Қазақстан жастары әлем чемпионатындағы бірінші ойында ұтылып қалды

0

Қазақстан жастары әлем чемпионатындағы бірінші ойында ұтылып қалды

Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Канадада байрағын көтерген әлем чемпионатын сәтсіз бастады. Топтағы алғашқы ойында отандастарымыз Финляндиядан ойсырай ұтылды.

Ойында қазақстандық хоккейшілер бірде-бір шайба соға алмады. Фин жастары 5:0 есебімен жеңіске жетті. Отто Латвала (13 минут), Аарне Талвитие (15 минут), Самули Вайнионпяя (33 минут), Каапо Какко (47 минут) және Алекси Хепониеми (49 минут) шайба соқты.

Қазақстан құрамасының қақпашысы Демид Еремеев 51 соққыны қайтарып, кездесудегі үздік ойыншы атанды. Дегенмен оның бұл ерлігі команданы жеңілістен құтқара алған жоқ.

Топтағы екінші Қазақстан жастары АҚШ хоккейшілерімен кездеседі. Олар бірінші ойында Словакияны 2:1 есебімен ұтқан болатын. 


Дереккөз: https://massaget.kz/

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз