Алдағы үш күнде елімізде қар жауып, қатты жел тұрады — новости Казахстана

0

Атлант циклондарына байланысты атмосфералық фронттар еліміздің аумағы арқылы өтеді. Солардың ықпалымен 20-22 қарашада республикада қар жауып, боран соғады. Сондай-ақ, алдағы күндері Қазақстанда қатты жел тұрады деп хабарлайды «Қазгидромет»РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Ugranow.ru

Көрнекі фото: Ugranow.ru

Сондай-ақ, бұл күндері елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында Каспий циклондары орын ауыстырады. Соның салдарынан бұл аймақтарда ылғалды қар, тұман мен көктайғақ, сондай-ақ, желдің күшеюі орын алады.

Қазақстан бойынша ауа температурасы жоғары болады. Ал елдің солтүстігінде термометр бағаналары көпжылдық орташа көрсеткіштен жоғары көтеріледі.


Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар