Алтын дала”, тағыда басқалары. Айтып кетерлік жайт, бұл
мейманханалардың қызмет көрсету бағасы қымбат. Тіпті осы тақырыптарда
зерттелген еңбектер арасынан Алматыдағы жайлы деген қонақ үйдің бір
тәуліктік бағасы Франциялық беделді мейманханалармен бірдей дегенді көріп
қалдым. Мысалы, үш жұлдызды қонақ үйлердің бір адамға бір тәуліктік қызмет
көрсету құны: Птемьер Алатау 137 АҚШ доллары, Регион қонақ үиі 45 АҚШ
доллары тұрады.
2009 жылы Ыстықкөлде бір миллионға жуық адам демалса, оның 70%
қазақстандықтар екені анықталды. Бұған себеп еліміздің туристік қызмет
көрсетуіндегі туып тұрған бірнеше ахуалдар болып тұр. Мысалы, Шығыс
Қазақстан облысының Катон-Қарағай районындағы Рахман кілтінің шоқысы
сауықтыру орталығы бір адамға бір тәулікке қызмет көрсету бағасы 16 500
теңге, ал 11тәулікке 198 000 теңге, 23 тәулікке 396 000 теңге. Бұл
экономика класы ғана, ал арнайы қызмет көрсету түрінің құны бұдан екі есе
көп.
Туризм саласын экономикамыздың маңызды саласына айналдыру үшін
жасалған бағдарлама аз емес. Дамудың басым бағыттарының бірі –
бәсекелестікке қабілетті туристік индустрияны қалыптастыру мақсатында
елімізде 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама әзірленді.
Бағдарлама аясында бес жылдың ішінде халықты жұмыспен қамту үшін, сыртқы
және ішкі туризмнің артуы, сонымен қатар Қазақстанды 2011 жылы Орта Азиялық
аймақтың туризм орталығына айналдыру үшін бәсекеге қабілетті туристік
индустрия құру қарастырылыпты. Аталмыш бағдарламада туризм кластерінің
пилоттық жобасын іске асыру қолға алынған. Онда қонақүйлер жүйесі, Ұлы
Жібек Жолы үлгісінде керуен-сарайлар мен өзге де маңызды туристік
маршруттардың құрылысына жағдай жасалатын болады. Инвестжобалар бойынша
ұсыныстар негізінде аймақтық мөлшерде база қалыптасқан. Алғашқы кезеңде 90
инвестжоба сарапталып, жинақталды. Олардың 11-і 386 млн АҚШ долларына
өзектірек саналып алынды, және Қазына тұрақты даму қорына мемлекеттік
қолдау көрсету үшін жіберілді.
Алматы, Ақмола және Маңғыстау облыстарында әлемдік деңгейдегі заманауи
көпфункционалды туристік орталықтар құрудың Тұжырымдамасы жасалды, оны
Елбасы мен ел Үкіметі мақұлдап отыр. Аталмыш жоба бойынша инвестиция
жұмылдыруға жоспарланып отырған сома 30 млрд АҚШ долларын құрайды екен.
Бағдарлама Таушаңғы туризімінің болашағы қарастырылған. Алматы және
Шығыс-Қазақстан облыстарында таушаңғы базасын салу. Алматы облысында – 5
(Шымбұлақ, Алматау, Табаған, ЦСКА); Шығыс-Қазақстанда – 2 (Изумруд Алтай,
Алтай Альпілері). Алматы облысы, Талғар ауданындағы Әскери шатқалда әлемдік
стандартқа сай келетін Ақбұлақ таушаңғы базасы салынған. Ішкі және сыртқы
туризмді дамытудың басты алғышарты барлық санаттағы туристерге арналған
авиа, теміржол, автомобиль және су көлігіне қолжетімділік болатындығы
жоспарланыпты. Жол жүру құнының қымбаттылығы да ішкі туризмнің дамуын тежеп
тұрған тағы да бір проблема болып тұр.
Туристік кадрларды даярлау деңгейін жоғарылату мақсатында кадрларды
даярлау деңгейін көтеру жұмыстарына айрықша көңіл бөлінген. Өткен жылмен
салыстырғанда туристік мекемелер саны 9 пайызға көтерілген. Яғни жаңа
мамандарды талап етеді. Бұл ретте министрлік туристік кадрлардың
біліктілігін арттыру курстарын өткізіп тұрады. Осы жылы Астана қаласында
бірінші республикалық ақпараттық туристік орталықты ашу, келесі жылы
Алматы, Түркістан, Атырау және Ақтау қалаларында ашу жоспарланып отыр.
Қазір 2005 жылдан бастап ҚР Үкіметінің қолдауымен Болашақ бағдарламасы
шеңберінде туризм кадрлар даярлануда. ҚР Туризм және спорт министрлігі мен
Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып жоғарыда аталған Бағдарлама
аясында білім алушыларға арналған квотаны арттыратын болған.
Қазақстанның тартымды туристік имиджін нормалау бөлімінде әлемдік
туристік рыноктағы Қазақстанның тартымды туристік имиджін қалыптастыру
мақсатында Қазақстанның туристік әлеуметін ілгерілетудің мақсатты
Бағдарламасы жасалған. Онда халықаралық туристік форумдарға қатысуды,
көрме, жәрмеңке өткізу, әлемнің жетекші телеарналарында жарнамалық
бейнероликтерді орналастыру және беру, сонымен қатар шетелдік БАҚ
өкілдеріне инфотурлар өткізу және жарнамалық-ақпараттық өнім шығаруды
қарастырылған. Бұл бағдарламадан мол үміт күтеміз.
Туризм кейінгі жылдары жанданып келе жатқан салалардың бірі екендігі
бәрімізге аян. Осы сала экономикамыздың тиімді пайда әкелетін тармағына
айналып келеді. Дегенмен де, сыртқы елдерге шығатын демалушылардың саны
біздің еліміздегі демалушылар санынан күрт азайып отырғандығы мәлім. Мұндай
жағдайлардың себебі ретінде, біздің еліміздегі қонақ үй, туристік қызмет
көрсету бағасы өте жоғары. Сол себептен бізде демалатын адамдар саны
азаюда. Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында орналасқан Алакөл,
Қапшағай, Балхаш сияқты демалу орындарынан гөрі, шекара асып Ыстықкөл
маңына баруды жөн санайды. Осы аталған жерлерге баратын жолдардың нашарлығы
ішкі туризм дамуын біршама ақсаңдатып отырғаны анық. 2004 жылдан бері қарай
елімізде бұл кемшіліктерді қолға алу мақсатында түрлі жобалар қарастырылған
болатын.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2005 жылдың 19-ақпанында халқына жасаған
жолдауында айтылған бес, алты саланы кластерлік жоспармен жобалаған
болатын. Және осы мәселеге қатысты 2004 жылы 16-желтоқсанында Қазақстанда
туристік кластердің даму мүмкіншіліктері атты тақырыпта талқылау шаралары
өткен еді. Маркетингтік және талдамалық-зерттеу орталығы мен АҚШ-тың
бірнеше компаниялары бас қосқан бұл талқылауда, Қазақстан туризмінің
бүгінгі мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі талқыланды. Аталған жиынға
туристік операторлар, компаниялардың басшылары, шетелдік өкілдер қатысып,
Қазақстандық туризм саласының дамуына кері әсер тигізген мәселелерді
жекелей анықтап, ортаға салды. Туристік компания өкілдері мынадай
факторлардың бар екендігін айғақтады: біріншіден, Қазақстанның дүниежүзілік
туризм ассоциациясының негізінде жарнаманың және де ел имиджін қалыптастыру
жолында қажетті жобалардың жасалмағандығы деп таныса. Екіншіден, туризм
саласында қызмет жасайтын мамандардың жалақысын көбейту. Үшінші мәселе,
Қазақстан елшіліктерінен туристік визаларға рұқсат алудың қиындықтары
екенін жасырмай айтады. Тур жасайтын орындарға тасымалдайтын көлік пен
жолдардың дамымауы төртінші жағдай болса, бесіншіден үш-төрт жұлдызды арзан
қонақүйлер мен мотельдердің жоқтығы болып табылады. Жоғарыда айтылған,
еліміздің туристік жағдайларына қатысты мәселелер осы принциптерді қолдану
барысында жүзеге асары анық.
Осы талқыдан соң, Алматы мен Алматы облысында экологиялық туризм және
аймақтағы табиғи ландшафттарға зиян келтірмей, табиғи күйін сақтай отырып,
пайдалану туралы мақсат қойылды. Алдағы қойылған проблемалардың шешуі,
аталған аймақ туризм кластерін жүзеге асыруға тиімді деп табылған. Себебі
мұнда қонақ үйлер, санаторийлер, ойын-сауық орталықтары, қорықтар, тау тағы
сол сияқты объектілер шоғырланған. Сондай-ақ осы өлкеге деген шетелдік
туристердің қызығушылығын арттыру үшін жеке кәсіпкерлерді жұмылдыру
көзделген.
Ұлттық деңгейдегi рекреациялық инфрақұрылым қалыптастыру туристiк
саланы дамытудың республикалық және, қажет болған кезде, өңiрлiк орта
мерзiмдi бағдарламаларын iске асыру шеңберiнде жүзеге асырылатын болады,
олар мыналарды көздейдi: инфрақұрылым объектiлерi кешенiн дамытуды,
туристiк объектiлердi ұтымды аумақтық орналастыруды, олардың материалдық-
техникалық базасын жақсарту жөнiндегi iс-шараларды көздейтiн елдiң туристiк-
рекреациялық кешенiн дамытудың бас схемасын әзiрлеу; туризмнiң барлық
бағыттарының: экологиялық (кемпингтер, этноауылдар), iскерлiк (конгрестiк),
танымдық, ойын-сауықтық, спорттық (тау шаңғысы және альпинистік кешендер),
аңшылық және туризмнiң басқа түрлерiнiң материалдық базасын дамыту мен
жаңғыртуға жәрдемдесу жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеу; Щучье-Бурабай
курорттық аймағын дамытудың бас жоспарын әзiрлеу, үкiметаралық деңгейде
(Қазақстан-Ресей) келiсе отырып, “Байқоңыр” зымыран-ғарыш кешенiнде сырттан
келушi және iшкi туризмдi ұйымдастыру үшiн туристiк кешен құру қарастырылып
жатыр.
Жергiлiктi деңгейдегi рекреациялық инфрақұрылымды қалыптастыру
өңiрлердi дамытудың орта мерзiмдi жоспарларын, елдi мекендердi дамытудың
бас жоспарларын iске асыру шеңберiнде жүзеге асырылатын болады. Туристік
имиджді жоғарылату үшін Қазақстанның 2007 жылы Дүниежүзілік туристік
Ұйымының атқарушы кеңестігіне (ЮНВТО) өтуі мен 2009 жылы Астана қаласында
ЮНВТО-ның Бас Ассамблеясын өткізу еліміздің туризм саласы үшін маңызды роль
атқарады.
Қазіргі таңда Республика бойынша әр облыстарда түрлі шаралар
ұйымдастырылып жүр. Мысалы, Алматы облысының мәслихаты 2007-2011 жылдардағы
туризмді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2007-2009 жылға
арналған іс-шаралар жоспары орындап жүр. Яғни, Алматы облысының оң туристік
имиджін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Облыс Берлин, Пекин,
Мәскеу, Сеул, Париж, Токио, Лондон сияқты қалаларда туристік шараларға
қатысқан. Көрмелердің жұмысы кезінде Алматы облысында демалу, бизнес
жүргізу, инвестиция тарту мүмкіндіктері туралы ақпараттар және туристік
мүмкіндіктерін насихаттайтын жарнамалық-ақпараттық өнімдер таратылды. Бұл
шаралар еліміздегі халықаралық туризмді дамытуда тигізер әсері көп. Сондай-
ақ, Астана қаласында 6-шы Қазақстандық Astana Leisure жәрмеңкелеріне
өтті. 2008 жылы 24-26 сәуір аралығында Алматы қаласында туризм және
саяхат, KITF 20088-Қазақстандық халықаралық туристік көрмесі өтті. Көрме
дүниежүзінің отыз төрт мемлекетінен – Болгария, Ұлыбритания, Венгрия,
Вьетнам, Германия, Грекия, Грузия, Доминикан Республикасы, Египет, Израиль,
Индия, Индонезия, Испанмя, Италия, Қазақстан, Кения, Кипр, Қытай,
Қырғызстан, Латвия, Маврики, Малайзия, Мальдив аралдары, Біріккен Араб
Әмірліктері, Ресей, Тайланд, Тунис, Түркия, Өзбекістан, Украина, Чехия,
Швейцария және Оңтүстік Кореядан келген бес жүз қатысушының басын қосты.
Аталмыш жәрмеңке сегіз жылдың ішінде Қазақстан және Орталық Азия саяхат
және туризм саласында ірі форумға айналған. Қазақстан Республикасының
туризм және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитетінің төрағасы
Евгений Никитинский: Жәрмеңке жыл сайын өтетін Қазақстан, Орта Азия және
Еуропаның туристік бизнес мамандарының әйгілі әрі маңызды оқиға болып отыр.
KITF – 2008 мемлекетте туризмнің орнықты дамуына маңызды үлес қосады және
өзара тиімді ынтымақтастық пен әріптестікті орнатуға маңызды оқиға
болатынына сенеміз – дейді. Көрме ұйымдастырушыларының айтуынша KITF
Қазақстанда іскерлік туризм мен демалыс бағыттарын жылжыту жөнінде туристік
нарыққа халықаралық ірі компанияларды тартуға септігін тигізеді.
Алматы облысында тартымды туристік нысандарды көрсету мақсатында
Алакөл, Сарқан, Талғар, Еңбекшіқазақ, Үйғыр, аудандарында туризм саласын
бұқаралық басылымдарда жазып жариялайтын тілшілерге арналған ақпараттық
турлар өткізілді. Туризмді дамыту бөлімі Жетісу және Қазақстан
телерадио корпорациясының туризмді дамыту мәселелері туралы өткен
бағдарламаларға қатысты. Ағымдағы жылы Алматы облысы, Талдықорған
қаласында Сарқылмас саяхат атты үшінші (жылжымалы) Қазақстандық туристік
жәрмеңкесі өткізілді. Бұл шараға облыс аудандары мен қалалары, туристік
фирмалар, Алтын Емел, Көлсай көлдері, Іле-Алатау ұлттық мемлекеттік
табиғи парктер, сондай-ақ қолөнер шеберлері белсенді қатысты. Жәрменке
шеңберінде туризмді дамыту бөлімі Текелі, Қапшағай қалаларына ақпараттық
тур ұйымдастырып, авторлық бардтар ән фестивалін, Туризм есірткіге қарсы
атты облыстық ашық туристік слет өткізді. Сарқылмас саяхат республикалық
туристік жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша Алматы облысы 1-ші дәрежелі
дипломмен марапатталған. Алматы облысы әкімінің 2009 жылғы 2 наурыздағы
Менің Отаным – Қазақстан республикалық туристік экспедициясын ұйымдастыру
және өткізу туралы облыс аудандары мен қалаларында экологиялық, өлкетану,
мәдени-танымдық туризм бойынша жорықтар мен экскурсиялар өткізілді.
Жоғарыда аталған шараның жеңімпазы атанған Текелі қаласының командасы
Ақмола облысында өткен республикалық экспедициясының 3-ші кезеңіне қатысуға
жіберілген. Бұл жорық халыққа туристік нысандарды танытудағы әсерлі тәсіл.
Жастар мен балаларға арналған танымдық іс-шаралар өткізіліп жүр,
Мысалы, Ақмола облысының Бурабай қаласында жастар арасында туристік
көпсайыстан чемпионат өтті. Іле ауданының Альпийская роза командасы
республикалық 1-ші орынды жеңіп алды. Талдықорған қаласының Жоңғария
туристік клубының командасы Павлодар облысында өткен Қазақстан және Ресей
туристерінің “Ертіс Меридианы-2009” туристік слетіне қатысты. Еліміздің
мәдени және табиғи көзтартарлық жерлеріне көңіл аудару мақсатында
Қазақстанның жеті қазынасы байқауы да ұйымдастырылды еліміздің түкпір-
түкпінің туристік кереметтерінің өкілдері бас қосты. Шарын шатқалы, Алтын
адам, Хан-Тәңірі шыңы, Көлсай көлдері, Тамғалы мұражай қорығы, Алтын Емел
ҰМТП Қазақстанның ғажайып нысандарының тізіміне енді. Сонымен бірге Мисс
туризм республикалық байқауы да өткен. Туристік саланы дамыту
бағдарламасын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспарына сәйкес ішкі туризмді
дамыту бойынша жұмыс жүргізіліп жатқаны қуанышты жайт.
Әлемде бізді көрмеген, біздің дәстүр-салтымыз туралы естімеген қаншама
халық бар. Жер жаһанды жыл сайын кезіп жүретін саяхатшылар қазақ жеріндегі
Тамғалы тастың құпиясын, Көлсай көлі айдынынан өзінің жүзін, Айғай құмының
мұңлы сазын, Түркістандағы 7 ғасыр бойы еңсесін бермеген Әзірет Сұлтан
кесенесінің көз қызықтырар еңсесін көргісі келмейді дейсің бе? Көргісі
келеді, әрине… Ал, сұлу сымбаты мүлдем бөлек Көкше мен Бурабайдың,
Қарқаралы мен Баянауылдың табиғаты ешкімді қызықтырмауы мүмкін емес. Асың
барда ел таны, атың барда жер таны деп арғы аталарымыз тегін айтпаған ғой.
Қазіргі заманғы туризм біздің халыққа жат емес. Өзі де жер көргенді жек
көрмейтін қазақ, әсіресе, жомарттық жасап, қонақ күткенге мықты емес пе
еді. Ал, қонағың қазіргінің турисі болса, бұл – несібе, бұл – мәртебе, бұл
– бақ-дәулет. Елбасы әр елден келген делегаттар алдында Қазақстанда
туризмді дамытудың табиғи, тарихи мүмкіндіктерін де егжей-тегжейлі айта
келіп, қазақ жерінде болған алғашқы туристің бірі британдық саяхатшы
Фредерик Густав Барнави екенін, ол 19 ғасырда атпен Қазақстанды басып өткен
кезде қазақ алмасының өзіндік ерекшелігіне, әсіресе, дәмділігіне айрықша
назар аударғанын айтып өтті. Шындығын айту керек, Асан қайғы бабамыз боз
інгенін мініп, атажұртты аралап табиғатына тамсанған жерлер бүгінде шет ел
туристерінің назарына ілігіп отырғанына қуанамыз. Террорлық қастандықтан
немесе табиғаттың тосын мінезінен жалыққан шетелдік саяхатшылардың
Қазақстанға ат басын бұра бастауы жиіледі. Елімізде саяхаттап кетіп бара
жатырған әр бір шетелдік азамат келесі демалысында тағы да қайта кегісі
келетін жағдайға жеткізу қиын жұмыс. Бірақ шетелге шығатын қазақстандықтар
санын азайтуға болады деп сенемін. Көш жүре түзеледі демекші, барлық игі
істер әлі алда!
Туризм термині С.И.Ожеговтың: Словарь русского языка еңбегінде:
Вид путешествии, совершаемых для отдыха и с образовательными целями, вид
спорта деп көрсетілген.
Жалпы туризмнің негізгі атқаратын 4 мақсаты бар:
1. Сауықтыру (рекреациялық);
2. Танымдық (экскурсиялық, топтық серуен);
3. Іскерлік;
4. Ғылыми (зерттеу жұмыстары).
Туризмнің дамуы соңғы кезде кез-келген елдің экономикасының табыс табу
көзіне айналуына байланысты, оның дамуына әр мемлекет өз бағдарлама-
мақсаттарына үлкен маңыз береді. Дүние жүзі бойынша туризм жылына 500 млрд.
доллар табыс береді. Бірінші орынды АҚШ алады, одан соң Батыс Еуропа елдері
кіреді (Испания, Франция, Италия). Ал 2006 жылы дүние жүзілік туристік ұйым
(ДТҰ) 698 млн. туристердің халықаралық саяхат жасауын тіркеді. Туризмнің
маңызы тек экономикаға тікелей әсер етуімен шектелмейді. Әр мемлекет өз
елінде туризм индустриясын дамытуға ұмтылатын себебі: біріншіден, халқының
әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жолының бірден-бірі осы туризм
саласы; екіншіден, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда, яғни
бейбітшілікті нығайтады. Қазіргі кезде туризм ғаламдық сипат алды. Туристік
лектер материалдық байлықпен бірге, еңбек ресурстарының, ақпараттың өзара
қарым-қатынасын жақсарта түседі. Қысқа мерзімде туризм саласы әлемдік
кеңістікті жаулап алды, ал ДТҰ болжамы бойынша ХХІ ғасыр туризм ғасыры
болмақ..
Демалу-адамдардың өздерінің қызметі (туризм, саяхаттар,
санаториялық –курорттық ем алу) мен бұған көмектесетін мекемелердің
қызметінен (баспана беру, тамақтану мен түрлі шаралар ұйымдастыру)
тұрады. Мұның бәрі жалпы түсінікке-рекреацияға бірігеді. Оның негізгі
мақсаты-еңбек ету процесінде жұмсалған күшті қалпына келтіру.
Рекреация рухани дүниені байытып,адамның көзқарасын кеңейтеді.
Рекреация үшін 3 негізгі жағдай қажет: 1) өркениетті дем алыс
қымбатқа түсетіндіктен, адамдардың жеткілікті кірісі болуы керек; 2)
рекреациялық қор; 3) рекреациялық шаруашылық болуы шарт. Халықтың кіріс
деңгейі өсіп келеді. Бұның өзі елімізде туризм дүрбелеңін тудырады.
Ал біздің елімізде рекреациялық шаруашылық құрамына қонақ үйлер,
демалыс үйлері мен базалары, санаторийлер, турбазалар, туристік көлік
кіреді. Рекреацияның бұл саласы да жылдам дамып келеді.
1990 жылдардың басында иесіз қалған демалыс базаларының көбі қалпына
келтірілді. Халықаралық дәрежедегі қонақ үй мен тау шаңғысы базалары
салынып, жаңа ұлттық парктер (Бурабай, Шарын каньоны, Қатонқарағай)
ұйымдастырылды.
Рекреациялық қорлардың екі түрі бар: табиғи-рекреациялық және мәдени-
тарихи қорлар. Біріншісіне адамдар барып дем алуды ұнататын табиғаты әсем
жерлер: сарқырамалар, түрлі бейнедегі жартастар, үңгірлер, каньондар (яғни,
табиғат ескерткіштері) жатады. Бұл қорлардың құрамдас бөлігі қолайлы
климаттық жағдай болып табылады. Ол сонымен бірге туристік маусымның (суға
түсетін, шаңғы тебетін) ұзақтығына әсер етеді. Мәдени-тарихи қорлар
адамдардың, яғни біздің арғы ата-бабаларымыздың өз қолдарымен жасап кеткен
ғажайыптары. Ежелгі қалалар, кесенелер, қамалдар мен храмдар, тасқа
қашалған суреттер, сәулет құрлыстары, мұражайлар-бұлардың бәрі Отанымыздың
мәдени мұрасын құрайды.
Қазақстан Республикасында экологиялық туризмді дамыту қажеттілігі тек
экономикалық фактормен – жаңа жұмыс орындарын ашу, шалғай өңірлердегі
жергілікті қоғамдастықтарды дамытумен ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік
тапсырыспен – халықтың денсаулық және бос уақытын пайдалану проблемасына
тұтастай әрі жүйелі түрде мән берумен де түсіндіріледі. Дүниежүзілік
туристік ұйым сарапшыларының деректері бойынша соңғы он жылда экологиялық
туризм неғұрлым танымал және кез келген мемлекеттің тұрақты даму құралы
болып табылады.
Туристік әлеуетті зерттеу қорытындылары көрсеткендей, Қазақстанның
экологиялық туризмді дамыту үшін үлкен мүмкіндіктері бар. Оның негізін
Еуразия орталығындағы бірегей табиғи жағдайлар мен ландшафттар, көптеген
табиғи, тарихи ескерткіштер, түрлі тарихи кезеңдерде Қазақстан аумағына
орын тепкен халықтардың мәдени және этникалық мұрасы құрайды.
Тұтастай алғанда, Қазақстандағы экологиялық туризмнің жағдайы
тұрақталып келеді. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 
деректері бойынша, заңды тұлға мәртебесіндегі ұлттық ерекше қорғалатын
аумақтар 2008 жылы 391,6 мың туриске қызмет көрсеткен, туристік топтардың
келуінен түскен кіріс 2008 жылы 9,1 млн. теңгені құраған [22].
Алайда экологиялық туризмнің басқа туризм түрлеріне қарағанда табиғи
ортаға әлсіз әсеріне және кең дамыған инфрақұрылымды қажет етпейтініне
қарамастан, осы бағыттың дамуы күрделі қиындықтарға ұшырауда, ол
рекреациялық-туристік инфрақұрылымның көп бөлігінің әлі қалыптасу кезеңінде
болуына байланысты.
Қазақстандағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті іс жүзінде
шектелмеген, алайда оны қалыптастыру мен дамыту елеулі капитал салымы мен
шығындарды қажет етеді. Экологиялық туризмге қажетті инфрақұрылым жасау
туристер үшін табиғаттың бірегей жерлерінің тартымдылығын және
қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Шығыс Қазақстан
облысындағы Мұзтау тауы маңындағы Рахманов бұлақтары туристік кешенінің
құрылысы, Алматы облысындағы тау шаңғысы курорттарының желісін құру және
басқалары сияқты экологиялық туризм объектілері бойынша инвестициялық
жобаларды іске асыру мақсатында инвестициялар мен жеке капитал тарту үшін
жағдайлар жасау қажет.
Осы процесті жандандыруға бағытталған шаралар мыналар болып табылады:
– ерекше қорғалатын табиғат аумақтарында экологиялық туризмнің
инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында мемлекеттік ұлттық табиғи
парктердің және мемлекеттік табиғи резерваттардың техникалық-
экономикалық негіздемесін, инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарларын
әзірлеу бөлігінде түзету;
– Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығын экологиялық туризм
бөлігінде дамыту;
– Қазақстан бекіткен конвенциялар бойынша биологиялық әркелкілікті
сақтау және дүниежүзілік табиғи және мәдени мұраны қорғау
бөлігіндегі міндеттемелерді орындау.
Сонымен қатар Бүкіләлемдік экологиялық саммитте 2002 жылғы мамырда
қабылданған экологиялық туризмді дамыту мәселелері жөніндегі Квебек
декларациясының ұсынымдарын іске асыруды қамтамасыз ету қажет:
– табиғатты, жергілікті мәдениетті қорғауды және жергілікті
халықпен, жеке сектормен, үкіметтік емес ұйымдармен серіктестікте
ұлттық дәстүрлер мен генетикалық ресурстарды сақтау жөніндегі
шараларды ескере отырып, экотуризмді дамыту жөніндегі ұлттық,
өңірлік және жергілікті саясатты тұжырымдау;
– табиғи ортаға кері әсер етудің алдын алу үшін пәрменді тетіктер
әзірлеу;
– шағын және орта бизнес өкілдері үшін техникалық, қаржылық және
адами ресурстарды дамытуға қолдау жасауды қамтамасыз ету;
– қоршаған ортаны қорғау саласында үкіметтік және үкіметтік емес
ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру.
Аталған ұсынымдарды орындау мен қорғалатын табиғи аумақтардағы
экологиялық туризм ерекше қажеттіліктерін қамтамасыз ету, халықтың өзіндік
мәдениеті және дәстүрлерімен үйлесімділікте сирек кездесетін жануарлар мен
өсімдіктерді сақтау, сондай-ақ турлардың географиясын үнемі кеңейтіп тұру
Қазақстанда туризмнің осы түрінің табысты дамуын батыл болжамдауға
мүмкіндік береді.
Дүниежүзілік туристік ұйым сарапшыларының деректері бойынша соңғы он
жылда экологиялық туризм неғұрлым танымал және кез келген мемлекеттің
тұрақты даму құралы болып табылады.

1.2 Экотуризм және экономика

Туристік бизнес- әлем шаруашылығындағы тез дамитын салалардың бірі.
Халықаралық туризм- мұнай өндіретін және автомобиль өнеркәсіптерінен кейін
үш ірі экспорттық салалардың құрамына кіреді. Дүние жүзінде туризмнің мәні
үнемі артуда, бұл жеке ел экономикасындағы туризм ықпалының өсуімен де
байланысты.Қазақстан Республикасында туристік индустрияның дамуы халықтың
әл-ауқат деңгейінің өсуінің нәтежиесі болып табылады. Туристік қызметтерге
қол жетерлік, олардың сапасы және әр түрлілігі демалыс нысанын таңдауда да
маңызды фактор болып табылады. Кәсіпкерлер үшін туристік бизнестің
тартымдылығы келесі себептерге байланысты:
– шағын бастапқы инвестициялар;
– туристік қызметтерге өсетін сұраныс;
– жоғары деңгейлі пайдалылық;
– шығындар ақталуының ең қысқа мерзімі,
Қазіргі кезде Қазақстанда демалысты жайлылықпен және қауіпсіздікпен
қамтамасыз ететін туристік қызметтерді көрсететін туристік компаниялар
желісі дамыған.
Қазақстан Республикасы экономикасы салаларының бірі ретінде туристік
қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастыру негіздері ҚР
Туристік қызмет туралы Заңына анықталған. Осы заңға сәйкес туристік қызмет
– турагенттік және туроператорлық болып бөлінеді.
Туроператорлық қызмет- өзінің туристік өнімдерін қалыптастыру, дамыту
және туристік агенттер мне туристерге сатуға лицензиясы бар заңды
тұлғалардың қызметі.
Турагенттік қызмет- туроператормен қалыптастырылған туристік өнімді
дамыту мен сату бойынша осы қызмет түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды
тұлғалардың қызметі.
Олардың арасындағы айырмашылық- туроператорлардың туристік өнімді
дамыту мен сату қызметінен басқа, осы өнімді қалыптастыруда болып табылады.
Туристік өнімді қалыптастыру- шет елдік әріптестерді табу, қонақ
үйлерді, экскурсияларды таңдау, авиакомпаниялармен келіссөздер,
көрмелелердегі жұмыстар, қонақ үйлер мен авиарейстерде сақтап қою
орындарының нақты санын есептеу, каталогтарды шығару, агенттіліктерді
іздестіру және таңдау.
Басқа сөзбен айтқанда, туроператор әр түрлі қызметтермен- визаларды
рәсімдеу, ұшу, трансферт, қонақ үй, сақтандыру, экскурциялар ұйымдастыру
мен айналысып, тур өнімді жинайды, оны нарыққа шығарады және тұтынушыларға
немесе турагенттерге тікелей өткізеді. Ал турагент- туроператор мен
тұтынушы арасындағы делдал болып табылады.
Тур өнім туристік саяхат мерзімінде көрсететілетін туристің
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті қызметтер және осымен
байланысты саяхат мақсатына сай көрсетілетін басқа да (орналастыру,
тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар,туризм нұсқаушысының, гидтің, гид-
аударушылардың қызметтері) қызметтер жиынтығын білдіреді.
Туристердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан
Республикасында туроператорлық, турагенттік, экскурциялық қызмет,туризм
нұсқаушының көрсететін қызметтері лицензияланады.
Туроператорлармен турагенттердің лицензияны алуы үшін
туроператор мен турагенттің азаматтық- … жалғасы